Просмотр содержимого документа
«Абай Құнанбайұлының соғысқа қатысқан ұрпақтары»
Жошы
Жошыхан Жағыпарұлы
Абайдың шөбересі, 1924 жылы Абай ауданы Қарауылдан туған. Жошыхан 1943 жылдың тамыз айында Харьковті азат ету үшін болған шайқаста ерлікпен қаза тапқан.
Жошы
Берекехан Құтайбаұлы (1919-1942)
Абайдың шөбересі, Мағауияның немересі. Семейде 7-класты орысша оқып бітіріп. Шығыс Қазақстан облысы Новошульба ауданында Уба-Форлост ауылдық кеңесінен әскер қатарына алынып, Ұлы Отан соғысына қатысқан.
Тоқташ Ізкәйілұлы (1924-1943)
Абайдың немересі. Олдомбыра, баянда ойнап, Абай әндерін айтқан. Тоқташ неміс фашистеріне қарсы, 1943 жылы қаза болған.
Құзайыр Мекайылұлы (1912-1945)
Абайдың немересі, бай тұқымы ретінде жер аударылып елден қуылған Фрунзе қаласына барып паналап, қара жұмыс істеген. 1945 жылы майданда қаза болған.
Әлихан Әубәкірұлы(1918ж.)
Абайдың шөбересі. Отан соғысы-на қатысып, хабарсыз кеткен.
Алпаш Жебірәйілұлы(1922-1990)
Абайдың баласы Турағұлдың немересі. Өз әкесі Жебірәйіл Абайдың інісі Оспанның атына жазылған. Ұлы Отан соғысына қатысып, мүгедек болып оралған. Алматы қаласында тұрып, 1990 жылы дүние салған.
Қалышер Мекайылұлы (1921-1942)
Абайдың немересі. Қалышерге Абайдың тұқымы деген айып тағылып, жер аударылған. Фрунзе қаласынан іскерге аттанып, Отан соғысында 1942 жылы қайтыс болған.
Қапсалам Әубәкірұлы (1907-1943)
Абайдың шөбресі. Ұлы Отан соғысында 1943 жылы қайтыс болған.
Ишағы Жағыпарқызы(1922-2014)
Абайдың шөбересі, Мағауияның Жағыпарынан туған. Ұлы Отан соғысы жылдарында авиация технигі болып Харбин маңында майданға қатысты, Алматы қаласында тұрған.