Просмотр содержимого документа
«Хожа Ахмет Йасауи »
Қожа Ахмет Яссауи(1093-1166) – ақын, ойшыл, ұстаз, түркі жұртына имандылық нұрын шашқан діни ағартушы, сопылардың пірі (ұстазы)
Яссауи Сайрам қаласында туып, Иасыда (Түркістан) тұрған, сондықтан әлемге Яссауи деген атпен танымал. Яссауидің әкесі – Шайхы Ибраhим сопылық жолды ұстаған діндар адам болыпты. Ахметтің анасы Қарашаш пен әкесі Ибраhимнің мазары – Сайрамда. Ұстазы – Арыстан баб пен Иасауи жөнінде ел арасында көптеген аңыздар тараған.
Мақсаты :
1)Қазақ халқының рухани тұтастығын қалыптастырған, Қожа Ахмет Ясауи бабамыздың хикметерін насихатау
2)Өскелең ұрпақты ұлы баба мұрасын терең меңгеріп, зертеуге ынталандыру
3)Жас буынды елдік санаға баулу
4)Қ.А.Я кесенесінде жерленген тарихи тұлғалардың өмірі мен қызметін таныту
6)Тарихи – мәдени ескерткіштерді, жәдігерлерді насихатау
Қожа Ахмет Яссауи кесенесі – аса үлкен порталды күмбезді құрылыс . Оның ені – 46,5 м, ұзындығы -65 м . Ғимараттың орасан зор парталы (ені – 50 метрге жуық, порталдық арқасының ұзындығы – 18,2 м ) және бірнеше күмбезі бар. Ғимараттың биіктігі - 37,5 м.