kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?аза? ханды?ыны? 550 жылды?ына тарих проффесорларымен кездесу

Нажмите, чтобы узнать подробности

1. ?аза? хал?ыны? т?уелсіздік жолында?ы тарихына шолу.

2. Білімгерлерді  ата-бабаларыны? т?уелсіздік жолында?ы ерлігі ?лгісінде, Отанына, хал?ына адал ?ызмет етуге, хал?ыны? тегі мен тарихын білуге т?рбиелеу.

3.Рухы мы?ты азаматты? ?асиетті ?алыптастыру.

?аза? ханды?ыны? 550 жылды?ы мен Есік гуманитарлы?-экономикалы? колледжіні? 50 жылды?ына арнал?ан «?аза? елі-м??гілік ел» атты тарихи-танымды? кеш

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?аза? ханды?ыны? 550 жылды?ына тарих проффесорларымен кездесу»


Қазақ хандығының 550 жылдығы мен Есік гуманитарлық-экономикалық колледжінің 50 жылдығына арналған «Қазақ елі-мәңгілік ел»

атты тарихи-танымдық кешінің сценарийі


Мерзімі: 25.11.2015

Мақсаты:

1. Қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы тарихына шолу.

2. Білімгерлерді ата-бабаларының тәуелсіздік жолындағы ерлігі үлгісінде, Отанына, халқына адал қызмет етуге, халқының тегі мен тарихын білуге тәрбиелеу.

3.Рухы мықты азаматтық қасиетті қалыптастыру.

Көрнекілігі: проектор, слайд, көрме.

1-бөлім.

Барысы:

1-жүргізуші: Армысыздар, алыстан ат арылтып келген қадірменді қонақтар, ұстаздар мен білімгерлер!

Қазақ хандығының 550 жылдығы мен Есік гуманитарлық-экономикалық колледжінің 50 жылдығына арналған «Қазақ елі-мәңгілік ел» атты тарихи-танымдық кешіне қош келдіңіздер!

2-жүргізуші: Биылғы жыл- ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы! Елдің тұтастығы мен бірлігі, татулығы мен тыныштығы біздің ең басты назарымызда. Осынау тарихи белестер арқылы жаңа қазақстандық патриотизмді ұрпақ жадына сіңіру үшін республика көлемінде тойланып жатқан түрлі іс-шараларға өзіндік үлестерін қосып жүрген айтулы тұлғалар, елімізге белгілі ғалымдар- бүгінгі кешіміздің қадірменді қонақтары: философия ғылымдарының докторы Мұрат Сәбит.

1-жүргізуші: Тарих ғылымдарының докторы, профессор Берлібаев Бағдаулет Тұрдыбекұлы.

2-жүргізуші:

Маған бүгін керек емес ертегі,

Ертегіні өз басымда шертеді.

Тарих керек іргетасы халықтың,

Іргетассыз қаланбайды ертеңі.

1-жүргізуші:

Арғы атаңыз арыстандай сақтар да,

Ет жүрегі саған сырын ақтарған.

Сыр шертейін мына балғын ұрпаққа,

Сонау шалғай,сол бір шалғай шақтардан.

2-жүргізуші:

Қазақ өз тарихында ұлт ретінде талай мәрте жойылып кете жаздап,тағдырдың талай ащы зары мен тауқыметін тартқан.Әдетте,біз қазақ ұлысының қалыптасуын,Қазақ хандығының жеке орда тігуін Жәнібек пен Керей хандардың есімімен байланыстырамыз. Бұл кезең қазақ халқының болашағы үшін шешуші тарихи сәттердің болғаны рас.

1-жүргізуші: Қазақ халқының саяси бытыраңқылығын жойып, мемлекет етіп құру Ақ Орданың билеушілері Орыс ханның ұрпақтары Керей мен Жәнібек сұлтандардың үлесіне тиді.

Тарихи қойылым:Керей,Жәнібек сұлтандардың халықпен ақылдасуы.(слайдтан 1459 жыл Ұлы көштің басталуы) деген сөз шығады.

Керей:О,халайық халқымыздың басына қиын-қыстау кезеңдер келді.Әбілқайыр хандығы құлау үстінде.Шығыстан төнген жауға әйел,бала шағамыздың құлдыққа бермейміз.Осы мәсілені бірлесіп шешкен жөн.

Жәнібек:Ел болып,өз жерімізге басқару жүргізетін кез келді.Ел болам деген жұртқа ең ыңғайлы кезең.Осы кезді пайдалана алмасақ,енді басымыз бірікпеуі мүмкін.Оның үстіне жат елдердің хандары мен патшалары да ауыздарын арандай ашып тұр.Олардың қолына түсіп талан-тараж болып кеуімізде мүмкін.Қазақ деген атпен жеке дара мемлекет құрайық.

Халық дүбірлесіп,талқылауда:”Сұлтандардың айтқаны жөн.Иә жеке мемлекет құрайық,мемлекет қазығын қазатын кезең-осы”.

Жәнібек:Ендеше,қазақ руларының игі жақсыларын жинаңдар.Хан кеңесін өткізейк.Қазақ рулары ендігі жерде бір тудың астында біріккен қазақ мемлекеті болсын.

Ел ана(«Көш керуен»күйі орындалып тұрады):

2-жүргізуші-Батыр да,хан да,қара да өз заманының перзенті Тәуке хан сол дәуірде қазақ,орыс,қытай,жоңғар және басқа Шығыс халықтарының тарихында ірі қайраткер,көрнекі қолбасшы ретінде елеулі орын алған.Ал өз елінің өмірінде дипломат-қайраткер,данышпан,айлакер қолбасшы,әділетті құқық системасының реформаторы және ұлтының бірлігі мен жерінің тұтастығын сақтауға жан аямай күш салған ірі мемлекеттік тұлға ретінде танылады.

1-жүргізуші:Оқиға ХҮІІ ғасырдың ІІ-ші жартысында өтеді. Күлтөбенің үстінде жиылған халық.

Тәуке хан(ойлы тақ үстінде отыр):

-Уа,жұртым,алты Алашқа аты шыққан қазақтың игі жақсылары!

Бүгінде Күлтөбенің басында жайдан-жай жиылып отырған жоқпыз.

Бабадан мирасқа қалған жерді сақтау,нығайту ушін,ең алдымен бет-бетімізбен ру-руға бөлініп,бір-бірімізбен қырғыспай елдің берекесін алмай,ұлттық тұтастығымызды сақтауымыз керек.

2-жүргізуші:

ХҮІІІ ғасырда қазақ хандығының тәуелсіздігіне қатер төндірген тек қана Жоңғар хандығы болған жоқ.Оңтүстіктен Хиуа,Қоқан,Бұқар хандықтары көз алартса.Батысы мен Солтүстігінде қалмақтар,башқұрттар,қазақ-орыстар үнемі шапқыншылық жасаумен болуда.

Слайдта: «Жау жүрек мың бала» бейнесюджет көрсетіледі.

1-жүргізуші: Сахна сыртында Сөйтіп,1710жылы Жоңғарлар Алатау баурайын жайлаған қаннен қаперсіз жатқан қалың елге шабуыл жасап,қазақтардың қанын судай төкті.Еркек кіндік адамды өлтіріп,әйелді қыздарды байлап,матап алып кетті.Малын,мүлкін,елін,жерін тастап,бала-шағасынан,туысынан айырылып,босқын халық басы ауған жаққа кетуге мәжбүр болды.

Қария:Уа,ел жұртым!Мынау қандай заман болды,жұртымның тоз-тозы шықты.Көш кетіп барады,елім аштан қырылуда.

Ана:Құдайым-ау,біз болсақ қартайдық ең болмаса мына балаларға жәрдемдес,осылар тіріболсыншы,ұрпағымыз аман қалсыншы.

1-қария:Адам баласы өмірде көрген жақсылық пен жамандықтың бәрін ұмытпауы керек.Біз осы көрген күнімізді не деп атасақ екен?

2-қария:Бұл ақтабан шұбырынды Алқакөл сұлама болсын.Мұның мәнісі.Атамекен мал мүлкінен айырылған аш жалаңаш,босқын ел шұбыры-шұбыра табаны ағарып,азын-тозды,ел жұртынан айырылды.

1-қария: Дұрыс айтасың,қария,әбден шаршадым,қалжырадым біраз әлденіп алайық

(«Елім-ай»әні айтылады.Соңынан бәрі орындарынан тұрып,сахнадан шығады.)

1-жүргізуші:Қазақты ел еткен Әз Жәнібек,Тәуке хан,Абылай хандар,жерін қорғаған Қабанбай,Бөгенбай,Наурызбай сынды батырларымыз.Елге ақыл айтқан,дауларын шешкен Төле би,Қазыбек би,Әйтеке билер еді.

Абылай:Уа,халқымның көсемдері,осынау қиын-қыстау заманда ел басына»жоңғар»деген қара бұлт төніп тұрған жағдайда,тұрған жағдайда,халықты біріктірер қариялар өздеріңіздер.Маған сіздердің ақыл кеңестеріңіз керек.

Төле би:Дұрыс,ел болып біріксек,ешқандай жау бізді ала-алмайды.»Алтау ала болса,ауыздағы кетеді,төртеу түгел болса,төбедегі келеді.»Тұрған жерін тұрақтаған тұғыры биік ел едік,іргемізді ірітпей бір жеңнен қол шығарып,атам қазақ елдігін сақтап қалар кез келді.

Қазыбек би:Әр руға шабандоздарымызды жіберейік,халыққа хабар айтсын.

Әйтеке би:Жөн.Ел ішінен қол жинауымыз керек.Рулар арасындағы кикілжіңді артта қалдырып,айбарлы батырларымыздың басын біріктіріп,қас жауымызға қарсы шығайық.

Абылай:Бүгінгі бас қосуымыздың үлкен себептері болып тұр.Елдің елдігін,ерлігін сынайтын күн туды.Жауға соққы беріп,елдң аман алып қалуымыз үшін батырларымыз жорыққа аттанбақшы.Батырлардың жеңіске қол жеткізуіне күш-қуат беріп ак тілек батамен шығарып салайық.

Төле би:Халықтың қамын ойлайтын күн туды.

Қазыбек би:Елдің кегін қайтаратын күн туды.

Әйтеке би:Келсін алдымызға батырлар,берейік ақ батамызды.

Абылай хан:Шақырыңдар батырларды!

Батырлар келеді:Қабанбай,Наурызбай,Райымбек.

Абылай хан:Келді алдарыңызға батырлар.Ел намысын қорғау,жерімізді бөліске түсірмеудің бір жолы сендердің қолдарыңда.Алдарыңда отырған үш бидің ақ батасымен жорыққа аттанасыңдар.Айтыңыздар өсиет создеріңізді,беріңіздер баталарыңызды!

Төле би:Бір үйдің баласы болма.

Көп үйдің санасы бол.

Бір үйдің атасы болма,

Бір елдің санасы бол,

Өзегің талса,өзен бойын жағала.

Басыңа іс түссе, көпшілікті сағала.

Халқыңа әділ бол,

Жауыңа қатал бол, Досыңа адал бол

Қазыбек би:

Жеріміздіңшетін жау баспасын деп,

Үкіге найза таққан елміз.

Дәм-тұзды ақтай білген елміз!

Досымызды сақтай білген елміз.

Атадан ұл туса, құл боламын деп тумайды.

Анадан қыз туса, күң боламын деп тумайды.

Ұл мен қызды қаматып отыра алмайтын елміз!

Әйтеке би:

Бай болсаң халқына пайдаң тисін.

Батыр болсаң жауға найзаң тисін.

Бай болып елге пайдаң тимесе,

Батыр болып елге пайдаң тимесе,

Елден бөлек күйің күйсін.

Абылай:

Туған жерді өзгелерге бермейміз, туған телді басқаларға билетпейміз. Үш жүз алаш бірігіп, жерімізді қорғаймыз. (Аумин)

1-жүргізуші:

Армандарды жақындатып тым алыс

Біздің жаққа келген екен жылы ағыс

Хандық құрып жеткен екен мұратқа

О, халайық, құтты болсын қуаныш!

2-жүргізуші:

Азаттық теңдік, тәуелсіздік. Осы үш ұғымның салтанат құруы үшін кімдер бас тікпеді, кімдер құрбан болмады?

Ту тігілді халқымның бүгін бағына,

Жас өрендер, желбіретіп, тік ұста.

Ғасырларға жалғастырып елдікті,

Дақ түсірме ата-баба рухына.

Үлгі бізге аталардың ерлігі,

Ұлағаты, өнегесі, еңбегі.

Тәуелсіздітің туын ұстап жоғары,

Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі.

Ән «Көк тудың желбірегені» (әннің клипы көрсетіледі) Орындайтын. 215-топ студенті Бегасыл

1-жүргізуші: Біз мың өліп, мың тірілген қазақпыз. Елін-жерін қорғауда күрескен батырлардың ерлігі – кейінгі ұрпаққа үлгі. Демек, қан мен тер арқылы келген тәуелсіздігімізді әрқашанда ұлықтайық. Тәуелсіздігіміздің тірегі болған, мемлекетіміздің негізі болған осынау айрықша датаны, ұлық мерекені өз деңгейінен асыра тойлайық. Тәуелсіздігіміз тұғырлы, халқымыз бай-қуатты болсын.

Құрманғазының күйі «Адай». Орындайтын: 415-топ студенті: Мырзабаев Мұхамедали

2-жүргізуші:

Даналықты дара жастар жалғайды,

Қанат бітсе қыран құстай самғайды.

Жас қаламгер шабыттанып бұл күні,

Ұлы тойға жырдан шашу арнайды

Майлықожаның термесі «Халқыма ғибрат» 315- топ студенті: Асхат Нұраслан

«Қазақтай ел қайда» әні. Орындайтын: 415-топ студенті:

Черкешбаев Қадырхан.

1-жүргізуші:

Табынған ата-бабам көк бөріге,

Алысып ат үстінде өтпеді ме.

Еліміз шықты бүгін тайсалмастан,

Тәкаппар Еуропаның қақ төріне

Хор: «Республика моя» орындайтындар музыкалық білім беру мамандығының студенттері.


2-бөлім:

1. Баяндамашы – колледж директоры Жошыбаева Гүлнар Сағатқызы

2. Тарихшы ғалымдармен сұхбат.

3. Сұрақ-жауап

4. Қорытынды сөз. Колледж директоры Жошыбаева Гүлнар Сағатқызы



























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Презентации

Целевая аудитория: 11 класс

Скачать
?аза? ханды?ыны? 550 жылды?ына тарих проффесорларымен кездесу

Автор: Балташева Баян Берикбековна

Дата: 05.03.2016

Номер свидетельства: 302391


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства