kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Доклад "Дарынды жас-еліміздің болашағы"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттердің ең бастысы-өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы, рухани бай және ақыл-парасаты мол, мәдени-ғылыми өрісі озық азамат тәрбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Доклад "Дарынды жас-еліміздің болашағы"»


Алматы қаласы, Алмалы ауданында Сұлтан-Ахмет Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицей директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, тарих пәнінің мұғалімі Досымбекова Меруерт Казакбаевна



«Дарынды жас – еліміздің болашағы»

 Мен бұл тақырыпты алған себебім мен жұмыс жасайтын лицейде дарынды оқушылар көп деп айта аламын 2017-2018 оқу жылында оқушыларымыздың жеткен жетістіктері қуантырлық жағдайда болды. Атап айтатын болсам:

  • Жаратылыстану-математкиалық бағыттағы пәндерден (математика,физика,химия,биологияРеспубликалық Х ПРЕЗИДЕНТТІК олимпиаданың III дәрежелі диплом иегері АҚЫЛДОСҰЛЫ БЕЙБАРЫС қазіргі таңда МФТИ студенті ;

  • математика пәнінен XIV ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖӘУТІКОВ
    олимпиадасының күміс төсбелгі II дәрежелі диплом иегері,
    Қазақ-Британ техникалық университетінің грант иегері ЖОЛДАСОВ ҚУАНЫШ;

  • Республикалық олимпиада нәтижесі 2 алтын, 1 күміс, 1 қола математика пәнінен МЕЙРМАНОВ АЛМАЗ 1 орын, УРАЗГУЛОВ АРМАН 1 орын, ЖОЛДАСОВ ҚУАНЫШ 2 орын; физика пәнінен АҚЫЛДОСҚЛЫ БЕЙБАРЫС 3 орын;

  • Халықаралық ғылыми жоба жарыстарының II дәрежелі дипом иегері
    АУЕСХАН ІНЖУ

Осы және өзгеде жетістіктеріміз айтуға тұрарлық. Осы негізде «Дарынды жас – еліміздің болашағы» атты тақырыбымды баяндауға рұқсат етіңіздер.

«Еркін елдің ертеңі – кемел білім мен кенен ғылымда» деп Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жастарды осы заман талаптарына сәйкес оқыту және тәрбиелеу қажеттігін анықтап берді, сондықтан тәуелсіз қазақ елінің өсіп-өркендеуі мен гүлденуі – дарынды жастарды тәрбиелеу – бүкіл ұстаздарға зор міндет жүктейтіні сөзсіз.

«Дарынды тұлға халқымыздың ең қымбат байлығы» -Дарынды балалар және таланты жастар-әрбір мемлекеттің мақтанышы. Дарынды балаларды қолдап, олардың табиғи талантын барынша дамытуға қамқорлық жасау- Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы мемлекеттік саясатының басты бағыттарының бірі. Жас жеткіншектердің бойындағы табиғат берген ерекше қабілетті, дарындылықты тани білу, оның одан әрі дамуыны бағыт бағдар беру. Алайда , әрбаланың жеке қабілетін анықтап, оны сол бағытта жетелеу-ұстаздың парызы. Баланы уақыт талабына қарай икемдеп, санасына өз заманының озық өнегесін сіңіре білу, шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту-бүгінгі күннің басты талабы. 

Білекті бірді жығар,
Білімді мыңды жығар. (Халық даналығы)

Адамзат алдында тұратын ұлы мұрат – міндеттердің ең бастысы – өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы, рухани бай және ақыл - парасаты мол, мәдени - ғылыми өресі озық азамат тәрбиелеу. Бұл біздің қоғам алдындағы борышымыз. Бүгінгі әлемдегі елдер мен халықтардың өзара тарихи байланысының дамуы, экономика, мәдениет пен ғылымның әлемдік деңгейге бет бұруы, ертеңгі күннің бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білім мен тәрбиеге ғана тән.

