Тициан, Тициано Вечеллио (Tіzіano Vecellіo) (шамамен 1476/77 немесе 1489/90, Венето , Пьеве-ди-Кадоре – 27.8.1576, Венеция қ.) – италиялық кескіндемеші, Қайта өркендеу дәуірі кезеңіндегі венециялық мектептің негізін қалаушылардың бірі. Алғашында кескіндеме өнері бойынша Дж. Беллини шеберханасында оқып, тәлім алды; кейін Джорджоне шеберханасына ауысты. Джорджоненің көмекшісі ретінде еңбек етіп, Венециядағы Неміс мейманханасының алдыңғы бетін әрлеп әсемдеуге қатысты әрі оның шығармашылық ықпалында болды. Ұстазы Джорджоне ерте дүние салғаннан кейін оның бірқатар кескіндемелік туындыларын өзі аяқтап шықты. Біртіндеп Тицианның өзіне тән шығармашылық қолтаңбасы қалыптаса бастады да 1516 ж. Венеция Республикасының басты кескіндемешісіне айналды, суретші өмірінің ақырына дейін осы атақты 60 жыл бойы сақтап тұрды.
Тициано Вечеллио
Тициан діни, мифологиялық және әдеби сюжеттерге негізделген сан алуан кескіндемелік туындылар мен портреттер жасады. “Бұ дүние мен о дүние махаббаты” (1515 – 16 ж. ш., Рим , Боргезегалереясы ), “Флора” (1515 ж. ш., Флоренция , Уффици ), “Қолғапты жасөспірім” (1520 ж. ш., Париж , Лувр ), “Вакх пен Ариадна” (1523, Лондон , Ұлттықгалерея ) атты көркем полотноларында гуманистік мұрат пен өмірге деген сүйіспеншілік сезімі шынайы көрініс тапты. 16 ғасырдың 20 – 30-жылдардағы Тициан картиналарынан Қайта өркендеу дәуірі өнерінің соңғы кезеңіндегі Венеция қоғамының өмір-тұрмысы басты орын алды. “Табытқа салу” (1525 ж. ш., Париж , Лувр ), “Ғибадатханаға бастау” (1534 – 38 ж. ш., Венеция , Академиягалереясы ), “Урбино Венерасы” (1538 ж. ш., Уффици ) картиналарына пафос көтеріңкілігі мен үйлесімділік және күрделі драмалық шиеленіс тән. 1530 – 40 ж. Тициан портрет жанрында (“Пьетро Аретино”, 1545, Флоренция , Палатинагалереясы ; “Ипполито Риминальди”, 1548, Флоренция , Питтигалереясы ; “Папа Павел ҚҚҚ Алессандро және Оттавио Фарнезелермен бірге”, 1545 – 46, Неаполь , ҰлттықмұражайыменКаподимонтегалереясы ;
“ Карл V”, 1548, Мюнхен , Ескіпинакотека ) жемісті еңбек етіп, зор жетістікке жетті. 16 ғасырдың ортасында Тициан шығарм-нан мифологиялық және діни тақырып (“Автопортрет”, Прадо қ.; “Лавиния”, Берлинмұражайқоры , екеуі де 1560 жылдар) басым орын алды. Тицианның осы кезеңдегі көптеген туындыларынан сары уайымшылдық сарыны аңғарылғанымен, мұнымен қатар өміршеңдікке толы, қанық бояулы жарқын образдарды (“Даная”, 1554 ж. ш.; “Венера мен Адонис”, 1554; екеуі де Мадрид , Прадо ; “Нимфа мен бақташы”, 1570 ж. ш., Вена қ., Тарихи-көркемсуретмұражайы ) да алып келді.
Адамның күрделі ішкі жан сезімі мен психологиялық өмір толғанысын ғажайып колоритке қоса композиц. құрылымы жағынан да таңқаларлық шеберлікпен ашып бейнелеу Тициан шығармашылықның өзгеге ұқсамас өзіне тән ұлы суреткерлік қолтаңбасын айқындады. “Әулие Лаврентийдің азабы” (1550 – 55, Венеция , иезуиттер шіркеуі), “Тәубесіне келген Мария Магдалина” (1560), “Әулие Себастьян” (1570, екеуі де қазіргі Санкт-Петербургегі Эрмитажда ), “Исаны жоқтау” (1573 – 76, Венеция , Академиягалереясы ) сияқты соңғы картиналарында трагед. коллизияға толы өзінің өмірге деген ой-көзқарасын айқын аңғартты. Тицианның озық еңбектері дүниежүзілік бейнелеу өнері мен қайта өркендеу дәуірі венец. мектеп өнерінің ұлы жетістіктерінің бірі болып табылады әрі өзінен кейінгі замандардағы қылқалам шеберлері шығарм-на да (әсіресе, П.Рубенс пен Д.Веласкеске , т.б.) жасаған игі әсері зор болды.