Президент кунине арналган презентацияПрезидент кунине арналган презентацияПрезидент кунине арналган презентацияПрезидент кунине арналган презентацияПрезидент кунине арналган презентацияПрезидент кунине арналган презентацияПрезидент кунине арналган презентацияПрезидент кунине арналган презентацияПрезидент кунине арналган презентация
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«1-желто?сан Президент к?ні»
Экология негіздері ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің жылдық тақырыптық жоспары 16 сағат
« Таным саласында» – 8сағат
Рет
№
Сабақ тақырыптары
Бағыты
Сағат саны
Күні
1
Жансыз және жанды табиғат
Таным
1
2
Алтын күз
Таным
1
3
Жасыл дәріхана
Таным
1
4
Қыс. Құстардың қысқы тіршілігі
Таным
1
5
Қызыл кітап құпиясы
Таным
1
6
Көрікті көктем
Таным
1
7
Үй жануарлары мен мен үй құстары
Таным
1
8
Қазақстан қорықтары
Таным
1
«Әлеуметтік ортада» – 8сағат
Рет
№
Сабақ тақырыптары
Бағыты
Сағат саны
Күні
1
Экологиялық белгілер
Әлеуметтік орта
1
2
Күз сыйы
Әлеуметтік орта
1
3
Жыл құстары
Әлеуметтік орта
1
4
Қыс. Құстардың қысқы тіршілігі
Әлеуметтік орта
1
5
Табиғат бұрышындағы тіршілік
Әлеуметтік орта
1
6
Көктемгі гүл
Әлеуметтік орта
1
7
Құстар-біздің досымыз
Әлеуметтік орта
1
8
Экологиялық соқпақ
Әлеуметтік орта
1
Мектепалды даярлық тобына арналған ұйымдастырылған
оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні:
Білім беру саласы: «Таным»
Бөлімі: Экология негіздері
Оқу іс-әрекетің тақырыбы: Жанды және жансыз табиғат.
Мақсаты:
1. Жанды табиғат, оның тіршілік ортасы және жансыз табиғатты қайталанбас құбылыс түрлері туралы білімдерін жетілдіру.
2. Жанды және жансыз табиғатқа не жататынын түсіндіру арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.
3. Табиғат байлығына қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: табиғат, жасыл әлем, тау, тас, су, тұман, құм, жаңбыр, жел.
Іс – әрекет бөлімдері
Педагогтің іс - әрекеті
Балалардың іс - әрекеті
Ынталандыру. Сезімді ояту.
Шаттық шеңберіне тұрғызып, біріне тілектер айтқызу.
Балалар бір-біріне күлімдеп қарап, жұмсақ ойыншық жүректі ұсынып жақсы тілектер білдіреді.
Ізденістер.
Ұйымдастыру
Педагогтің әңгімесі: - Біздер балалар қызықты да, қыр-сыры мол ғажайып әлемде өмір-сүріп жатырмыз. Айналаға қарасаң, бізді көптеген заттардың қоршап жатқанын білеміз, олар: неше түлі әдемі ғимараттар, жолдар, көпірлер, ұшақ, жиһаздар және т.б. Бірақ айналамыздағы заттрдың көпшілігі адамның көмегінсіз өздері пайда болған. Олар жер мен су, ғаштар мен жануарлар, күн мен аспан жатады, оларды бір сөзбен табиғат деп таймыз.
Табиғаттың бір бөлігіне азық та, су да, киім де қажет емес, олар – тау-тас, ауа, ғалмшар, яғни жансыз табиғат. Ал енді, бір бөлігі тыныс алады, өседі, қоректеніп көбейеді, яғни бұлар жанды табиғат қатарына жатады. Жанды табиғатқа адам, өсімдік, жануар жатады.
Жылдың әр мезгілінде байланысты табиғат көріністерінің суреттерін көрсету арқылы балаларға жансыз және жанды табиғат арасындағы байланыс түсіндіріледі.
Е. Өтетілеуұлының «Бар ма, жоқ па?» деген өлеңін оқып беру. Табиғатты
Балалар жансыз және жанды табиғатты суреттен атап көрсетіп, ол жөнінде түсінгендерін айтады.
Балалар үлестірмелі суреттермен жұмыс жасайды.
Өлең жолдарын пайдаланып, сергіту жаттығуын орындайды.
Әліппе – дәптердегі тапсырманы орындайды.
табиғат күнтізбесіндегі шартты белгілермен көрсетіп, түсіндіру.
Сергіту сәтін өткізу.
Көлдің беті кілегей,
Жер сап-сары біргей,
Тырау-тырау тырналар
Түстікке бетті бұрды олар.
Қара суық жел ест,
Күннің көзі көмескі.
Әліппе –дәптермен жұмыс.
Жансыз және жанды табиғаттың айырмашылығын айту.
Суреттегі жасырынған жануарларды тауып, бояп, аттарын атау.
Қорытындылау.
Өзін-өзі бағалау
Сабақты пысықтауға арналған сұрақтар:
Жансыз табиғатқа нелер жатады?
Жанды табиғатқа нелер жатады?
Олардың айырмашылығы неде?
Балалар сұрақтарға толық жауап береді, бір –бірінің жауаптарын толықтырады. Жауаптарының дұрыстығын дәлелдейді
Күтілетін нәтиже: жансыз және жанды табиғаттың байланысын ұғындыру.
Білуі тиіс: жансыз және жанды табиғатқа нелер жататынын ілу.
Түсінігі: ауа температурасының ауытқуына байланысты табиғат құбылыстарының өзгеруін түсіну.
Көрсете білуі: жансыз табиғат пен жанды табиғатты бір – біірінен ажыратып көрсету.
Мектепалды даярлық тобына арналған ұйымдастырылған
оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні:
Білім беру саласы: «Таным»
Бөлім: Экология негіздері
Тақырыбы: «Алтын күз»
Мақсаты: 1.Табиғаттың күз мезгіліндегі өзгерістері жайлы балаалардың білімдерін кеңейту. «Ерте» және «кеш» түсетін күз туралы түсінік беру. Ағаштардың, бұталардың жапырақтарына, бұтаақтары мен жемістеріне қарай бір – бірінен ажырата білуге үйрету.
2. Күз мезгілінің астық, жеміс – жидек көкөністерді жинау мезгілі екенін, күздегі ауылшаруашылық еңбек түрлері жөнінде түсіндіру арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.
3. Ересектердің еңбегін құрметтеп, олардың еңбегінің нәтижесіне қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу. Күзгі табиғаттың әсемдігін сезініп, оны қорғай білуге тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: ерте күз, қоңыр күз, жыл құсы.
Іс – әрекет бөлімдері
Педагогтің іс-әрекеті
Балалардың іс - әрекеті
Ынталандыру.
Сезімді ояту.
Ізденістер,
Ұйымдастыру
Шаттық шеңбері
Армысың, ардақты Аспан ата!
Армысың, мейірімді Жер- ана!
Армысың, шұғылалы алтын күн! Күліп шықты күн бүгін.
Орманда, тоғайларда жаз мезгіліндегідей емес. Құстардың шуылы азайған. Өйткені құстардың көпшілігі жылы жаққа ұшып кетті. Аққайың мен емендердің жапырақтары өзгеріп, сары түскен енген. Гүлдер мен шөптер солып, қурай бастады.
Сұрақтар:
1.Бұл жылдың қай мезгілі деп ойлайсыңдар?
2.Күз мезгілі екенін қайдан білдіңдер?
3.Күздің келуімен орманда қандай өзгерістер болады?
- Күздің бірінші айы – қыркүйек «Алтын күз» деп аталады. Бұл кезде біз бау-бақшадағы жеміс-жидектерімізді жинап аламыз. Сондай-ақ «қоңыр күз» деп күздің ауа райы жанға жайлы кезін айтады. Күздің екінші айы – қазнды халық желді, ылғалды, жапырақтар көп түсетін кез деп атайды.
Күздің ең соңғы айы – қарашаны «Жартылай қыс» немесе «Мұз ұстасы» деп атайды.
Кейбір құстар күннің суытуына байланысты жылы жаққа ұшып кетеді. Бозторғай, сары шымшық – қыстап қалатын құстар. Құстар мен жануарларға қамқор болып жүру – үлкен парыз.
Сергіту жаттығуын орындату.
Әліппе-дәптермен жұмыс:
1.Қ.Шаңғытбаевтың «Алтын күз» өлеңін жаттады.
2.Күзгі жапырақтарды боятады.
3.Табиғи материалдардың маңызы туралы айтып, олардан түрлі заттар жасауға болатындығын түсіндіру. Моншақ тізуге нұсқау береді.
4.Табиғаттағы ең негізгі ережелермен таныстыру.
Балаларды тыңдайды.
Балалар түсінгендерін қайталап айтады, сұрақтарға жауап береді.
Педагогтің әңгімесін тыңдайды. Суретке қарап әңгіме құрастырады. Сұрақтарға жауап береді.
Өлең жолдарын қайталап, бірнеше рет қайталап жатқа оқиды. Дәптердегі жапырақтарды бояйды. Табиғи материалдардан моншақ жасайды.
Қорытындылау.
Өзін – өзі бағалау
Сұрақ – жауап әдісі арқылы сабақта алған білімдерін қорытындылау
Сұрақтар:
1.Күз айларын атаңдар.
2.Күз мезгілінің ерекшелігі неде?
3.Күздің барлық кезеңі бірдей ме?
4. Алтын күз қоңыр күзден айырмашылығы неде?
Балалар суретті пайдаланып, күз айлары мен олардың ерекшелігін айтады.
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек: жыл мезгілдерін ажырата білу.
Нені игерді: күз мезгіліндегі табиғат құбылыстарының ерекшеліктерін.
Нені біледі:
құстармен жануарларға қамқор болып жүруді есте сақтау.
күз мезгілінің ерекшеліктерін сурет арқылы немесе ойын арқылы көрсете білу.
күз мезгіліндегі өзгерістер
Мектепалды даярлық тобына арналған ұйымдастырылған
оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні:
Білім беру саласы: «Таным»
Бөлім: Экология негіздері
Оқу іс-әрекетініңтақырыбы: Жасыл дәріхана.
Оқу іс-әрекетініңмақсаты:
1. Жасыл дәріхана және оның қажеттігі жөнінде түсінік беру.
2. Емдік қасиеті бар өсімдіктермен таныстыру, оларды қажетті мөлшерде ғана жинап, өзге өсімдіктерге зиян келтірмеу жағын ескеруге үйрету.
3. Табиғатты қорғай білуге тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: итмұрын, жолжелкен, түймедағы, және т.б.
Іс – әрекет бөлімдері
Педагогтің іс-әрекеті
Балалардың іс - әрекеті
Ынталандыру.
Сезімді ояту
Жылулық шеңберін ұйымдастру. Қолдарындағы әдемі жүрек ойыншықты бір-біріне беріп тұрып, тілектерін айтады.
Жылы сөздер айту арқылы амандасады.
Ізденістер.
Ұйымдастыру
М. Жаманбалиновтың «Итмұрын тергенде» өлеңін мәнерлеп оқып беру.
Балалар жасыл дәріханаға серуен ұйымдастыру. Дәрілік өсімдіктермен таныстыру. Неге «дәрілік» өсімдіктер деп аталатынын түсіндіру.
Балалаарды дәрілік өсімдіктерден жасалған көрмеге шақырып, қай өсімдікті қандай ауруға пайдаланатыны туралы түсіндіру.
Мысалы: Түймедағы гүлін тамақты шайқауға пайдаланады.
Дәрілік өсімдіктерді белгілі бір мерзімде жинау керек екендігі және оны жинау кезінде басқа өсімдіктерге зиян келттірмей белгілі мөлшерде ғана жинау керектігін түсіндіру. Балаларды дәрілік өсімдіктерге қамқор болуға тәрбиелеу.
Сергіту жаттығуын өткізу.
Қане, қане, тұрайық,
Үлкен шңбер құрайық.
Тұрсақ енді шеңберге,
Алақанды ұрайық.
Бишілерге бұралып,
Дөңгелене тұрайық.
Әліппе-дәптермен жұмыс. Сұрақтар мен тапсырмалар:
1.Дәрілік өсімдіктердің тағы басқа қандай түрлерін білесіңдер?
2.Өздерің тұратын жерде өсетін дәрілік өсімдіктің түрін атаңдар.
3.Жолжелкеннің қандай пайдасы бар?
4.Суреттегі өсімдіктерді бояту.
Дидактикалық ойын: «Бөлме өсімдіктерімен дәрілік өсімдіктерді ажырат»
Мақсаты: бөлмеде өсетін өсімдіктер мен дәрілік өсімдіктерді бір-бірінен ажырата білу, қандай мақсатта өсірілетінін анықтау.
Балалар өлеңді мұқият зейін қойып тыңдайды. Дәрілік өсімдіктерді зер сала қарап көреді, түсінеді.
Көрмедегі дәрілік өсімдіктерді көріп біледі.
Дәрілік өсімдіктердің жинау мерзімін біледі.
Өлең жолдарын қайталап, дене жаттығуларын жасайды.
Тапсырмаларды дұрыс орындау үшін әрекет жасайды.
Ойынға барлық бала белсене қатысады, дәрілік өсімдіктер мен бөлме өсімдіктерін ажыратады.
Қорытындылау.
Өзін-өзі бағалау.
Оқу іс-әрекетті бекіту үшін қойылатын сұрақтар:
Тамақ ауырғанда қандай шөптер пайдалану керек?
Дәрілік өсімдіктерді қалай жнайды екен?
Балалар сұрақтарға дұрыс жауап беруге тырысады.
Күтілетін нәтиже: дәрілік өсімдіктердің пайдасы мен зиянын ажырата алу.
Білуі тиіс: емдік қасиеттері бар өсімдіктердің пайдасын білу.
Түсінігі: бөлме өсімдіктері мен дәрілік өсімдіктердің айырмашылығын түсіну.
Көрсете білуі: берілген сұрақтарға дұрыс жауап беру.
Мектепалды даярлық тобына арналған ұйымдастырылған
оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні:
Білім беру саласы: «Таным»
Бөлім: Экология негіздері
Оқу іс-әрекетініңтақырыбы: Қыс. Құстардың қысқы тіршілігі.
Оқу іс-әрекетініңмақсаты:
Қыс мезгілінің ерекшеліктерімен таныстыру.
Қыскезіндегі құстардың тіршілігі туралы әңгімелеу арқылы балалардың қамқорлық жасауға деген белсенділіктерін арттыру.
Табиғатты аялауға баулу.
Сөздік жұмыс: жем, нан қиқымдары, кептірілген жемістер, үйшіктер.
Іс – әрекет бөлімдері
Педагогтің іс-әрекеті
Балалардың іс - әрекеті
Ынталандыру.
Сезімді ояту
Балаларды дөңгелене тұрғызып, төмендегі өлең жолдарын айтқызады.
Кел,балалар, күлейік,
Күлкіменен түлейік.
Қабақ түйген не керек,
Көңілді боп жүрейік.
Бәрі қосылып айтады.
Ізденістер.
Ұйымдастыру.
1.Қыс мезгілінің ерекшелігін әңгімелейді. Т.Молдағалиевтің қыс туралы өлеңі оқылады.
2.»Құстар қалай қыстайды?» ертегісін оқу арқылы құстардың қысқы тіршілігімен таныстырады. Құстардың қысқы тіршілігі бейнеленген суреттер арқылы балаларға құстардың тіршілігі жөнінде түсінік беру.
Қыс мезгіліндегі құстардың азығы, олардың немен қоректенетінін әңгімелеу. Адамдардың құстарға жасайтын көмектері туралы мағлұмат беріледі.
3.Сергіту жаттығуын орындату.
Күнде аспанға қараймыз,
Қайтқан құсты санамыз,
Үшбұрыш боп тырналар,
Көк жүзінде сырғанар.
4.«Құстар» дидактикалық ойыны. Шарты: суреттер бойынша құстарды екі топқа топтастыру. Жыл құстары және отырықшы құстар.
Тыңдайды, сұрақтар қояды, сұрақтарға жауап береді.
Балалар сурет бойынша қыс мезгілі туралы әңгімелейді. Құстарға өздері қалай көмек көрсеткендері туралы айтады.
Өлең мазмұнына байланысты қимылдар жасайды.
Сурет бойынша жыл құстары мен отырықшы құстардың аттарын атайды. Оларды екі топқа топтап айтады.
Қорытындылау
Сабақты қорытындылау.
Балалардың білімдерін бекіту үшін төмендегідей сұрақтар қойылады:
1. Біздің өлкемізде қандай құстар қыстап қалады?
2. Олардың тіршілігі туралы ңгімеле.
3.Қыстап қалатын құстарға адамдар қандай көмек көрсетеді?
Сұрақтарға жауап береді, бір-бірінің сұрақтарын толықтырып айтады.
Күтілетін нәтиже: құстардың қысқы тіршілігі оларға қамқорлық туралы өз көзқарасының болуы.
Білуі тиіс: қыстап қалған құстарға қамқор бола білу.
Түсінігі: жыл құстары мен ұшып кететін құстардың айырмашылығын түсіну.
Көрсетет білуі: тапсырмаларды дұрыс орындап көрсету.
Мектепалды даярлық тобына арналған ұйымдастырылған
оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні:
Білім беру саласы: «Таным»
Бөлім: Экология негіздері
Оқу іс-әрекетініңтақырыбы: Қызыл кітап құпиясы.
Оқу іс-әрекетініңмақсаты:
1. Қызыл кітап туралы түснік беріп, қоршаған ортаны қорғау, оған қамқорлық жасау дағдыларын қалыптастыру.
2.Жануарлар мен өсімдіктердің құруына әкеп соғатын себептерді түсіндіру.
3.Табиғатты аялауға баулу.
Сөздік жұмыс: сындырылған ағаш, саны сиреп бара жатқан жануарлар, өсімдіктер.
Іс – әрекет бөлімдері
Педагогтің іс-әрекеті
Балалардың іс - әрекеті
Ынталандыру.
Сезімді ояту
Шаттық шеңберін ұйымдастыру.
-Армысыз, қайырлы күн!
-Армысыз, Аспан ата!
-Армысыз,мейірімді Жер-Ана!
-Армысыз,шұғылалы Алтын күн!
Балалардың өлең жолдарын қайталап, бір-бірімен амандасады.
Ізденістер.
Ұйымдастыру.
1.Қызыл кітап туралы түсінік беру:
-Қызыл кітапқа сирек кездесетін, жылдан-жылға азайып нежойылып бара жатқан, сондықтан да айрықша қорғауды қажет ететін жануарлармен өсімдіктердің түрлері тіркеледі. Жойылу қаупі төнген (саны сиреп бара жатқан) түрлерді сақтап қалу үшін оларды зоологиялық парктерде қолдан өсіріп, көбейту шаралары қолға алынған. Біздің еліміздежойылып бара жатқан жануарлар мыналар: барыс, ілбіс,қоңыр аю, бүркіт, дегелек, т.б. Ал өсімдіктерден қызғалдақ, сексеуіл, т.б.
Адамдар көбінесе кеде түсінбей кейде салақтықтан табиғатты қалпына келтіру үшін ұзақ уақыт қажет болатынын оламастан, оған қаалай болса солай қарайды. Сыңсыған орманның орнындағы жанған түбірлер, су шайып өткен тау беткейлеріндегі жыртылған жерлер, ағаш ағызу кезінде лаастанған өзендер – осының бәрі сирек кездесетін көптеген бағалы аңдар мен өсімдіктердің құруына кеп соғады. Қаскерлердің қолынан қаншамасы қырылып жатыр.
2.Сергіту сәтін өткізу.
Көбелек те, гүл дебір
Қызыл – жасыл күллі өңір.
Аспан төрі ақша бұлт,
Бау-бақшада барша жұрт.
Саңқылдаған саз әні.
Көлде құстың базары.
3.Әліппе – дәптермен жұмыс.
Дәптерде бейнеленген Қызыл кітапқа енген жануарлардың аттарын атайды.
Қызыл кітапқа енген құстарды тапқыздырып, оларды бояту.
Педагогтің әңгімесін тыңдайды, сұрақтар қояды. Слайдтардан жойылу қаупі төніп тұрған жануарлар мен өсімдіктерді көреді.
Өлеңге қоосылып, сергіту жаттығуын орындайды.
Қызыл кітапқа енген жануарларды: арқар, барыс, қарақұйық, жабайы мысық, үкі, бүркіт, аққу және тырнаның суреттерін бояйды.
Қорытындылау
4.Қызыл кітап дидактикалық ойыны. Шарты: тақтаға бүркіт, қызғылт қаз, т.б.жануарлардың суреттері ілінеді. Балаларға оларды қорғау шараларын айтқызады.
5.Педагог сұрақ-жуап және көрнекілік әдістері арқылы балалардың сабақта алған білімдерін пысқтайды.
- Туған өлке табиғатында барлық нәрсе өзара тығыз байланыста болады. Адамды табиғаттан, табиғатты адамнан бөліп қарауға болмайды. Табиғаттың жері мен суы, орманы мен тасы, жанууарлары мен өсімдіктері адам үшін тіршілік етудің басты көзі болып табылады. Сол себепті өлкемәздәң табиғатын туған анамыздай ардақтап, күте білуіміз керек. Аяусыз сындырылыған ағаш, жұлынған гүлдер, ұясы бұзылған құстар, жазықсыз өлтірілген жәндіктер, қоқыс-қалдық салынған лас слар көбейіп барады. Жануарлар мен өсімдіктерді қорғау әрбір адамның тікелей парызы.
Балалардың үлгі жауабы:
-Бүркіт құсының саны азайып барады. Сондықтан оны қорғауға алу керек. Бүркітті атуға, оның ұясын бұзуға болмайды.
Күтілетін нәтиже: туған өлке табиғаты туралы түсініктерін жетілдіру.
Білуі тиіс:табиғат жанашыры туралы ұғымы болуы.
Түсінігі: жануарлар мен өсімдіктерді қорғау.
Көрсете білуі: өз өлкелерінде мекендейтін жануарларға қамқорлық көрсету, өсімдіктерді күтіп-баптау.
Мектепалды даярлық тобына арналған ұйымдастырылған
оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні:
Білім беру саласы: «Таным»
Бөлім: Экология негіздері
Оқу іс-әрекетініңтақырыбы: Көрікті көктем.
Оқу іс-әрекетінің мақсаты:
1. Көктем мезгіліндегі табиғи құбылыстар, өсімдіктер мен жануарлардағы маусымдық өзгерістер, адамдардың көктемдегі пайдалы іс-әрекеттері туралы мғлұмт беру.
2. Үлкендер еңбегімен бақылау арқылы бағалай білу, бақылағандарын есте сақтай білу дағдыларын қалыптастыру
3. Еңбексүйгіштікке, табиғатқа деген қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: ұя, жер, егін, гүлзарлар.
Іс – әрекет бөлімдері
Педагогтің іс-әрекеті
Балалардың іс - әрекеті
Ынталандыру.
Сезімді ояту.
Балалрды дөңгелендіре тұрғызып, төмендегі өлең жолдарын оқиды:
Жаңбыр, жаңбыр жауасың,
Жанымызға дауасың.
Біз ойнайтын ауланың
Тазартасың ауасын.
Балалар педагогпен бірге өлеңді қайталайды.
Ізденістер.
Ұйымдастыру
1.Педагог көктем мезгіліндегі маусымдық құбылыстар, жануарлардың өміріндегі өзгерістер, өсімдіктердің өсуі туралы түсіндіреді. Түсіндіру барысында көрнекіліктерді пайдаланады.
-Көктем мезгілінің айларын атаңдар.
-Көктемнің алғашқы айы – наурыз. Бұл айда күн жылынып, қар еріп, жылғалардан су ағады. Сай-сала суға толады.
Сәуір айында жер беті көгеріп, ағаштар бүршік атып, айнала құлпырып кетеді. Жаңбыр жиі жауады. Мамыр айында дала жасыл желек жамылады.
Мамыр айын «Ән айы» деп атайды. Өйткені құстар балапан басады, тоғай, гүлзарлардың ішінде, көл жағасында құстардың сайраған дауыстарын естисің.
Сондықтан көктем – жылдың ең тамаша мезгілі.
Жер жыртады, егін, бау-бақша салады. Гүлзарларды гүл егуге дайындау, ағаштардың түптерін қопсыту, құстарға ұя жасау сияқты жұмыстар жүргізіледі. Ең алғаш дәнмен қоректенетін құстар ұшып келеді. Мысалы, ұзақ, шұбар шымшық, таңшымшық, қараторғай сияқты құстар. Ал жәндіктермен қоректенетін құстар – қарлығаш, ұзынқанат қарлығаш, көкек, бұлбұл сияқты құстар сәуірдің аяғы, мамыр айларында ұшып келеді.
2.Сергіту сәтін өткізу.
Қанат жаям жалма – жан,
Талпынғандай ұшуға.
Иіліп келіп қол созам
Аяғымның ұшына.
3.Әліппе-дәптермен жұмыс жүргізу:
а)Б.Қозыкеевтің «Көктем» өлеңін дауыстап оқиды.
4. «Бұл қай кезде болады?» дидактикалық ойыны. Шарты: педагог жыл мезгілдері бейнеленген суреттерді көрсетеді,сол бойынша әңгіме өткізеді.
Балалар тыңдайды.
Сұрақтарға жауап береді.
Өздері білетін тақпақтарын қайталайды.
Өлең жолдарын қайталап, жаттығу жасайды.
Суреттер бойынша жыл мезгілдерін анықтайды. Өлеңнің мазмұнына қарай көктемде болатын өзгерістерді әңгімелейді.
Қорытындылау.
Өзін-өзі бағалау.
Тапсырмалар:
Көктем мезгілінің ерекшеліктерін ата. Көктем айларын ата.
Сабақта алған білімдері сұрақ-жауап әдісі арқылы пысықталады.
Балалар белсенділікпен жауап береді.
Күтілетін нәтиже: көктем мезгіліндегі табиғат құбылыстары туралы түсінігі болуы.
Білуі тиіс: көктем мезгілінің ерекшеліктерін білу.
Түсінігі: адамдардың көктемдегі пайдалы іс-әрекеттерін білу.
Көрсете білуі: суретті ретімен орналастыру.
Мектепалды даярлық тобына арналған ұйымдастырылған
оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні:
Білім беру саласы: «Таным»
Бөлім: Экология негіздері
Оқу іс-әрекетініңтақырыбы: Үй жануарлары мен үй құстары.
Оқу іс-әрекетініңмақсаты:
1.Үй жануарлары мен үй құстары және олардың адамға келтіретін пайдасы туралы түсініктерін қалыптастыру.
2.Үй жануарлары мен үй құстарына деген қамқорлық сезімін ояту және оларға жағдай жасауға үйрету.
2.Кімді ата-аналары қандай төлдің атымен еркелетіп айтатынын сұрайды.
1.Балалар әнді орындау барысында төлдердің қимылдарымен келтіреді.
2. «Боташым», «қошақаным», т.б. сөздермен еркелететінін әңгімелейді.
Ізденістер.
Ұйымдастыру
1.Кіріспе әңгіме
-Төрт түлік мал – халқымыздың байлығы. Өйткені халқымыздың тарихы осы төрт түлік малмен тікелей байланысты.
«Ат ердің қанаты» деп айтатын дана халқымыз жылқыны қастерлеген. Жылқы мінсең көлік,жесең ет. Сиыр – жесең ет, кисең киім, йран, сүт, қаймағансыз қазақ баласы өспейді. Түййе малы – нағыз көлік, қмыран мен шұбаты дертке дауа. Қой шаруашылығы – Қзақстанның мал шаруашылығы – халқымыздың дәстүрлі ата кәсібі.
Осы төрт түлік халқымыздың ең басты байлықтарының бірі екенін білгенімізжөн. Ал үй құстарына тауық, үйрек, қаз, күркетауық. Олардың адамға тигізер пайдасы мол. Мамығынан көрпе, жастық жасайды, етін, жұмыртқасын азық – түлік ретінде пайдаланамыз.
2.Сұрақтар мен тапсырмалар:
1.үй жануарлары мен жабайы жануарлардың бір-біріненайырмашылықтары қандай?
3.Дәптерде бейнеленген жануарлардың ішінен үй жануарлары мен үй құстарын тапқызу. Мысалы: жылқы, сиыр, ит, үй қояны және әтеш.
Педагогтің әңгімесін тыңдайды, сұрақтар қояды. Үй жануарлары мен үй құстары туралы әңгімелейді.
Сұрақтарға жауап береді. Бір-бірінің жауаптарын толықтырады.
Үй жануарлары мен үй құсы: жылқы, сиыр, ит, үй қояны және әтешті тауып, оларды бояйды.
Қорытындылау.
Өзін-өзі бағалау.
«Төлдерін тап» дидактикалық ойыны. Шарты: педагог тақтаға сиыр, түйе, жылқы, қой, ешкінің суреттерін іліп қояды. Педагог балаларды бір-бірден шақырып, қоржын ішінен суреттерді алғызады. Лақтың суретін алса, оны ешкінің жанына жапсырады.
Сурет арқылы млдың төлдерін табады.
Күтілетін нәтиже: төрт түлік мал мен үй құстарының пайдасы туралы түсініктерін жетілдіру.
Білуі тиіс:үй жануарлары мен үй құстарының келтірер пайдасын және оларды күтіп-баптауды білуі тиіс.
Түсінігі: үй жануарлары мен құстардың пайдасын білу.
Көрсете білуі:үйіндегі жануарлар мен құстарды күтіп-баптау.
Мектепалды даярлық тобына арналған ұйымдастырылған
оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні:
Білім беру саласы: «Таным»
Бөлім: Экология негіздері
Оқу іс-әрекетініңтақырыбы: Қазақстан қорықтары.
Оқу іс-әрекетініңмақсаты:
1.Қазақстан қорықтары және оның маңызы, орналасқан жері туралы балаларға түсінік беру.
2.Қорықтарда атқарылатын жұмыс түрлері, қамқорлыққа алынған жануарлар мен құстар жөнінде әңгімелеу.
3.Табиғатты аялауға баулу.
Сөздік жұмыс: қорық, қаскер және т.б.
Іс – әрекет бөлімдері
Педагогтің іс-әрекеті
Балалардың іс - әрекеті
Ынталандыру.
Сезімді ояту.
Қуаныш шеңберін ұйымдастыру.Әдемі гүлді балалар бір-біріне күлімдеп беріп, жақсы тілектерін айтып, жылы сезімдерін білдіру.
Балалар қуанып, күлімдеп амандасады.
Ізденістер
Сезімді ояту.
Қорықтың не үшін қажет екенін түсіндіру.
Сирек кездесетін хайуанаттар мен өсімдік түрлерін сақтап қалу үшін арнайы ұйымдастырылған орын – қорық деп аталады.
Жануарлар мен құстардың суреттерін пайдалана отырып, олардың қорықтағы тіршілігі жөнінде әңгімелеу.
Азайып бара жатқан аңдарды, құстарды қорғау, ақтау үшін ол жерде, ғалымдар зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Қорықтар әрбір табиғи аймақтардың өзіне тән ерешеліктерін жан-жақты көрсете алатын барлық табиғат байлықтарын қорғауға алған алқаптарды қамтиды. Қазақстанда осындай қорықтардың көптеген түрі бар олар: Ақсу – Жабағылы, Наурызым, Алматы, Барсакелмес, Қорғалжын, Марқакөл, Үстірт және т.б. қорықтар. «Қаскер» сөзіне сөздік жұмысын жүргізу.
Қаскер – жануарларды рұқсатсыз қырып – жоятын адам.
Берілген суреттер бойынша балалар аң-құстардың түрлерін атап береді.
Сергіту жаттығуын өткізу.
Орнымыздан тұрайық,
Құстай қанат қағайық,
Бір отырып, бір тұрып,
Біз тынығып алайық.
Әліппе-дәптердегі тапсырмаларды орындату.
а)Сен тұратын жерде қандай қорық бар, әңгімелеп бер.
ә)Берілген сурет бойынша қорықта кездесетін аңдар мен құстардың, өсімдіктердің аттарын атау.
Балалар еліміздегі қорықтар жөнінде мағлұматтар алады, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, түсінуге талпынады.
Жойылып бара жатқан аңдарды, құстарды, өсімдіктерді суреттерге қарап әңгімелеп береді. Өлең жолдарын айтып, дене жаттығуын жасайды.
Қорықтағы жануарларды атап көрсетеді.
Қорытындылау
Өзін – өзі бағалау
Суреттерді көрсетіп алған білімдерін пысықтау мақсатында сұрақтар қою.
Балалар құстарға,аңдарға қамқор болуға келіседі.
Күтілетін нәтиже:
Білуі тиіс: Қазақстан қорықтары және оның маңызы, орналасқан жері туралы
Түсінігі: Қорықтарда атқарылатын жұмыс түрлері, қамқорлыққа алынған жануарлар мен құстар жөнінде әңгімелеу