Әрбір мемлекеттің болашағы мектебінде шыңдалады. Ертең осы елге ие болып тізгінін ұстар азаматтар бүгінгі мектеп оқушысы болғандықтан қазақстандық барлық мектептерге бүгінгі жайы, даму бағыты мемлекеттің назарында. Сапалы білім, саналы тәрбие беру әр ұстаздың алға қойған міндеті болса, өз ісінің білімді, өнегелі азаматы болу – әр оқушының міндеті. ҚР тәуелсіздік алған қысқа тарихи кезең ішінде әлемдік қауымдастыққа кіре отырып, экономикада айтарлықтай табысқа қол жеткізді. Осы ретте қоғамдық даму деңгейінің, елдің экономикалық қуаты мен ұлттық қауіпсіздігінің өлшемдері ретінде білім беру жүйесінің адам ресурстарының рөлі мен маңызы арта түседі. Қоғамдық қатынастар жүйесіндегі өзгерістер білім беруге, одан ұтқырлықты жаңа тарихи кезеңінің болмысына парапар әрекет етуді және экономиканың даму қажеттіліктеріне сай болуды талап ете отырып, оған өз әсерін тигізеді.

Еліміздегі білім берудің ағымдық жағдайына талдай жасау, осы уақытқа дейін қалыптасқан білім беру жүйесінің ескіргендігін, оны ұйымдастыру және құрылымдық жағынан түбегейлі өзгертудің, білім мазмұнының жаңартудың, қазіргі республика дамуының әлеуметтік - экономикалық және саяси, сол сияқты дамыған елдердің прогрессивті тәжірибесіне отырып, мамандарды даярлай сапасын жетілдірудің қажет екендігін көрсетті. Еліміздің алдағы ұзақ мерзімді дамуындағы басым бағыттардың бірі – білім мен ғылымды дамыту болмақ.

Ұлы Абайдың: «Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады» - деген сөздері бүгінгі күні ұрпақтың әлемдік ғылыммен прогресс заңдылықтарына сәйкес бәсекеге қабілетті болып қалыптастыру үрдісінде де өзекті болып отыр.

«Халықты халықпен, адамды адаммен теңестіретін - білім», - деп ұлы жазушымыз М. Әуезов айтқандай, елімізді өркениетке апарар жолдың бастауында мектеп тұрады. Мектептегі білім - барша әлем тыныс – тіршілігінің алғашқы іргетасы.
«Білімді, еңбекқор, бастамашыл, белсенді болуға қазірден бастап дағдыланыңдар. Жұмыс пен сұраныс бар өңірге батыл барыңдар.Шеберліктің шыңына жете білсеңдер, мамандықтың бәрі жақсы. Қазір техникалық мамандықтардың,ғылым мен инновацияның күні туған заман. Ерінбей еңбек еткен, талмай ғылым іздеген, жалықпай техника меңгерген адам озады.Тұрмысы жақсы, абыройы асқақ болады. Біз жүзеге асырып жатқан түбегейлі реформалар мен атқарып жатқан қыруар істердің бәрі сендер үшін, болашақ үшін жасалуда». 
Н.Ә.Назарбаев
Білімді ұрпақ – еліміздің болашағы, ертеңі. Тәуелсіз еліміз қанатын кере жайып, ел мәдениеті өркендеген қазіргі заманда тек білімді жастар ғана ұлтымызды асқақ, елімізді көкке көтереді. Қоғамның негізгі өзегі – жастар. Қазақстанның болашағы жастар еншісінде екенін ескерсек, сол жастардың сапалы білім алып, тәрбиелі, парасатты азамат болып қалыптасуына қоғамның да ықпалы зор екені анық. Саналы қоғамда білімді азаматтармен бірлесе өмір сүрген жастар өз бойында білімге деген құштарлық пен ізгі сезімдерді қалыптастыратыны сөзсіз. Елбасымыз жастардың сапалы білім алып, саналы азамат болуы үшін де қазіргі заманда білім – ғылымға және мәдениетке аса көп назар аударатыны, ғылыми прогрессті дамыту үшін көптеген қызмет атқарып, еліміздің дамуындағы білімнің маңызын айтып, нұсқау беруі – бәрі де еліміздің экономикасының қарыштап дамуындағы бірден – бір өзгеріс екені баршамызға айқын. Сондықтан, Қазақстанның жарқын болашағы тек білімді жастармен ғана қалыптаспақ!




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Презентации

Целевая аудитория: 11 класс

Скачать
Доклад "Дарынды жас-еліміздің болашағы"

Автор: Досымбекова Меруерт Казакбаевна

Дата: 30.03.2019

Номер свидетельства: 505399


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства