Просмотр содержимого документа
«?л-Фараби -Шы?ысты? ??лама ?алымы»
Сабақтың тақырыбы:
Әл-Фараби–Шығыстыңғұламағалымы
5 «А» сыныбы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Оқушыларға Аристотельден кейінгі екінші ұстаз Әл - Фараби өмірі, еңбек жолы туралы түсінік беріп, ғұламаның жан - жақты ерекше тұлға болғандығын анықтау мақсатында ізденіс жүргізуДамытушылық:Шығармашылықтан үзінді келтіре отырып, мән - мағынасын ашуға, негізгі ойды өз сөздерімен жеткізе білуге жетелеуТәрбиелік:Оқушылардың бойынан туған жерге, еліне деген сүйіспеншілікті оятып, достық пен сыйласымдылық сезімдерін қадірлей білуге баулу .
Сабақтың түрі:Аралас сабақ
Сабақтың әдісі:Сыни тұрғысынан ойлау стратегиясы, сұрақ - жауап, түсіндіру арқылы ой қозғау,интерактивті әдіс элементтерін пайдалану.
Көрнекілігі:Портреттер, саяси карта, ойын «Сиқырлы сандар», «Сиқырлы балықтар»Сабақтың пәнаралық байланысы: Жаратылыстану, қазақ әдебиетіІ. Ұйымдастыру кезеңі.ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.Миға шабуыл (Сұрақтар)
1.Түркі сөзінің мағынасы нені білдіреді?
2. «Түркі» атауы қытай деректерінде қашан пайда болды?
3. «Он оқ будун»деген нені білдіреді?
4.Түрік тайпалары Қазақстан жерін қашан мекен еткен?
5.Түрік қағанатын біріктірген қаған?
6.Түрік қағанаты нешеге бөлінеді?
«Сиқырлы сандар» сұрақтарына
дұрыс жауап берсек, санды керісінше айналдырып ретімен қойсақ, сиқырлы сандардан портрет құрай аламыз.ІІІ. Үй тапсырмасын қорыту.- Біз тақтада кімнің портретін құрастырдық?- Әбу Насыр әл - Фарабидің
Отырар Әл - Фараби туған қалаТаң қалған ол туғанда барша далаБір өзі ғалым, сазгер, тарихшы даДәрігер өз халқына болған шипа
Осы өлең шумақтарынан қай қаланың атын естідік?Отырар қаласында кім дүниеге келген екен?
ІV. Жаңа сабақты түсіндіру.Отырар қаласында ұлы ұстаз атанған, ойшыл ғалым Әл - Фараби дүниеге келген. Отырар қаласын картадан көрсетіп, жаңа тақырыпты түсіндіру.
Әл-Фараби (870-950)ж.ж Отырар қаласында дүниеге келген.Толық аты-Әбу Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Узлағ Тархани.
Отырар қаласы.
Әкесі қыпшақ ұлысының атақты әскер басшысы болған.
Жастайынан талапты,оқу-білімге жетік,зерек болған.Ол оқу –білім іздеп шет елдерге сапар шегеді. Бұхара,Самарқан,Шаш,
Мысыр,Бағдат,Дамаск т.б.араб-парсы елдерін түгел аралаған.
Әл-Фараби грек-араб тілдерін жетік меңгеріп,70-ке жуық тілді білген.
Жас кезінде көп уақытын Отарардың бай кітапханасында өткізеді.
Отырар кітапханасы.
Әл-Фараби түрлі ғылым салаларынан 150-ге тарта іргелі еңбектер жазып қалдырды.
Әл-Фараби философия,математика,физика,логика,этика,тіл-білімі,жаратылыстану,география,астрономия,музыка салаларынан ғылымға қосқан жаңалықтары әлемге әйгілі.
Ол Александрия кітапханасында болып өмірінің соңын Дамаск пен Халеб қ . өткізді.
Дүниеге көзқарасы жағынан өз заманының озық ойлы ғұлама ғалымы ретінде танылды.
Ол атқа мінуге,садақ атуға,аспаптар жасауға шебер болған.Музыка мен поэзияғаүйір болып,күй тарта білген.Әл-Фараби өзінің «Ізгілікті қала тұрғындарының көзқарастары» туралы еңбегінде,адамдарға бақытты өмірге жету жолдарын көрсетеді.
Әл-Фараби тек ойының ұшқырлығымен және білім тереңдігімен ғана емес адами
қасиеттерімен де ерекшеленген.Әл-Фараби-тек Шығыстың ғана емес, Батыстың дағылым мен мәдениетінің дамуына зор үлесін қосқан энциклопедиялық білімі бар ғалым.
Әл-Фараби Қазақстанның ғана емес,бүкіл Орта Азия халықтары мен әлемнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы,ойшылы,ғалымы болып саналады.
Ол Дамаск қаласында қайтыс болған,мүрдесі Сириядағы Баб әс-Сағир зиратында жерленген.
Әл-Фарабиге арналған ескерткіштер
V.Жаңа сабақты бекіту
1.«Сиқырлы балықтар» ойыны.
1-тапсырма: Әбу Насыр әл - Фараби кім?2-тапсырма: Алғашқы білімін қай қалада, қандай тілде алады?3-тапсырма: Отырар қаласы жайлы не білесің?4-тапсырма: Әбу Насыр әл - Фараби өлеңдерінің негізгі тақырыбы:5-тапсырма: Әбу Насыр әл - Фараби қай жылдары өмір сүрді?6-тапсырма: Әл - Фарабидің толық аты - жөні7-тапсырма: Отырар қаласын кезінде қалай атаған?8-тапсырма: Әбу Насыр әл - Фараби қай тілдерді меңгерген?9-тапсырма: Әбу Насыр әл - Фараби еңбектерін ата?10-тапсырма: Әбу Насыр әл - Фараби бойындағы көп қасиеттері мен, дарындылығыХІХ ғасырдағы біздің ұлы ақындарымыздан кімге ұқсайды?
VІ.Жаңа сабақты қорыту.
2.Тірек сөздер:
-ойшыл
-ғалым
-энциклопедист
-шаһар
-Мысыр
-Весиж
-Фараб
-этика
-астрономия
-Халеб
-ғұлама
-ғалым
-Дамаск
-философия
-қыпшақ
-аңыз.
3.Әл-Фараби туралы бейне фильм көрсетіледі,оқушылар “Эссе” жазады.
4.Әл-Фараби туралы таблица толтыру.
Өмір сүрген жылдары.
Қай елдерде болған.
Қанша іргелі еңбектер жазған.
Ғылымнан басқа қандай өнерді меңгерген.
Балалар сендерге Әл - Фараби мен оның замандасы Мұхамед Қайдар Дулати жайлы бір аңыз айтайын. Мұхамед Қайдар Дулати бірде Әл - Фарабиге: - Алдыңда сан тарау жол жатыр. Бірі - бақытқа, бірі - атақ- даңққа, бірі - өнер- білімге, бірі- байлыққа апарады. Қайсысын таңдар едің?- депті. - Әрине , өнер - білімге апарар жолды. - Неге? - Бақыт та, абырой - даңқ та, байлық та тек қана өнер- білімде – депті. Балалар егер сендер мектептегі түрлі шараларға қатысып, сабақтарыңызды жақсы оқып, білімді болсаңыздар, осы алған білімдеріңіз сіздердің жарқын болашақтарыңның кепілі болмақ. Кәне, балалар, кім өнер - білім туралы мақал - мәтел біледі? Әл - Фараби бабамыздың аты 1000 жыл болса да өшкен жоқ. Себебі, оның артында қалдырған білімі, үлкен ғылыми мұрасы бар. Сонымен, балалар, адамның байлығы да, бақыты да, атақ- даңқы да, ол - білім. Білім – таусылмайтын байлық.
Бағалау.
VІІ. Үйге тапсырма.Әбу Насыр әл- Фараби туралы шағын әңгіме құрастыру.