Танымдық сағаттың мақсаты: Қазақ хандығының өткен тарихына шолу жасай отырып, оқушыларды Отанды сүюге, туған жерді ата-бабаны құрметтеуге, қорғауға тәрбиелеу. Елімізге тәуелсіздіктің оңай жолмен келмегендігін ұғындыру. Өткен тарихтан тағылым ала отырып, бабалар аманатын бұлжытпай орындауда, “Мәңгілі ел” идеясы аясында жаңа Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу.
Қазақ хандығының алғашқы тарихшысы жайлы мәлімет
М.Хайдар Дулати « Тарихи-и Рашиди » кітабы. Қазақ хандығының алғаш құрылуы жайлы нақты Өзбек Әбілхайыр хандығынан Керей мен Жәнібек хандардың бөлініп шығуы жайлы тұңғыш рет айтылады. М.Хайдар Дулати 1541-1546 ж еңбегін Кашмирде парсы тілінде жазған. Құндылығына қызыққан ағылшындар бұл еңбекті 1895 жылы тауып алып, ағылшын тіліне аударады.
М.Хайдар Дулати ғұламаның шынайы, шыншыл тарихында Қазақ хандығының құрылу тарихы, Жәнібек пен Керей, Қасым хандар туралы теңдессіз тарихи деректер айтылады.
Ал М.Хайдар Дулати еңбектерін алғаш рет Ресей ғылымында зерттеп, ғылыми айналымға енгізген қазақтың тұңғыш демократ ғалымы Шоқан Уалиханов еді. Шоқан Уалиханов « Тарих-и Рашиди » деген 22-беттік мақала жариялаған болатын.
Бұл еңбекте Әбілхайыр хандығынан бөлініп Моғолстан жеріне Батыс Жетісуға қоныс аударған Қазақ хандығының құрылған жылы 1465 жыл деп көрсетілген, яғни хижраның 870 жылы деп аталады. Міне осы тарихи дерек бойынша 2015 жыл Қазақ Хандығының 550 жылдығын ел көлемінде атап өтілуде.
Болатұлы Керей мен
Барақұлы Жәнібек хандар
Болатұлы Керей – Қазақ хандығының негізін қалаушы, Ақ Орданың ханы Ұрыстың шөбересі.
Барақұлы Жәнібек –Қазақ хандығының шаңырағын көтерушілердің бірі. Жәнібек ханың лақап аты, оның азан шақырып қойған есімі-Әбусаид (кей деректе Бусаид).
Керей мен Жәнібек хандар Әбілхайыр ханнан бөлініп, Жетісуға қарай бет алуы тек сылтау ғана.
Бөлініп кетудің негізі әлдеқайда тереңде. Біріншіден, ол хандықтың ішінде әлеуметтік-экономикалық қайшылықтардың күшеюінен болған.Бірақ оның барлығы Қазақ Хандығындай хандық өкімет құра алмаған.Көш Жетісудың батысындағы Қозыбасы мен Шу деген жерге келіп қоныстанды. →Қоныс аударушылар саны басында 200 мың адамға жеткен. 1465-1666 жылы жасы үлкен Керейді ақ киізге отырғызып хан сайлады.
Қазақ Хандығы өзінің «Қазақ» деген атымен дүниежүзіне таныла бастады. Керей мен Жәнібек хандықтың саяси жағынан жақсартуға әрекет жасады. 1470 жылдан бастап өздерінің ата қонысы Түркістан аймағын қол астына қаратуға кірісті. Қазақ Хандығы Сығанақ, Сауран қалаларын өз қарамағына алды.
Хан сайлау рәсімі
Хан сайлайтын адамды ақ киізге отырғызып, оны ең беделді сұлтан, билер үш рет көтеріп, «хан, хан, хан» деп айқалаған. Одан кейін сол ақ киізді тәбәрік деп бір жапырақтан бөлісіп алған.
Ханның 5 түрлі құқығы мен міндеті болған:
Мемлекеттің жеріне билік жүргізу құқығы;
Хан соғыс жариялауға, билік жасауға құқылы, әскер басқаруға міндетті;
Хан шет елдермен келіссөз жүргізуге құқылы;
Хан өзіне бағынышты адамдарды өлім жазасына кесуге, оны тірі қалдыруға құқылы;
Хан заң шығаруға, бұйрық беруге құқылы;
Жәнібекұлы Қасым хан
1511-1518 жж. хандық құрды
Қасым ханның кезеңінде :
Халықтың саны 1 млн-ға жетті
Әскерінің саны 300 мың болды
Жер көлемі артты
«Қасым салған қасқа жол» заңдар жинағы. Бұл заңға мына ережелер енген:
мүлік заңы (жер дауы, мал-мүлік дауы);
қылмыс заңы (кісі өлтіру, талау, шапқыншылық жасау, ұрлық істеу);
әскери заң (аламан міндеті, қосын жасақтау, қара қазан, ердің құны, тұлпар ат);
елшілік жоралары (майталман шешендік, халықаралық қатынастағы сыпайылық, әдептілік, ибалылық);
жұртшылық заңы (шүлен тарту, ас, той, мереке, думан үстіндегі ережелер, ат жарыс, бәйге ережелері, жасауыл).
Шығайұлы Есім хан
1511-1518 жж. хандық құрды
Есім хан Қазақ тарихында “Еңсегей бойлы ер Есім” деген атпен әйгілі болды, оған бұл атақ 1598 жылы ағасы Тәуекел ханмен бірге Мауереннахрға жасаған жорықта ерекше көзге түскені үшін берілген екен.
Ел аузында “Есім ханның ескі жолы” деген аңыз сақталған. Қоныс-тұраққа, мал-мүлікке, адамдар арасындағы қарым-қатынасқа қатысты туындайтын дау-шарлың шешімдері осы кезде сараланды.
Қасым ханның заң ережелерін Есім хан ел билеуде ұтымды пайдалана білді.
Елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға бағытталған заңдары Есім ханның шын мәнінде мемлекет тұрғысындағы ірі қайраткер екенін көрсетті.
Есімұлы Жәңгір хан
1628-1652 жж. хандық құрды
Есім ханның баласы
Ғұмыры Жоңғарларға қарсы күресте өтті.
Ғажайып ерліктері үшін Салқам Жәңгір деп атады
Хандық кезеңі Жоңғар шапқыншылығына тура келді. Әлем тарихшылары мойындаған ең ауыр теңдесі жоқ шайқас тіркелді. Ол Орбұлақ шайқасы деп аталды.
ОРБҰЛАҚ ШАЙҚАСЫ
1643 жылы басталды
600 жауынгермен
Жер жағдайын шебер пайдаланып, Қосқолаңдағы Орбұлақ деген жерге орналасты
50 мың жоңғарға қарсы
Жәңгірұлы Тәуке хан
1680-1718 жж. хандық құрды
Салқам Жәңгір ханныі баласы. Шешесі Қалмақтың хошоуыт тайпасының билеушісі Күнделен-тайшының қызы.
Тәуке ханның елі үшін сіңірген ерен еңбегі екі қырымен айрықша назар аударады. Бірі-елдің іргесін аман сақтауда сыртқы саясатты білгірлікпен жүргізіп, анталаған көп дұшпанға бел аудырмағаны. Екіншісі-елдің ішкі жағдайын реттеудегі саяси-құқықтық тәртіпті орнатуы.
Тәуке ханның аты тарихта “Жеті Жарғы” заңдарымен де тығыз байланысты. Ол қазақтың атақты билерімен ақылдаса отырып, қазақтың әдет-ғұрып заңдарын, билер сотының тәжірибелерін, аса дарындылықпен айтылған түйінді биліктерді жинақтап, өзінен бұрынғы “Қасым ханның қасқа жолы”, “Есім ханның ескі жолы” сияқты қазақ заңдарын жаңа жағдайға сай өзгертіп, толықтырып, дамыту негізінде “Жеті Жарғы” атты заңдар жинағын құрастырды.
Күлтөбе басындағы жиыннан көрініс
Уәлиұлы Абылай хан
1771-1781 жж. хандық құрды
1713 жылы туылған
Оның азан айтып қойған аты Әбілмансұр
Абылай жиырма жасында қан майданда ерлігімен танылған. Бұқардың Абылайға «Сен жиырма жасқа жеткен соң, Алтын тұғыр үстінде Ақ сұңқар құстай түледің» деуі осының дәлелі.
Қазақ мемлекетінің тарихындағы аса көрнекті мемлекет қайраткері
Абылай көреген саяси қайраткер бола отырып, Ресей империясымен Қытаймен дипломатиялық қарым-қатынас жасады.
Керемет шешен
Барынша адал әрі әділ
Зор денелі
Шығыстың жеті тілін білген
Сөзге шебер әрі тапқыр
Домбыраны жақсы тарта білген
АБЫЛАЙ ХАННЫҢ ТУ ҰСТАУШЫ
БАС БАТЫРЛАРЫ
Қанжығалы Бөгенбай
Шапырашты Наурызбай
Қаракерей Қабанбай
Абылай қаһарлы хан болуымен қатар, қазақ халқының рухани қасиетінен еркін сусындаған дарынды күйші ретінде де белгілі
АҚ ТОЛҚЫН
АЛАБАЙРАҚ
БҰЛАН ЖІГІТ
ДҮНИЕ ҚАЛДЫ
ЖЕТІМ ТОРЫ
ҚАЙРАН ЕЛІМ
ҚАРА ЖОРҒА
ҚОРЖЫНҚАҚПАЙ
МАЙДА ЖЕЛ
САРЫ БУРА
ШАҢДЫ ЖОРЫҚ
Ішкі саяси қызметінің бағыты:
Сыртқы саяси қызметінің бағыты:
1.Оның бір орталықтан басқарылатын мемлекет құруының сәті түсті.
1.Ресеймен өзара қарым-қатынасында тату-тәтті көршілік саясатын ұстануға тырысты.
2.Ол сот билігін күшейте түсті неғұрлым күшті, ықпалды саяси тұлға Абылайдың кеңесшісі Бұхар жырау болды.
2.Ресей мемлекетімен дипломатиялық және сауда байланыстарын орнатты.
3.Қазақ рулары мен тайпалары арасындағы қақтығыстар мен барымта алуды тоқтатты.
3.Өз қоластындағы халықты Ресей әскери қызметкерлерінің орынсыз талаптары мен әрекеттерінен батыл қорғай білді.
4.Іс жүзінде Ресейге мүлде тәуелсіз ішкі және сыртқы саясат жүргізді.
5.Қытай үкіметіменде дипломатиялық қатынас орнатты.
6.Қытайлықтармен келіссөз жүргізу нәтижесінде Тарбағатай аймағындағы және Іле өзені бойындағы жайылымдарды қазақтардың пайдалануына рұқсат етуге мәжбүр етті.
7.Абылай өзінің негізгі күш – жігерін Жоңғар шапқыншылығын әлсіретуге бағыттады.
8.Қазақ-қырғыз шекарасында тыныштық орнатты.
Қасымұлы Кенесары хан
1841-1847 жж. хандық құрды
1802 жылы туылған
Қазақтың соңғы ханы
Абылай ханның немересі
Кенесары бала кезінен – ақ ат құлағында ойнайтын, құралайды көзге атқан мерген болды. Қанжығасы қанды ғажайып аңшылығымен, қара қылды қақ жарған әділдігімен, ерік-жігері, қажымас қайратымен және жүрек жұтқан батылдығымен, қайтпас қайсар қаһармандығымен танылды. Оның бойында ұйымдастырушылық және әскерқолбасшылық таланты мол болатын.
1837-1847 ж аралығында бүкіл Қазақстанды қамтыған ұлт-азаттық қозғалысты басқарды.
Кенесары ханның ерлігі мен батырлығы жайлы көлемді зерттеу жұмыстары мен әдеби шығармалар жазылды.
Тарихшы ғалым Е.Бекмахановты
«Қазақстан ХІХ ғасырдың 20–40 жылдарында» атты
еңбегінде Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің тарихын ақтады деген айыппен оның кітабын да, өзін де қызыл империя аямай жазалады.
Ілияс Есенберлин (1915-1983) -қазақ жазушысы."Қаһар" атты кітабында I. Есенберлин XIX ғ. 30-40 жылдарындағы Кенесары Қасымов бастаған Ресей отаршылдығына қарсы қозғалыстың жай-күйін әңгімелейді. Мұнда жазушы жұртқа бұрыннан белгілі тарихи оқиғаларды тізе отырып, ондағы адамдардың күйініш-сүйінішімен, арман-өкінішімен, мұратымен, кейіпкерлер тағдырымен тағдырымен байытып көрсетеді.
Керей мен Жәнібек хандарға арналған ескерткіш. Астана қаласы