Просмотр содержимого документа
«XV-XVII ?. ?аза? ханды?ы ?айталау саба?ы »
Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы
М.Әуезов атындағы орта мектеп
Семжанова Армангуль Сербатыровна, тарих пәнінің мұғалімі
Сабақтың тақырыбы:XV-XVII ғ. Қазақ хандығы қайталау сабағы
Сабақ мақсаты: Білімділік:Осы тараудан алған білімдерін жинақтау, бекіту.Оқушылардың Қазақ хандығының тарихи кезеңдерінен толық білім алуын қамтамасыз ету. Дамытушылық:Оқыту процесінде жаңа әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың белсенділігін, қызығушылығын арттыра отырып, көпшілік алдында еркін сөйлеуге дағдыландыру, шешендік біліктілігін арттыру Тәрбиелік:Тұңғыш қазақ мемлекетінің құрылуына негіз қалаған қоғам қайраткерлерінің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу,өзелінің тарихына, адал ұлдарына деген құрмет сезімін қалыптастыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ Сабақтың әдісі: проблемалық, көрнекілік, тірек-конспектілік, сын тұрғысынан ойлау, Сабақтың тәсілі: Жалпы сыныппен, топпен, жеке оқушымен Сабақтың көрнекілігі:Қазақ хандарының суреті,карта,оқулық,кестелер,карточка
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ
1. Ұйымдастыру: а) амандасу, түгендеу, құрал-саймандарын даярлау, тәртіпке шақыру; ә) Оқушыларды алдағы сабаққа психологиялық жағынан дайындау, өтілу барысын таныстыру ІІ. «Тобыңды тап» Ойынның шарты: Шәкірттердің қызығушылығын ояту мақсатында оқушыларға әр түрлі патриоттық ән шумақтары жазылған парақшалар таратылады. Оқушылар жазылған ән жолдарына дыбыстап, әнге салу арқылы өз жұптарын табады. 3 мин
Кіріспе:Қазақ хандарының тарихы1466-1847 жылдар аралығын қамтиды.Қазақ ордасында қалыптасқан жөн-жораға байланысты хан болатын адам Шыңғыс хан әулетінен болы шарт.Елді басқаратын ханды ел ағалары ақылдасып,кеңесу арқылы белгілейді.Ханды ақ киізге орап, жұма күні ашық аспан астында хан сайлау рәсімін өткізеді.16 ғ Жәнібектің баласы Қасым қазақ хандығының аумағын кеңейтіп,хандықты іргелі мемлекетке айналдырды.Ол «Қасқа жол»атты тұңғыш заңдар жинағын шығарды.Қазақ ордасын ұзақ жылдар билеген хан Хақназар,Тәуекел,Есім хандар тұсында қазақ хандығының күш қуаты бұрынғыдан артып, толыға түсті.Салқам Жәңгір,Әз Тәуеке хандардың билік құрған кезеңі Жоңғар шапқыншылығымен тұтас келеді.Әз Тәуекенің жанындағы «Жеті жарғы» заңдар жинағы қазақтың XVII-XVIII ғасырдағы әдет-ғұрып ережелерінің жиынтығы ретінде белгілі.2 мин