kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?лы жібек жолыны? ?алыптасуы ж?не тарихи ма?ызы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Изучение истории не ограничивается уроком истории, а имеет место в течение всей жизни каждого индивида прежде всего во внешкольных сферах. Сегодня в "обществе средств массовой информации" это оказывает такое влияние, как ни на какое другое поколение до сих пор. Шансы и задача урока истории состоят в том, чтобы противопоставить обучению истории в местах и ситуациях обучения вне школы изучение истории, которое показывает критическое и разумное, связанное с испытанными правилами знакомство с прошедшими действиями и помыслами людей. Это знакомство показывает преимущество исторического разума над изначально ненаучным обращением с прошлым и историей. В этой связи возникает вопрос, имеют ли место в "обществе средств массовой информации" совершенно новые формы социализации детей, влияние, содержание и результаты которых делают необходимым радикальное изменение изучения истории в школе. Изменившиеся дети требуют изменившегося урока истории.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?лы жібек жолыны? ?алыптасуы ж?не тарихи ма?ызы »

Сабақтың тақырыбы: Ұлы жібек жолының қалыптасуы және тарихи маңызы

Мақсаты: Оқушыларға Ұлы Жібек жолы тарихымен таныстыру Ұлы Жібек жолының маңызын, халықтар бірлігі мен мәдениеттің өзара алмасуына әсерін сезіндіру арқылы дүниетанымын кеңейту

Дамытушылық: Оқушылардың ой–өрісін дамыта отырып, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, деректер мен өзіндік жұмыстар ұйымдастыруға, пікір айтуға, мәтіндегі негізгі мәселені табуға, өз бетінше жұмыс жасауына бағыт–бағдар беру.

Тәрбиелік: Оқушыларды Отан тарихындағы мәдени құндылықтарды бағалап, қастерлеп, сақтай білуге баулу.

Сабақтың түрі: Өзін –өзі тану пәнімен кіріктірілген сабақ

Типі: жаңа білімді меңгерту

Пәнаралық байланыс: Өзін-өзі тану, дүниежүзі тарихы, география, қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру сәті

Шаттық шеңбері

1. « Кең жайлау » күйін ақырын қойып, оқушыларға «Жерім менің» өленін оқып беру

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру Тақырып: «Қыпшақ хандығы»

Ойланайық, пікірлесейік

1.Қыпшақтардың қоныстанған жерлерін схема арқылы және картадан көрсету

2. «Жұлдызды сәт»

Сұрақтар Жауаптар

1 Қыпшақтардың батыс және шығыс бірлестіктері неше тайпадан тұрды? 11 тайпа-батыс

16 тайпа - шығыс

2 Хандар шығып отырған ең беделді тайпа Ер бөрілер

3 12 ғасырдан бастап олардың құрамында қандай тайпалар болған? Қаңлылар, қарлұқтар, жікілдер

4 Қазақстанда бірыңғай халық болып қалыптасу не себепті кешеуілдеді? Монғолдардың шапқыншылығы

5 Хандық биліктің орталығы қалай аталды. Әскери басқару жүйесі бойынша бөлінген оң қанаттың және сол қанаттың орталықтары Орда, Сарайшық, Сығанақ

6 Кедейлер,жатақтар, яланкугтер кімдер? Малы жоқ қарапайым бұқара халық, жер өңдеумен айналысатындар,құлдар

7 Орыс деректерінде және Дунай бойына жайғасқан қыпшақтар қалай аталады? Половшылар, кундар немесе командар

8 Қыпшақтар Қазақстанның оңтүстігіндегі қалаларға шығу үшін кімдермен соғысты? Оғыздармен, әлсірегенін пайдаланып

9 Ақсүйек шонжарлар қалай аталды? Хандар,оның туған-туыстары,тархандар,басқақтар, бектер,байлар және ру тайпа көсемдері

10 Отырар,Сығанақ, Арал теңізінің аумағы үшін қай елмен соғысты және ол немен аяқталды Қыпшақтар іштегі алауыздық себебінен жеңіліп, солтүстікке жылжиды, бірақ қақтығыс аяқталмайды, монғол шапқыншылығына дейін

Қорытынды :

ІІІ Жаңа сабақ:

Асылбек Енсеповтың «Жібек жолы» күйін тыңдау

Сансыз қымбат жүк тиелген, Мыңдаған алып түйелер, келе жатыр бай керуен. Жүз сары нарға дирхем артса, Қырық нарға динар артқан. Ең керемет мускус пен алойыны, Ғажап жібек маталарды, Иран мен Мысыр керуені артқан- Тағы бар отыз түйесі.

Олай болса, балалар, бүгінгі жаңа тақырыбымыз: Ұлы Жібек жолының қалыптасуы және тарихи маңызы

Дәйек сөз:

Өз еліңді әрбір ұсақ-түйегіне дейін ерекше де өте қымбат,сүйкімді сезінбесең-адамдық мінез де жоқ.Бұл сезім риясыз және біздің жан-дүниемізді барлық нәрсеге деген ұлы ынта-ықыласқа толтырады.

К.Г.Паустовский

Сабақ жоспары

1. Ұлы Жібек жолының пайда болу тарихымен таныстыру

2.Сергіту сәті 3.Ұлы Жібек жолының шаруашылықтың дамуына тигізген әсері

4.Ұлы Жібек жолының халықаралық қарым-қатынасты дамытудағы тарихи маңызы

Ұлы Жібек жолының пайда болу тарихымен таныстыру

Байырғы заманда жердің түкпір – түкпірінде тұратын адамдар бір – бірімен сауда байланысын жүргізген. Алғашында ол зәру заттармен айырбас ретінде жүзеге асқан. Мысалы асыл тастар, алтын, күміс, тұз, шипалы өсімдіктер мен хош иіс сулары. Мал, сәйгүлік аттар, қымбат бағалы аң терілері, қола мен темірден жасалған заттар, мата, азық- түлік және басқа да тауарлармен алмасқан. Кейіннен ақшаға сауда – саттық басталып, көптеген елдер мен қалаларды байланыстырған орталықтар – базар, жәрмеңке, сауда жолдары ашылды. Жолдар бір – бірімен ұласып, шығыс пен батысқа, оңтүстік пен солтүстікке қарай жалғасып, көптеген жаңа аймақтарды қосты. Бұрынғы кезде сауда жасау үшін түйемен ғана жүрген .Осындай сауда жолдарының арқасында Еуропа мен Азияны біріктерген Ұлы Жібек жолы пайда болды. Ол жолдардың әрқайсысының өз аттары болған.

Ұлы Жібек жолы ежелгі атау емес, ол 1877 жылы пайда болған. Оны қолданысқа енгізген белгілі неміс географы Фердинанд фон Рихтгофен. Жолдың бұлай аталуына сауданың негізгі заты Қытайдан шығарылатын жібек мата себеп болды. Ең негізгі сауда жолы Тянь – Шань тау етегімен, Сырдария, Талас, Шу, Іле аңғарлары арқылы Қытайға ұласқан. Жолдың ендігі бір бөлігі Яқсарт, Сейхун деп аталған Сырдария, Орал (Жайық) өзендерін жағалай ары қарай Қаратеңіз маңы, Византия мен Батыс Еуропа жерлеріне дейін созылып жатыр.

Ұлы жолының бойымен таныстыру және тірек-сызбамен жұмыс (Экраннан Жібек жолының картасы көрсетіледі)

Сергіту сәті

Интерактивті тақтадан көрсету отырып дене қимылдарын жасау арқылы бой сергіту

Олай болса саяхатымызды жалғастырайық. Картадан керуен жолдарын көрсету.

Ұлы Жібек жолының шаруашылықтың дамуына тигізген әсері

Халықаралық сауда жолы арқылы Орта Азияның атақты асыл тұқымды жылқылары, шығыс елдерінен пілдер мен мүйізтұмсық, барыс пен арыстандар, аң аулауға және саятшылық құруға қажетті құстар (қаршыға, бүркіт) сияқты сирек кездесетін жан–жануарлар сатыла бастаған. Бұл жолдың бойымен қолда өсірілетін мәдени өсімдіктердің ішінде жүзім түрлері, шабдалы, қауын, шығыстың, Орта Азияның жемістері сатылған.

Мәтінмен жұмыс

Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қою.

1. Соғдыда жібек өндірудің дамығаны сонша, жібек сатуда Қытай мемлекетімен бәсекеге түскен.

2. Мәселен, Қытайдың кейбір қалаларында олардың отарлары болған.

3. Ал Жібек жолының Жапонияның сілемі – ертедегі астанасы Нарға қаласында жібек сататын орындар болған.

4. Оның басты бір дәлелі, ондағы ғибадатханада осы уақытқа дейін соғды тілінде жазылған қолжазбаның сақталуы.

Бейнеклип: Жапония – Нарға – қолжазба

Ұлы Жібек жолының мәдениеттің өркендеуіне тигізген әсері

Тиісті орнына қой

1. Археологиялық қазба жұмысы кезінде атақты Византия шеберлерінің қолынан шыққан тамаша күміс құмыралар Тараз қаласынан табылған.

----------------Талғар

----------------Тараз

----------------Түркістан

2. Қытайдың әдемі фарфордан жасаған, көздің жауын алатын ыдыстары Қазақстандағы Талғар, Исфиджаб, Отырар сияқты ортағасырлық қалалардан табылған.

----------------Тараз, Испиджаб, Отырар

----------------Талғар, Тараз, Отырар

----------------Талғар, Испиджаб, Отырар

3. Ұлы Жібек жолының Тараз, Баласағұн, Исфиджаб сияқты қалалардан әр түрлі діни нанымдарға байланысты мешіт–медреселердің орындары табылған.

----------------Тараз, Баласағұн, Испиджаб

----------------Отырар, Тараз, Испиджаб

----------------Тараз, Испиджаб, Талғар

Ұлы Жібек жолының халықаралық қарым-қатынасты дамытудағы тарихи маңызы

Сәйкестендір.

Бекіту: 10 сұрақ тест

1) Жібек сауда жолына «ұлы» сөзінің қосылу себебі:

a) Шығыс пен Батысты байланыстырды

b) Ежелгі жол болғандықтан

c) Үлкен сауда жолы болуынан

2) Жібек жолының бас басталатын аймақ:

a) Ыстықкөл өңірінен
b) Қытай жеріндегі Хуанхэ өзенінің аңғарынан
c) Византия елінен

3) Қытай елінен алғаш рет жібек артқан керуендер Батысқа қарай жолға шыққан ғасыр:

a) б.з.б. ІІІ ғ. ортасы

b) б.з.б. ІІ ғ. ортасы

c) б.з.б. І ғ. ортасы

4) Жібек сауда жолы арқылы ерте кезден көп елге тараған қазіргі кезге дейін базарда сатылатын көкөніс түрі:

a. шабдалы мен қауын
b. жүзім мен қызанақ
c. қытай немесе болгар бұрышы

5) Жібек өндіруді дамытып, Қытаймен бәсекеге түскен ел:

a) Соғды
b) Парсы

c) Араб

6) Византия шеберлерінің жасаған күміс құмыралар табылған қала:

a) Талғар
b) Тараз
c) Отырар

7) Жібек жолының халықаралық қарым-қатынас жағынан дами бастаған кезеңі:

a) б.з.б. ІІ ғ. ортасы
b) б.з.б. І ғ. ортасы
c) б.з.б. ІІІ ғ. ортасы

8) Қытай императоры У-Дидің 138 жылы Жібек жолы арқылы Батыс елдеріне жіберген елшілігі қайтып оралды:

a) 15 ж. кейін
b) 13 ж. кейін

c) 12 ж. кейін

9) Қытай императоры жібектен жасалған әшекейлі киімдерді сыйлық ретінде жіберді:

a) Түрік сұлтанына
b) Парсы патшасына
c) Иран шахына

10) Ұлы Жібек жолы қатынасының әлсірей бастауына әсер еткен басты оқиға:
a) ХVІІ ғ. бастап теңіз жолының ашылуы
b) ХІV ғ. бастап теңіз жолының ашылуы
c) ХVІ ғ. бастап теңіз жолының ашылуы

Қорыту: «Қызықты сандар» (тақырыптағы барлық ғасырларды қосу)

I+VІ+VIІ+І+II = XVII ғ. бастап теңіз жолдарының ашылуы, Жібек жолының әлсіреп, тоқтауына әсер етті.
Жібек жолы – Азиядан Еуропаға шексіз дала, асқар тау арқылы салған әлемдік өркениеттің жарқын көрінісі. Осы жолға сипаттама бере отырып, таңғажайып жерлермен таныстық. Сан ғасырлар бойы осының бәрін жинақтап, сақтап бізге жеткізуші болған Жібек жолындағы сапарымызды аяқтай отырып, ортағасырлардың тарихи, рухани өмірінің көп қырлылығын атай кетуіміз керек.

Шығыс пен Батыстың Еуропа мен Азияның түйіскен жерінде бір-біріне ұқсамайтын мәдениеттердің өзара тоғысып, сабақтасып жатуына ыңғайлы жағдай туды. Қазақстанның отырықшы қала халқы мен көшпелі тайпалары көрші елдермен және алыс жұртпен қарым-қатынас жасауы арқасында адамзаттың ежелгі өркениетінің алмас тасындай жарқыраған мәдениетті өмірге әкелді.

Жүректен –жүрекке

Мұғалім оқушыларға бір-біріне жақсы тілек айтудың өзі адамның өмірге және білімге деген құштарлығын оятады дей отырып, оқушыларға бір –біріне тілек айтқызады.

Бағалау

Үйге тапсырма: §15 оқу

Ұлы Жібек жолы туралы мәліметтер, деректер әкелу




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 7 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
?лы жібек жолыны? ?алыптасуы ж?не тарихи ма?ызы

Автор: Баймуратова Шайза Советовна

Дата: 12.11.2014

Номер свидетельства: 130040


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства