Просмотр содержимого документа
«ескі дінді ?стаушыларды? ?оныстану тарихы »
Сабақ тақырыбы:
Ақсу аймағындағы ескі дінді (старообрядцы) ұстаушылардың қоныстану тарихы
Сабақтың мақсаты
Мұражай құжаттарын, жәдігерлерін пайдалана отырып, орыс халқының алғашқы өкілдерінің Ақсу аймағына қоныстану тарихы, екі халықтың мәдениетінің , шаруашылығының байланыстылығын, екі халықтың арасындағы достықты көрсету;
өлке тарихы материалдарын жинақтай отырып, оны ғылыми тұрғыда зерттеп, шығармашылықпен қолдана білу іскерліктерін дамыту;
этносаралық келісім мен тұрақтылықты насихаттау
Сабақтың негізгі ойлары
17-18 ғасырларда қазақ жеріне патша өкіметінің қуғынынан қашқан ескі дін ұстаушылардың (старообрядцы) алғашқы лебінің Бұқтырма өлкесіне келіп қоныстануы.Тасқалаушылар (каменщики), кержақтар, ескі дінді қолдаушылар (старообрядцы), Беловодье , Бұқ-тыр-ма (түрік)
Түсіндірме сөздік
Тасқалаушылар (каменщики)-Бұқтырманың жағалауы таулы, тасты жер болғандықтан, осы жерлерді алғашқы игергендерді осылай атаған.
Кержақтар- жерімізге келгендердің көбі Нижегородскі губерниясының Керженец өзенінің бойынан келгендіктен аталған.
Ескі дінді қолдаушылар (старообрядцы) - діндегі жаңа өзгерістерді қабылдамағандар
Бұқ-тыр-ма -түрікшеден аударғанда ыңғайлы, қалтарыс деген мағына береді
Беловодье -Жерұйық
КЕРЖАҚ
Джигсо стратегиясы
1 топ:
Бұқтырма өлкесіне кержақтардың алғашқы өкілдерінің келу тарихы
2 топ:
Олардың шаруашылғының жергілікті халықтың тұрмысына тигізген әсері және шаруашылығымен байланысы.
3 топ:
Кержақтардың діні, тілі мен мәдениеті
Кержақтардың тұрғын үйі, үйге кіреберісі
Кержақтардың үйлеріндегі құдайға құлшылық ететін қабырға ойықтары