kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Та?ырыбы: Дін саба?ы

Нажмите, чтобы узнать подробности

а? киімді денелі а?са?алды

со?ыр мыл?ау танымас тірі жанды

?сті басы а? ?ырау т?сі суы?

бас?ан жері сы?ырлап келіп ?алды

с?р б?лт т?сі сы? ?аптайды аспан

к?з болып дым?ыл т?ман жерді бас?ан

білмеймін той?аныма то??аныма

жыл?ы ойнап бие ?аш?ан тай жарыс?ан

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Та?ырыбы: Дін саба?ы»

Cабақтың тақырыбы: Н.Ә.Назарбаевтың бейбітшілік, дінаралық келісім орнату саласындағы саясаты.

Мақсаты: Тәуелсіз Қазақстанадағы конфессионалдық жағдай, діни сеним бостандығы туралы түсінік, дінаралық қатынастардағы толеранттылық, ұлтаралық және дінаралық келісімнің Қазақстанадық модулі, Қазақстан президентінің бейбітшілік пен дінаралық келісім орнату саласындағы саясаты туралы тусінік беру.


Әдісі: СТО технологиясы.

Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының Конституциясы. 30.08.1995

14 , 19 , 20, 22-бап.

  1. 1 Қазақстан Республикасының «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктері туралы» заңы 1992ж.

  2. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшысының съездері, материалдары.

  3. Н. Ә. Назарбаев Сындарлы он жыл. А, Атамұра 2003

  4. Видео материалдар  


«Қазақ жерінен барлық әлемдік діндер жүріп өтті, сондықтан бізге діни фанатизм мен шыдамсыздық тән емес. Бұл рухани дәстүр, бұл кез келген құдай сөзіне жақындыққа жол ашу – Қазақстандағы дінаралық келісімнің басты негізі.» Н. Ә. Назарбаев



Барысы: Ұйымдастыру

Топқа бөлу.

Тапсырмалар орындау.


І- тапсырма:


Оқулық мәтінімен қосымша мәліметтерді пайдалану, ізденіп оқу, ғаламдық проблемаларды шеше алу, өз ойларын айту.



ІІ тапсырма.

«3 жақты күнделік»

Оқулық мәтінімен,қосымша мәтінмен жұмыс

Не маңызды?

Неге?

Сұрақ

 

 

 


ІІІ тапсырма. Әр топқа тапсырмалар таратылып мәнін ашу. Топпен жұмыс.

Зайырлы, толеранттылық сөздерін естігенде ойларыңа не түседі .

І - топ



Діндердің бейбіт қатар өмір сүруідінаралық диалог дінаралық қатынастағы

толеранттылық

Қазіргі толеранттылық түсінігі 1789 жылы Францияда өткен құрылтайшылар жиналысындағы «Азаматтар мен адам құқығы декларациясында» көтерілген идея негізінде ағарту дәуірінің ойшылдарының көмегімен мақұлданған болатын. Бұл құжат сөз және ой бостандығын жария еткен алғашқы құжат саналды. 1995 жылы БҰҰ-ның Білім,Ғылым және Мәдениет Ұйымы толеранттылық жалпы құндылықтар мен сыйластық негізін қалаушы және әлемдегі түрлі діндер,мәдениеттерді дұрыс қабылдай білу ретінде танылған «Төзімділік ұстанымдарының декларациясын» қабылдады. «Философиялық сөздікте»: «Толеранттылық – өзге көзқарас,әдет,өнеге,ғұрыптарға төзімділік таныту.Толеранттылық түрлі халықтар мен ұлттар және діндер арасындағы қатынаста өте қажет.ол өз-өзіне сенімділік белгісі және өз ұстанымының сенімді түсінігі,басқа пікірлермен салыстыруға қорықпайтын және рухани бәсекелестіктен қашпайтын барлық идеялар үшін ашықтық белгісі» «Толеранттылық» термині ұстамдылық,сыйластық және әдептілік,түсіне және кешіре білуді өз бойына сіңіре алғандықтан кең мағынаға ие.


ІІ-топ

Мемлекет азаматтық қоғам діни бірлестіктер

Тәуелсіздік алған жылдардан бері біздің мемлекет бейбітшілікті нығайту және аймақта тұрақтылық орнатуға қатысты бірнеше бастамаларды ұсынды. 2002 жылдың қараша айында президент Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясындағы сөзінде барлық конфессияларды Еуразиялық дінаралық бейбітшілік пен келісім хартиясын қабылдауға шақырды.2003 жылдың ақпанында елбасының бастамасымен Алматыда мемлекеттің ресми және мұсылман,христиан, иудей,басқа конфессия өкілдері қатысқан бейбітшілік пен келісім халықаралық конференциясы болып өтті.Онда бейбітшілік пен тұрақтылық декларациясы қабылданды.Бұл құжатта «дін өркениеттер диалогын байланыстырушы болуы керек»,«бейбітшілік пен халықтың гүлденуі барлық діндер мен әлем мәдениетінің ақырғы мақсаты болып табылады» делінген.Президент Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен әрбір үш жылда әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездері өтті.2003 жылы I Съезд,2006 жылы II съезд,2009 жылы III съезд,2012 жылы ІV съезд өтіп,оған буддизм,индуизм,ислам,проваслав,католик,протестант,конфуцийлік және басқа да дін өкілдері үн қатты.

Қазақстанда әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съездерін өткізу – ғаламдық және аймақтық қауіпсіздікті қолда механизмі ретінде мәдениет және өркениеттер диалогін дамытуға Қазақстанның қосқан нақты үлесі.



ІІІ-топ


Діни келісім – бірлік пен тұрақтылық кепілі.

  1. Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылған ТМД елдері арасындағы алғашқы мемлекет.

  2. Қазақстан Ассамблеясының президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен Астана қаласында әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі өтті.

  3. Ислам,христиан,буддизм,иудизм діндерінің атақты жетекшілері Астана қаласын әлемдік діндер съезін жүргізуге болатын қала ретінде мойындады. Бұл елімізде ұлттық және конфессия аралық саясаттың халықаралық қауымдастықты қызықтыратын ерекше маңызды ұсыныстарды жасауына себеп болғанын дәлелдетеді.

  4. Қазақстан Республикасы Әділет министірлігінің жанынан ашылған діни істер комитетінің барлық облыстарда бөлімшелерінің жұмыс істеуі Ақтөбе облысы Әділет департаментінің діни істер жөніндегі бөлім «Дін және жастар», «секта дегеніміз не және діни секталардан қорғану». «Ақтөбе облысындағы діни ахуал және діни экстремизмнің алдын алу шаралары», «Діни экстремизм мен терроризмге қарсы тұру», «конфессияаралық келісімді нығайту» тақырыптарында іс-шаралар өткізді.

  5. 1992 жылы біздің республикамызда рухани келісімнің бірінші бүкіләлемдік дін конгресі өтті. Сол кезден бастап жыл сайын 18–қазан Қазақстанда рухани келісім күні ретінде аталып өтуде.

Қорытынды.

Үйге тапсырма: Эссе

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының IV съезінде сөйлеген сөзі бойынша.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
Та?ырыбы: Дін саба?ы

Автор: Раева Камаш Нурболгановна

Дата: 03.04.2016

Номер свидетельства: 314459


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства