14.Кейінгі қола дәуірінің ескерткіші Түгіскен орналасқан аймақ: _________________________________________________________________________
15. Қостанай облысы мен Челябі облысының шекарасында табылған қола дәуіріндегі ежелгі қала: _______________________________________________________________
16. Қола дәуіріне тән 30-дан аса қоныс пен 150-ден астам обалар табылған Қазақстан өңірі: ____________________________________________________________________
17. Андрондықтардың сырт бет-бейнесін сипаттаған ғалым: ___________________________
18. Бұл мәдениетке жататын қыш құмыралардың ернеуі тік, бүйірі шығыңқы, түбі тегіс болып келеді, тарақ жүзді және үзік сызықты үшбұрышты өрнектер көп кездеседі: ________________________________________________________________________
19. Қола дәуірін жоспарлы зерттеу қай жылы басталды: ___________________________
20. Қазақтың біртуар энциклопедист ғалымы, Қазақстан жерінде қола дәуірі ескерткіштерінің сырын ашқан: ________________________________________________
Өзіңді тексер
ҚОЛА ДӘУІРІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАН
Қола дәуірі
1. Қола дәуірінің хронологиясы: б.з.б. 2 мыңыншы жылдық – б.з.б. 8 ғасыр аралығын қамтиды
2. Қола дәуірі: Бұл дәуірде металл өңдеуді игерді, металл құралдары еніп, еңбек өнімділігі артты.
3. Қоланың алыну қосындысы: мыс пен қалайы
4. Қола дәуірінде негізінен қалайы игерілген өңір: Шығыс Қазақстанда Нарым мен Қалба
5. Қола дәуірінде негізінен мыс игерілген өңір: Жезқазған
6. Kөне заманда Жезқазғаннан 1 млн тонна кен өндіргені туралы мәлімдеген қазақтың белгілі ғалымы: Қ.И.Сәтбаев
7. Қола дәуірінде 1100 тонна қалайы шығарылған кен орыны: Шығыс Қазақстанда Нарым мен Қалба
8. Қола дәуірінде кенді қорыту үшін салынған күрделі құрылыстар: қазандықтар
Андрон мәдениеті
9. Еуразия даласындағы қола дәуірінің мәдениеті: Андрон мәдениеті
10. Андрон мәдениетінің ең алғашқы ескерткіштері табылған жер: Сібірдегі Ачинск қаласының маңындағы Андроново селосы
11. Андрон мәдениетінің тараған аумағы: Орал (Жайық) өзенінен бастап, Енисей өзеніне дейігі, Батыс Сібір орманды алқабынан бастап, Памир тауларына дейінгі аралықта
12. Солтүстік және Батыс Қазақстанда табылып зерттелген Андрон мәдениеті қоныстарының саны: 80-нен аса қоныс
13. Қола дәуіріне жататын Солтүстік Қазақстандағы қоныстар: Петровка мен Боголюбов
14.Кейінгі қола дәуірінің ескерткіші Түгіскен орналасқан аймақ: Сырдариынң төменгі ағысында
15. Қостанай облысы мен Челябі облысының шекарасында табылған қола дәуіріндегі ежелгі қала: Арқайым
16. Қола дәуіріне тән 30-дан аса қоныс пен 150-ден астам обалар табылған Қазақстан өңірі: Орталық Қазақстан
17. Андрондықтардың сырт бет-бейнесін сипаттаған ғалым: В.П.Алексеев
18. Бұл мәдениетке жататын қыш құмыралардың ернеуі тік, бүйірі шығыңқы, түбі тегіс болып келеді, тарақ жүзді және үзік сызықты үшбұрышты өрнектер көп кездеседі: Беғазы-Дәндібай мәдениеті
19. Қола дәуірін жоспарлы зерттеу қай жылы басталды: 1946 жылы
20. Қазақтың біртуар энциклопедист ғалымы, Қазақстан жерінде қола дәуірі ескерткіштерінің сырын ашқан: Әлкей Хақанұлы Марғұлан
Қаныш Сәтбаев және Әлкей Марғұлан
Көне заманда Жезқазғаннан 1 млн. тоннадай кен өндіріліп, одан 100 мың тоннадай мыс қорытылған.
Қола дәуірін жоспарлы зерттеу 1946 жылы басталды. Археологиялық экспедиция құрылды.
Андрондықтардың
шаруашылығы
6-сынып
Мақсаты:
Қола дәуірі тұрғындарының (андрондықтардың) шаруашылығы, кәсібі, тұрмысымен оқушыларды таныстыру, тарихты ғылыми тұрғыдан талдауға, оны саналылықпен түсіне білуге үйрету, сыни тұрғыдан ойлануға дағдыландыру.
Сабақ жоспары:
Қоладан жасалған еңбек құралдарына көшу
Андрондықтардың кәсібі мен тұрмысы
Андрондықтардың баспаналары
Қола дәуірінің тұрғындары табиғи мысты біртіндеп қорытуға көшті, пешті жоғары температураға дейін жеткізіп, кенді балқытты.
МЫС + ҚАЛАЙЫ ҚОЛА
Қоладан жасалған заттардың қасиеттері:
Қатты
Әдемі
Сары түсті болып келеді
Еңбек өнімділігі артты.
Кенді өндіру әдістері
Жұмсақ кен Қатты, тығыз
(қайламен омыру арқылы) (отпен уату арқылы) Үңгіп қазу арқылы
Қола дәуіріндегі еңбек құралдар
Қару – жарақ
Өндірістік өнім өндіру
Қола дәуірінің ерекшелігі
Металлург мамандығының жетілуі
Мүлік теңсіздігінің өсуі
Мал шаруашылығының дамуы
Отбасылық меншіктің кеңеюі
Көшпелі мал шаруашылығы
Аталық рулық қатынас
Еңбек құралдары
Металл өндірудегі табыстары
Андрондықтардың кәсібі мен тұрмысы
Оқулықпен жұмыс: Дәлелдемелерді тап
Мәтінмен жұмыс
Андрондықтардың баспаналары
Зерттеушілер андрондықтардың баспаналарын қайта қалпына келтірді. Олар жартылай жертөле сияқты салынып, сырты балшықпен сыланған. Үйдің шатырына сырғауылдар пайдаланылды, оның үстіне шөп төсеп, үстін топырақпен жапқан. Мұндай жертөленің ішінде тастан ошақ орнатылған. Жер еденде сүт өнімдері мен ет сақтайтын шұңқыр қазылған.
Тұрғындар қысқа арнап жемшөп әзірлеген. Үй жанына мал қамайтын қора салған. Жануарлардың қаңқаларын зерттеген ғалымдар андрондықтардың малдың төрт түлігін де өсіргенін анықтады.
Солтүстік Қазақстандағы Шағалалы, Петровка қоныстары қазбаларының көрсетуінше, құрылыстың қабырғалары қатарластырыла қойылған тік бағандардан тұрғызылған. Олар киіз үйдің торкөз керегелері тәрізді жасалған. Ғалымдар андрондықтардың дөңгелек, жеңіл баспаналары қазақтың киіз үйіне ұқсайды деп есептейді.
Мәтінді оқи отырып, постерға андрондықтардың баспанасын саламыз
Рефлексия
Жиналған смайликтер
бойынша бағалау
Үй тапсырмасы: § 9 оқу«Мен қола дәуірінің тұрғынымын» тақырыбында шағын эссе жазып келу.