kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?о?амды?-гуманитарлы? ба?ытта?ы ?олданбалы курстарды? проблемалары мен даму болаша?ы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Б?гінгі білім саласында?ы ?згерістер, бірнеше ойдан тарал?ан аса бай м?раларды ?ол?а алу ар?ылы білім алушыларды? ел м?ддесі ?шін ж?мыс жасауына септігін тигізіп отыр.

О?ыту мен т?рбие б?гінгі ?мірмен ?ана астасып ?ана жат?ан жо?, тарихты? т???иы?ымен астасып жатыр. Сол себептен де ?ткенні? кейбір іргелі та?ылымдарына ден ?ою?а тура келеді. Б?гінде жа?а бетб?рыс жасау кезе?і деп білеміз. Бейінді-ба?дарлы о?ыту, а?параттарды жо?ары ?ылыми-теориялы? де?гейде тере? ж?не ты??ылы?ты о?ыту, о?у м?ліметтерін тере? ж?не шы?армашылы?пен ме?геру талап етіледі. Я?ни бейінді-ба?дарлы о?ытудан ?здік білімін к?теруіне, а?парат к?здерін алу?а, а?ыл-ой ?абілетіні? дамуына, білім негіздерін саналы т?рде игеруіне барынша к??іл аударылуы ?ажет деп білемін.

?азіргі кезде жалпы орта білім беретін мектепті? жо?ар?ы сатысында жиырма?а жуы? п?н о?ытылады. Ж?не оларды? барлы?ыны? м?ртебесі бірдей. Демек, б?ларды? б?рінен де ба?дарлама м?жесі де?гейінде білім берілуі тиісті. Ол деген с?з о?ушы?а к?п сала бойынша аз-аздан білім беріледі ж?не соны? салдарынан о?ушылар ешбір саланы тере? ме?геруге м?мкіндігі болмайды. ?лемде білім беру м?селесі дамуыны? ?рдісіні? негізгі ерекшеліктеріні? бірі-ол білімні? тез ?згеруі, ?мір с?ру ?шін ?ажетті м?ліметтер а?ыны жо?ар?ы ?ар?ынымен к?беюі.

Сонды?тан да б?рын?ыдай жеткіншек ?рпа?ты энциклопедиялы? біліммен ?аруландыратын уа?ыт кетті, о?ан м?мкіндік жо?, оны заман а?ымы к?термейді. Жеткіншек ?рпа??а аз-аздан барлы? сала жайлы білім емес, тере? бір ?ана сала бойынша білім беретін мезгіл келді.

Бізге ?насын-?намасын, жа?сы к?рейік-к?рмейік бір кездері ?з бабаларымыз бастап берген ?ылым-білім деген ?лы м?селеде б?л к?нде бізден алда т?р?ан ?лемдегі дамы?ан елдерді? іс-т?жірибесін ескермеуге ?а?ымыз жо?. Ал оларда (Франция, Голандия, Англия, Шотландия, Швеция, Финляндия, Норвегия, Дания ж?не т.б.) бейімді — ба?дарлы о?ыту негізінен ж?йелі т?рде 7- сыныптан со?-а? басталады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?о?амды?-гуманитарлы? ба?ытта?ы ?олданбалы курстарды? проблемалары мен даму болаша?ы »

ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ, ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БӨЛІМІ

ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ БАҒЫТТАҒЫ ЖББ №16 ОРТА МЕКТЕП

Тамыз кеңесіне арналған баяндама:

Қоғамдық-гуманитариалық бағыттағы қолданбалы курстардың проблемалары мен даму болашағы


Орындаған: тарих пәнінің мұғалімі

Исина Мадина Сатбекқызы









Балқаш қаласы

2014/2015 оқу жылы

Балқаш қаласы лингвистикалық

бағыттағы жалпы білім беретін

№ 16 орта мектептің тарих пәнінің

мұғалімі Исина Мадина Сатбековна



Баяндама тақырыбы: Қоғамдық-гуманитариалық бағыттағы қолданбалы курстардың проблемалары мен даму болашағы

Бүгінгі білім саласындағы өзгерістер, бірнеше ойдан таралған аса бай мұраларды қолға алу арқылы білім алушылардың ел мүддесі үшін жұмыс жасауына септігін тигізіп отыр.

Оқыту мен тәрбие бүгінгі өмірмен ғана астасып қана жатқан жоқ, тарихтың тұңғиығымен астасып жатыр. Сол себептен де өткеннің кейбір іргелі тағылымдарына ден қоюға тура келеді. Бүгінде жаңа бетбұрыс жасау кезеңі деп білеміз. Бейінді-бағдарлы оқыту, ақпараттарды жоғары ғылыми-теориялық деңгейде терең және тыңғылықты оқыту, оқу мәліметтерін терең және шығармашылықпен меңгеру талап етіледі. Яғни бейінді-бағдарлы оқытудан өздік білімін көтеруіне, ақпарат көздерін алуға, ақыл-ой қабілетінің дамуына, білім негіздерін саналы түрде игеруіне барынша көңіл аударылуы қажет деп білемін.

Қазіргі кезде жалпы орта білім беретін мектептің жоғарғы сатысында жиырмаға жуық пән оқытылады. Және олардың барлығының мәртебесі бірдей. Демек, бұлардың бәрінен де бағдарлама мәжесі деңгейінде білім берілуі тиісті. Ол деген сөз оқушыға көп сала бойынша аз-аздан білім беріледі және соның салдарынан оқушылар ешбір саланы терең меңгеруге мүмкіндігі болмайды. Әлемде білім беру мәселесі дамуының үрдісінің негізгі ерекшеліктерінің бірі-ол білімнің тез өзгеруі, өмір сүру үшін қажетті мәліметтер ағыны жоғарғы қарқынымен көбеюі.

Сондықтан да бұрынғыдай жеткіншек ұрпақты энциклопедиялық біліммен қаруландыратын уақыт кетті, оған мүмкіндік жоқ, оны заман ағымы көтермейді. Жеткіншек ұрпаққа аз-аздан барлық сала жайлы білім емес, терең бір ғана сала бойынша білім беретін мезгіл келді.

Бізге ұнасын-ұнамасын, жақсы көрейік-көрмейік бір кездері өз бабаларымыз бастап берген ғылым-білім деген ұлы мәселеде бұл күнде бізден алда тұрған әлемдегі дамыған елдердің іс-тәжірибесін ескермеуге қақымыз жоқ. Ал оларда (Франция, Голандия, Англия, Шотландия, Швеция, Финляндия, Норвегия, Дания және т.б.) бейімді — бағдарлы оқыту негізінен жүйелі түрде 7- сыныптан соң-ақ басталады.

Осындай жағдайларды ескере отырып 2006-2007 оқу жылынан бастап Қазақстанның білім беру ұйымдарының жаппай іс тәжірибесінде орта жалпы білім берудің жоғары сатысындағы бағдарлы оқыту нормативтік-құқықтық сипаттағы мынадай факторлар ескеріле отырып жүзеге асырылады.

  • Бағдарлы оқыту Қазақстанның орта жалпы білім берудің қазір қолданылып жүрген дәстүрлі моделі жағдайында жүзеге асырылады, оқыту ұзақтығы – 11 жыл, жоғары сатыда оқыту ұзақтығы – 2 жыл.

  • Орта жалпы білім беру ұйымдарының 10-11 сынып оқушыларын бағдарлы оқытуға арналған жұмыстық оқу жоспарлары ҚР МЖМБС 2002-2003 құрамдас бөліктері – оқытудың жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттарындағы жалпы білім беретін оқу орнының жоғары сатысының типтік оқу жоспарлары негізінде жасалады

Мектептің жоғарғы сатысының әсіресе оның 10-шы сыныбының бейімі анықталуға тиіс. Қазірше яғни 12-жылдық білім беру жүйесіне көшкенге дейін бейімді-бағдарлы оқытудың екі бағыты айқындалып отыр.




Бағдарлы  оқу :

оқу бағытының ішінде оқушы тандап алатын, оқушының танымдық сұранысын және ынтасын қанағаттандыруға әрі оның жеке білімдік траекториясын іске асыруға бағытталған бағдарлы  пәндердің және қолданбалы курстардың жиынтығы


Бейінді оқытудың мақсаты:

  • Жекелеген пәндерді тереңдетіп оқыту (стандартта жоқ материалдарды беру)

  • Әр категориядағы оқушыларға жеке қабілетіне, бейіміне, қызығушылығына сай толыққанды білім беру үшін тең мүмкіндік беру.

  • Оқушылардың әлеуметтену мүмкіндігін кеңейту. Жалпы және кәсіби білім берудің сабақтастығын қамтамасыз ету. Мектеп бітіруші түлектердің жоғары кәсіби білім бағдарламасын меңгеру даярлығының тиімділігін арттыру.

Қолданбалы курстар дегеніміз — бағдарлы пәндер бойынша оқушылардың білімін тереңдетуге, кеңейтуге және олардың қандай-да қолданылуы жайлы оқушыларда білім қалыптастыруға арналған курстар. Қолданбалы курстар әр оқушының ынтасы мен бейімділігіне байланысты ұйымдастырылады. Бұл курстар жеке білім бағдарламасын құрудың негізгі құралы болып табылады.

  • Қазақстан тарих- мектептегі оқу пәні ретінде жалпы негізгі білім беретін барлық гуманитарлық және қоғамтанушылық курстардың негізін құрайды.

Қазақстан тарихы оқу пәнінің негізі- адамзат жүріп өткен табиғи және әлеуметтік даму жолы. Ол оқушылардың адамзат тарихының ең ежелгі дәуірінен қазіргі кезге дейінгі кезеңдермен таныстырады. Дегенімен мектептік пән бүкіл тарих ғылымын тұтас та, толық қамти алмайды. Оқушылардың жас ерекшеліктері мен дайындық дәрежесін ескере отырып, білім беру, тәрбиелеу, дамытушылық жағынан ең маңызды деректер, оқиғалар, құбылыстар, тарихи үрдістер, тарихи-ғылыми ұғымдар іріктеліп алынады. Сондықтан ғасырлар қойнауында тұнып жатқан бай шежірелер мен тарихты тереңірек білу мақсатында төменде түрлі мектептердің іс-тәжірибесінде айқындалған қолданбалы курстардың тізімі келтірілген, оларды өзге мектептер жұмыстық оқу жоспарын дайындау барысында пайдалануға болады.

  • Ежелгі дүние тарихы;

  • Қазақстан халықтарының тарихы;

  • Цифрлар мен бет бейнедегі тарих;

  • Құжаттардағы тарих;

  • Азаматтану;

  • Адам құқығының декларациясы;

  • Қазіргі әлемдегі қоғамдық және саяси ағымдар;

  • Қазақстан Республикасының Ата заңы;

  • Діндер тарихы;

  • Қоғам және құқық;

  • Халықаралық құқық;

  • Археология негіздері;

  • Елтану;

  • Этнография;

  • Көшпенділер цивилизациясы;

  • Шығыс мәдениетінің тарихы;

  • Архив ісі және т.б.

Өз тәжірибемде бейімді-бағдарлы оқытуға жоспарланған 10-11 сыныптарға арналған қолданбалы курс бағдарламасын жасадым. Курстың тақырыбы «Қазақтан тарихының негіздері» деп аталады. Қолданбалы курс оқу оқу жоспарына  арналған уақытқа сәйкес аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағатқа жоспарланды.

Слайд № 4

Курстың мақсаты:

Оқушыларды адамзаттың өткен тарихымен таныстыру, дүниежүзілік мәдениеттің басты-басты жетістіктерімен сусындату, өткен тарихты сын көзімен талдай отырып, келешекті бағдарлайтын, шығармашылықпен ойлана отырып, олардан дұрыс қорытынды жасай алатын, тарихи деректермен өздігінше жқмыс істеп, өз білімін үнемі толықтырып отыратын азаматтарды тәрбиелеу.

Курстың міндеті

  1. оқушылардың адамзат қоғамының ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейінгі даму тарихынан жүйелі білім негіздерін қалыптастыру.

  2. Бүкіл адамзат жасаған құндылықтарды, мәдени- тарихи тәжірибенінің негізін оқытып, меңгерту;

  3. Оқушылардың дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру, оларға адамзат жинаған әлеуметтік рухани, адамгершілік тәжірибесін меңгерту;

  4. Оқушыларға өз халқы мен басқа халықтардың мәдениеті мен тарихын, бүкіл адамзаттың мәдени мұрасын сақтауға тәрбиелеу;

  5. Оқушылардың бойына Қазақстандық патриотизм мен азаматтық сезімдерді қалыптастыру

Слайд №

  • Оқушы білуі керек білімдер:

  • Ежелгі Қазақстан тарихынның негіздері: тайпалық бірлестіктер мен одақтардың пайда болуы ;

  • Орта ғасырлардағы Қазақстан өңірінде пайда болған алғашқы мемлекеттер тарихы;

  • Қазақ хандығының құрылу тарихы, маңызы;

  • Қазақ мемлекетінің әлеуметтік-экономикалық, саяси-мәдени дамуы;

  • Оқушы игеруі керек біліктіліктер:

  • Қазақстан тарихының хронологиялық шеңберін сипаттайды;

  • Тарихи оқиғалардың маңыздарын ажырату;

  • Болған соғыстар мен көтерілістердің мақсат-міндеттерін ажырату;

  • Үнемі шығармашылық ізденісте болу

  • Оқушы меңгеруі керек дағдылар:

  • Құқықтық ой жүйесі кемел, қолындағы материалдық игіліктерді, жұмыс уақытын тиімді пайдалана алатын;

  • қойылған міндеттерді шешудің ең тиімді жолын анықтауға қабілетті болу;

  • өз білімін жетілдіру, танымдық қабілеттерін дамыту арқылы белсенділіктерін арттыру


10 сыныпқа арналған «Қазақстан тарихының негіздері» қолданбалы курсы 3 модульден тұрады.


Қазақстан тарихы пәнінің тарихи материалын оқып танып білу және оны меңгеру үшін көптеген тәсілдер мен құралдарды қолданады. Оқушылардың әс-әрекетін, ойлау, таным қызметін дамытуға бағытталған түрлі педагогикалық әдіс-тәсілдер қолданылады.

Тарихқа деген қызығушылығын арттыру үшін сапалы білім берудің тиімді жолдарны таңдау, тарихи және мәдени мұралармен таныстыру, қосымша материалдарды пайдалану мен тарихи деректерді оқып үйренуге дағдыландыру, баяндама, рефераттар, хабарлама жасату, өз бетінше оқып білім алып шығармашылықпен айналысуна жағдай жасау сияқты жаңа педагогикалық технологиялар мен инновациялық бағыттарды, әдіс тәсілдерді мұғалім оқу үрдісінде шебер қолдана білуі керек.

Сабақ беру дегеніміз – өнер. Көптеген тәсілдерді сынақтан өткізіп, өзінің оқыту тәсілдерін, озық – тәжірибелерді күнделікті жұмысында пайдаланып отыру – қазіргі таңда сабақты ұйымдастырудың тиімді жолы.

Бүгінгі таңда сабақ өткізудің түрлері көбеюде. Түрлі әдіс тәсілдерді пайдалана отырып, сапалы білім, саналы тәрбие беруде сабақтың тиімді түрлерін қолданып келемін. Осы мақсатта оқушылардың танымдылық қызығушылығын, белсенділігін арттыру үшін өз сабағымда пайдаланып жүрген әдіс-тәсілдерімнен мысал келтіріп өтейін.

Слайд №

Өткен ұрпақ үшін кітаптың мазмұны қандай болса, бүгінгі өскелең ұрпақ үшін компьютер де қоршаған әлемді тану құралы болып табылады. Бүгінгі күні ақпараттар ағымы өте көп. Ақпараттық ортада жұмыс жасау үшін кез келген педагог өз ойын жүйелі түрде жеткізе алатындай, коммуникативті және ақпараттық мәдениеті дамыған, интерактивтік тақтаны пайдалана алатын, Он-лайн режимінде жұмыс жасау әдістерін меңгерген мұғалім болу тиіс.

Электронды оқыту жүйесінің арқасында кейінгі өсіп келе жатқан жас ұрпағымыздың сапалы білім алуына оң нәтиже береді. Білім беруді ақпараттандыру формалары мен құралдары өте көп. Солардың бірі сандық білім беру ресурсы (ЦОР). Сандық білім беру ресурсын оқушылар интернет желісінен тауып, өзіне жақын тілді таңдап, тақырыптар жиынтығынан керекті материалды ашып толық теориялық мәліметтерді танып, алған білімін интербелсенді тапсырмалар немесе тесттер арқылы бекіте алады.

Сабақта жаңа ақпараттық технологияларды, техникалық құралдарды жан жақты қолдану, сабаққа керекті материалды ақпараттық кеңістіктен іздеу, мұғалімнің жұмысын жеңілдетіп, оның уақытын үнемдейді, жаңа ақпарат түрі көбейіп, оқушылардың қызығушылығын оятуға мүмкіндік береді. Электрондық оқулықтарды сабақта пайдалану оқушылар танымдық белсенділігі арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.

Қолданбалы курстың жүргізілу барысында жалпы 4 түрлі бақылау өткізуді жоспарланады.

Бастапқы бақылау -  анкета  немесе сауалнама алу.

Ағынды бақылау- оқушылардың жүйелі түрде өзіндік жұмысқа ынталануы, ұмтылуы, өзінше сынып және үй жұмысын орындауы, берілген жұмысқа жауапкершілік сезімі ағымдағы бақылауда үлкен мәні бар

Аралық  бақылаудағы құралдардың арасында кішігірім жобалар, тесттер, жеке тапсырмалар қолдануға болады.

Қорытынды бақылау.

Оқушылармен үнемі бірлесе жұмыс жасап, шығармашылық ізденіске жетелеймін. Оқушылардың жетістіктерінмақтай отырып, жұмысының нәтижелі болуын қадағалап, оны талдап,анализ жасауына ықпал жасаймын. Жасалған жұмыстарға қарай оқушылардың бейімділік деңгейін анықтап олимпиадаларға, түрлі интеллектуалды сайыстарға,,ылыми-тәжірибелік конференцияларға, түрлі жобалар байқауына қатысуға іріктеп аламын.. бүгінгі таңда дарынды оқушылармен жұұмыс істеу барысында мынандай нәтижелерге қол жеткіздім.



Қорыта айтатын болсам еркін елдің ертеңі саналатын жастарымыз заман ағымына сай бәсекеге қабілеттілігін байқататын зерделі азамат ретінде өсіп келеді. Өйткені олар- қиялы жүйрік, білімге құштар, тәуекелшіл. Солай бола тұрса, оларды әрі қарай дамытудағы негізгі мақсат- дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер. Бойында басқа да игі қасиеттері қалыптасқан адамды тәрбиелеу. Қоғамның алға басуы жас ұрпақты білім, тәрбие арқылы дамытуға жаңашыл ойлауға, іскерлікке үйретуге байланысты. Бүгінгі мектеп қабырғасындағы оқушы-ертеңгі Қазақстан мемлекетін әлемге танытар «Орта Азия барысы»







Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Презентации

Целевая аудитория: 11 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
?о?амды?-гуманитарлы? ба?ытта?ы ?олданбалы курстарды? проблемалары мен даму болаша?ы

Автор: Исина Мадина Сатбековна

Дата: 26.11.2014

Номер свидетельства: 136011


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства