Просмотр содержимого документа
«Білім беру ж?йесінде тарих п?нінде функционалды? сауаттылы?ты ?алыптастыру»
Білім беру жүйесінде тарих пәнінде функционалдық сауаттылықты қалыптастыру
Сабитова А.Б.
Қарағайлы кенті
“ ЖББ №17 орта мектебі”КММ
Жұрт оянып, көзін ашып, жұртқа бетін түзесе,күннен күнге мұқтажы табылып, көбеймек. Осы күнгі біздің көп мұқтаждарымыздың ірісі-ғылым.
М.Әуезов
Тарих пәнінде оқушының функционалды сауаттылығын дамыту
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 - 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымдағы № 832 Қаулысы
Функционалдық сауаттылық:
1.Оқушылардың сыртқы ортамен қарым-қатынас жасау қабілеті 2. оқушылардың өзгермелі өмірге бейімделуінің шарты 3. оқушылардың әлеуметтік-мәдени дапмуының өлшемі 4. оқушылардың білім-білік дағдылароының құзыреттілікке ұласуы 5. оқушылдардың жеке бас қабылеттерін дамытудың тетігі
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту нәтижесі:
1.Басқарушылық /проблеманы шешу қабілеті/
2.Ақпараттық /өзіндік танымдық қызметке қабілеті немесе өмір бойы білім ала білуі/
3.Коммуникативтік /қарым-қатынас жасау қабілеті/
4.Әлеуметтік /әлеуметтік топта жұмыс жасау қабілеті/
5.Тұлғалық /өзін-өзі жетілдіру,төзімді болу қабілеті/
6.Азаматтық /Жаупкершілікті сезіну қабілеті/
7.Технологиялық /сандық технологияларды пайдалану қабілеті/
Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін білім беру жүйесінде басшылыққа алынады:
білім беру мазмұны (ұлттық стандарттар, оқу бағдарламалары); • оқыту нысандары мен әдістері; • білім алушылардың оқудағы жетістіктерін диагностикалау мен бағалау жүйесі; •мектептен тыс, қосымша білім беру бағдарламалары; • барлық мүдделі тараптармен әріптестікке негізделген достық қалыптағы білім беру ортасының болуы; • ата-аналардың балаларды оқыту мен тәрбиелеу процесіндегі белсенді рөлі.
Тарих пәнінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жолдары
Тарих пәнінен алған білімдерін, іскерлігі мен адами іс-әрекеттердің әртүрлі салаларында, сондай-ақ тұлғааралық қарым-қатынас пен әлеуметтік қатынастарда өмірлік міндеттерді шешу үшін пайдалана алу қабілеттерін дамыту.
Функционалдық сауаттылықты қалыптастырудың Мұғалім үшін басты ұстанымы:
Нені оқыту керек?
Балалар қалай оқиды?
Оқыту реттілігін қалй құрылымдау керек?
Табысты бала білгеніңізді қалай бағалау керек?
Түрлі тапсырмалар орындату барысында оқушылар бойында өз іс-әрекетіне қажетті өзгерістерді,
жаңа әдіс тәсілдерді дер кезінде қабылдау дағдыларын қалыптастыру қажет.
Осындай түрде берілген тапсырмаларды орындау барысында оқушылар бойында мынадай дағдылар қалыптасады:
1.Мәселерді шешу дағдылары.Өз бетінше ізденіп, талдап, оны таңдай біліп,қызығушылығы артады.
2.Топта ,жұппен жұмыс істеуі өзара әрекет пен қарым-қатынас тәсілдерін білу арқылы түрлі әлеуметтік топтарда жұмыс істей білу дағдылары қалыптасады.
3.Шешімдер қабылдаумен жауаптылыққа бейімділігі, жүйелік әдістер мен жүйелік сараптамаларды пайдалану дағдысы.
4.Өзінің шығарып отырған есептерінің өмірмен байланысына көз жеткізе отырып,әр ісіне жауапты қарауға өз мүмкіндігін нақты перспективалық жоспар құрып салыстыра білу дағдысы
Осы дағдылар арқылы оқушы бойында мынадай сапалар қалыптасады:
*Белсенділік;
*Шығармашылық тұрғыда ойлау;
*Шешім қабылдай алу;
*Өз кәсібін дұрыс таңдай алу;
*Өмір бойы білім алуға дайын тұруы .
Мектептегі оқытудағы кедергілерде кездеседі.
Олар :
* Мектеп оқушыларының әлемдегі ақпаратты тұтастай емес бөлшектеп білуімен шектелуі;
* Алдыңғы өткен білімдерін,бүгінгі материалдармен басқа пәндермен байланыстыра отырып жаңғырта алмауы;
*Мұғалімдер үшін оқушылардың алған білімдерінің тиянақты болуына,сапалы меңгеруіне,алған білімдерінің жақсы дамуына жол ашуға пән мен пәнді байланыстыра оқытудағы байланысты жаңа әдіс тәсілдердің жетімсіздігі.
Тарих сабағында орта буындағы оқушылардың бойына тарихи функционалды сауаттылықты қалыптастырудың жолдары :
Біз тарих сабағын математика, астрономия, география, экономика, музыка, биология, физика, философия пәндерімен байланыстыра дамытуымыз қажет.
Бұл дегеніміз оқушылардың тарихтың өмірмен байланысын ашуда қоршағанортадағы күрделі мәселелерді өз бетімен шеше алуына, өзіндік көзқарасының жан- жақты дамуына зор мүмкіндік береді.
Мысалы: тапсырма түрлері мынадай болу керек.
Қоғам және отбасы
9 сынып
Отбасы - ерлі-зайыптылардың, ата-аналардың, балалардың және басқа туыстардың арақатынасын реттейтін нормалардың, тәртіп үлгілерінің жиынтығын сипаттайтын әлеуметтік институт.
Отбасының 3 түрі болады:
Толық отбасы
Толық емес отбасы
Кеңейтілген отбасы
А. Маслоудың адам қажеттіліктерінің иеррархиясы
Өзіңді жетілдіру
( білім алуды жетілдіру, жеке дара даму.)
Өзін қабылдату (басқалардың саған жоғары баға беруі, сыйлау,
өз-өзіңе баға беру)
Қатыстылық қажеттіліктер
(махаббатқа, достыққа,қарым-қатынасқа…)
Қауіпсіздік қажеттіліктері
(жаулар, қайыршылық,жоқшылық,аурулар)
Физиологиялық қажеттілік
(тамақ, су, баспана,ұйқы,т.б.)
Алименттік қатынастар
Ер және әйел адамнан бірдей алынатын баланы асырап сақтауға қажетті ақшалық төлем түрі:
1-балаға айлық табыстың 25 %
2-балаға айлық табыстың 33 %
3 және одан да көп балаға айлық табыстың 50 %
Бірнеше некеден туылған балаларға айлық табыстың 75 % беріледі.
Жұмыс жасамайтын азаматтарға белгіленген алимент мөлшері /2012ж/ 104 мың теңгені құрайды.
Алименттен жалтарушыларды сот арқылы заңға тарту қарастырылған
Функционалдық сауаттылық білімді бөлшектеп беруден аулақ бола отырып, әлемді тұтас білімде беруге қалыптастыруға мүмкіндік береді.