kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Т???ыш президентті? тарихи-м?дени орталы?ына саяхат" ба?дарлама

Нажмите, чтобы узнать подробности

2013 жылды? а?пан айыны? 11-22 аралы?ындакурста бол?ан тарих п?ні м??алімдеріні? 20 а?пан к?ні Теміртау ?аласында?ы«Т???ыш президентті? тарихи-м?дени орталы?ына» жаса?ан танымды? саяхатыны? ж?мысы барысы мен к?рген-білгендері туралы а?паратты? ба?дарламасы.

Курсты? жетекшісі Ерден Марат?лы ?апашевты? ?йымдастырумен ?ткен саяхат барысында орталы?ты? архитектуралы? ??рылысынан бастап, елбасыны??мірі мен ж?ріп ?ткен е?бек жолы ж?не т?уелсіз ?аза?стан Республикасыны? 20 жыл?ы ішкі-сырт?ы саясатта?ы, экономикада?ы табыстарымызбен жетістіктеріміз туралы ма??л?маттарды ауызша ?ана емес к?збен к?ріп ?айтты?.Сонымен ?атар жа?а технологиямен ж?не техникалы? ??ралдармен жабды?тал?ан орталы?та ма??л?мат алу?а жан-жа?ты жа?ыдай жасалып, заманауи жетістіктерімізді пайдалана отырып а?парат алу?а м?мкіндік алуымызды? ?зі тарих п?ні м??алімдері ?шін на?ты деректер алу к?зі ?ана емес жа?а технологияларды пайдалана отырып ж?мыс жасау м?мкіндігі болды.Орталы?та?ы деректер,??жаттар мен материалдар ?оры бірнеше залда орналас?ан ж?не интерактивті та?та,?р б?лмеде ?р стенді жанында ?осымша а?парат алу ?шін арнайы а?паратты? ?ондыр?ылар мен видеороликтер орналас?ан я?ни заманауи ?лгідегі техникалы? ??ралдарды пайдалана отырып ж?мыс жасау м?мкіндігі реттелген.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Т???ыш президентті? тарихи-м?дени орталы?ына саяхат" ба?дарлама »









(бағдарлама)





















20 ақпан,2013 жыл.



Мазмұны:



  1. Кіріспе



  1. Тұңғыш президенттің тарихи-мәдени орталығына саяхат





  1. Қорытынды





























































Кіріспе



2013 жылдың ақпан айының 11-22 аралығында курста болған тарих пәні мұғалімдерінің 20 ақпан күні Теміртау қаласындағы «Тұңғыш президенттің тарихи-мәдени орталығына» жасаған танымдық саяхатының жұмысы барысы мен көрген-білгендері туралы ақпараттық бағдарламасы.

Курстың жетекшісі Ерден Маратұлы Қапашевтың ұйымдастырумен өткен саяхат барысында орталықтың архитектуралық құрылысынан бастап, елбасының өмірі мен жүріп өткен еңбек жолы және тәуелсіз Қазақстан Республикасының 20 жылғы ішкі-сыртқы саясаттағы, экономикадағы табыстарымызбен жетістіктеріміз туралы мағұлұматтарды ауызша ғана емес көзбен көріп қайттық.Сонымен қатар жаңа технологиямен және техникалық құралдармен жабдықталған орталықта мағұлұмат алуға жан-жақты жағыдай жасалып, заманауи жетістіктерімізді пайдалана отырып ақпарат алуға мүмкіндік алуымыздың өзі тарих пәні мұғалімдері үшін нақты деректер алу көзі ғана емес жаңа технологияларды пайдалана отырып жұмыс жасау мүмкіндігі болды.Орталықтағы деректер,құжаттар мен материалдар қоры бірнеше залда орналасқан және интерактивті тақта,әр бөлмеде әр стенді жанында қосымша ақпарат алу үшін арнайы ақпараттық қондырғылар мен видеороликтер орналасқан яғни заманауи үлгідегі техникалық құралдарды пайдалана отырып жұмыс жасау мүмкіндігі реттелген.

Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев «Тарих толқынында» атты еңбегінде: «Тарихтың тағылымы біреу-ақ : ол ешқандай тағылым бермейді дейтін тұжырымға мен үзілді-кесілді қарсымын»-деген еді.Осы пікірді қостай отырып жас ұрпаққа еліміздің тарихын оқытуда «Тұңғыш президенттің тарихи-мәдени орталығына» жасаған саяхат біздер үшін Отан,рух ұрығын терең сеуіп, тарихи сананы қалыптастыруда,Отан тарихын оқытуда пән мұғалімдері үшін құнды материалдар қоры ғана емес,тарихты оқытуда орталықтағы деректер материалдарын өз сабақтарында және сыныптан тыс жұмыстарында әртүрлі әдіс-тәсілдермен пайдаланып өткізуге мүмкіндік береді.



Бағдарлама:

Ұйымдастыру жұмысы:

  • Арнайы ұйымдасқан түрде бару,аранйы рұқсат алу,орталық қызметкерлерінің жалпы ішкі тәртібімен таныстыруы;

«Тұңғыш президенттің тарихи-мәдени орталығына» саяхат:

  • «Тәуелсіз Қазақстан» залы, № 1

Зал қазақтың ұлттық киіз үй үлгісінде жасалған.

1 стенд- Елбасының мемлекеттіміздің президенттік қызметке тағайындалған кездегі ант беруі, « ҚР президентін тағайындау туралы» заң құжаттары мен фотсуреттері қойылған.

2-стенд-ҚР-ның сыртқы саясатын бейнелейтін Елбасының түрлі ұйымдардағы(БҰҰ,ШЫҰ,ЕҚЫҰт.б.) сапарынан сыр шертетін фотосуреттер және ақпараттық қондырғы материалдары.

3 стенд- Еліміздің табиғаты бейнеленген фотсурет.

4 стенд- Мемлекеттік рәміздерге арналған және ақпараттық қондырғыда еліміздің наградалары туралы деректер.

6. Қабырғадағы сурет- президент Н.Ә.Назарбаевтың еңбек жолыныан сыр шертеді. Онда металлургия комбинатының жұмысшысынан президенттің қызметіне дейінгі кезеңдері суреттер арқылы берілген.

7. Еліміздің қаруылы күштерінің құрылуы және қазіргі күнге дейінгі жетістіктері фотосуреттері мен құжаттары.Еліміздің қарулы күштерінің бас қолбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың фотосуреті бейнеленген.

8.Еліміздің дүниежүзілік бейбітшілікті сақтау бағытындағы жұмыстары,яғни, түрлі келісімшарттар, елбасының бастауымен жасалған дүниежүзілік шараларынан сыр шертетін (әлемдік дінде съезі т.б.) суреттер мен видеороликтер.

9.Бұл стендіде еліміздің түрлі саладағы (денсаулық, білім беру т.б.) атқарылып жатқан істері туралы мәліметтер келтірілген және ақпараттық қондырғы қосымша қойылған.

10. Ұлттық валюта. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі тұңғыш теңгеміз және мерекелік монеталар қойылған.

11.Астананы Ақмола қаласына көшіру туралы заңнан бастап,1995-1998 жылдардағы Астананың ауысуына байланысты фотосуреттер мен қабылданған құжаттар берілген.

12.Залдың ортасында Астана қаласының макеті орналасқан.Онда заманауи үлгіде салынған құрылыстар, түрлі орталықтар,мемлекеттік мекемелер, тұрғын үйлер жаңа техникалық қондырғыларды орнату арқылы безендіріліп қойылған.

  • «Өз заманының перзенті» залы, № 2

Бұл зал тұтастай Елбасының балалық және студенттік шағынан сыр шертеді.

1.стенд- Назарбаевтар отбасына арналған (Елбасының әкесі мен шешесі,отбасының 4 баласы туралы құжаттар мен қоса фотосуреттер қойылған).

2 стенд-Елбасының шығу тегі туралы рулық шежіресі сызбасы өсіп тұрған ағаш бейнесінде жасалып көрсетілген.Бұл сызба арнайы Үндістанда жасалынған матамен, алтындалған жіппен қолөнердің ғажап туындысын көрсете отырып кестленіп орындалған.

3.макет «Шамалған ауылындағы 1950 жылдардағы Назарбаевтар отбасы тұрған үй».

4. «Үшқоңыр» дюрамасы.

5.макет «Қаскелең ауылындағы Елбасы оқыған Абай атындағы мектеп».

6.стендте Елбасының ауылдастары,сыныптастарымен түскен фотосуреттер және мектептегі кейбір сыныптағы үлгерім табельдері қойылған.

7. Шыны көрме : ХХ ғасырдың 40-50 жылдарындағы ауыл адамдары күнделікті тұрмыста қолданған заттары жинақталған. (тамақ салатын астау,ұршық, торсық,қамыт т.б.)

8.макет «Украйнаның Днепродзержинсий қаласындағы Н.Ә.Назабаев оқыған №8 техникалық училище» және екінші макетте Днепродзержинский қаласының символы болып табылатын «шынжырды үзген Прометей» статуясы қойылған.

9.стенд- Жоғарыда аталған училищедегі мұғалімдері, студент жолдастары және мақтау қағаздары,спорттық жарыстарға қатысқан уаұыттағы мадақтамалары қойылған.

  • «Тұлғаның ерен қабілеті» №3 зал.

Залға кіре берісте қойылған Қызыл темір арка –Қазақстан магниткасының салынып жатқан кезіндегі лозунгі мен кішірейтілген макетінен басталады.

1.Видеоролик «Теміртау қаласының салынып жатқандығы,оның қалай салынып жатқандығы туралы»

2.стенд-қаланы салуда пайдалынылған ең алғашқы құрылыс құралдары.

3.Қаланың салынуы туралы фотосуреттер.

4.1950 –ші жылдардардағы ақпарат алатын бірден-бір орталық қала көшелеріндегі жарнамалар тумбасы өойылған, онда жастарды жұмысқа шақырған жарнамалар, үгіт-насихат плакаттары және газет материалдары. Социалистік Қазақстан газетінің бір санында жұмысшы Назарбаев еңбегі туралы мақала берілген.

5.Жастардың жұмыстан кейінгі бос уақыттарда пайдаланған заттары көрмесі (домбыра,гармон,фотальбом т.б.) Ескере кететін жай Н.Ә.Назарбаев домбыра шертіп,ән айтқан.

6.стенд- Н.Ә.Назарбаевтың1962жылдан Қарағанды политехникалық институында оқыған кездегі студенттік өмірі туралы.

7.Студенттік жылдарындағы пайдаланған заттары (сол кездегі студенттер пайдаланған оқулық кітаптар,логариф сызғышы т.б.)

8.Шыны көрме «Домна пешінде жұмыс істейтін жұмышының костюмы» үлгісі қойылған. Ол арнай ыстық пеш жанында жұмыс жасауға дайындалған, шоқтан т.б. қорғауға ыңғайланып жасалған.

9.стенд- №1 домна пеші, алағшқы өнімді беруді бастаған сәті,1959 жылы комбинаттың құрылысының аяқталған кезінен сыр шертетін фотосуреттер мен комсомолдық путевкалар қойылған.

10.Домна пешінің аяқталуы туралы фотосуреттер мен құжаттар , 1960 жылдағы Қазақстандық шойын құйма,қалып (Қазақстанның құрыш келбеті) қойылған.

  • «Қазақстанның құрыш келбеті» №4 зал.

  1. Стенд-Қазақстан Магниткасының 40 жылдық мерейтойға келген кездегі Президенттің лебізі мен мереке кезіндегі салтанатты кездесулер туралы фотосуреттер мен құжаттар.

  2. Макеттер –«Металлургия комбинатының толық жұмыс жасау циклдері»,»еңбек құралдар (ковш,шлактар,балқытылған металл ,көтергіш кран,дайын өнімдер т.б.)

  3. Металлург киімі қойылған шыны көрме (костюм,каска)

  4. Стенд-завод жайындағы мәліметтер ( қанша өнім шығады,қайда пайданалынады,қандай елдерге өнім шығарады,мысалы, Иран,Ресейге т.б.)

  5. Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың металлургия комбинатының 50-жылдық тойына келегндегі кездесулер т.б. фотосуреттер).

  • «Уақыт ағымы» залы № 5

Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың партия кезіндегі жұмыстары туралы мағұлұмат береді.

1.Партия кезіндегі атқарған қызметтері стенді

2.Сол кездері алған марапаттары,грамоталары т.б. стенді.

3.стенд-1971 жылы Теміртау қаласын Еңбек Қызыл Ту орденін алған құжаттары менфотосуреттері берілген.

4.1950 жылы қалада ашылған металлургия сарайы туралы деректер стенді.

5.ВТУЗ, қазіргі Университет макеті т.б. стенділер.

6. «Президенттікке барар жол» көрмесі.(сол уақыттағы КСРО және ҚазСР-і м емлекеттерінің тулары,т.б. заттай деректермен жабдықталған.

  • «Қазақстан жолы» № 6

1.Еліміздің 20 жылда жүріп өткен жолы әр жылдармен 10ақпараттық тумбада орналасқан.

2.Интерактивті тақтада Қазақстан Республикасындағы әр облыстар туралы қысқаша мәліметтер берілген (қысқаша мағүлұматтар, карта, тарихи ескерткіштер туралы)

3.Барилер : Қазақстан тарихының жүріп өткен жолы «Ерте дәуірден қазірігі дәуірге дейінгі» мәліметтер суреттер бойынша спирал түрінде берілген.

  • Тұңғыш президенттің тарихи-мәдени орталығының 1 этажы

Орталықтың 1 этажында үш конференция залдары және кітапхана,галлерея залдары орналасқан.

1.Үлкен конференция залы 150 адамға арналған.

2.Орта конференция залы 80 адамға арналған.Ақпараттық қондырғылар арналған.

3.Кіші конференция залы 20 адамға арналған. Барлық конференция залдарында жұмыс жасауға арналған жаңа техникалық құралдар мен мүліктер реттестіріліп, жұмыс жасауға ыңғайлы етіп орналастырылған.

4.Кітапхана –Орталықтағы кітапханада кітапхана қоры 500 дана.

Газат баспалары,Елбасы еңбектеріі, Президент туралы еңбектер , Қазақстан Республикасы туралы иллюстрациялы кітаптар қоры жинақталған.

5.Сурет галлереясы «Адам.Уақыт.Заман»

Мұнда Суретші Таңсық Мажитованың еңбектері қойылған.

Онда Қазақтың әр салада еңбек етіп жүрген біртуар тұлғалары порттреттері берілген. Мысалы:Қуаныш.Сұлтановтың, Мұрат Мұқтарұлы Әуезовтың, Фарида Шәріпованың, Әбіш Кекілбаевтың, Асанәлі Әшімовтың, Серік Сәпиевтің т.б. порттреттері майлы бояуда жасалған. Онда барлығы 30-40 мөлшеріндегі туындылар жинақталған.

































Қортынды

Тәуелсіздік алған еліміздегі қайта құрулар, қоғамның ашықтығы мен ақпараттануы мектепте білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті.

Қоғамда болып жатқан түрлі өзгерістерге байланысты өткенді білуге деген құштарлық артуда .Сондықтан, мемлекетіміздің тұңғыш президентіне арналған тарихи-мәдени орталықтың материалдарын өзіміз оқытып отырған жас ұрпаққа сапалы білім-тәрбие беруде Қазақстан Республикасы туралы,тұңғыш президент Н.Ә.Назарбаев туралы ,Қазақстан магниткасы туралы алған мағұлұматтарымыз өз білімізді ғана байытуға өте үлкен мүмкіндік ашты.Қазақтың «көпті көргеннен сұра» дегеніндей әсіресе тарих пәні мұғалімдері үшін тіпті жекелеме сабақтардың өзінде алған-көрген мәліметтеріміздің пайдасы мол.Сыныптан тыс шараларда да патриоттық тәрбие беруде,азаматтық,адамгершілік тәлімдік-тәрбиелік маңызы зор.

Орталыққа барғанда көрген-білгендерімізді еліміздің ертеңі мен жас ұрпақ қамын ойлай отырып, рухани өркенімізді өсіріп, ұлт құндылығын түгендеуге берері мол екенініе көзіміз жетті.












Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Планирование

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Т???ыш президентті? тарихи-м?дени орталы?ына саяхат" ба?дарлама

Автор: Муканова Корлан

Дата: 04.03.2015

Номер свидетельства: 181967


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства