Қашықтан оқу жағдайында білім алушыларға тапсырмаларды ұсынудың тиімді жолдары
Қашықтан оқу жағдайында білім алушыларға тапсырмаларды ұсынудың тиімді жолдары
Қашықтан оқыту- бір-бірінен қашықта орналасқан білім алушы мен оқытушының әртүрлі байланыс технологияларының көмегімен жанама түрде өзара әрекеттестікте оқу нысаны.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Қашықтан оқу жағдайында білім алушыларға тапсырмаларды ұсынудың тиімді жолдары»
Қашықтан оқу жағдайында білім алушыларға тапсырмаларды ұсынудың тиімді жолдары
Сағымбеков Нұржан Әшімұлы
М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің қоғамдық пәндер оқытушысы
Қашықтан оқыту – бір-бірінен қашықта орналасқан білім алушы мен оқытушының әртүрлі байланыс технологияларының көмегімен жанама түрде өзара әрекеттестікте оқу нысаны. Қашықтан оқытуда білім беру процесінің барлық компоненттері – мақсаты, мазмұны, оқыту әдістері және оқу нәтижесін бағалау толық сақталады.
Қашықтан оқытудың ерекшеліктері:
ақпаратты жеткізу ортасы (пошта, теледидар, радио, ақпараттық-коммуникациялық жүйелер);
ақпарат алмасудың техникалық ортасына байланысты әдістер.
Қашықтан оқыту екі түрлі тәсілмен жүзеге асырылады – синхронды және асинхронды оқыту.
Бүгінгі таңда ақпараттық-коммуникациялық технологиялардағы (АКТ) дамудың арқасында қашықтықтан білім беруде көптеген технологиялық құралдар тиімді қолданылды.
Колледжде Канвас, Платонус, Zoom платформаларының мүмкіншіліктерін пайдалану сабақты тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік берді.
Тиімді оқытудың жеті қағидаты
Оқытуды оқушыға бағыттаңыз, олардың өзін оқушы ретінде сезініп, оқуға деген құлшынысын арттыруға жағдай жасаңыз.
Оқытудың әлеуметтік сипатын түсініп, оқушылардың бірлесіп білім алуын қамтамасыз етіңіз.
Оқушылардың ішкі уәжі мен эмоциясына мән беріп, дамытыңыз.
Әр баланың жеке ерекшелігін ескеріп, оқушылардың барлығын бір өлшемге салудан алыс болыңыз.
Оқушыларды жалықтырмай, барлық оқушыларды оқу үдерісіне тартыңыз.
Оқу мақсаттарына сәйкес бағалауды қолданыңыз, кері байланысты тиімді пайдаланыңыз.
Білім салалары мен оқу орталарының және жұртшылықпен арадағы байланыстың болуына қолдау көрсетіңіз.
Қашықтан оқытуда тапсырмаға қойылатын талаптарды да ескере кетсек:
Оқушылардың қажеттіліктеріне орай тапсырманың деңгейлік сипаты;
Оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай тапсырманы ескеру;
Оқу материалының жеткілікті көлемін қамтылуы;
Шығармашылық сипатта болуы;
Оқушыға түсінікті және қызықты болуы;
Өздігінен ізденуге бағытталуы.
Білім алушыларға ұсынылатын деңгейлік тапсырмалар түрлері
Сәйкестендіру тапсырмасыБасқару формалары мен мемлекеттерді сәйкестендіріңіз
№
1
Басқару формалары
№
Парламенттік республика
2
3
Мемлекеттер
А
Президенттік республика
4
В
Аралас республика
Ұлыбритания
С
Франция
5
Абсолюттік монархия
Парламенттік монархия
Сауд Арабиясы
Д
АҚШ
Е
ГФР
1-
2-
3-
4-
5-
«Дұрыс немесе бұрыс» тапсырмасыТарихи фактілердің «дұрыс» не «бұрыс» екендігін анықтаңыз
Анықтамалар
Дұрыс
1. Африка – көлемі және тұрғындар саны бойынша, әлемде екінші орын алады.
Бұрыс
2. Африкадағы ең көп таралған дін – ислам, одан кейін христиан діні.
3. Латын тілінен аударғанда, африка сөзі «күн шуақты» дегенді білдіреді.
4. Африка арқылы ағып өтетін Ніл өзені, Амазонкадан кейінгі әлемдегі ең ұзын өзен.
5. Бұл материкте 2000-нан астам тілде сөйлеседі, ең таралғаны араб тілі.
6. Сахара – әлемдегі ең үлкен шөл дала. Оның көлемі АҚШ-тан үлкен.
Т-кестесін толтыру («Африка дәстүрлі өркениеті» тақырыбы бойынша маңызды даталар мен болған оқиғаларды хронологиялық ретпен толтыру)
Даталар
Болған оқиғалар
Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар
Көрсетілген картадан қандай халықаралық ұйымдарға қатыстылығын анықтаңдар. (картада халықаралық ұйымға мүше елдермен бақылаушы дәрежесіндегі елдер көрсетілген)
Толық жауапты қажет ететін тапсырма
Біз не үшін сұрақ қоямыз?
Ықтимал себептері
Оқудағы олқылықтарды анықтау үшін;
Оқушылардың ойларын бағыттау үшін;
Бағалау үшін;
Келесі сұрақтарға түрткі болу үшін;
Тақырыпты қайта қарау үшін;
Қызығушылықты немесе білуге құмарлықты ояту үшін;
Күрделендіру үшін;
Сұрақ-жауап пен сын тұрғысынан ойлауды модельдеу үшін;
Түсінуге көмектесу үшін;
Бағамдау үшін.
Тиімді сұрақтар қандай болады?
Жабық сұрақтар “иә”/“жоқ” деп қана жауап беруді қажет етеді. Олар пайдалы болуы мүмкін, бірақ сөйлеу мен ойлауды жетілдірмейді.
Мысалы, Мыс магниттеле ме?
Ашық сұрақтар оқу үдерісін бәрінен тиімді жақсартады. Олар сөйлеу мен ойлауды жетілдіреді.
Мысалы, Қандай металдар магниттеледі?
Тиімді сұрақтар қандай болады?
Жалпылама ашық сұрақтар
Біз … қалай істей аламыз?
Сен қалай …?
Егер …, не болады?
Маған … туралы айтып бере аласың ба?
Сен … туралы не ойлайсың?
Сыныпта сұрақ қою үшін осы сөйлем құрылымдарын пайдалануға болады.
_____________ дегенде, Сіз не айтқыңыз келді?
Мұндай қорытындыға қалай келдіңіз?
Мәтінде не туралы айтылды?
Сіздің ақпаратыңыз қандай көзден алынған?
Құжаттағы ақпарат қандай көзден алынған?
Мұндай қорытынды жасауға қандай болжамдар ықпал етті?
Сіздікі дұрыс емес деп болжаңыз. Қандай алғышарттар болуы мүмкін?
Неге мұндай қорытынды жасадыңыз?
Басқа қорытындының қолайлырақ деректері бар ма?
Бұл сұрақ неге соншалықты маңызды?
Сіздің айтқаныңыздың барлығы шын екенін мен қайдан білемін?
Бұл құбылысты басқаша қалай түсіндіруге болады?
Тиімді ойлаудың алты қадамы
М әселені анықтаңыз. — « Біздің алдымызда қандай нақты сұрақ тұр?»
М әнмәтінін анықтаңыз. — «Бұл проблеманы қандай фактілер мен мән-жайлардан көруге болады?»
Т аңдауды санамалаңыз. — «Қандай нұсқалар шындыққа жанасады?»
Н ұсқаларды талдаңыз. — «Әрекеттеріміздің ұтымды дамуы қандай болмақ, бәрі ескерілді ме?»