kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ке?ес Ода?ыны? Батыры, А?мола облысыны? ??рметті азаматы, Халы? ?а?арманы - Са?адат ?ожахмет?лы Н?рма?амбетов

Нажмите, чтобы узнать подробности

Камашева Баглан Шекешовна. ?аза?стан Республикасы К?кшетау ?аласы №18 орта мектебінде ?аза? тілі мен ?дебиеті п?нінен саба? беремін. Е?бек ?тілім 5 жыл. Жалпы 15 жыл. Жо?ары білімім бар, ?аза? тілі ?дебиеті п?нінен саба? беремін. Ал?а ?ой?ан ма?сатым "М??гілік Елді?" ?рпа?ына м?нді ма?ыналы саба? пен білім н?рін ??ю. 2-санатты м??аліммін. Инфоурок сайты ар?ылы ізденістік ж?мысты одан ?рі шы?дай т?скім келеді. ?о?амны? белді белсенді о?ушыларын т?рбиелеу б?гінгі к?нні? басты ?зекті м?селесі.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ке?ес Ода?ыны? Батыры, А?мола облысыны? ??рметті азаматы, Халы? ?а?арманы - Са?адат ?ожахмет?лы Н?рма?амбетов»



ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖОБА


Тақырыбы: «Кеңес Одағының Батыры, Ақмола облысының құрметті азаматы, Халық қаһарманы - Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетов»















Орындаған:Кульжанова Аяулым

Жетекшісі: Камашева Б.Ш







Кокшетау, 2015

Мазмұны

Кіріспе.................................................................................................................3

I Батыр ердің туған жері мен балалық шағы............................................5

1.1 Отан деген қасиетті ұғым туған өңірден бастау алады...........................5

1.2 Суыт хабар....................................................................................................8


II Сағадат Нұрмағамбетұлының тарих сахнасына шығуы.................10

2.1 Әскери қызметін бастауы..........................................................................10

2.2 Жиырма бір жасар Кеңес Одағының Батыры........................................13

2.3 Қаһарман және тұңғыш Қорғаныс министрі...........................................16


III Ақмола ардагері, мақтан тұтуға лайықты тұлға...............................18


3.1 С.Нұрмағамбетұлының отбасы мен шығармашылығы..........................18

3.2 Батыр ұлын халық ұмытпайды................................................................19


Қорытынды.......................................................................................................20

Пайдаланған әдебиеттер тізімі........................................................................22

Қосымшалар......................................................................................................23











Кіріспе

Зерттеудің ғылыми өзектілігі. Халықтың тарихқа деген қызығушылығы уақыт өткен сайын арта беретіні белгілі. Қазақстандық тарихнамада аз зерттеліп, кенже қалып жүрген мәселелердің бірі- Қазақстан тарихында өзіндік із қалдырған көрнекті қайраткерлердің тарихи портретін жасау мәселесі. Олардың қатарында Кеңес Одағының батыры, нөмірі бірінші Халық Қаһарманы, қазақтан шыққан тұңғыш армия генералы, тәуелсіз Қазақстанның ең алғашқы Қорғаныс министрі- Нұрмағамбетов Сағадат Қожахметұлы. Армия қызметіне Ұлы Отан соғысы жылдары пулеметшілер взводының командирінен бастау алып, 50 жылын арнады.

Зерттеудің ғылыми объектісі және пәні. Зерттеу жобамыздың нысаны - Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетов, ал зерттеу пәні - оны өмірі мен қызметі.

Зерттеу жобасының мақсаты. Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс миннистрі, Халық Қаһарманы, Кеңес Одағының Батыры Нұрмағамбетов Сағадат Қожахметұлының ерлік істері, тарихтың жаңа парағына қалдырған іздері мен өмірдегі жаңа белестерді зерттеп, әсерлі етіп баяндау.

Зерттеу жұмысының ғылыми және тәжірибелік мағынасы. Зерттеуде қол жеткізген ғылыми нәтижелер мен қорытындыларды Қазақстан тарихы бойынша арнайы курстар оқығанда, ғылыми зерттеулео жүргызу барысында тарихи- теоретикалық база ретінде қолдануға, Отан тарихы бойынша мектеп және жоғары оқу орындары оқулықтарын дайындау кезінде пайдалануға болады.

Зерттеудің ғылыми деңгейі. Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетовтың өмірінің жарқын кезеңдері мен әскери салаға қосқан үлесі туралы әдебиеттер мен ғылыми мақалалардың көптігінен ғалымдардың қызығушылығын байқауға болады. Жақып Т.С. осы ұлы тұлғамен жеке сұхбаттасып, алған мәліметтерін қортындылап, сараптап «Генерал Нұрмағамбетов» атты құнды еңбегін 2005 жылы басып шығарады. Бұл еңбек С.Нұрмағамбетовтың өмірін, атқарған қызметін және патриоттық сезімін оқырмандар үшін айқын жеткізілген. Сонымен қатар «Егемен Қазақстан», «Айқын», «Қазақстан сарбазы» және тағыда басқа басылымдарда мақалалар жарық көрген.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Ең жас Кеңес Одағы батыры атанған, тәуелсіздік алағаннан кейін еліміздің Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Н.Назарбаевтың Отанымыздың қорғаныс қабілетін ұдайы арттыру жолындағы саясатына әрдайым қолдау көрсетіп келген. Мұрағат мәліметтері мен жоғарыда аталған әдебиет көздері негізінде халықымыздың ұлы тұлғаларымыздың бірі, Ұлы Отан соғысы кезінде қаһармандығын танытқан еліміздің тұңғыш қорғаныс министрінің өмірі мен қызметіне кешенді зерттеу жүргізілді.

Жобаның міндеттері:

  • Жоспардың әрбір тарауын толық қамтылған әрі түсінікті етіп жазу.

  • Қолданылған әдебиеттердің арасынан ақпараттың маңыздылыңын анықтау.

  • Батырдың туған жері мен балалық шағын айқындап баяндау.

  • С.Нұрмағамбетовтың тарих сахынасына шыққан шыққан кезеңін анықтап жазу.

  • Ақмола ардагері мақтанға лайық тұлға екендігін дәлелдеу.











I Батыр ердің туған жері мен өмірбаяны

1.1 Отан деген қасиетті ұғым туған өңірден бастау алады.


Әрбір адамға әлемнің әлдебір түпкіріндегі туған жері, өскен өңірі ерекше қымбат! Есейіп кетсең де етене жақын тартып тұрады. Осында алғаш рет өмірді танып, жақсы- жаманды айыра білуге талпынасың. Сондықтан да, Отан деген қасиетті ұғым өзің туып-өскен өңірден бастау алады.

«Қай- қайсымыз үшін де туған жеріміз ерекше ыстық болса керек. Өзім дүниеге келеген Қосым ауылы да, өсіп, ер жеткен Трудовое поселкесі де әсем табиғаттың аясында орналасқан. Бір жағында қарайлы орман жайқалса, екінші бетін қайыңды тоғай көмкерген. Ал, одан әрі жуанды дала көсіліп жатқанын өзің де көрген шығарсың. Осы төңірек көктем мен күзде бейне бір қыс базарына айналады. Сайраған құстардың әні күні- бүгінге дейін есімде. Қыста қардың қалың түсетіні соншалық, бір үйден екінші үйге оппа қарды ойып, жол салып қана қатынайтынбыз. Жаз келе барша бала алтын жағалауда күнге қыздырынып, мөлдір көлге шомылатын едік. Жерінің үсті де асты да қазыналы өлкемнің Қазақстанның астықты аймағы екенін перзенттік жүрегіммен мақтан етемін»,- деген Сағадат ағамыздың сөздерінен туған өлкеге деген ыстық сезімі мен шын пейілді ықыласын байқауға болады.

Сағадат Қожахметұлы Ақмола облысы Қосым ауылында дүниеге келеген. Ол кезде Кеңес өкметі орнығып, ұжымдастыру ісі қызу жүріп жатса керек. Осы аралықта бірер отбасы ауылдан бес- алты шақырым қашықтықтағы Дворянка селосына қоныс аударады. Кейіннен Дворянка- Ақмола облысы Алексеевка (бұрынғы Сталин) ауданына қарасты Трудовое совхозы деп аталады. Жаздыгүні селоның бір шетіндегі сап түзеген биік қарағайлар көкке өрлеп, қиялыңды тербетсе, келесі жақтағы жап- жасыл жапрақтары сыбдырласқан көк теректер көз арбайды. Ал әрмен қарай ақ селеулі алқап көсіліп жатыр. Көктем мен күзде Трудовое селосы азан- қазан болады да жатады. Қаһарлы қыста күртік қарға малтығып, қарға адым қадам басудың өзі мұңға айналады. Ауыл үйлерінің төбесіне дейін қар басып қалған...

Әкесі Қожахмет пен шешесі Айсада алты- жеті жасында айырылған Сағадаттың жетімдік тағдыры тым ерте басталды. Олардың орнын арқа сүйер жалғыз ағасы Сағит басты.

...Сағадат ағасы Сағитты айрықша жақсы көретін. Сұңғақ бойлы, мойылдай қара көзді ол анасына тартқан- ды. Оның қолдары қатқылдау әрі қуатты. Жастайынан ағаш дайындау жұмысына жегілді. Шөп шапты, нан тасыды, айналып келгенде, үлкендер не бұйырса- соны орындады. Ақ- адал еңбегімен күнелткен аяулы жан еді. Үйде ешбір жұмыстан бойын аулақ салған емес- тін. Сағадатты- "Сағадатжат",- деп еркелете айтатын. Бірде оны бауырына басып тұрып: - Сағадатжан, сені адам етемін. Өкімет сені жарылқайын деп тұр,- деп сыбырлай сөйледі.

Інісі ағасының сөзін байыппен тыңдайды. Бірақ "өкімет бұны қалай жарылқайтынын" түсіне алмайды. Дегенмен, бұл өмірде білім алудың мәні зор екенін көңіліне тоқи берді.

Сөйтіп, Сағадат бірінші сынапқа қуана- қуана барды. Бұл отыз үшінші- ел ішін аштық кеуленген жыл еді. Жеңгесі оның әбден тозығы жеткен кенеп шалбарын бар өнерін сала отырып, жамап- жасқап береді. Ақ көйлегін өтектеп кигізіп, осындай "салтанатты" жағдайға арналған мауыты пенжегін иініне ілді. Осылайша Сағит ағасымен жеңгесінің арқасында "парадтық" киімдегі Сағадат басқа да ауыл балаларымен бірге, Алексеевка селосындағы орыс мектебіне аттанады. Сағадат ағамыз жастайынан армия генералы болуды емес, география және тарих пәнінің мұғалімі болуды армандаған. Бұл пәндерге деген ықыласы ерекше болатын! Жұмулы көзбен ол әлем картасынан кез келген жерді көрсетіп бере алатын. Сол кезде картаны көрсеткіш таяқшамен емес, Еуропаны жаудан азат ете отырып, барлық қала мен даланы өзі жүріп өтетінін, кейіннен жас мемлекет үкіметінің мүшесі ретінде бүкіл әлемді шарлайтынын білді дейсің бе?.. Қырық бірінші жылы соғыс оның мұғалім болсам деген арманына тосқауыл қойды. Тарих пәнінің мұғалімі болу бұйырмаса да, ол өзінің ерекше тағдырымен республиканың әскери басшыларының тарихын құрып берді.


























1.2Суыт хабар


Сағадат сабаққа әдеттегісінен ерте келді.Таң алдындағы тыныштық. Көшеде бейсауат жүрген ешкім жоқ. Сол тұстағы Ақмола – шағын қала. Ол терезені ашып, онсыз да таза тақтаны ылғал шүберекпен сүртті. Бор мен көрсеткіш таяқшаның бар- жоғын тексерді. Осы аралықта оқушылар келе бірінен соң бірі келе бастады. Бәрі де көңілді. Бейқам.

-Жігіттер, тынышталыңдар! Соғыс...

Манағы шат- шадыман көңіл- күй, алаңсыз әзіл- күлкі су сепкендей басылды.

Осынау қорқынышты сөз қай- қайсының жүрек тұсында дәлдеп ұрған ауыр соққыдай әсер етті. Күні кеше өздері ол жөнінде айтысып- тартысып, жек көретін нәрсенің шындық болып шыққаны ғой. Ақыры міне, ақиқатқа айналған, естіген жанның тұла бойын түршіктірер суыт хабар!...

Соғыс!!!

Мектеп директоры жабырқау жүзбен тіл қатты:

-Балалар, сендердің үйлеріңе аман- сау жетулеріңе тілектеспін. Бағдарламаны меңгеріп, курсты аяқтай алмағандарың өкінішті. Жауды жеңгенен кейін кездесерміз...

Сабақ тоқтатылды. Құжаттары қайтарылып, бәрі де өз ауыл- селоларына аттанып кете барды. Сағадат та Трудовое селосына бет алды.

Пойызбен тоқсан шақырымдай жер жүріп, жол айрығына таянған тұста тамбурдан секіріп түсті де, жолай көлікті күтпестен селоға қарай асығыс жүгіріп кетті. Аулаға кіре бере- у да шу боп жатқандардың үстінен түсті. Жылап- сықтау, бұған қоса- малдың маңырап- мөңірегені естіледі. Тап бір соғыс бұл жерден мыңдаған шақырымда емес, осы маңайда өтіп жатқан тәрізді.

Ағасы Сағит үйде екен. Көздері мұңға толып, ернін жымқырып алғын. Өмірде күліп көрмеген адамға ұқсайды. Інісін құшақтап тұрып:

-Келгенің жақсы болды ғой. Мен әскерге шақыру қағазын алып, жолға жиналып жатырмын,- деді.

-Майданға ма? Мен де сенімен бірге соғысқа барамын!- деп қойып қалды Сағадат.

Ағасы күлімсіреп:

-Онда сен секілді "батырларды" күтіп отыр деп пе едің?Асықпа, әлі үлгерерсің...-деді бұған емірене қарап.

Балаң жігіт басы салбыраған күйі ағасын майданға шығарып салу қамына кірісті. Трудовое селосынан бірнеше ер азамат аттанды. Оларсыз қараша үйлер қаңырап қалғандай көрінеді. Енді міне, өзіне ең қымбат адамды алыс сапарға аттандырғалы тұр. Жеңгесі дауыс сала сыңсып, үймелі- сүймелерді төрт жасар және екі жасар балалары да бақырып жылап жүр.Сағадат болса, ернін тістеп, арба соңынан ойлана ілбіп келеді. Сағит ағасы Алексеевкадағы жинау пунктінде біраз болып, үйге оралатын тәрізді. Өйтпеген күннің өзінде бұлар майдан даласына жете бере- соғыстың аяқталңаны жөнінде хабар жетері сөзсіз. Сағадат енді бірде: көр де тұр, біздің жау жүрек батырлар көп ұзамай фашистердің тас- талқанын шығарады. Осы ойына сенген Сағадат ағасы бетінен сүйіп:

-Бара ғой, бізідің үйге де бас- көз боп, көмектесіп тұрасың, Сағадатжан,- деп тебірене тіл қатқанда, көзіне бір тамшы жас алмыды.

Сағит сол кеткеннен мол кетті. Тек ол жол- жөнекей жазған хаттары ғана қолдарына тиді. Смоленск арқылы батысқа бет алғандарын хабарлапты. Сағадат ағасының хатын бірнеше рет дауыстап оқыды. Кешікпей келем деуіне қарағанда, жағдайлары жаман емес- ау деп ойлады.

Новгорол түбінде болған ұрыста Сағиттың қайтыс болғаны туралы ауылға қаралы қағаз келеді. Жалғыз бауырынан айырылған Сағадат қатты күйзеледі. Ағасы үшін кек алмасқа майданға асықты.



II С.Нұрмағамбетұлының тарих сахынасына шығуы

2.1 Әскери қызметтің бастауы


Кешікпей шақыру да алды, бірақ мұны бірден майданға емес, әскери училищеге баратындар қатарына косты. Көзі ашық, оқыған жастардан командирлердаярлау қажет еді. Сағадат Түркіменстанның Байрамали қаласындағы пулеметшілер дайындайтын училищеден бірақ шықты. Өзімен бірге келген жерлестерінің біразы дәрігерлік комиссиядан өтпей, майданға аттанады. Сағадат болса, училищеде қалады. Достарымен қимай қоштасты. Жеңіспен орылып, туған ауылы Трудовоеда кездесуге уағдаласты.

Ол әскери оқуға бел шешіп кірісті. Негізінен орыс тілі мен математиканы оқып- үйренуден бастады.Пулеметші болу үшін бұл екі пәннің екеуі де қажет. Математиканы білмейінше, пеулеметші болу мумкін емес. Әскери өмірдің бәрі орыс тілінде жүргізілді. Бұйрық та осы тілде жазылатын. Бұл екі сабақтан да ол мектепте өте жақсы оқыған. Сондықтан аса қиналған жоқ.

Мерзімінен бұрын әскери училищені аяқтап, офицер погонын таққан Сағадат енді тікелей батыстағы майдан шебіне жіберілді. Ашғабатқа соғып, содан әрі Красноводск, каспий теңізі арқылы «Дағыстан» теплоходымен Махачкала теңіз портына дейін, одан Грозный қаласы Пятигорск, Невинномынск, Армавир, Краснодарды басып өтті. Сөйтіп,бұларды 9 Қызылтулыатқыштар корпусының штабына әкелді.Мұнда оларды 157- жеке атқыштар бригадасының құрамына бөлді.Бригаданың штаб бастығы подполковник Сафонов қабылдады. Бұл байырғы әскери қызыметкер екен. Ол өзінің Константин Рокоссовский басқарған 15- атты әскерлер дивизиясының құрамында әскери жолын басқарғанын мақтанышпен әңгімелейді. Сағадат алғаш кездесуде бұл байырғы әскери коман.дирмен іштей табысып, өзіне ұстаз тұтты. Бұл достығы генерал- майор шенінде отставкаға шыққан Сафоновпен кейінгі жылдарға дейін жалғасты.

Сағадат Нұрмағамбетұлы әскери қызыметін пулеметшілер взводының командирі болып бастады. Взвод пулеметшілер ротасына бағынғанымен, атқыштар ротасының біреуіне қызымет етеді. Осы ротамен бірге ұрыс қимылына қатысады. Оның взводындағы үш пулеметшілер расчеты ұрыс кезінде атқыштар ротасын қолдауға тиіс еді. Пулеметті орналастыру шептерін белгілеу взвод командирінің үлесінде. Мұны дұрыс таңдаудың маңызы күшті. Оны Сағадат жақсы біледі. Жау шабуыл басталар алдында артиллериядан оқ жаудырып, қарсыластарының жауынгерлік күшін анықтапалғысы келді. Кездейсоқ, күтпеген жерден атылған зеңбірек оғы тірі жанды бекіністен бас көтерсе болды, жайратып салады. Сағадат пулеметшілері де жаудың әрбір қозғалысын қырғалықпен аңдиды, кірпік қақпай мүлт жібермеуге тырысады.Ұрыс даласында жау оғының астында жүргенде әрбір солдат сергек әрі байқампаз болуы керек. Мұны әскерге алынған күннен бастап солдаттар әбден ұғынған.

Сағадаттың жастық шағы елдегі сұрапыл кезеңмен, Ұлы Отан соғысымен дөп келеді. Ол студеттік алаңсыз, махаббат, қызық мол жылдарды да бастан кешірген жоқ. Ерте есейді. Училище бітіріп, бірден командир болды. Енді ол жеке өз басын ғана емес, қарауындағы он жауынгердің тағдырына жауапты. Жастайынан намысшыл болып өсті. Білуге, түсінуге, өзінше тұжырым жасап, ой қорыта білуге талпынды. Взводқа келгенде ол мынаны ескерді: басқаға бұйрық, нұсқау беру үшін ең алдымен өзің көп білуің керек. Басшы болғанда қатал ғана емес, әділетті де адал болуың қажет. Әділетті болуың үшін жақсы мен жаманның ара- жігін ажырата білуің керек. Өз басының үлгі- өнегесі, жетекшінің сөзі, бұйрығы, тапсырмасы өтімді болу үшін адасның жеке басының үлгісі- ең басты жарнама, Сөзіңе пәрмен, күш беретін бірден- бір қасиет.

Соғыста маневр жасай білуің керек. Қалыптасқан жағдайда теө сезінбейінше, оңтайлы, нақты шешім қабылдай алмайсың. Бастықпын деп оңды- солды бұйрық бере алмайсың, жағдайды сараптай білу қажет. Әрбір солдати өмірі командир үшін өз басындай қымбат. Командир бұйрығы- солдат үшін заң. Ол орындалуға тиіс. Бірақ ол дәлелді әрі тиімді болуы қажет. Сағадат мұны майданға келген алғашқы күннен жете ұғынды, ол жауынгер жолдастарын жоғары бағалады. Көп біріккенде, жұмыла күрескенде ғана жеңіске жетеді. Шабулға шыққан Сағадат әрбір солдаттың өмірінің қауіпсіздігіне үлкен мән берді, Қорғана, маневр жасай білуге үйретті. Қорғанысқа көшкенде, траншея әзірлегенде окоптың дұрыс қазуын, брустверлердің сапалы жасалуын ұқыпты қадағалады. Шабуыл арасындағы ұрыс кезінде солдаттар мен әңгіме- дүкен құрды. Тылдағы тіршілікті, ата- аналарының жайын сұрап білісті. Солдаттар Сағадатқа үйірсек болды. Үлкені бар, кішісі бар Сағадатты жақын тартты. Кішіпейіл, бауырмал, батыл, қамқоршыл командирге олар көп ұзамай бауыр басып кетті.

Соғыста сұрапыл күндерді Сағадат аз кешкен жоқ. Взводтан кейін пулеметшілер ротасын басқарды. Одақтық көмір бассейні атанған Донбасты азат етуге қатысты. Макеевка қаласын жаудан азат ету қандай қиынға соқты, қаланың әр үйін, алаңын, көшесін жаудан тазарту аса оңайға соққан жоқ. Жауды тықсырып, қаланың шегінуіне мәжбүрледі. Бірақ, шығынсыз болған жоқ. Әсіресе, Днепрден өту кезінде әскерлер ғажап төзімділік пен ттапқырлық танытты.











2.2 Жиырма бір жасар Кеңес Одағының Батыры


1945 жылдың 27 ақпаны Сағадан Нұрмағамбетұлы үшін сондай бір бақытты күн болды. Генерал- полковник Николай Берзарин басқарған армия кеңесі ұйымдастырылған Кеңес Одағы Батырының слеті ұмытылмас әсер қалдырды. Слетке армия қолбасшысының өзі келді. Салтанатты жағдайда Кеңес Одағының Батыры атағын алғандарға Ленин Ордені мен «Алтын жұлдыз» медалі тапсырылатын марапатқа Сағадат та ие болды. Сағадаттың қуанышында шек болған жоқ. 21 жасар қазақ жігіті ұрымта көрсеткен ерлігі үшін осындай биік марапатқа иеленді. Ақмола даласынан мектеп бітіріп келгенжас боз бала ең биік марапатқа ие болды. Бұл күні 21 солдатпен және офицермен бірге Сағадат та жоғары атақты иеленді. Кіші сержант Генадий Ворошилов, ботальон командтрі майор Василий Емельянов, рота командирлері подполковник Александр Пешков, дивизия командирі генерал- майор Владимир Антоновпен бірге Кеңес Одағының Батыры атағын алғанын Сағадат Нұрмағамбетов әлі күнге мақтаныш тұтады.

Әріптестері алдында мерт болған жолдастары үшін кек алуға, Берлинге шабуылдың алдынғы шебінде болуға жауынгерлік тулардың астында батыр атанғандар серт берді. Келесі күні марапатталғандар әскери кеңесте қабылданды. Қатардағы жауынгер мен сержанттарға үйлеріне барып қайтуға демалыс берді. Ал офицелер болса, өз рота, батальондары мен полктарына қайта оралды. Сағадат болса өз баталонына келді, бұл кезде батальон командирлігіне тағайындалған болатын. Осы уақытқа дейін жұртшылыққа бейтаныс бір жаңа құжатты орайы келгенде келтіре кетейік. Бұл – 1052- атқыштар полкының командирі, Кеңес Одағының Батыры подполковник А.Пешков пен 301- атқыштар дивизиясының командирі, майор С.Нұрмағамбетовты екінші рет Ленин ордені мен «Алтын Жұлдыз» медалімен наградтауға ұсынылған қағазы.

Осы жылдың ақпанында ғана жоғарғы атаққа ие болғаны ескерілдң ме, әлде соғыс аяқталар шақта арапаттау қағазы өз адресіне жетпеді ме, әйтеуір Сағадат екінші жұлдызға ие болмады. Әйтпесе екінші рет Кеңес Одағының Батыры атанған Талғат Бигелдиновтен кейінгі ол екінші қазақ болар ма еді?! Майдандастарының 21 жасар боз бала С.Нұрмағамбетовтың батырға лайық ерлігін көре біліп, оны екінші рет атаққа ұсынуы үлкен мәртебе, зор құрмет!

Майдан жолын солтүстік Кавказдан- Кубань бастаған Сағадат оны фашизмнің ұясы- Берлинде аяқтады.

С.Нұрмағамбетов империя кеңесі аймағының коменданты болып тағайындалды. Бірнеше батальон мұның қарамағына берілді. Гитлердің сарайын, жерасты бункерін және осыған іргелес жатқан парк пен ғимаратар бар кварталды күзету әрі қорғау міндеті жүктелді. 1945 жылдың қыркүйегіне дейін Сағадаттың батальоны Берлиннің маңында әскери қызыметін өтей берді. Бұл кезде әскерді оңтайландыру, қысқарту шаралары жүргізіліп жатты. 45 күндік демалыс беріліп, ол елге аттанды.

Жеңістің буына масаттанған жас жігіт Қазақстанға, туған ауылы- Ақмолаға жеткенше жүрегі алып ұшты.

Сағадат туған колхозында бір ай қонақтанды.Жерлестері Кеңес Одағының Батырын ерекше құтметпен сыйлады. Бүкіл ауыл үшін батырдың елге оралуы үлкен мереке болды. Сағадат туған жерінің ауасын, топырағын, адаидарын сағынып қалған екен. Әбден мауқын басты. Майданда қайтыс болған Сағит ағасының үйіне тоқтады. Ағасын еске алып, жеңгесімен бірге көзіне ыстық жас үйірілді. Аудан басшылары мұны ортаға алып, сый- құрмет көрсетумен болды. Оған жуырда Алматыда Республиканың 25 жылдық мерекесіне облыс делегациясының құрамына баратынын хабарлады. Салтанатты кеш көілді өтті. Ол демалыстың қалай өтіп кеткенін сезбей қалыпты. Әскерге оралатын уақыт ты таяп қалды. Алматыға барысымен ол Фрунце атындағы әскери академияға оқуға түсіп, оны 1949 жылы бітіріп шығады. Академияның 25 жасар түлегі Сағадат Қожахметұлы Түркістан әскери округі штабына қызметке жолдама алады. 1950 жылы 10 қаңтарда Ташкентке келіп, қызметке кірісіп кетті. 1961 жылы шілде айында Қазақ КСР- ның Азаматтық қорғаныс штабының бастығы болып тағайындалады. Республика, облыс басшыларымен жүзбе- жүз танысты, олармен қызымет үстінде жаұһқын араласады. Осында жүріп ақмолалық жерлестерімен қайта қауышты. Тікелей әскери өмірмен араласпаса да, елдің Отан қорғау қабілетін, қорғаныс ахуалын, жастарды әскерге әзірлеу жайына тікелей араласуға тура келді. Республиканың сол кездегі бірінщі басшысы Д.Қонаевпен жақын танысып, оның қамқорлығын көп көрді. Орта Азия әскері тарағанша, өз қызыметін атқарды. 1989 жылы 6 маусымда КСРО Қорғаныс министрлігі оны отставкаға жіберді. С.Нұрмағамбетовтың осыған дейінгі әскери еңбек өтілі 51 жыл 6 айды құрған еді.


















2.3 Қаһарман және тұңғыш қорғаныс министрі


Тәуелсіз елдің жаңа басшысы Нұрсұлтан Назарбаев генералды өзіне жақын тартып, қызметке шақырады. Алғашында 1991 жылғы 25 қазанда Қазақ КСР Мемлекеттік қорғаныс комитетінің төралығына Жарлық береді. 1992 жылғы 7 мамырда оны Президент тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш қорғаныс министрі етіп тағайындайды. С.Нұрмағамбетовтың зейнеткер жасында екінші әскери мансабы қайта басталады. Елбасы оған тәуелсіз жас мемлекеттің армиясын жасақтауды, әскери доктриясын әзірлеуді тапсырады. Келесі жылы 5 мамырда оған армия генералы әскери атағын береді. Бұл атаққа тұңғыш рет Сағадат Қожахметұұлы ие болды. 1994 жылдың 23 мамырында «Халық қаһарманы» атағын беріп, №1 Алтын Жұлдызға ие болады.

1997 жылдың 27 тамызында Ресей Федерациясының “Достық” орденімен, 2004 жылдың 18 сәуірінде Украинаның Богдан Хмельницкий наградасымен марапатталынады.

1999 жылы маусым айында Сағадат Қожахметұлы өзінің туған жері Ақмола облысы, Ақкөл ауданында болып, “Ақмола облысының құрметті азаматы” деген атаққа ие болды және №1 куәлікті табыс етіп алды. Сондай- ақ Батыр, Көкшетау қаласында орныласқан Мәлік Ғабдуллин атындағы мұражайға өз қолымен әскери бас киімін табыс етіп, мұражайдың құнды экспонаттар қатарын толықтырды.

Елбасы тапсырысымен С.Нұрмағамбетов Қазақстан әскерін жасақтаумен тыңғылықты шұғылданады. Әскердің тектері, құрылымы, орналасу мекені, кадрлармен жасақтау, оларды оқыту және тәрбиелеу, қару- жарақпен, техникамен, жаңа әскери жарақтармен жабдықтандыру - бәрі-бәрі үшін жаңа сала еді.

Генерал Нұрмағамбетов тәуелсіз Қазақстанның қорғаныс министрі ретінде еліміздің төл армиясын, ұлттық қарулы күштерін қалыптастыруға бар күшін, ұзақ жылдардағы әскери білімі мен тәжірибесін жұмсады. Әскердің тектері қалыптасты, олардың бірлесіп қимылдау, өзара ықпалдасу, бірін- бірі демеп қолдау, нәтижесінде ортақ мүддені қамтамасыз етуге жетісу жүзеге асты. Әскери кадрлар жасақталды, оларды даярлайтын салалық оқу орындары іске кірісті. Суворов училищесі типтес бастауыш әскери оқу орындары дүниеге келді. Астананың жас ұландар мектебіне генералдың есімі берілді. Сағадат қожахметұлы отставкаға кеткеннен кейін де армиямен қатынамын үзген жоқ. Ел қорғанысының әрбір қадамы мұның әрдайым көз алдында. Қол жеткен табыстарға қуанып, кемшіліктерге күйініп отырады. Солдаттар мен офицерлер арасында жиі болып, әскердің соңғы үлгідегі жаңарған техникамен, қуатты қару-жарақпен толықтырылуына назар аударады. Еліміз Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Н.Назарбаевтың Отанымыздың қорғаныс қабілетін ұдайы арттыра беру жолындағы саясатына әрдайым қолдау көрсетіп келеді.

Армияның күштілігі жалғыз қару- жарақпен ғана өлшенбейді. Армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов әскердің моральдік ахуалын, отыншылдық сезімін арттырудың мәнін жоғары бағалайды. Өйткені, солдатты ақша үшін кісі өлтіруге көндіруге болар, бірақ оны ақша үшін өзін өлтіруге мәжбүрлей алмайсың. Бұл күнде әскердің жалақысын көбейтумен ғана қарулы күштің пәрменділігін арттыруға бағыт ұстау жеткіліксіз. Жоғарғы жалақы үшін, немесе аттөбеліндей алпауыттардың капиталын қорғау үшін ешкім басын ажалға тікпейді. Солдат өз жерін, елін, туған Отанын шексіз сүйгенде ғана ол өз басын өлімге тіге алады. Әскердің күші қатал тәртіпке негізделген отаншылдық биік рухта. Мұндай рухы жоқ содат өзін құрбандыққа шалуға тәуекел ете алмайды.





III Ақмола ардагері мақтан тұтуға лайықты тұлға

3.1 С.Қожахметұлының отбасы мен шығармашылық еңбектері

Елу жыл отасқан сүйікті жары Лира Сабырқызы Сағадат Нұрмағамбетұлы Біріккен Ұлттар ұйымының сесиясында сөз сөйлеуге АҚШ- қа барған кезінде дүние салды. Сүйген жарын әлі күнге дейін еске алып, оның аруағына сыйынып отырады. Соғыстың от- жалынында шынықса да, қарт жауынгердің жүрегі нәзік, асыл жұбайын үнемі сағынышпен еске алады. «Ташкентте кездесіп, отбасын құрдық, ол маған ұл- қыз сыйлады, әскери адамның өмірі жұмақ емес, қиындығы мол. Соның бәрін менімен бірге көтерді, дейді сөз арасында Сағадат Нұрмағамбетұлы.

Сағадат ағаның ұлы- Талғат әскери- медециналық қызметтің генерал- майоры. Зейнеткер. Ал қызы Айсұлу- дәрігер мамандығын таңдаған. Үш қыз және бір ұлды- төт немере мен шөбере сүйіп отыр.

Соғыстың сұрапыл жылдарындағы жанкешті ұрыс оқиғаларын қаз қалпында суреттеген майдангердің “Отпен бетпе- бет” атты алғашқы кітабы 1984 жылы жарық көрсе, 1995 жылы- “Менің алғашқы шебім”, 1999 жылы “Жадымда жүрер жаңғырып”, 2004 жылы “Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі” атты әскеритақырыптағы танымдық- тәрбиелік тұстары мол құнды кітаптар сан мыңдаған таралы мен оқырман дар қолына тиді. Өкінішке орай атақты генерал жөніндегі бұл туындылар тек орыс тілінде ғана жазылған. Қазақстан Республикасының №1 Халық Қаһарманының соғыс жылдары мен бейбіт өміріндегі әскери- тактикалық, қоғамдық- саяси мәселелерді алға тартқан еңбектеріне жан- жақты баға беру, батыр бейнесін сомдаған көркем, деректі және ғылыми шығармалар жазу алдағы уақыттың еншісінде екені кәміл.





3.2 Батыр ұлын халық ұмытпайды

Екімың он үшінші жылдың жиырма төртінші жұлдызында Алматы қаласында Сағадат Нұрмағамбетов дүниеден өтті. Алдағы жылы Армия генералы өзінің тоқсан жылдығын атап өтуді жоспарлап отырған еді.

«Жастық шағы Ұлы Отан соғысымен тұспа-тұл келген ол майданда фашистік басқыншыларға қарсы ерлікпен шайқасты. Ерлігі жоғары мемлекеттік наградалармен атап өтілді.

Соғыстан кейінгі өмірін әскери қызметке арнап, мұнда да талантты сардар, тамаша қолбасшы ретінде танылды. Өзінің біліктілігі мен талапшылдығына қоса, қарапайымдылығымен және әділдігімен әріптестерінің арасында зор абырой мен беделге ие болды.
Ол ел тәуелсіздігінің бастапқы қиын-қыстау жылдарында Қазақстан Республикасының алғашқы Қорғаныс министрі ретінде еліміздің Қарулы Күштерін қалыптастырып, нығайтуға өлшеусіз зор үлес қосты. Сол себепті оған Халық қаһарманы атағы берілгенін ерекше сезіммен еске аламын.
Халқымыз оның еңбегін ешқашан ұмытпайды, ал оның жарқын дидары біздің жадымызда әрдайым сақталады», – деп жазылған.

Сағадат Нұрмағанбетов тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды. Шараға батырдың көзін көрген замандастары, шәкіртері мен туыстары қатысты. Жиналғандар: «Ескерткіш тақта батырды ұлықтаудың басы ғана», – дейді. Өйткені қайсар тұлғаның бүгінгі ұрпаққа үлгі боларлық қасиеті жеткілікті. Кеңес Одағы ыдырағанда Тәуелсіз Қазақстанның бірінші Қоғаныс министрі болып, елдің қарулы күшін аяғына тұрғызды. Батырдың көзін көрген, тәлімін алған шәкірттері ол кісінің темірдей тәртіптің адамы болғанын айтады. «Алайда батыр аға үшін адамдық пен адалдық басты орында еді», – дейді олар. Осындай ерен мінезінің арқасында Сағадат Қожахметұлы нағыз елін сүйген ер ретінде тарихта қалып отыр. 


Қорытынды

Сағадат Нұрмағамбетұлы анықтауышты қажет етпейтн, атағы аттан түйеге жүк боларлық тұлғаның жүріп өткен жолы туған еліміздің тарихымен тым астарлас. Ақмола облысы қазіргі Алексеевка ауданында туып, дүние есігін ашуға бір ай қалғанда, яғни асты- үстіне сапырылысқан өткен ғасырдың жиырмасыншы жылдардың басында әкесі Қожахметтің қайтыс болуы, анасы Айсадан 6 жасқа келгенде айырылуы, ойын баласы Сағадаттың жүрегіне шемен болып қатқан оқиғалар. Одан кейінгі ашаршылық, ұжымдастыру науқаны кезіндегі асыра сілтеуіштер мен Отан соғысының отты жылдарындағы жан алып, жан беріскен сын сағаттар Сағадатты шыңдамаса қажыта алмапты.1942 жылы мектепте оқып жүрген кезінде- ақ Қызыл Армия қатарына шақырылады. Түркістан әскери пулемет училищесін бітірген соң 1943 жылдың сәуір айында Қап тауында батыр ұлдың жауынгерлік жолы басталады.

Краснодар өлкесі, Украина, Молдавия, Батыс Беларуссия, Польша елдерінен азат етуге қатысқан қазақ сардарының бұл сапары 1945 жылдың мамыр айында Берлинде аяқталады. Сол жылы наурызда жаудың Польша тереториясындағы мықты бекінісін бұзуда ерлікпен күрескені үшін 20 жасар ержүрек жігіт Кеңес Одағының Батыры атағын алды, өңіріне Ленин ордені мен “Алтын Жұлдыз” медалін тақты. Ол басқарған атқыштар батальоны Берлинді алған бөлімшелердің бірі болды. Сол шайқастағы ерлілі үшін батальон командирі “Алтын Жұлдыз” медалін алуға екінші рет ұсынылғаны да белгілі. Батыр аға көптеген жылдар бойы Жоғарғы Кеңес депутаты ретінде ел өмірі үшін маңызды шешімдерді қабылдауға қатысты. 1989 жылы Республикалық ардагерлер кеңесіне төраға болып сайланды, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің арданерлер ісі бойынша комитетін басқарды. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін құрылған Мемлекеттік қорғаныс комитетінің төрағасы лауазымына бірден- бір лайық адам Сағадат Қожахметұлы еді. Бұл 1991 жылдың қазан айы болатын. Ал келесі жылдың мамыр айында республика басшысы Нұрсылтан Әбішұлы Назарбаев Жарлығымен еліміздің Қорғаныс министрлігін басқару Сағадат Нұрмағамбетовке түктелді.

1994 жылғы 23 мамырда Сағадат ағамыз Қазақстанның Тұңғыш “Халық Қаһарманы” атанды. 1995 жылдың қараша айында отставкаға шықты, біраз жыл Елбасының кеңесшісі болды. Қай уақытта да қорғаныс саласының ардагері Сағадат Қожахметұлы- баршамыз үшін арқа сүйер ақылмен аға болудан жаңылмайды.























Пайдаланған әдебиеттер тізімі

[1]. Егемен Қазақстан,1995жыл,9 мамыр,6-7 бет

[2]. Қазақстан сарбазы,2004жыл,28 мамыр

[3]. Алаш үні,2004 жыл, 30 наурыз

[4]. Ана тілі, 2004жыл, 27 мамыр

[5]. Арқа ажары, 2004жыл, 6 наурыз

[6]. Қазақ әдебиеті, 2005жыл, 18 наурыз

[7]. Жақып Т.С. Генерал Нұрмағамбетов-Астана: Елорда,2005 жыл, 256 бет

[8]. Жұлдыз, 2005 жыл,№5

[9]. Айқын, 2008жыл, 9 мамыр

[10]. Ақиқат, 2010жыл, №1

[11]. Егемен Қазақстан, 2010 жыл, 5 мамыр

[12]. Арқа ажары, 2011жыл, 15 қараша

[13]. Егемен Қазақстан, 2012жыл, 5сәуір

[15]. Егемен Қазақстан, 2012жыл, 8 мамыр

[16].М.Ғабдуллин атындағы мұражай, көмекші қор №776

[17]. М.Ғабдуллин атындағы мұражай, көмекші қор №775

[18]. М.Ғабдуллин атындағы мұражай, көмекші қор №955

[19]. М.Ғабдуллин атындағы мұражай, көмекші қор №954

[20]. М.Ғабдуллин атындағы мұражай, көмекші қор №776

[21]. М.Ғабдуллин атындағы мұражай, көмекші қор №953





Берлин, 1945 жыл.


Генерал полковник Н.Берзарин С.Нұрмағамбетовке Алтын Жұлдыз және Ленин Орденін табыс етуде. 7 наурыз, 1945 жыл.



Отар. 1994 жыл






Армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов пен Әділет Министрі Н.Шайкенов. 1998 жыл.

Көкшетау қаласының басшысы Жұмабай Қызырмен

Ақмола облысы, Ақкөл ауданы, 1999 жыл.


Бурабайда,1995 жыл

С.Нұрмағамбетов жары- Лира Сабырқызы, ұлы- Талғат, келіні- Галина, қызы- Айсұлу, немерелері- Сауық, Лира, Анара, Айжанамен.



14




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Презентации

Целевая аудитория: 9 класс

Автор: Камашева Баглан Шекешовна

Дата: 26.11.2015

Номер свидетельства: 258636


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства