kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Тарихи м?дени ?имараттар" 8 сынып?а арнал?ан ашы? саба?

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбыТарихи м?дени ?имараттар. 
Саба?ты? ма?саты: Модуль бойынша ал?ан білімдері жина?талып, материалды? ме?герілгені ба?ыланады, модуль бойынша н?тиже ба?алары ?ойылып, ?орытынды жасалады.

Саба?ты? міндеттері: 
1. Модульдік техноллогиясы бойынша о?ыта ?йретуойындары ме?геріледі. 
А) «Т?сін мені» ойыны «?ажайып ?имараттар» м?тіні бойынша 
Б) «Даналы? а?ашы» ойыны «Т?мар патша» м?тіні бойынша 
В) «Си?ырлы санды?ша» ойыны «Ана?арыс ??лама ?алым» м?тіні бойынша 
Г) «??гімешіл ?жым» ойыны «Еділ батыр» м?тіні бойынша 
Д) «?з жарты?ды тап» ойыны «К?не Отырар» м?тіні бойынша 
Е) «Шешендер сайысы» ойыны ?осымша материал

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Тарихи м?дени ?имараттар" 8 сынып?а арнал?ан ашы? саба? »

Сабақтың тақырыбыТарихи мәдени ғимараттар. 
Сабақтың мақсаты: Модуль бойынша алған білімдері жинақталып, материалдың меңгерілгені бақыланады, модуль бойынша нәтиже бағалары қойылып, қорытынды жасалады.

Сабақтың міндеттері: 
1. Модульдік техноллогиясы бойынша оқыта үйретуойындары меңгеріледі. 
А) «Түсін мені» ойыны «Ғажайып ғимараттар» мәтіні бойынша 
Б) «Даналық ағашы» ойыны «Тұмар патша» мәтіні бойынша 
В) «Сиқырлы сандықша» ойыны «Анақарыс ғұлама ғалым» мәтіні бойынша 
Г) «Әңгімешіл ұжым» ойыны «Еділ батыр» мәтіні бойынша 
Д) «Өз жартыңды тап» ойыны «Көне Отырар» мәтіні бойынша 
Е) «Шешендер сайысы» ойыны Қосымша материал

2. Оқушылардың сөздік қорлары, синонимдерді таба білу, сұрақтарға жауап беру, мәтінді аударып, мазмұндау, өз ойларын жеткізе білу дағдылары дамытылады.

3. Тарихи тұлға, қала ескерткіштері туралы мәліметтерді жақсы меңгеріп, танып біліп, оларды естерінде сақтап, құрметтеуге, қорғауға тәрбиеленеді.

Сабақтың түрі: ойын элеметтерін қолданатын нәтиже сабағы. 
Сабақтың көрнекілігі: ойын түрлері жазылған плакаттар, кесте, карточкалар, суреттер. 
Сабақтың әдіс тәсілі: сөздікпен жұмыс, мәтінмен жұмыс, аудару, аудирование, мазмұндау, сұрақ жауап, әңгіме құрау, қорытындылау.

Сабақтың жоспары: 
І. Кіріспе бөлімі: 
•Сәлемдесу, түгендеу. 
•Сабақтың мақсатын түсіндіру. 
ІІ. Негізгі бөлім: 
•«Түсін мені» ойыны. 
•«Даналық ағашы» ойыны 
•«Сиқырлы сандықша» ойыны. 
•«Әңгімешіл ұжым» ойыны. 
•«Өз жартыңды тап» ойыны, 
•«Шешендер сайысы»

ІІІ. Қорытынды бөлім: 
•Есте толтыру. 
•Бағалау, үйге тапсырма беру. 
Сабақтың барысы: 
Сабақ басталғанда мұғалім кезекшінің мәлімдемесін қабылдайды, оқушылармен сәлемдеседі, балаларды түгендейді. Сабақтың мақсаты, құрылымы түсіндіріледі. Алдымен «Ғажайып ғимараттар» мәтінін еске түсіру үшін, «Түсін мені» атты ойынды ойнаймыз. Қысқаша ережесі түсіндіріледі. Оқушылар мәтінді ашып, бір рет оқып шығады да, дәптерлеріне осы мәтіннің ең негізгі ойын білдіретін он сөз немесе сөз тіркесін теріп жазады. Мұғалім өз нұсқасын ұсынып, оқушылар сәйкес келгеен сөздерді белгілеп қояды. Байқаушылар өздерінің бағалау парағына бағаларын қояды. 
3-4 – «3» 
5-7 – «4» 
8-10 – «5» 
Тірек конспектісі: Иассауи кесенесі, ақындық сөз, Әмір Темірдің қылышы, жарлық береді, 35 бөлімнен тұрады, жеті жылқының еті сыяды, он жыл тұрғызған, сәулетті шебер, таққа отырған кезде, ант береді. 
Бүгін нәтиже сабағында біз өзіміздің осы соңғы, яғни «Тарихи мәдени ескерткіштер» модулі бойынша алған білімдерімізді көрсетеміз. Ол үшін келесі «Даналық ағашы» ойынын ойнап көрейік. Мәтіні «Тұмар патша». Сіздердің мақсаттарыңыз, осы мәтінге бір көз жүгіртіп, ең қызық немесе қиын сұрақ жазып беру. Жұмысқа 1-2 минут уақыт беріледі. Ұстаз сандықшаға сұрақтарды жиып алады, содан соң әр оқушы бір-бірден тақтаға шығып, сұрақты алып, соған жауап береді. Байқаушылар өз бағаларын бағалау парағына қоя беереді. 
Осы біздің сандықшамыз сіздердің сұрақтарынызды ғана жиып алып қоймай, өзі де бізге әр түрлі қиын да, жеңіл де сауалдар мен тапсырмалар қоя біледі екен. Ондай болса бұл жай ғана емес, «Сиқырлы сандықша» болды ғой. Келесі тапсырмамыз «Сиқырлы сандықша» ойыны «Тұмар патша» мәтініне байланысты және сөздік қорымыздың байлығын көрсетеміз. Сондықтан әрқайсы оқушы тапсырма алып орындайды. Сөздер мен сөз тіркестерін аудару керек. Соңынан сұрақ қоюға болады.

Сөздікке байланысты сұрақтар: 
1.тайпа ... 
2.поход .. 
3.шабуыл ... 
4.последний бой .. 
5.қырғын ... 
6.разбивает ... 
7.өмір сүрген ... 
8.завоевал ... 
9.бастайды ... 
10.война .. 
11.тұтқынға түседі ... 
12.герой ...

Сұрақтар: 
1.Тұмар қашан өмір сүрген? 
2.Тарихта Тұмар қандай атпен белгілі? 
3.Сақтардың Ұлы даласына кім жорыққа шығады? 
4.Осы соғысқа сақтардан кімдер шығады? 
5.Тарихшы Геродот соғысқа қандай ат қойды? 
6.Кирді Тұмар патша не істейді? 
7.Геродот өз кітабында Тұмардың қандай сөздерін келтіреді? 
8.Тұмар патша қандай адам еді? 
9.Оқиғаны суреттеген кім және қандай кітапта? 
10.Тұмардың тайпасы не? 
Өте жақсы осы тапсырманы да орындадық, мәтінді толық меңгергенімізді білдірдік. 
Ендігі кезекте өздеріңіздің білімдеріңізді шығармашылық тапсырмалармен жалғастырып дәлелдеңіздер. Меенің өзімнің ойлап тапқан ойыным: «Әңгімешіл ұжым» «Еділ батыр» мәтініне сәйкес келіп тұр. 
Әр топ ойланбай ақ «Еділ батыр» туралы әңгімені өрбіту керек. Ережесі: бір оқушы әңгімені бір сөйлемнен бастайды, ал қалғандары алдыңғы сөйлемді қайталап барып, өз сөйлемін айтып жалғайды. Топтағы соңғы оқушы толық әңгімені айтып шығуы тиіс. 
Соңғы лексикалық тақырып: «Көне Отырарға» да келіп қалдық. Мәтіндегі сөздерге синонимдік қатар жасау мақсатында « 
Өз жартыңды тап» ойыны. 
1.шаһар \ қала, қоныс, орын. 
2.ұстаз \ мұғалім, оқытушы, тәрбиеші. 
3.халық \ ел, жұрт, адамдар. 
4.ғимарат \ құрылыс, үй. 
5.Көне \ ежелгі, бұрынғы, ескі. 
6.ғалым \ ғұлама, ойшыл, дана. 
Әрине, қандай жарыс болмасын әр топтың өз жетекшісі боолады ғой. Бүгінгі ойынның жол сілтеушілері әрі байқаушы қызметін атқарып, әрі жауап беріп отыр. Бұл кісілер өздеріне үлкен жүк алады. Келесі ойын осындай оқушыларға арналған «Шешендер» сайысы. 
Әр байқаушы спикер ролінде болып, белгілі тақырып бойынша әңгіме өрбіту керек: 
1.тарихи қалалар 
2.тарихи тұлғалар 
Ойынымызды қорыты келсек, кестеге тоқталамыз. Кестеде «Тарихи тұлғалар», «Тарихи қалалар», «Тарихи ескерткіштер»деген белгілер бар. Соларға тиісті карточкаларды салу керек. 
Қалалар: Түркістан, Фараб, Алматы. 
Ескерткіштер: «Алтын адам», «Есік жазуы», «Айша Бибі», Қожа Ахмет кесенесі. 
Тұлғалар: Әл Фараби, Тұмар, Еділ, Анақарыс. 
Сабақ қорытындыланып, бағаланады




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
"Тарихи м?дени ?имараттар" 8 сынып?а арнал?ан ашы? саба?

Автор: Утегенова Хамар Маратовна

Дата: 08.05.2015

Номер свидетельства: 209284


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства