Та?ырыпты?-к?нтізбелік жоспар ?аза?стан Республикасы ?кіметіні? 2012 жыл?ы
23 тамызда?ы № 1080 ?аулысымен бекітілген, ?Р мемлекеттік жалпы?а міндетті білім беру стандарты негізінде ж?не ?аза?стан Республикасы Білім ж?не ?ылым министріні? 2013 жыл?ы 3 с?уірдегі №115 б?йры?ымен бекітілген о?у ба?дарламалары ар?ылы жалпы білім беретін мектепті? 8 сыныбына арнал?ан «?аза?стан тарихы» З.Е.?абылдинов, А.Т.?айыпбаева Алматы «Атам?ра» 2012 ж?не 9 сыныбына арнал?ан «?аза?стан тарихы» М.?озыбаев, К.Н?рпейіс, ?.Ж?кешев 2013 жыл?ы Алматы «Мектеп» о?улы?ын басшылы??а ба?ытын алып, та?ырыпты ?зге ?ызы?ты тапсырмалар ж?йесінде ??растырыл?ан.
Тарих?а кіріспе ретінде берілетін б?л курсты? мазм?ны о?ушыларды? жас ерекшеліктері мен психологиялы? де?гейіне с?йкес алынды
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
««Т?уелсіздік жолында?ы 20 ?адам»»
Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының білім беру бөлімі
Қызылтал жалпы орта білім беретін мектебі
«Тәуелсіздік жолындағы 20 қадам»
9 сыныпқа арналған
оқу- әдістемелік кешен
Ақсай 2015
Батыс Қазақстан Облысы Бөрлі ауданы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің сараптама кеңесінде қаралып облыс педагогтарына таратуға ұсынылды
Хаттама № 5, 08.09.2014 ж
Құрастырушы: Суесинова Клара Тельмановна – I санатты тарих пәні мұғалімі
Рецензенттер:
Жолбатырова Ляззат Токтамысовна – Бөрлі аудандық білім
беру бөлімінің әдіскері
Доскалиева Шолпан Габбасовна – жоғары санатты тарих пәні мұғалімі
Жинаққа факультативтік курсы бағдарламасының күнтізбелік тақырыптық жоспары және сабақ үлгілері енген. Оқушылардың шығармашылықпен жұмыстануын, білімге деген сенімін арттыру мақсатында оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай тапсырмалар жинақталған. Тарих пәні мұғалімдеріне көмекші құрал ретінде ұсынылады.
Түсінік хат
9 сыныпқа «Тәуелсіздік жолындағы 20 қадам» факультативтік курс, аптасына 1сағат, оқу жылында 34 сағат
Тақырыптық-күнтізбелік жоспар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы
23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген, ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген оқу бағдарламалары арқылы жалпы білім беретін мектептің 8 сыныбына арналған «Қазақстан тарихы» З.Е.Қабылдинов, А.Т.Қайыпбаева Алматы «Атамұра» 2012 және 9 сыныбына арналған «Қазақстан тарихы» М.Қозыбаев, К.Нұрпейіс, Қ.Жүкешев 2013 жылғы Алматы «Мектеп» оқулығын басшылыққа бағытын алып , тақырыпты өзге қызықты тапсырмалар жүйесінде құрастырылған.
Тарихқа кіріспе ретінде берілетін бұл курстың мазмұны оқушылардың жас ерекшеліктері мен психологиялық деңгейіне сәйкес алынды
Мақсаты:
Мемлекеттің қоғамдық саяси тарихымен таныстыру
Қазақстан тарихы бойынша жүйелі білім беру
Қазақ тарихына қатысты құнды деректермен жұмыстану
Курстың негізгі міндеттері:
ұғымдар мен түсініктерді қалыптастыру;
тарихымызға деген қызығушылықты ояту, отандық және әлемдік тарихтың маңызды оқиғаларымен және құбылыстарымен таныстыру;
танымдық қызметтің қарапайым тәсілдерін игеру, тарихтың жүйелі курсын қабылдау мен игеруге оқушыларды дайындау.
Күтілетін нәтиже
Факультативтік курсын оқыту процесінде оқиғалардың хронологиясын жасау, тарихи оқиғалардың сабақтастығы мен ұзақтығын анықтау, әңгімеде қосымша материалдарды қолдану, салыстыру және ұқсастықтар мен айырмашылықтарды анықтау біліктері қалыптасады.
Оқушының қазақ елі тарихы беттеріндегі оқиғалардан хабары болады
Логикалық ойлау қабілеті артады
Өз бетінше қорытынды жасауға дағдыланады
3
Тәуелсіздік жолындағы 20 қадам
(барлығы 34сағат,аптасына 1сағат)
№
Сабақ тақырыбы
Сағат саны
Мерзімі
1
Қазақ хандығының құрылуы
1
2
Қазақ хандары
1
3
Қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы күресі
1
4
Сырым Датұлы бастаған ұлт – азаттық көтеріліс
1
5
Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт – азаттық көтеріліс
1
6
Бөкей Ордасындағы шаруалар көтерілісі
1
7
Жанқожа Нұрмұхамедұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс
1
8
XIX ғасырдың 60/70 жылдарындағы азаттық күрес
1
9
Қазақстан Ресейдегі 1905-1907 жылдардағы революция кезінде.
1
10
Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт – азаттық көтерілісі
1
11
Қазақстан 1917 жылғы революция кезеніңде
1
12
Қазақстанда Кеңес үкіметі билігінің орнауы
1
13
Қазақстан Азамат соғысы және шетелдік интервеция жылдарында
( 1918/ 1920 жж)
1
14
Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында
1
15
Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысының шешуші шайқастарына қатысуы
1
16
1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі
1
17
Қазақстан мемлекеттік тәуелсіздігінің жариялануы және ТМД –ның құрылуы
1
18
Қазақстан – тәуелсіз мемлекет
1
19
Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы дамуы
1
20
«Қазақстан 2030» Стратегиясы
1
21
Қазақстан Республикасының Президенті
1
22
ҚР Конституциясы: құрылымы мен мазмұны
1
23
Н.Назарбаев «Дағдарыстан шығу кілті»
1
24
Әлемдік діндер ұстанымы
1
25
Астана – алтын шанырақ
1
26
Қазақстандағы әлеуметтік – экономикалық және саяси жағдай
1
27
Білім мен ғылым саласындағы реформалар
1
28
ЕҚЫҰ және Қазақстан
1
29
«Қазақстан 2050» Стратегиясы
1
30
Қазақстандық Парламентаризм
1
31
Ғасырлар тоғысындағы Қазақстан
1
32
«ЭКСПО 2017. Қазақстанның болашағы»
1
33
Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам
1
34
Қорытынды. «Тарихты білу – парызым»
1
4
1 сабақ Сабақтың тақырыбы: Қазақ хандығының құрылуы
Мақсаты: Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайы ұлттық мемлекетінің құрылуының тарихи маңызы туралы түсінік беру, ойлау қабілетін дамыту, елін, туған жерін құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтын әдісі: сұрақ – жауап, баяндау,топтық жұмыс
Сабақтың барысы:1. Ұйымдастыру бөлімі
Оқушылардың зейінің сабаққа аудару
2. Қызығушылығын ояту: Топтастыру
Қазақ хандығы
3. Жаңа сабақтың жоспары:
1. Қазақ хандығының қалыптасуы
2. Қазақ хандығындағы әлеуметтік топтар
3. Хан сайлау дәстүрі
Кіріспе сөз: Қазақ хандығы 1465/1466 жылдары құрылды.Хандықтың дербес мемлекет болып қалыптасуына түрткі болған алғышарттардың бірі – елдегі билік үшін талас еді. XV ғасырдың ортасында Әбілқайыр хандығында тоқтаусыз өршіп отырған соғыстар мен ішкі феодалдық қырқысулар үдейе түсті.
1 топ: Әбілқайыр хандығы (қосымша деректерді пайдаланып, сипаттама беру)
Әбілқайыр хандығы
Керей мен Жәнібек бөлінді
2 топ: Қазақ хандығына сипаттама беру
Қазақ хандығы
Екі топқа тапсырма: Қазақ хандығының құрылысы (жеті саты)
1. Ауыл 2. Ата аймақ 3. Ру 4. Арыс 5. Ұлыс 6. Жүз 7. Хандық
(хандық құрылысының басшыларын атау)
Бекіту:
Кесте толтыру:
Жылдар
оқиғалар
1465/1466
Керей мен Жәнібек
1511/1518
Қасым хан
1538/1580
Хақназар хан
1582/1598
Тәуекел хан
1598/1628
Есім хан
1680/1715
Тәуке хан
Үйге тапсырма: «Егер сен хан болсаң не істер едің?» эссе жазу
5
2 сабақ Сабақтың тақырыбы: Қазақ хандары
Мақсаты: 1. XVI- XVII ғасырда қазақ хандығының саяси – әлеуметтік, экономикалық күш қуаты жағынан әлем таныған іргелі мемлекет дәрежесіне жету себептерін түсіндіру, қазақ мемлекетіндегі хандардың тарихтағы алған орындарымен таныстыру
2. Оқушылардың ойлау, сөйлеу, қазақ хандары туралы деректерді есте сақтау қабілетін дамыту
3. Отаншылдыққа, өз елінің тарихи құндылықтарын құрметтеуге тәрбиелеу
Сабақтын әдісі: сұрақ – жауап, топтық жұмыс
Сабақтың барысы:1. Ұйымдастыру бөлімі
Оқушылардың зейінің сабаққа аудару
2. Қызығушылығын ояту: Топтастыру
Қазақ хандары
3. Жаңа сабақ:
Мұғалімнің кіріспе сөзі: Қазақ хандарының тарихы 1465/1847 жылдар аралығын қамтиды.Қазақ ордасында қалыптасқан жөн- жораға байланысты хан болатын адам Шыңғыс ұрпағынан болуы шарт. Елді басқаратын ханды ел ағалары ақылдасып, кеңесу арқылы белгілейді. Ханды ақ киізге көтеріп, жұма күні ашық аспан астында хан сайлау рәсімін өткізеді. XVI ғасырда Жәнібектің баласы Қасым қазақ хандығының аумағын кеңейтіп, хандықты іргелі мемлекетке айналдырды. Ол «Қасқа жол» атты тұңғыш заңдар жинағын шығарды. Қазақ ордасын ұзақ жылдар билеген Хақназар, Тәуекел, Есім хандар тұсында қазақ хандығының күш қуаты бұрынғыдан артып, толыға түсті. Салқам Жәңгір, Әз Тәуке хандардың билік құрған кезеңі Жоңғар шапқыншылығымен тұстас келді. Әз Тәукенің «Жеті жарғы» заңдар жинағы қазақ хандығының әдет – ғұрып ережелерінің жиынтығы ретінде белгілі.
I топ: Тапсырма «Хронологиялық жорық» (сәйкестендіру)
1
Қасым хан
А
1598 - 1628
2
Хақназар хан
Ә
1680 - 1715
3
Тәуекел хан
Б
1511 - 1518
4
Есім хан
В
1582 - 1598
5
Жәңгір хан
Г
1538 - 1580
6
Тәуке хан
Д
1628 - 1652
II топ: Тапсырма «Өзіндік жұмыс»
Қасым хан әдет ғұрыптарды бір жүйеге келтіріп, 5 бөлімнен тұратын заң шығарды, осы заң арқылы орталықты басқару жүйесін жетілдірді
1
2
3
4
5
Екі топқа ортақ тапсырма «Құпия ұяшықтар»
1
Қалмақтармен жекпе – жекте теңдесі жоқ батыр, тарихта «Салқам Жәңгір» атымен қалды
2
Тапқыр саясаткер
3
Қазақтар мен қырғыздардың ханы
4
Қазақтардың алтын ғасыры, «қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған заман»
5
Құқықтық басқару жүйесі
6
Алғаш рет 5 бөлімнен тұратын заңдар жинағын шығарды
6
4. Толғаныс: сұрақтарға жауап беру
I топ:
1. « Жарғы» сөзі қандай мағынаны білдіреді? ( Әділдік)
2. Қасым хан тұсында қазақ хандығының шекарасы қай аумаққа дейін кеңейді? (Жайық өзені алқабына дейін)
3. XVI ғасырдың сонында Қазақ хандығы шекарасының батыс және солтүстігін ұлғайтуға қай мемлекет бөгет болды? (Ресей)
II топ:
1. XVII ғасырдағы Қазақ хандығының астанасы? (Түркістан)
2. «Жеті жарғы» бойынша ер адамның құны? «1000 қой)
3. Қазақ хандығында жоғарғы бт
Илік кімнің қолында болды? (хан)
5. Бекіту:
Қасым хан тұсында қазақ халқының саны
1 млн – ға жуық
Билердің беделін көтерген хан
Тәуке хан
Үш жүздің өкілдер Қарақұм жиының қай жылы өткізді
1710 ж
Есім хан тұсындағы қазақ хандығының астанасы
Түркістан
Әз Жәнібектің баласы
Қасым хан
1643 жылы болған шайқас
Орбұлақ
Үйге тапсырма: «Қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған заман» эссе жазу
7
3 сабақСабақтың тақырыбы: Қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы күресі
Мақсаты: 1. Жоңғарлардың қазақ жеріне шапқыншылығы
2. Оқушылардың ойлау, сөйлеу, қазақ хандары туралы деректерді есте сақтау қабілетін дамыту
3. Отаншылдыққа, өз елінің тарихи құндылықтарын құрметтеуге тәрбиелеу
Сабақтын әдісі: сұрақ – жауап, баяндау
Сабақтың барысы:1. Ұйымдастыру бөлімі
Оқушылардың зейінің сабаққа аудару
2. Жаңа сабақ барысы
I топ: Жоңғарлардың қазақ жеріне шапқыншылығы
II топ: Қазақ халқының жоңғарларға қарсы азаттық күресі ( қосымша деректермен жұмыс)
XVII ғасырдың аяғы мен XVIII ғасырдың басында Тәуке хан біріктірген қазақ феодалдық мемлекеті Орталық Азиядағы халықаралық қатынастарды беделді орын алды. Тәукенің өлімінен кейін қазақ жерінің бірлігі ыдырай бастады. Қазақ жеріне қауіп төндірген Жоңғар хандығы XVII ғасырдың 40 жылдарынан бастап Қазақстанға сан рет жойқын жорықтар ұйымдастырған.Қазақ елінің ахуалын қиындатқан тек жоңғар шабуылдары емес, солтүстік батыстан башқұрттар, оңтүстіктен Қоқан, Хиуа мемлекеттері де болды. Жоңғарлардың күтпеген жерден шабуылы, қазақ ауылдары үшін ауыр болды. Қазақ ауылдары мал мүкінен, үйінен, айырылып, бас сауғалауға мәжбүр болды.
Ел басынан кешкен осынау қайғы қасірет әйгілі «Елім – ай» әнінің мұңлы зарлы шумақтарынан байқалды.
Сұрақ: Жоңғар шапқыншылығы кезінде қатты ойрандалған өңір? (Жетісу)
2. Қазақ жерінің ұзақ жылдар жоңғарлардың қол астында қалып қою қауіпі төңген кезде халық арасынан шыққан батырлар бірігіп, үндеу тастады. Рулардың басын біріктіріп, көзге түскен батыр қанжығалы Бөгенбай болды.
Қазақтың үш жүз жасақтарының басқыншыларға қарсы тізе қосып, біріккен қимылдары 1726 жылы басталды. Торғай даласының Сарысудың орта ағысында, Бұланты өзенінің жағасында біріккен қазақ жасақтары жоңғарларға қарсы ойсырата соққы берді.Зеңбіректермен және мылтықпен қаруланған жоңғардың қалын қолы қазақ батырларының біріккен күшіне төтеп бере алмады.
Сұрақ: Жоңғарларға қарсы ұйымдастырылған қандай шайқастарды білесіз ?
Қорытындылау: екі топқа
Ірі шайқастар
Тарихи маңызы
Аягөз шайқасы
Бұланты шайқасы
Үйге: « Қазақ батырлары» жоба қорғау
8
4 сабақСабақтың тақырыбы: Сырым Датұлы бастаған ұлт – азаттық көтеріліс
Мақсаты: 1. Сырым Датұлы бастарған ұлт –азаттық көтерілістің шығу себебі, маңызы, нәтижесі туралы баяндау
2. Қазақ тарихындағы ұлт – азаттық көтерілістердің даңқын айта отырып, оқушыларды патриоттыққа, елжандылыққа тәрбиелеу
3. Ой қозғау арқылы оқушылардың есте сақтау, ойлау қабілетін дамыту арқылы алған білімдерін пайдалана білуіне үйрету
Сабақтын әдісі: баяндау, сұрақ – жауап,
Сабақтың барысы:1. Ұйымдастыру бөлімі
Оқушылардың зейінің сабаққа аудару
2. Үй тапсырмасын тексеру: оқушылар жобаларын қорғайды
3. Жаңа сабақ (слайд, тірек – сызбалар)
Жоспар: 1. С.датұлы басқарған көтерілістің алғышарттары
2. Көтерілістің мақсаты
3. Көтерілістің басталуы
4. Көтерілістің жеңілуі,маңызы,нәтижесі
Мұғалімнің сөзі: Көтеріліс басшысы Сырым Датұлы 1742/1802 жылдар аралығында өмір сүрген. Зерттеулерге қарағанда Батыс Қазақстан облысы Тайпақ ауданында дүниеге келген. Қазақ халқының өте тапқыр, көрнекті шешендерінің бірі. Сырым Датұлы Ресей патшасының,оның осы өңірдегі хандары мен сұлтандарының қарапайым халыққа көрсетіп отырған озбырлығына наразы болды. Қарапайым халыққа салық бермеуге, ханға сенбеуге, сұлтандарға ермеуге, өзін қорғауға ұран тастады.
Көтерілістің алғышарттары
Жер мәселесі
Кіші жүздегі хандық биліктің әлсіреуі
Патша үкіметінің қазақ жерін отарлау
Сұлтандардың патша үкіметіне қарсылығы
1. 1782 ж.27 желтоқсандағы Жаңа Жарлық бойынша
- қазақ жерінің қазақтарға жалға берілуіне тыйым салу
- жалға лаынған жер үшін қазақтар ақы төлеумен қатар аманат қалдыруға тиіс.
Көтерілістің басты мақсаты:
Көтерілістің нәтижесі
Орал казак әскерлерінің қазақ жерін басып алуды тоқтату
Нұралы ханның патша үкіметін қолдау
Ғасырлар бойы қалыптасқан жерді пайдалану жүйесін қалпына келтіру
Патша үкіметінің көтерілісті басуы:
1785 ж.ақпан айы жазалаушы топ қазақ ауылдарын талқандады
Адай, беріш руларына қысым жасалды
Көтеріліс кезіндегі басты оқиғалар:
Қазақ ауылдары зардап шекті
Кіші жүз старшындары Нұралы ханды тақтан тайдыру туралы шешім қабылдады
С.Датұлы Хиуа жеріне өтіп кетті
1801 ж. патша үкіметі Жайық жағалауына өтуге рұқсат берді
1802 ж. Сырым Датұлы дүние салды
9
Көтерілістің жеңілу себебі:
Көтеріліс нашар ұйымдастырылды
Қару – жарақтың аздығы
Көтерілісшілердің әр кезеңдегі мақсаттарының өзгеруі
Патша үкіметі қазақ руларына Жайықтың оң жағасына өтуге, мал жаюға рұқсат берді
Көтерілістің нәтижесі
Тарихи маңызы:
-Қазақ өлкесіндегі ең ұзақ көтеріліс, 14 жылға созылды
- ірі халықтық сипат алды
- Ресей империясына қарсы ашық күрес
Үйге: Сырым Датұлы туралы реферат жазу
10
5 сабақСабақтың тақырыбы: Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт – азаттық көтеріліс
Мақсаты: 1. Ресей империясының XIX ғасырдың алғашқы жартысындағы отарлық саясатына қарсы Кенесары бастаған ұлт-азаттық қозғалыстың мән-мағынасын жете түсіндіру арқылы тарихи маңызын ашып көрсету
2. Үй тапсырмасын тексеру: оқушылар өз хабарламаларын қорғайды
Қызығушылығын ояту
Сұрақ: Көтерілісті тәуелсіздіктің бастауы деп атауға бола ма?
3. Жаңа сабақ (оқушылар қосымша деректер арқылы мәліметті талдайды)
А) көтерілістің себептері – XIX ғасырдың 20 жылдары Ұлы, Кіші жүздердің оңтүстік бөліктері Қоқан хандығының билігінде болды, Хиуа хандығы бірнеше қазақ руларына қысым көрсетіп, қазақ халқының тыныштығын бұзды. 1822 ж.Жарғыдан соң патша үкіметінің қысымы күшейді. Кенесарының әкесі Қасым өзінің балаларымен бірге Ресейге қарсы күрес жүргізді. Кенесары Қасымұлы көтерілісінің басты себептері: азаттық үшін күрескен әкесі, ағалары, туыстарының ерлікпен қаза болуы, қоқандықтардың езгісінен қазақтарды азат ету, Ресейдің озбырлығын тежеу.
Ә) Көтерілістің қозғаушы күші – К.Қасымұлы көтерілісі Қазақстанның көп жерін қамтыды. Ұлы, Орта, Кіші жүз қазақтары көтеріліске азаттық үшін белсене қатысты. Оған үш жүздің рулары қатысты. Кенесары әскерінде халық арасындағы белгілі батырлар: Ағыбай Иман, Жоламан Тіленшіұлы, Бұғыбай,Сұраншы т.б. әр түрлі ұлт өкілдері болды
б) көтерілістің сипаты: қосымша деректермен жұмыс: талдау – тұжырымдау
1. Генерал губернатор мырзаға Абылай ханның ұрпағы К.Қасымұлынан
2. 1841 ж.7 маусым Орынбор шекара комиссиясына хат
Сұрақ: Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт – азаттық көтерілістің қазақ тарихындағы орны қандай? (оқушылар жауабы тыңдалады)
Қорытындылау: К.Қасымұлы бастаған қозғалыстың негізгі өзегі – мемлекеттік мәселе. Бұл қарсылықтың басқа көтерілістерден айырмашылығы – Кенесары хан тәуелсіздік мәселені ең жоғары қойды.Қалай болғанда да Кенесары Қасымұлы жаңа заманда қазақ хандарының бірлік үшін күрес дәстүрін жалғастырушы қайраткер ретінде тарихи сахнадан көрінді. Бүгінгі мемлекеттілік тәуелсіздігіміз бен ұлттық жаңғыруымыз Кенесары ханның Отанға қызмет етудің биік үлгісі болып қала бермек.
Үйге: «Шоқтығы биік көтеріліс» ой – толғау
11
6 сабақСабақтың тақырыбы: Бөкей Ордасындағы шаруалар көтерілісі
Мақсаты: Қазақстан аумағындағы отаршылдыққа қарсы ең ірі көтеріліс мақсатын, барысын, негізгі кезеңдері туралы мағлұмат беру.
Сабақ түрі: аралас, жаңа тақырып меңгерту
Көрнекілігі: оқулық, карта, қосымша мәлімет
Сабақ барысы: Ұйымдастыру бөлімі
Оқушылардың зейінің сабаққа аудару
Үй тапсырмасын тексеру: Білімге жорық
Өткен тақырып бойынша ықпал етуші факторларды атау
Картамен жұмыс: Жетісу, Арал маңы, Аягөз, Бұланты, Түркістан, ҰЖЖ
Даталар: 1711, 1771/1781, 1773,1723,1726,1635
Жаңа сабақ:
Исатай мен Махамбет көтерілісі (1836 – 1838жж)
Себептері:
- Ақшалай салық өсуі( 10/50 мың сом)
- Жәңгір хан әділетсіздігі
- Көшіп – қону, шөп жинағаны үшін салық төлеу
- Іргелес өңірде бекіністер салу
- Қазақ шаруаларын қанау
Сұрақ: Көтерілістің басты мақсаты?
хан озбырлығына шек қою
шаруалар жағдайын жақсарту
отаршылдық саясатты өзгерту
Сұрақ: Көтеріліс қай жерлерді қамтыды және кімдер қатысты ? Аумағы: бүкіл Қазақстан
Сұрақ: Исатай мен Махамбет туралы қандай мәлімет білесіз ? (оқушылар жауабы тыңдалады)
Сұрақ: Басты қозғаушы күшін атаңыз
Мәтінді оқи отырып, осы көтеріліске қандай баға бересіз, және ең маңызды салдарын атаңыз
- 1837ж,15 қараша – Тастөбе шайқасы. 3000 көтерілісшілер басым күшпен шайқасты, 60 сарбаздан айырылып, Исатай тобы бірнеше топқа бөлініп кетті.
Сұрақ: Тастөбе жеңілісінің салдары
көтерілісшілер қатары сиреді
Исатай жанында 10 серігі қалды
Қазақ шаруалары өз ауылдарына тарап кетті
Исатай тірідей ұстағанға 1000, басын алғанға 500 сом
Сұрақ: Ақбұлақ шайқасы туралы сипаттама беріндер (мәтінді оқу)
- 1838 ж, 12 шілде – Ақбұлақ шайқасы (көтерілісшілер екі жақта қоршауда қалды). Исатайдың қаза болуы.
Көтерілістің жеңілу себептері:
/ Патша әкімшілігінің қойған талаптары
/ көтеріліс басшылары біріктіре алмауы
/ қару –жарақтың теңсіздігі
/стихиялы, ұйымшылдықтың жеткіліксіздігі
Нәтижесі:
/ салық мөлшеріне шек қойылды
/ хандық билік әлсірегенің дәлелдеді
/ халықтар қанаушыларға қарсы бірігіп күресуі негізі қаланды
Тарихи маңызы:
/ XIX ғ. 30 ж. әлеуметтік ұлт – азаттық көтеріліс
/ отаршылдыққа қарсы бағытталған
/ XIX ғ. өлкедегі ең ірі азаттық үшін болған көтеріліс
Қорытынды: Венн диаграммасы
Бөкей Ордасындағы шаруалар көтерілісі
Кенесары Касымұлы көтерілісі
12
7 сабақСабақтың тақырыбы: Жанқожа Нұрмұхамедұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс
Мақсаты: 1. Хиуа және Қоқан хандықтарының үстемдігіне қарсы Сырдария және кіші жүз қазақтарының көтерілісі туралы түсініктеме беру
2. Оқушылардың көтеріліс бойынша шығармашылық ізденісін дамыту
3. Қазақ батырларына деген құрмет, Отанын, халқын сүюге тәрбиелеу
Сабақтын әдісі: жаңа тақырыпты меңгерту, сұрақ - жауап
Сабақтың барысы:1. Ұйымдастыру бөлімі
Оқушылардың зейінің сабаққа аудару
2. Үй тапсырмасын тексеру: Білімге жорық
Өткен тақырып бойынша ықпал етуші факторларды атау
Исатай мен Махамбет көтерілісі
Картамен жұмыс: Жетісу, Арал маңы, Аягөз, Бұланты, Түркістан, ҰЖЖ
Даталармен жұмыс: 1836/1838, 1837,15 қараша, 1838, қаңтар, 1838, 12 шілде
3. Жаңа сабақ : Сұрақ: XIX ғ. 50 ж. отаршылдыққа қарсы көтеріліс қандай себептермен айқындалды? ( оқушылар жауабы) Себептері:
- Хиуа ханы Мұхаммед – Рақым Аллақұл Жаңадария мен Қуандария аудандарында қамалдар тұрғызуы
Сұрақ: Көтерілістің басты мақсаты?
/ Сырдарияның оңтүстігінде Қазақстанды Ресейдің отарлауына қарсы
/ Хиуа хандарының өктемдігіне
Сұрақ: Көтеріліс қай жерлерді қамтыды және кімдер қатысты ?
Аумағы: Сыр бойы, жетекшісі Ж.Нұрмұхамедұлы, қозғаушы күші - шаруалар
Сұрақ: Жаңқожа батыр туралы қандай мәлімет білесіз ? (оқушылар жауабы)
Сұрақ: Басты қозғаушы күші кімдер?
(Мәтінді оқи отырып, осы көтеріліске қандай баға бересіз, және ең маңызды салдарын атаңыз)
/ 1847 ж- хиуа ханы Райм бекінісін жойып жіберуге тырысқан әрекеті сәтсіз аяқталды
/ 1856, жаз – Жаңқожаның жанына 2 мың қарулы топ жиналды
/ Жаңақала – көтеріліс ошағы
/ 1856 ж, желтоқсан – көтерілісшілер Қазалы портын қоршауға алды
Сұрақ: Жаңқожа әскерлерінің саны қанша болды ?
/ 1856 ж – 1500
/ 1857 ж - 5000
Көтерілістің жеңілу себептері:
/ Күрестің стихиялылығы
/ ұйымдастырудың әлсіздігі
/ феодалдардың бір бөлігінің солқылдақтығы
Тарихи маңызы:
/ қазақ, қырғыз халықтарының біріккен қозғалысы
/ Оңтүстік Қазақстанды Қоқан тепкісінен босатып, Ресей құрамына кіруіне алғышарт жасады
/ XIX ғ. 60 ж. Қоқан бектеріне қарсы күресте осы тәжірибе ұтымды пайдаланды
Қорытынды: топтастыру
Қазақстандағы ұлт –азаттық көтерілістер
Үйге: Көтеріліс туралы қосымша мәлімет дайындау
13
8 сабақСабақтыңтақырыбы: XIX ғасырдың 60/70 жылдарындағы азаттық күрес
Мақсаты:
1. Маңғыстауда басталған көтерілістің себептері, қозғаушы күші, жеңілу салдарын сабақ барысында ашып көрсету
2. Оқушылардың сабаққа деген белсенділігін, қызығушылығын арттырып, ойлау, сөйлеу танымдық қабілетін арттыру
3. Оқушыларды өз елінің бабалары сияқты елін қорғауға тәрбиелеу
Сабақ түрі: жаңа тақырып меңгерту
Көрнекілігі: оқулық, карта, қосымша мәлімет
Сабақ барысы:Ұйымдастыру
Оқушылардың зейінің сабаққа аудару
Үй тапсырмасын тексеру: Білімге жорық
/ Оқушылар хабарламаларын қорғайды, бағаланады
Жылдар сөйлейді: 1769, 1769/1772, 1833, 1848/49
Картамен жұмыс: Омбы, Орынбор, Семей, Өскемен, Бөкей Ордасы,Каспий, Арал теңізі
Жаңа сабақ: 1. Отаршылдық езгінің терендеуі
/ жерді патша үкіметі Мемлекет меншігі деп жариялау
/ жаңа бекіністер салу
/ салық көбейтілді (шаңырақ салығы 1 сом 3 сомға дейін)
Осы ауыртпалықтар қазақ шаруаларын азаттық күреске көтерді
Сұрақ: Орал мен Торғайдағы көтеріліске баға берініз (мәтінді оқи отырып, хронологияны дәптерге жазу)
Алғышарттары: көтеріліс жетекшілері
/ С.Түркібайұлы мен Б.Оспанұлы, қатысушылар – ру басылары
Талаптары:
/ еркін қонып көшуді сақтау
/ бастықтар бекіту шарттарын жою
/ салықты жою
Сұрақ: - Жамансай көлі маңында қандай оқиға болды?
Кімдер опасыздық жасады?
Жеңілу себептері:
/ қарудың аздығы
/ ауыз бірлік болмады
/ шаруалар түпкі мақсаттарын түсінбеді
Маңғыстаудағы шаруалар көтерілісі себебі:
/ 40 мың шанырақ адай руы екі жыл 160 мың сом салық төлеуі
Салдары:
/ Маңғыстау қазақтарынан 57.901сом салық жиналды
/ Адайлықтар соғыс шығыны ретінде 90 мың қой өткізді
Тарихи маңызы:
/ тұңғыш рет қазақ жұмысшыларының күреске қатысуы
/ көтеріліс әлсіз болды
/ рулық патриархалдық құбылыс сақталды
Қорытынды: негізгі хронология дәптерге түсіру
Үйге: қосымша мәлімет
14
9 сабақ Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Ресейдегі 1905-1907 жылдардағы революция кезінде.
Сабақтың мақсаты:
1. 1905-1907 ж. болған орыс революциясының Қазақстандағы қоғамдық-саяси өмірге тигізген әсері туралы айтып, өлкеде мұсылман қозғалысының күшею себептері мен кәсіподақ қызметінің ерекшеліктерін түсіндіру;
2. Тарихтың әр түрлі кезеңдерінде болған оқиғаларды салыстырып, қорытынды жасау машығын қалыптастыру;
3. Адамдардың діни көзқарастарына құрметпен қарауға, жауапкершілікке тәрбиеле
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, баяндау
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Оқушы зейінін сабаққа аудару
Жаңа сабақ жоспары:
- Патша үкіметінің отаршылдық саясатының күшейе түсуі
- Жұмысшы қозғалысының күшеюі
- Ауыл тұрғындарының наразылығы
- Орыс революциясының қазақ халқына тигізген ықпалы
Мұғалімнің сөзі: 1905 ж. 9 қаңтардағы «Қанды жексембіден» кейін Ресейдің басқа жерлеріндегі сияқты Қазақстанда да революциялық әрекеттер басталды. Отаршыл әкімшілік халықтан шындықты жасыруға тырысқанымен, Қазақстанда қанды қырғынға қарсы баскөтерулер болып өтті. Осы тұста оқушыарды революция кезіндегі Қазақстандағы саяси, әлеуметтік-экономикалық жағдайдың ерекшеліктерімен таныстыра кеткен жөн. 1905-1907 ж. революцияның негізгі алғышарттарының бірі патша үкіметінің отаршылдық аграрлық саясаты болды. ХХ ғ. бас кезінде Ресейдің орталық губернияларынан Қазақстанға шаруалар ағылды. Бұл Қазақстандағы саяси жағдайды ушықтырды. Қазақ ауылдарынан көшіп келгендердің жағдайы нашарлап кетті. Патша үкіметінің отаршылдық саясаты күшейді, қоныс аудару қорына қазақтардың ең құнарлы жерлері алынды.Өлкеден арзан шикізат , минералды ресурстар тасып әкетілді. Қазақ жұмысшыларының тұрмысы өте ауыр болды. Әйелдер мен бала еңбегі пайдаланылды, еңбекақы мөлшері тым аз еді.Мұсылман қозғалысының күшеюі, мұсылман съездерін ұйымдастыру, онда діни мәселелерден басқа қазақ қоғамының саяси, әлеуметтік-экономикалық мәселелері де қаралды.Жұмысшы қозғалысының күшеюі, қазақстанда социал-демократиялық және кәсіподақтық ұйымдардың құрылуы, қазақтардың Ресей Мемлекеттік Думасының қызметіне араласа бастады.
Өзіндік жұмыс
№1 тапсырма:
Хрестоматия материалдарын пайдаланып, қазақстандағы мұсылман ұйымдарының бағдарламаларына баға беріңдер.
№ 2 тапсырма:
Қазақстанда 1905-1907 ж. аралығында болған оқиғаларды хронологиялық ретпен құрыңдар.
№ 3 тапсырма: Қосымша деректерді пайдаланып сұрақтарға жауап беру
1. Социал-демократтар деген кімдер?
2. Сендер басқа елдердегі кәсіподақ ұйымдарының тарихы жөнінде не білесіңдер?
3. Қазақстанда қандай кәсіподақ ұйымдары болды?
4. Қазақстан кәсіподақтарының ерекшеліктерін атаңдар.
15
Қорытындылау: Сөйлемді аяқтаңдар.
1. 1905-1907 ж. революция Қазақстанда жеңіліске ұшырады, өйткені:
А)
Ә)
2. 1905-1907 ж. революцияның тарихи маңызы мынада:
А)
Ә)
3. І Мемлекеттік Думаның құрамына енген қазақтар:
Торғай облысынан-
Уфа облысынан
Орал облысынан-
Астрахан облысынан-
Ақмола облысынан-
Семей облысынан-
4. ІІ Мемлекеттік Думаның құрамына енген қазақтар:
Ақмола облысынан-
Торғай облысынан-
Семей облысынан-
Орал облысынан-
Астрахан облысынан-
Сырдария облысынан-
Жетісу облысынан-
Үйге: негізгі хронология дәптерге түсіру
16
10 сабақ Сабақтың тақырыбы: Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт – азаттық көтеріліс
Мақсаты:
1. 1916 ж.үлт – азаттық көтерілістің отаршылдыққа, империализмге қарсы сипатын түсіндіріп, нақты фактілерге тоқталу
2. Қосымша деректерді пайдаланып, өзіндік тапсырмаларды орындауға дағдыландыру
3. Пәнге қызығушылығын арттыра отырып, оқушылардың шығармашылық белсенділігін дамыту
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, топтық жұмыс
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру бөлімі
Оқушылардың зейінің сабаққа аудару
Үй тапсырмасын тексеру:
1. Қазақ жерін қамтыған ұлт – азаттық көтеріліс басшыларын атаңыз
2. Бірінші орыс революциясы қай жылы болды
3. Маңғыстаудағы адайлар көтерілісі кімге қарсы бағытталды
4. С.Датұлы қай рудан шықты
2. Қызығушылығын ояту:
- Көтеріліске қазақтармен қатар ұйғырлар, өзбектер, қырғыздар, дүнгендер де қатысты. Бұл қандай көтеріліс деп ойлайсыздар?
3. Мағынаны тану:
1 топ: Қозғалыстың себептері, мақсаты мен сипаты (қосымша деректерді пайдалану арқылы, сипаттама береді), (электронды оқулық)
1914 ж. басталған Бірінші дүниежүзілік соғыс қазақ халқына үлкен әсер тигізді. Әлеуметтік және ұлттық езгі күшейді, қазақтардан жерлерді жаппай тартып алу көзделді.Соғыс орасан зор мөлшерде шикізатты, азық – түлікті, малды жалмап жұтты. Әлеуметтік және ұлттық езгінің күшеюі, соғыс кесапаты – халық бұқарасының қайыршылануы, қымбатшылық, ашаршылық еңбекшілердің жағдайына ауыр әсер етті және өлке халқының әртүрлі топтары тарапынан белсенді наразылық тұғызды. Көтерілістің басты себептері – әлеуметтік – экономикалық және саяси сипаттағы факторлар: отаршылдық езгінің күшеюі, жерді тартып алу, салықтардың шамадан тыс ұлғаюы,қалың бұқара жағдайының күрт нашарлауы болды. Көтерілістің бұрқ ете қалуына патшаның 1916 ж. 25 маусымдағы 19 – 43жасқа дейінгі бұратана ер азаматтарын тыл жұмысына алу болды.
2 топ: Қозғалыстың қозғаушы күштері мен басшылары (мәтінді оқи отырып,қажетті мәліметтерді дәптеріне жазу), (электронды оқулық)
Көтеріліске қазақтармен қатар ұйғырлар, қырғыздар, өзбектердің қатысуы белең алды. Қозғалыстың басты күші тұтастай халық бұқарасы болатын. Қозғалыстың ауқымды әлеуметтік негізі бар еді. 1916 жылғы көтеріліс стихиялы түрде басталды және әлеуметтік құрамы жағынан біртекті болған жоқ. Оған көмір кеніштерінің, мұнай кәсіпшіліктерінің жұмысшылары қатысты.
1 топ: Картамен жұмыс (ұлт – азаттық көтерілісінің ірі ошақтарын көрсету)
1) Жетісу ошағы 3) Қарқара
2) Торғай 4) Орал
2 топ: 1916 ж. ұлт – азаттық көтеріліс басшылары (А.Иманов, Ә.Жангелдин,Т.Бокин.С.Меңдешев,Б.Әшекеев т.б.)
Екі топқа: Көтеріліс қазақ халқының жағдайын шеше алды ма? (оқушылар жауабы)
4. Толғаныс: Тест жұмысы (электронды оқулық бойынша)
5. Қорытынды: Ә.Бөкейханов «Қазақ – қырғыз осы көтерілісте көп адамын өлтіріп, шаруасын күйзелтседе, келешекке қандай ел екенін білдірді...» 1916 ж. қазақ халқының қолы жеткен тәуелсіздігі үшін күресі тарихта өз орнын алды.
Үйге: «1916ж. ұлт – азаттық көтеріліс» тақырыбы бойынша презентация дайындау
17
11 сабақ Сабақтыңтақырыбы: Қазақстан 1917 жылғы революция кезеніңде
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылар Қазақстанда және бүкіл Ресей империясындағы 1917 жылғы Ақпан революция қарсанындағы жағдай туралы түсінігін қалыптастырады. 1917 жылдың басындағы оқиғалардың, қос өкіметті және оның орнау себептерін түсінеді. 2. Оқулықпен жеке жұмыс істеу дағдыларын машықтандыру, материалдардағы басты мәселелерді пысықтау, тарихи оқиғаның үлгісін құрастыра білу қабілеттерін дамытады. 3. Оқушыларды елдегі оқиғалар үшін жауапкершілік сезіміне тәрбиелеу Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ жауап
Сабақтың түрі: аралас Жаңа терминдер: Ақпан революциясы, Қос өкімет. Сабақтың барысы. І. Ұйымдастыру бөлімі. ІІ. Кіріспе. ІІІ. Негізгі бөлімі. 1. Ақпан революциясы және оның қазақ қоғамына ықпалы бөлімді дауыстап оқып, талдау негізін дәптерлерге жазу. 1917 ж. 27 ақпанда Ресейде Ақпан революциясы жеңіске жетті. Нәтижесі: а) Монархия құлатылып, патша тақтан тайдырылды. ә) Қос өкімет орнатылды. 2. Ақпан революциясының тарихы маңызы: - орыс самодержавиесінің көп ғасырлық тарихын тамамдады; - қоғамның демократиялық дамуына жол ашты. Уақытша үкіметтің Қазақстанда іске асырған шаралары: - Торғай облысынан генерал Лаврентьевтің жазалаушы экспедициясы кейін шақырылды; - 1917 ж. 7 наурызда көтеріліске қатысушыларға кешірім жасау жөнінде Жарлық жарияланды; - 1917 ж. 24 сәуірде үкіметтің шешімімен тыл жұмысына шақырылған қазақтар еліне қайтарылды. 3. Қазақстанда Уақытша үкімет органдарының құрылуы (сипаттама беру) Қазақстанда Уақытша үкімет органдарының құрылуы. 1917 ж. мамырдан бастап Уақытша үкіметтің жергілікті органдары ауылдар мен селоларда да құрыла бастады. Қазақ халқының өкілдерінен Уақытша үкіметітің комиссарлары болып: - Торғай облысында Ә. Бокейханов; - Жетісуда М. Тынышпаев; - Түркістанда М. Шоқай тағайындалды. «Шура-ислами», «Шура-улема» саяси ұйымдары бөлімімен өз бетінше танысу. 4. Ақпан революциясының сипаты мен тарихы маңызы. Сипаты – буржуазиялық-демократиялық революция. Тарихы маңызы: Ақпан революциясы кез келген қоғамның барлық әлеуметтік топтарының мүдделеріне жауап беретін азаматтық бейбітшілік қоғам орнату мүмкіндігін жасады. Ақпан революциясының маңызды қорытындысы – қоғамдық өмірдің барлық саласының демократиялануы, кең көлемді саяси бостандықтардың орнауы мен осы үрдістің нәтижесінде халық бұқарасының саяси санасының арта түсуі болды.
18
12 сабақ Сабақтың тақырыбы : Қазақстанда Кеңес үкіметі билігінің орнауы
Сабақтық мақсаты: 1. Оқушыларға Ақпан, Қазан төңкерісі және Кеңестер билігінің орнауы туралы мәлімет беру, аталған төңкерістердің мәні мен сол кездегі Қазақстандағы саяси ахуал жайын түсіне білуге жағдай жасау 2. Негізгі мәселені анықтай білу дағдыларын қалыптастыру, саяси көзқарастарын қалыптастыруға көмектесу, нақты тарихи оқиғалармен таныстыру арқылы ой-өрістерін дамыту 3. Отарлау саясатының салдарын түсіндіре отырып оқушыларды патриоттыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Отан тарихына деген қызығушылығын арттыру. Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: сұрақ жауап Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың зейінің сабаққа аудару
Сабақ жоспары: 1. Патшаның тақтан құлауы. 2. Кеңестердің билікке келуі. 3. Азамат соғысы. II. Жаңа сабақ. Сұрақ: Революция дегенді қалай түсінесіңдер? (оқушылар жауабы тыңдалады) - Халықтың император билігіне қарсылығы («Қанды жексенбі»). Бұдан кейін 1917 жылғы Ресейде өткен Ақпан және Қазан төңкерістері жайлы оқушыларға түсіндіремін. Оны түсіндіруде төмендегідей схеманы қолданамын.
Уақыты Сипаты Нәтижесі
Акпан төңкерісі Қазан төңкерісі
Осы үлгімен оқушылармен бірігіп отырып схеманы толтырып шығамын. Осыдан кейін алдымен Қос үкіметтің содан кейін Кеңес үкіметінің билікке келуі жайлы оқушыларға айтып беремін. 1917 жылғы 25 қазандағы Петроград қаласындағы төңкеріс нәтижесінде билікке жұмысшы, солдат депутаттарының Кеңесі келеді. Кеңестер көсемі В.И.Ленин болды. Кеңестер үкіметі Ресей қарамағындағы аумақтарда әр түрлі кезеңде және әр түрлі жағдайда (қарулы күрес нәтижесінде немесе бейбіт жағдайда) орнады. Қазақстан жерінде де осындай жолдармен кеңестер билікке келеді. Алғашқы кезде кеңестер билігіне қарсы шыққан топтар өте көп болды. Нәтижесінде 1918-1920 жылдар аралығында Азамат соғысы өтті. Азамат соғысы — бір мемлекеттің ішіндегі саяси топтардың билік үшін күресі.
(Оқушыларға Азамат соғысының барысы, аяқталуы жайында әңгімелеп берем). Мұғалім оқушылар дәптерлеріне Кеңестер мемлекетінің құрамындағы Қазақстан мемлекетінің (автономиялық және одақтық) құрылу жолын хронологиялық кесте түрінде жазғызады. 2-3 оқушыға мәтінді дауыстап оқытып, түсінгенін айтқызамын. Оны сынып оқушыларын қатыстыра отырып талдатамын. Қорытынды кезең.: Сабақты бекіту мақсатында көбінесе проблемалық және салыстырмалы сұрақтар қоямын. Сұрақтар:
1.Монархиялық биліктің ерекшелігі неде?
2. Демократиялық Қазақстандағы билік пен монархиялық билікті салыстыр. 3. Патша билігіне халықтың қарсы шығуының басты себептері неде деп ойлайсың? 4. Ақпан төңкерісі мен Қазан төңкерісінің айырмашылықтарын көрсет. 5.Азамат соғысы дегеніміз не? 6. Кеңес өкіметі билікке қалай келді? 7. Кеңестер Одағының құрамындағы Қазақстан мемлекетінің құрылуы қалай өтті? Оқушылардың жауабын толықтырып отырамын немесе әр оқушының жауабын келесі оқушыға толықтыртамын. Бұдан әрі тақырыптың негізгі, басты мәселелеріне тоқтала отырып бүгінгі сабақты қысқаша қорытындылап өтемін.
19
13 сабақ Сабақтың тақырыбы:Қазақстан Азамат соғысы жəне шетелдік интервенция жылдарында (1918-1920 жж.)
Сабақтың мақсаты: Ресейдегі азамат соғысының Қазақстанға әсері және шетел интервенциясы кезіндегі Қазақстан туралы білуге үйрету арқылы тақырыпшаның негізгі ойын табуға көмектесу, өзіне деген сенімділікке тәрбиелеу
Сабақтың әдістері: сұрақ жауап,баяндау, тест тапсырмалары,топтық жұмыс
Күтілетін нәтиже:
1. Азамат соғысы туралы біледі
2. Түсіндіру арқылы өз білімдерін жетіліреді
3. Өзіне деген сенімділігі артады.
Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру бөлімі
Оқушылардың зейінің сабаққа аудару
Топтарға бөлу
II. Үй тапсырмасын тексеру:
Қазақ зиялылары туралы оқушылар презентацияларын қорғайды
Мұстафа Шоқай Әлихан Бөкейханов
III. Қызығушылығын ояту:
«Соғыс» дегенде көз алдымызға не елестейді? (оқушылар жауабы)
IV. Мағынаны тану:
1 топ: Шетел интервенциясының басталуы
2 топ: Азамат соғысының ошақтары , соғыстың ерекшеліктері
(оқушылар мәтінді оқи отырып, сипаттама береді)
V Ой толғаныс: екі топ тест тапсырмаларын орындайды:
10.Азамат соғысы кезінде Б.Қаратаев атқарған қызмет:
А) Торғай уезінің әскери комиссары В) Дала өлкесінінң төтенше комиссары
С) Қазақ атты әскер бригадасы саяси бөлімінің меңгерушісі Д) Әскери бөлімнің командирі
Е) Әскери бөлімнің комиссары
Үйге: М.Масанчи және Ә.Жангелдин туралы презентация қорғау
21
14 сабақ Сабақтың тақырыбы:Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі Қазақстан тарихымен таныстыру; соғыстың басталуы туралы мәлімет беру; Қазақстанның соғыс жылдарындағы маңызының артуы туралы білімді тереңдету, қазақстан-дықтардың жеңіске қосқан еңбекте-тылдағы, майдандағы үлестері туралы мәлімет бере отырып, ерлікке, батырлыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі
Оқушылардың зейінің сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: оқушылар презентацияларын қорғайды
1. М.Масанчи
2. Ә.Жангелдин
III. Жаңа сабақ: Базалық білім:
1. 1922 ж. 10 сәуір. Генуя конференциясы. 34 ел қатысты. (1922 ж. 16.04. Ресей мен Германия жасырын келісім жасады).
2. 1924-1925 жж. КСРО-Англия, Франция, Италия, Жапония, Австрия, Норвегия, Швеция, Дания, Грекия-дипломатиялық қатынастарды орнатты-оқшау-лануы ұзаққа бармады.
3. 1928 ж. 25 тамызда Парижде Бриан-Келлог пактісіне 49 ел қол қойды.
4. Фашистік мемлекеттердің көздеген соғыс жоспарлары:
Жапония-Қытай, Монғолия, Оңтүстік Шығыс Азия, Үндістанда үстемдік етуді көздеді. 1931-1932 жж. Жапония Қытайда «Қуыршақ мемлекет» құрды.
1933 ж. 27 наурызда Жапония Ұлттар Лигасынан шықты.
Париж конференциясында 1919 ж. 18 қаңтарда құрылған Ұлттар Лигасы Халықаралық қатынастар мәселесімен шұғылданып келді.
Италия 1935 ж. Эфиопияны жаулап алды.
Германия бүкіл Еуропа мен дүниежүзін жаулап алуды көздеді.
1937 ж. «Берлин-Рим-Токио өзегі» одағы құрылды.
1939 ж. Қыркүйек, кеңес-герман «Достық және шекара» бір-біріне шабуыл жасаспау туралы келісімге қол қойылды. Бұл келісім КСРО-ның халықаралық беделіне нұсқан келтіреді. Есесіне Германия екі майданда соғыспау қаупінен құтылады.
Екінші дүниежүзілік соғыс 01 қыркүйек 1939ж. Польшаны оккупациялаудан басталды. Өз тарихында Польша төрт рет бөліске түсті.
Кезек Финляндия мен Прибалтикаға келді.
5. Картамен жұмыс:
Жапония,Германия, Италия, Оңтүстік-Шығыс Азия,Үндістан,Польша
1940 ж. 18 желтоқсанда фашистік Германия «Барбаросса» жоспарын жасады.
Мақсаты:
1. КСРО-ға соғыс ашу.
2. Соғысты 1941 жылдың күзінде аяқтау. Бірнеше рейхкомиссариатқа бөлуді көздеді:
а) Остланд-Белорусь-Балтық
ә) Украина
б) Московия-Ресей
в) Кавказ
г) Орал-Еділ
д) Гросс-Түркістан (Қазақстан, Орта Азия, Татарстан, Башкирия, Әзербайжан, Солтүстік Кавказ, Қырым, Шыңжаң, Ауғанстанның солтүстігі).
1. Ұлы Германия империясы үшін қуатты шикізат және азық-түлік базасын жасау.
2. Кеңес елін отарға айналдырып, халықтарын құлдыққа салу.
1941 ж. 22 маусымда фашистік Германия КСРО-ға тұтқиылдан соғыс ашты. Ұлы Отан соғысы басталы...
VІ. Қорытындылау: «XX ғ.40 жылдарындағы халықаралық жағдайдың шиеленісуі» реферат жазу
22
15 сабақ Сабақтың тақырыбы: Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысының шешуші шайқастарына қатысуы Сабақтың мақсаты: 1. Ұлы Отан соғысының себеп-салдарын, барысын, кеңістігін, уақытын, нәтижесін анықтау арқылы оқушыларға қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысының басты шайқастарына қатысуы, ерліктері туралы мағлұмат беру. 2. Оқушылардың белсенділігін арттыра отырып, тарих пәніне қызықтыру, білімдерін жетілдіру, ойлау, сөйлеу дағдыларын қалыптастыру 3. Тарихи санасы қалыптасқан, соғыс атаулыға жаны қас, ержүрек, Отанын шексіз сүйетін, ұлттық рухы жоғары, шығармашыл жеке тұлға тәрбиелеу. Сабақтың түрі: аралас Көрнекілік: карта, слайд, суреттер, Сабақтың жоспары І. Ұйымдастыру кезеңі ІІ. Үй тапсырмасын сұрау III. Жаңа сабақты түсіндіру IV. Сабақты бекіту V. Бағалау, үй тапсырмасы Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі Оқушылардың зейінін сабаққа аудару ІІ.Үй тапсырмасын тексеру: Миға шабуыл 1. Ұлы Отан соғысы қашан басталды ? 2. А.Гитлердің соғыс қарсаңындағы жасаған жоспарының аты, бұл жоспар б- ша КСРО қандай аймақтарға бөліп жаулап алмақшы болды? 3. Қазақстан бұл жоспарда қай бөлікте, Қазақстаннан басқа қандай мемлекеттер болды? 4. Қазақстанға қандай оқу орны көшіріліп әкелінді ,онда қанша офицерлер оқытып шығарылды? 5. Қандай зауыт фабрикалар Қазақстанға көшіріліп әкелінді ?
(Оқушылар рефераттарын қорғайды) 3.Жаңа сабақтың жоспары: 1.Қазақстандықтар Мәскеу үшін шайқаста 2. Қазақстандықтар Ленинград үшін ұрыстарда. 3. Қазақстан-Сталинград майданының жақын тылы. ( Электрондық оқулық 9 сынып) Слайд арқылы: Соғыстың алғашқы кезеңінде Қазақ КСР-інде 14 атқыштар және атты әскер дивизиясы, 7 бригада құрылып, майданға аттандырылды. Брест қамалын қорғаушы Қазақстандықтар Ш.Шолтыров А.Наганов, В.Фурсов, Қ.Тұрдиев. Дивизия комиссары, оңтүстік-батыс майдан Әскери Кеңесінің мүшесі Е.П.Рыков басқарған 800 жауынгер 1941 жылы 20-қыркүйекте неміс басқыншыларымен 3 күн бойы ұрысып, бәрі дерлік қаза тапты. Мәскеу түбінде генерал- майор И.В. Панфилов қолбасшылық еткен 316- атқыштар дивизиясы шайқасты. 1941 жылғы қарашада Дубосеково түбінде соғысқан 1075- атқыштар полкінің танк жоюшылар тобының ерлігі мәлім. Осы топта болған ротаның саяси жетекшісі В.Г.Клочков « Ресей кең –байтақ, бірақ шегінерге жер жоқ, артымызда –Мәскеу!» деген ұран тастады. Мәскеу түбіндегі шайқаста көрсеткен ерлігі үшін 316- атқыштар дивизиясы 8 –гвардиялық дивизия болып қайта құрылып, Қызыл Ту орденімен марапатталды. Дивизия И.В.Панфиловтың есімімен аталатын болды. Бородино селосында жау штабына басып кіріп, 5 офицердің көзін жойған Төлеген Тоқтаровқа Кеңес Одағының батыры атағы берілді. Ротаның саяси жетекшісі Мәлік Ғабдуллин басқарған автоматшылар тобы жау танкілерін жойып, өз бөлімшелерін қоршаудан алып шыққан ерлігі үшін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Б.Момышұлы былай деп жазды: « Біздің жүрегіміз темір емес. Бірақ біздің кек отымыз қандай темірді болса да ерітіп, күйдіріп жібере алады... біздің үрейді жеңетін ең күшті қарумыз бар, ол- Отанға деген сүйіспеншілік». Николай Гастелло ерлігін жасаған А.Масловтың экипажы, құрамында Бақтыораз Бәйсекбаев болды. 1998 ж. Президенті Н.Назарбаевтың өкімімен Халық Қаһарманы атағы берілді. Балтық флотындағы Қызыл тулы «Киров» крейсерінде ғана 156 Қазақстандық жауынгерлік сапта тұрды. Ленинград үшін шайқаста Сұлтан Баймағанбетов жау пулеметінің амбразурасын кеудесімен жауып, ерлікпен қаза тапты. Ориенбаум алғы шебінде 4- атқыштар дивизиясының атақты мергені Дүйсенбай Шыныбеков шайқасты. 1941 ж.т қыркүйекте Жамбыл Жабаев «Ленинградтық өренім» деген жырын арнады.
23
1942 ж. күзінде Сталинград түбіндегі шайқас басталды, Қаз-н Сталинградпен 500 км шекералас жатқан, 1942 ж. күзінде Каспий өңіріне соғыс жағдайы енгізілді. « Сталинград – Шығыстың кілті» деп көрсетілді. Полковник Ғани Сафуллин басқарған 73-гвардиялық дивизия жаудың 120 танксін, 800 автомашинасын жойды. 29, 38 атқыштар дивизиясы кейінен 72,73 гвардиялық дивизияға айналды. Қарағандылық ұшқыш Нүркен Әбдіров 1942 жылғы 19-желтоқсанда Боковская –Пономаревка ауданында болған әуе айқасында өз ұшағын жау танкілерінің шоғырына құлатып ерлікпен қаза тапты. Сталинградтағы атақты «Павлов үйінде» жауынгер Толыбай Мырзаев соғысты. Еділ бойында минометші Қарсыбай Сыпатаев ерлік жасады. Сталинград қаласын қорғауда 300 фашистің тегеуіріне 11 Қазақстандық қаһарман төтеп берді. Осы шайқас болған жер «Шығыстың 11 батырының төбесі» деп аталды.
Сталинград шайқасында подполковник Позолотин басқарған 17- гвардиялық танк полкі ерекше көзге түсті.
Үйге тапсырма:
«Ұлы Отан соғысына қатысқан менің атам ( әжем)»
Ұлы Отан соғысына қатысқан азаматтар жөнінде мәлімет жазып әкелу.
24
16 сабақ Сабақтың тақырыбы: 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі
Мақсаты: 1986 жылғы Алматы оқиғасының себеп – салдарлары, сипаты, қозғаушы күштері мен маңызы туралы түсініктерін кеңейту, әміршіл - әкімшіл жүйенің принциптерімен таныстыру.
Күтілетін нәтиже:
Оқушылар Желтоқсан оқиғасы туралы мәлімет алады.
Туған өлкенің тарихын терең үйрену арқылы отан тарихына қызығушылығын оятып, өз білімдерін жетілдіруге бағыт алады
Отансүйгіштікке тәрбиеленеді
Сабақтың әдісі: тірек – сөздер, сұрақтарға жауап, топтастыру, негізгі хронология (жылдар, сандар ), тарихи сынақхат, Венн диаграммасы,
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылардың зейінің тұрақтандыру
«Өткенді білмей – қазіргі жағдайды білу, келешекті болжау қиын»
Әл – Фараби
I. Қызығушылығын ояту:
- Мына суреттердің біздің сабағымызға қандай қатысы бар?
( Тәуелсіздік монументі, елтаңба)
II . Мағынаны тану:
Тірек – сөздер арқылы тақырыптың мағынасын ашу:
1985 ж. Сәуір - жеделдету бағыты - КОКП – ның XXYII съезі - қайта құру - Д.Қонаев - Y пленум
Сұрақтарға жауап:
а. Желтоқсан оқиғасы қай жылы, қай күндері болды?
ә. Г. Колбин қай жақтан келді?
в. Қ. Рысқұлбеков туралы не білесіндер?
г. Д. Қонаев елді қанша жыл басқарды?
Топтастыру:
Желтоқсан
Жылдар сөйлейді:
1. 1985 ж. Наурыз Орталық комитетінің пленумы
2. 1986 ж. 16 желтоқсан Желтоқсан көтерілісі
3. 1991 ж. 17 желтоқсан Демократиялық жаңару күні
4. 1987 ж. Қаңтар Қайта құру, кадр саясаты мәселесі
талқыланды
5. 1992 ж. 21 ақпан Қ.Рысқұлбеков ақталды
Сандар сөйлейді:
8500 ---------------------
1720 ---------------------
1200 --------------------
240 ---------------------
99 ---------------------
2 --------------------
25
Тарихи сынақхат:
1986 жылдың ақпанында болған КОКП- ның XXYII съезі жаңа саясат жүргізудің негіздерін айқындап берді. КОКП Орталық Комитетінің нұсқауымен 1986 жылы желтоқсанның 16 – сы күні Қазақстан КП Орталық Комитетінің пленумы болды. Күн тәртібінде Д. Қонаев орнына орталық өкілінің ұсынысы бойынша Г.Колбинді сайлау ұсыныс
III. Толғаныс: Венн диаграммасы
IV. Бекіту:
1. Халық қаһарманы атағын алған желтоқсан құрбаны ? Қ.Рысқұлбеков
2. Желтоқсан оқиғасына қатысқаны үшін қанша адам сотталды? 99
3. Желтоқсаншыларды жазалау үшін Орталық Комитет қандай жоспар құрды? Бұрқасын – 86
4. Қ.Рысқұлбековке халық қаһарманы атағы берілді қай жылы? 1996 ж.
5. Қайрат толығымен ақталды қай жылы? 1992 ж.
V. Қорытындылау:
Желтоқсан – жадымызда жаралы күн
Жастарым жапа шеккен жаралы мұң
Еркіндік, егемендік, елдігімді
Емірене аңсады саналы ұғымы
26
17 сабақ Сабақтың тақырыбы:Қазақстан мемлекеттік тәуелсіздігінің жариялануы жәнеТМД-ның құрылуы
Мақсаты: 1.Қазақстан республикасының мемлекеттік тәуелсіздігінің жариялануы, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының құрылуы туралы оқушыларға толық мағлұмат беру
2. Ойлау қабілетін, өскелең ұрпақтың ата тарихын тереңірек оқып-үйренуге қажеттіліктерін арттыру рттыру арқылы ойлау дағдыларын дамыту
3.елін, туған жерін сүйетін, еркіндіктің қадірін түсіне білетін саналы ұрпақ тәрбиелеу;
Күтілетін нәтиже:
1.оқушылар өз беттерімен білім алуға дағдыланады
2.ТМД-ға мүше болған мемлекеттерді ажыратады
3.тапсырма орындауда өз ойларын еркін жеткізу
-топтық жұптық оқушылар бір- бірімен ой бөлісу
Сабақтың әдісі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылардың зейінің тұрақтандыру
I. Қызығушылығын ояту:
Тәуекелі тұратындардың қолы жетпесе ,Тәуелсіздік бола ма?
Азаппен арпалыспен келмесе,азаттық бола ма?
Оңайлықпен келсе оның қадірі бола ма?
Қадірі жоқ нәрсе қолда ұзақ тұра ма?
2. Мағынаны тану: мәтінді оқи отырып, тапсырмаларды орындайды
Тарихи сынақхат:
1. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні-----------------------тойланды.
2. Қазақ халқы азаттық жолында--------көтеріліс жасады.
3.1991 жылы 21 желтоқсанда Алматыда бас қосқан мемлекеттер
-------------- құрғандары туралы хаттамаға қол қойды.
4.1992 жылы ------------------Қазақстан республикасының БҰҰ-на мүше болып қабылданды
Бес жолды өлең құрастыру:
1.( кім не ?)) – Тәуелсіз Қазақстан
2.( қандай, қай?) – азат, егемен
3. (не істеді?) –
Топтастыру:
Егемен менің елім
Толғаныс: Эссе «Мен Егемен Қазақстанның ертеңімін»
Бекіту:
2.Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі қашан жарияланды?
3.1991жылдың желтоқсан айының басында Беларусь астанасы Минск қаласында қай мемлекеттер бас қосты?
4.Тәуелсіздік Қазақстанға қандай жағдайда келді?
27
18 сабақ Сабақтыңтақырыбы: Қазақстан – тәуелсіз мемлекет
Мақсаты: 1. Тәуелсіз Қазақстан туралы білімдерін арттырып, оқушылардың білім деңгейін бағалау
2. Білімдерін жетілдіру арқылы картамен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру
3. Ұлтжанды тұлға тәрбиелеу
Сабақтың түрі: баяндау
Сабақтың әдісі: сұрақ жауап, топтық жұмыс
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру бөлімі
Оқушылардың зейінің сабаққа аудару
2. Жаңа сабақ:
1 топ: Тәуелсіз Қазақстан тарихының оқиғаларын хронологиялық рет бойынша қойындар (оқушылар алдына қосымша деректер беріледі)
А) Екінші ұлттық халық санағы
Ә) Қазақстан халықтары Ассамблеясының құрылуы
Б) Қазақтардың дүниежүзілік құрылтайы
В) Қазақстанның БҰҰ – на қабылдануы
2 топ: Картамен жұмыс ( Қазақстан тәуелсіздігін мойындаған мемлекеттерді көрсету)
Түркия, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан, Армения, Белоруссия,Өзбекстан т.б.
Екі топқа: Сөйлемді толықтыр
1. ( Адам) мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізгі нысаны болып табылады. 2. Адамның өмірі мен қызметіне қатыстының бәрі (әлеуметтік салаға) жатады. 3. Қазақстанда (ҚР зейнетақымен қамтамасыз ету туралы) Заң негізінде зейнетақы бөлу жүйесі әзірленген. 4. 1996 жылдан бастап елімізде (медициналық сақтандыру) жүйесі жұмыс істейді.
Даталар сөйлейді:
1. 1997 ж – Қуғын сүргін құрбандарын еске алу жылы
2. 1998 ж – Халықтар бірлігі мен ұлттық тарих жылы
3 2000 ж – Мәдениет. Бейбітшілік жылы.
4. 2002 ж- Денсаулық жылы
5. 2003/2005 жж – Ауыл жылы
Қорытындылау: «Тәуелсізіктің оралғаны – біздің ата – бабаларымызды сан ғасырлық азаттық күресінің заңды өтеуі. Ата – бабаларымыхдың осыншама байтақ жерді ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап қалғаныың арқасы. Мұндай жер болмаса, мұндай елде болмас еді». Н.Назарбаев
Үйге: ҚР 20 жыл ішінде қол жеткізген жетістіктерді жазу
28
19 сабақ Сабақтыңтақырыбы: Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы дамуы
Мақсаты: 1. ҚР мемлекеттік тәуелсіздігін жариялануы туралы мағлұмат беру. Тәуелсіздіктің тарихи және халықаралық маңызын ашу.
2. Оқушылардыы демократизм идеяларына баулу
3. Ұлтжанды тұлға тәрбиелеу
Сабақтың түрі: баяндау
Сабақтың әдісі: сұрақ жауап, кесте толтыру,
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру бөлімі
Оқушылардың зейінің сабаққа аудару
2. Жаңа сабақ жоспары:
1. ТМД – ның құрылуы
2. ҚР тұнғыш Президентінің сайлануы
3. Ядролық қарусыздану
Мұғалімнің сөзі: 1991 ж. ТМД –ны құру жөнінде келісімге қол қойылды. ТМД төңірегіндегі мәселелерді талқылау үшін Азербайжан, Армения, Белорусь,Қазақстан, Қырғызстан т.б. басшылары Алматыға жиналды. Оған Грузия бақылаушы ретінде қатысты. ТМД – ны құру жөніндегі хаттамағ қол қойылғаннан кейінгі баспасөз конференциясын Н.Назарбаев ашты. Алматы кездесуінің маңызды шарттарының бірі ядролық қаруға қатысты бірлескен шаралар жөніндегі келіссөз еді. Оған қолдарында ядролық қаруы бар мемелкет есебінде Белорусь,Ресей, Украина басшылары қол қойды. Келісім бойынша кездесуге қатысушы мемлекеттер ядролық қаруға байланысты саясатты бірлесе жасауға,ТМД елдерінің ұжымдық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тиіс болды. 1990 ж. сәуір айында Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Н:Назарбаевты Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Президенті етіп сайлады. Әміршіл – әкімшіл жүйенің ауқымынан босап шыққан республикалар көпшілігі « кеңестік» және « социалистік» деген атаулардан бас тарта бастады. 1991 ж.10 желтоқсанда Республика Жоғарғы Кеңесінің сессиясында Қазақстан Республикасы деп атау жөнінде шешім қабылдады. 1993 ж. ҚР Президенті Н:Назарбаев Лиссабон хаттамасына қол қойып, Қазақстанның ядролық қарусыз аймаққа айналатыны жөнінде мәлімдеді. Тәуелсіздік алған республикалар өздері үшін қауіпсіздіктің қосымша кепілдемелерін талап ете бастады, оларды Ресейдегі саяси тұрақсыздық, әртүрлі саяси күштер мен қозғалыстардың күресі аландатты. КСРО-ның ыдырауы оның құрамындағы республикаларының саяси бостандық алуы көптеген сауалдар туғызды.Осы мақсатпен Ұлттық кеңес Н:Назарбаевка республика азаматтарын өз концепциясымен таныстыруды ұсынды. ҚР Президенті өз көзқарасын, негізгі қағидаларын « Қазақстанның болашағы – қоғамның идеялық бірлігінде» деген еңбегінде баяндап берді
(Жаңа сабақты түсіндергеннен кейн оқушылар мынадай тапсырмалар орындайды)
1 тапсырма : Қазақтың ұлттық мемлекеттігің қалпына келтіру кезеңдері
1920 ж 26 тамыз
1936 ж.
5 желтоқсан
1990 ж
25 қазан
1991 ж
16 желтоқсан
«Қырғыз (Қазақ) Автономиялы Кеңестік Республикасын құру туралы»
Декрет
КСРО Конституциясының қабылдануы
« Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы» Декларация
« ҚР мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заң
2 тапсырма :
Ішкі саясат бағыттары сыртқы саясат
Нарықтық экономиканы құру шынай тәуелсіздікке жету, бейбіт өмір сүру
тұрақтылық сақтау өзара ынтымақтастық
Ұлтаралық келісм ядролық қарусыздану
Шикізаттық бағыттан арылу
29
Қорытындылау: топтастыру
Қазақстан Қауымдастыққа енді
Азаматтар О танына орала бастады
Экономикалық өрлеуге
ҚР тәуелсіздігін жариялаудың тарихи маңызы
бағыт алды
Жазықсыз жазаланғандар
Халық теңдікті сезінді, демократизге
ақталды жол ашты
Ұлттық нышандар қайта жаңғыра бастады
Үйге тапсырма: Тақырып бойынша сұрақтар құрастыру
30
20 сабақ Сабақтыңтақырыбы: «Қазақстан 2030» стратегиясы
Мақсаты: Қазақстан 2030 дамустратегиялық бағдарламасының басым бағыттарына тоқталу. Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, мемлекеттіңшынайы өміріне шолу жасау. Отансүйгіштікке тәрбиелеу мемлекеттің жеткен жетістігіне мақтаныш сезім қалыптастыру .
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: баяндау, сөздік жұмыс
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру бөлімі
Оқушылардың зейінің сабаққа аудару
Мұғалімнің кіріспе сөзі: Қазақстан 2030 бағдарламасының толық атауы « Қазақстан 2030 даму стратегиялық бағдарламасы». Бағдарлама 1997 жылы 10 қазан күні жарияланды. Бұл бағдарламаның авторы ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев. Президент ретінде мемлекеттік басшысы болып 1989 жылы бірінші хатшылық қызмет атқарды да 1991 жылы, 1995 жылы, 1999 жылы, 2005 жылы 7 жылға сайланды 2012 жылға дейін. Биыл халықтың қолдауымен парламенттің ұсынысымен сайлау өтеді.
(Тақтадағы деректерді оқушылар дәптерлеріне жазып алу керек)
II. Негізгі бөлім:
Президент бұл стратегияны болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік сезімнің көрінісі деп бағалады. Осы бағдарламаға байланысты қоғамымыз нарықтық даму сатысына көшті.
Нарық дегеніміз-жеке меншік, баға белгілеу жүйесі, бәсекелестік.
«Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, кауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы»
Осындай маңыздылықтан келіп басым 7 бағыт шықты:
Ұлттық қауіпсіздік
Ішкі саяси тұрақтылық
Экономикалық өсу
Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты
Энергетикалық ресурстар
Инфрақұрылым көлік және байланыс
Кәсіпқой мемлекет
Бұл бағдарҚазақстан мен Ресей арасында шекара мәселесі рәсімделіп, құжаттқа қол қойылды.ламаны жүзеге асыруда бірлесе жұмылуымыз керек екені де баса айтылды.
1. Ұлттық қауіпсіздік - Қазақстан мен Ресей арасында шекара мәселесі рәсімделіп, құжаттқа қол қойылды. Қарулы күштердің әскери ғылыми орталығы ашылды. Діни экстремизмге қарсы күрес жөнінде агенттік құрылды. Ресей, Орталық Азия елдері және Қазақстан терроризмге қарсы орталық құрды т.б.
2. Ішкі саяси тұрақтылық – барлық этникалық топтар құқықтарының тең болуын қамтамасыз ету. Жекешелендіру процессін аяқтау, сот билігі мен құқық қорғау органдарының саласын реформалау. Конфессия арасындағы қарым – қатынастарды нығайту.
3. Экономикалық өсу – макротұрақтандыруды жүргізу. Бағаны нарықтандыруды қадағалау. Кәсіпорындарды жекешелендіру. Ашық экономика мен еркін сауданы құру. Алтын валюта қорын, банк депозиттерін сақтандыру.
4. Қазақстан азаматтарының әл – ауқаты – наркобизнеске қарсы күресті күшейту. Темекі мен ішімдікті тұтынуды қысқарту. Азаматтар денсаулығын жақсарту т.б.
5. Энергетика ресурстары – Каспий теңізінің бөлігінде бұрғылау жұмыстарын жүргізу. Қытай мен Түркия еледірі қатынасты нығайту. Өңдірілген өнімдердің 80 % мемлекеттік қазынаға жіберу.
6. Инфрақұрылым – байланыс және телекоммуникация желілерін дамыту. Әуежайларды жаңарту. Флотты кемелермен толықтыру т.б.
7. Кәсіпқой мемлекет – Ықша үкімет құру. Отарлыққа тәуелділікті жою. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу т.б.
III. Қорытынды:
Бір қарағанда мемлекет қоғамда басты болып саналады, бірақ біз көргеніміздей мемлекет бір өзі ештеңе істей алмайды оған белгілі жүйелі түрде органдар қызметі керек. Аса маңыздысы азаматтар олардың мемлекет ісіне тікелей араласуы болып табылады. Адам-жеке тұлға мемлекеттің қымбат қазынасаы байлығы азаматтар болып табылады.
31
Мемлекеттің өсіп өркендеуі үшін әрбір азамат мемлекет ісіне тікелей араласуы керек.
Біздің мемлекетіміздің өсуіне толық мүмкіншілігі бар:
Оңтайлы географиялық аймақ
Дені сау экономика
Орта буын
Қазақстанның дамуы үшін жағдай
Азаматтардың білім алуының еркіндігі
Шыдамдылық
Төзімділік
Үйге тапсырма: Газет материалдарынан дүние жүзі мемлекеттері Қазақстанның дамуы туралы қандай ой-пікірде екенін жазып келу.
32
21 сабақСабақтыңтақырыбы: Қазақстан Республикасының Президенті
Мақсаты: 1. Қазақстан Республикасы Президентінің атқаратын қызметі, міндеттері, құзыреті туралы түсінік беру
2. Топтық өзіндік жұмыс жүргізу арқылы оқушылардың құжатпен жұмыс істеу, іздену, өз ойын айту қабілеттерін дамыту
3. Ел болашағын ойлайтын, құқықтық мәдениеті қалыптасқан жастарды тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: баяндау, топтық жұмыс, карта
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру бөлімі
Оқушылардың зейінің сабаққа аудару
Оқушыларды үш топқа бөлу
II. Үй тапсырмасы: оқушылар жобаларын қорғайды
III. Жаңа сабақ:
Жоспары:1. Қазақстанда Президенттік институттың енгізілуі
2. ҚР Президенттігіне ұсыну тәртібі
3. ҚР Президентінің қызметі, құзыреті, өкілділігі, құқығы
Жаңа сабақты қазақ халқының мемлекеттік тарихынан Президенттік басқаруға дейінгі тарихына шолу жасаудан бастау
Президент
Хатшы
қаған
Хан
Патша
Интерактивті тақта арқылы:
1. Қазақстан Президенті қызметінің тарихы
2. Қазақстан Президенті ұсыну тәртібі
3. Қазақстан Президенті өкілдігі
4. Қазақстан Президенті құқығы
5. Тұңғыш Президент Н.Назарбаетің өмірбаяны
Жаңа сабақ бойынша III топқа тапсырма беріледі: Тапсырманы орындау үшін оқушылар оқулық, қосымша деректер, ҚР Конституциясын пайдаланады.
I топқа тапсырма: Президенттің қызметі
ҚР Президентінің қызметі:
Мемлекет басшысы
Мемлекет пен халық атынан сөйлейді
Ішкі және сыртқы саясатты жүргізеді
Халық алдында ант қабылдайды
Парламент қабылдаған заңдарға қол қояды
Жарлықтар мен өкімдер шығарады
Халықаралық келіссөздер жүргізеді
Үкіметке тікелей ықпал етеді
Үкіметтің құрылымын анықтайды
Әкімдер есебін тыңдап, тапсырма береді
33
II топ: Президент кімдерді қызметке тағайындайды
Президент
Қызметке тағайындайды
III топ: ҚР Президенті Н.Назарбаевтің қызметі
ҚР Президенті Әнұранның авторы
Н.Ә.Назарбаев
жазушы ЕҚЫҰ –ның төрағасы
Дүние жүзі қазақтары қауымдастығын
Жоғарғы сот кеңесінің төрағасы
төрағасы
I топ өз тапсырмасын қорғағаннан кейін Елбасымызыдң Жолдаулары «Жаңа оңжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» тақырыбындағы Жолдауына түсінік береді
III топ жұмысынан кейін Н.Назарбаевтың кітаптарымен таныстырады.
Ой – толғау « Мен Президент болсам»
Қорытындылау: Мемлекетіміздің жоғарғы лауазымы – президенттік қызмет елдің, халықтың үміті мен сенімін, бабалар аманатын арқалаған ең жауапты міндет. Бұл қызметті Отаны мен халқын шын сүйетін патриот қана атқара алады.
34
22 сабақСабақтың тақырыбы: ҚР Конституциясы: құрылымы мен мазмұны
Мақсаты: 1. Жалпы заң білімі саласынан мағлұмат бере отырып, зң\аң біліміне қызығушылығын арттыру
2. Ата Заңның өмірлік қажеттілін түсіндіру
3. Конституция баптарына талдау жасау арқылы жастарды құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: жаңа тақырыпты меңгерту
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру бөлімі
Оқушылардың зейінің сабаққа аудару
II. Жаңа сабақ жоспары:
1. Конституция – мемлекеттің негізгі заңы
2. Конституцияның құрылымы мен мазмұны
Конституция – қоғамдық және мемлекеттік құрылыс негіздерін, мемлекеттік органдар жүйесін реттейтін олардың түзілу реттілі мен қызметін, азаматтардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын мемлекеттің негізгі заңы. Мемлекет пен қоғамның негізгі заңы ретінде Конституция бүкіл заң шығару ісінің қайнар көзі. Өзге нормативтік құқықтық актілерде кездеспейтін өзіне тән белгілері болады.Өркениетті қоғам Конституциялық заңдылыққа бағына отырып дамиды. Коституциялық мемелекеттік құрылыс түрлері / унитарлы, федерация/ мемлекеттік басқарудың / монархия, республика / формалары анықталады. Мемлекеттердің жоғарғы органдарының құрылымы, азаматтардың негізгі құқықтары, бостандықтары мен міндеттері көрсетіледі. Бүкіл қоғамның тағдырын айқындайтын негізгі заң болғандықтан, Конституцияға өзгнріс енгізу жиі қайталана бермейді. Кейбір батыстың демократиялы елдері жүздеген жылдар бойы Конституцияларын өзгертпей, орнықты өмір сүріп келеді. Мысалы, Американы алатын болсақ олардың Конституциясының уақыты 250 жыл болса, әлі күнге дейін пайдаланып отыр, американдық азаматтар осындай заңдарын қайда жүрсе де алып жүреді екен, егер өз құқықтары бұзылып жатса, дереу көрсете қояды екен. 1991 ж. 16 желтқсанда Қазақстан өзінің тәуелсіздігі туралы Конституциялық заң қабылдағаннан кейін, қазақ елінің Конституциясы қажет болды. Осыдан кейін, 1993 ж. 28 қаңтарда Конституция қабылданды. Бұл заңды президенттік басқару нығайту үшін қайта қарауға тура келді. 1995 ж. 30 тамызда бүкілхалықтық Референдум арқылы ҚР жаңа Конституциясы қабылданды. ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар республикалық референдум арқылы енгізілуңі мүмкін болды. 1998 ж. және 2007 ж. Конституцияға өзгерулер мен түзетулер жүзеге асырылды. ҚР Конституциясындағы Жалпы ережелер деп аталған 1 бөлімінде: ҚР сипаттамасы, президенттік басқару, құқықтың қолданылуы, меншікке қатысты қағидалар тұжырымдалған. Адам және азамат бөлімінде, адам құқықтары, бостандықтары, міндеттері, меншікке қатысты қағидалар тұжырымдалған. 3 бөлім Президент, 4 бөлім Парламенттің, 5 бөлім Үкіметтің жасақталуы туралы айтылған. Конституцияның маңызды ерекшелігі – ол бір жағынан мемлекеттін, ал екінші жағынан қоғамның негізі заңы болып табылады. Конституцияға қайшы болмауға тиіс дегенді білдіреді. Мемлекеттік органның қандайы болсын Конституция қағидаларын сақтауға тиіс.
III. Қорытынды: Заңды сауатты білген адам әділетті, парасатты, турашыл да батыл болса, заңды білмеген адам жағымпаз, қорқақ болады. Ата заң бізге қызмет етеді, ал біз елге қызмет етуіміз керек, өйткені мемлекет – ол біз боламыз.
35
23 сабақСабақтың тақырыбы: Н.Назарбаев «Дағдарыстан шығу кілті»
Мақсаты: 1. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауының үлкен саяси идеялық маңызын, әлемдегі 50 елдің қатарына кіру стратегиясының негізгі қағидаларын түсіндіру
2. Тарихи деректермен жұмыс жасауға үйрету
3. Бірлесіп жұмыстануға тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: топтық , қосымша деректермен жұмыс
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру бөлімі
Оқушылардың зейінің сабаққа аудару
II. Жаңа сабақ жоспары:
1. Жолдау туралы мәліметтер
2. Алдын ала дайындаған жобаларын оқушылар қорғайды
Кіріспе: Мұғалім оқушыларға Жолдаудың саяи маңыздылығын түсіндіріп, әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясының негізгі қағидаларын, еліміздің ішкі және сыртқы саясатындағы экономикалық дағдарыстын қиындықтарын айқындайтын кешенді құжат болып табылатыны туралы түсіндіріп кетеді.
III. Оқушыларға сөз: 1 топ «Әлемдік дағдарыстан шығу жолдары» (1 слайд)
Қазақстанның әлемдік экономикаға кіруі
Бәсекеге қабілетті стратегиясын әзірлеу
Әлемдік нарықтағы қазақстандық тауарларды қолға тарату
Ірі ұшқыр жобаларға қатысу
Мемлекеттік холдингтерді дамыту
Өндіруші сектордың тиімділігін арттыру
Қаржы жүйесін дамыту
2 топ: Қазақстанның әлем алдындағы мүмкіндіктері ( 2 слайд)
Екі топқа : Сұрақтарға жауап беру
1. Білім саласындағы өзгерістер қандай?
2. Жұмыссыздыққа жол бермеу үшін қандай шаралар қажет?
3. «Дағдарыс өтеді, кетеді» деген ойды қалай түсіндіресіңдер?
4. Девальвация ел жағдайына қандай әсер етеді?
( оқушылар жауабы тыңдалады)
Қорытынды: Ел үшін, ұрпақ үшін « Бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып» татулық пен бірліктің, кеңдіктің арқасында жас мемлекетімізді қазіргі дағдарыстан шығара аламыз. Дағдарысты жеңетін бір ақ күш бар, ол- бірлік. Бірлік арқылы тәуелсіздігімізді қорғап қаламыз. Рухы биік ел болуымыз керек.
36
24 сабақСабақтың тақырыбы: Әлемдік діндердің адамгершілік ұстанымы
Мақсаты: Оқушыларды әлемдік діндердің ұстанымдарымен таныстыру арқылы,рухани дүниетанымын қалыптастыру
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: топтық , қосымша деректермен жұмыс
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру бөлімі
Оқушылардың зейінің сабаққа аудару
Оқушыларды топқа бөлу
II. Жаңа сабақ:
« ... Адамзат баласының игілігі, құдай тарапынан жіберілген ережелер жинағы не деп ойлайсыздар?» ( Дін)
Әлемдік діндер адамгершілік туралы
I топ: Будда діні ( алдын ала берілген жобаларын қорғайды) (слайд 1)
Будда өзінің ілімінде жалған догмалардан, діни практикадан қашық болуға тырысты. Нирвана арқылы адам тыныштыққа, бөленеді деп есептеген
Сұрақтарға жауап беру: С.Гаутама қанша жасында Будда болды? (35)
II топ: Христиан діні ( слайд 2)
Христиан дінінде адамның барлығы жаратушы алдында құқығы тең, адамгершілігі мол делінген.
Сұрақ: Құдайдың қасиетті оқиғалар тарихының кескіндеме бейнесі? ( икона)
III топ: Ислам діні (слайд 3)
Адамның бар жаратылыстан ерекшеленетін қасиеті – иманы.
Сұрақ: Құранды жатқа білетін адамды кім деп атайды? ( Хафиз)
3. Қорытынды: Жалпы әлемдік діндерге ортақ негіздер мен ұстанымдарды, ең алдымен, дінінің ең асыл қағидаларын, оның адамсүйгіштік басты маңызын халықтың сана сезіміне сіңірген.
37
25 сабақСабақтыңтақырыбы: Астана - алтын шаңырақ
Мақсаты: 1. Жас тәуелсіз мемлекеттің тарихын, шығу тегін, түсіндіру. Ел ордасы тарихымен таныстыру, оның келешегі мен болашағына шолу жасау
2. Қазақ халқының астаналары жайында білімдерін кеңейту
3. Өз еліне мақтаныш сезімін арттыру
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: баяндау, топтық жұмыс
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру бөлімі
Оқушылардың зейінің сабаққа аудару
Оқушыларды топқа бөлу
Қызығушылығын ояту: «Сарыарқа» күйі
II. Жаңа сабақ:
Мұғалімнінң сөзі: Қазақстан – өз ұлты, халқы, діні, тілі, тарихы, мәдениеті, салт – дәстүрі бар құдіретті ел. Ат – бабаларымыздан қалған ар –намыс, жігер –қайрат, қайыспас қанат мұра ретінде келешек ұрпаққа дейін жеткен.Ешкімнен де олқы еместігін түсінген ел. Бүгіндеасқақ арманға қол жеткізіп отыр. Мемлекетіміздің Астана қаласы екендігі бүгінде бәрімізді мақтаныш тудырады. 1998 ж. дейін астанамыз әлемдегі ең сұлу қалалардың бірі Алматы болып келді. Астананы ауыстыру экономикалық, саяси, демографиялық, географиялық жағдайларға байланысты туындады.
Мемлекеттің өркендеуі немесе құлдырауы, соғыс, экономикалық реформалар, жоғары үкімет органдардың субъективті шешімдері – барлығы астана өміріндегі өзгерістерге байланысты болу керек.
1 топ: топтастыру Елорда (слайд 1)
Астана
Жер жұмағы
Нұрланған қала
Әлемге әйгілі Еуразияның жүрегі
Қазақ даласының кіндігі
2 топ: Қазақ халқының астаналары (слайд 2)
Сығанақ – 1446 ж. Әбілқайыр хандығының,Ақ Орда мемлекетінің астанасы. Алғашқы қазақ билеушілерінің астанасы болды.
Суяб – 603/704 жж. Баты Түрік, Түргеш, Қарлұқ қағанаттарының астанасы болған. Шу өзені бойында орналасқан.
Баласағұн – 942/1212 жж.Қарахан, Қарақытай мемлекеттерінің астанасы болған. Шу алқабындағы ежелгі қала.
Түркістан – 15/17 ғғ. қазақ хандығының астанасы болған. Қазақстанның гүлденген, тарихи ескерткіші көп, саудасы дамыған қалалардың бірі.
3 топ: XX ғасырдағы Қазақстан астаналары (слайд 3)
Орынбор – 1920/1924 жж. Қазақ Автономиясының астанасы болды. Ұлы даланың еркін жайлаған, іргелес жатқан діні бір, тегі туыс татар, башқұрт , Алаш зиялылары күш алған , қазақ ұлтын басқа ұлттармен біріктірген қала.
1925 ж. астанаы Қызылордаға көшіру туралы арнайы қаулы қабылданады.
Қызылорда – Сырдария өзені жағасына орын тепкен ірі бекініс. Ежелгі дәуірде батыс пен шығысты жалғастыратын Ұлы Жібек жолының көне торабы. 1925/1929 жылдың көктеміне дейін астана болды.
Алматы – тарихи қала. 9/12 ғғ.сауда саттығы, өнеркәсібі өркендеген қала.1854 ж. Ресей әскери бекінісі ретінде қайта құрылып, 1921 ж. дейін Верный деп аталып келегн. 1921/1993 жылдары орысша Алма – Ата деп аталып келген. 1993 жылы өз тарихи атауы Алматы атына ие болды. Ол 1928/1997 жылдары Қазақстанның астанасы болды.
38
Астана – ару қала, оған тең келер қала жоқ. Қазір біз дүние жүзіне белгілі елдердің біріміз. Қысқа уақытта бәсекеге қабілетті елдердің қатарына ену, Елбасымыздың саясатының арқасында. Қазақстанның әр уақытта беделі үстем болып, шаңырағы көтеріліп, еліміз дами берсен .Әсем ару қаламыз Астанамыз гүлденсін!
Қорытынды: Тәуелсіз ұлт, ел болып болғанымызды әлемге жария етіп, жаңа мемлекет құрылысымен шұғылданып жүрген осы жылдар ішінде көптеген жетістіктерге жеттік. Қазақстанды дербес мемлекет ретінде дүниежүзілік қоғамдастық, халықаралық ұйымдар тұтас мойындап, онымен белсенді түрде қарым –қатынас қалыптастыруға мүдделі болуы да тарихи жетістік. Сондықтан еліміздің тарихын келешек ұрпаққа сақтау біздің міндетіміз
39
26 сабақСабақтыңтақырыбы: Қазақстандағы әлеуметтік – экономикалық және саяси жағдай
Мақсаты:
1. Экономикада қалыптасқан жағдай туралы түсінік беру; 2. Белсенділіктерін арттырып, тарихқа қызықтыра отырып білімдерін жетілдіру;
3. Тарихи санасы қалыптасқан, Отанын шексіз сүйетін, ұлттық рухы жоғары, шығармашыл жеке тұлға тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ жауап, топтық жұмыс
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару
II . Қызығушылығын ояту:
Қазақстанның әлеуметтік, экономикалық стратегиясының нәтижесін атаныз? ( оқушылар жауабы тыңдалады)
III. Мағынаны тану: ( қосымша деректермен жұмыстанады)
1 топ: Әлеуметтік стратегия – қазақстан азаматтарының денсаулығы. Білімі, әл – ауқатын көтерудегі стратегия:
*Ауруды болдырмау, салауатты өмір салтын ынталандыру
*Қазақстан азаматтарының денсаулығын жақсарту және қорғау
Көркеюші және саяси тұрақтанған Қазақстанға қажет үш белгі – ұлттық бірлік, әлеуметтік шындық, азаматтардың әл-ауқатының артуы.
2 топ. Экономикалық стратегия – нарықты экономикаға, мемлекеттің белсенді рөліне, шетел инвестицияларын тартуға негізделген. Сыртқы экономикалық бұрмалаушылық пен бақылаусыздықтан, лауазымды адамдардың жауапсыздығынан тысқа кетіп жатқан байлықтан қайтарым болмай, республика қарызға бата берді. Бұлар көлеңкелі экономиканың белең алып, қоғамды сыбайлас жемқорлық жайлай бастағандығының белгісі болатын. Қазақстан экономикасын дамыту үшін оны ірі мұнай өндіруші елге айналдыру қажет болды. Республика өз мұнайын экспортқа шығару үшін теңіздерге жол ашу керек еді. Республиканың жыл сайынғы ішкі қажетін өтеу үшін 20 млн т мұнай керек болса, 1990 жылдардың басында оның өндіру көлемі 27 млн т-ға жетті.
3 топ. Экономикадағы өрлеу:
1) Ұмтылысты инновациялық индустриялау «2003 – 2015 жылдарға арналған индустриялы – инновациялық даму стратегиясы» 2011жылы өнеркәсіп өнімінің көлемі 12 трлн теңгеге жетті.
2)Тасымал және транзиттік әлеует «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» транзиттік дәлізі салынуда.Автострада құрылысында 50 мың адам жұмыс істейді, 1,5 мың км темір жол төселді, 40 мың км автомобиль жолдары салынды және жөнделді.
3) Ауыл шаруашылығы – 2011 жылы астықтың өнімі 26 млн т-ға жетті.
4)Орта және шағын бизнес - 35 есе артты.Республикада 750 мың астам шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер әрекет етеді.
III. Толғаныс: кесте толтыру
Қазақстандағы экономикалық өзгерістер
транзиттік
әлеуметтік
экономикалық
шаруашылық
инновациялық
40
27 сабақСабақтыңтақырыбы: Білім мен ғылым саласындағы реформалар
Мақсаты: 1. Оқушыларға білім мен ғылым саласындағы реформалар барысы туралы түсінігін кеңейту
2. Оқушыларды өз бетімен ізденуге, өзіндік ойын қорытуға, білімін шындауға дағдылау
3. Өз елін мақтан тұтатын азамат тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: баяндау
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың зейінің сабаққа аудару
II . Жаңа тақырыптың жоспары:
1. Білім беру саласындағы реформалар
2. «Болашақ» бағдарламасы
3. Назарбаев зияткерлік мектебі
Кіріспе: Білім беру «Қазақстан 2030» ұзақ мерзімді Стратегиясының маңызды басымдықтарының бірі болып танылды. Қазақстандағы білім беру реформаларының жалпы мақсаты білім беру жүйесін жаңа әлеуметтік – экономикалық ортаға бейімдеу болып табылады. Қазақстан Президенті республиканы әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енгізу туралы міндет қойған болатын. Білім беру жүйесін жетілдіру осы мақсатқа қол жеткізуде маңызды рөл атқарады.
1. Білім беру саласындағы реформалар
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20 жыл ішінде елімізде экономикалық және әлеуметтік дамуымен қатар білім беру жүйесін жаңғырту мақсатында кезең – кезеңімен реформалар жүргізіліп келеді.сол білім беру жүйесіндегі реформаларды жүргізу егемен Қазақстанның алғашқы құқықтық құжаттарының бірі – Тәуелсіздік Декларациясында бекітілген болатын. ҚР Президенті Н.Назарбаев: «Білім беру жүйесін жаңғырту барысында біз үшін келесі іс – шараларды жүзеге асырудың маңызы зор:
1. Оқыту үдерісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізу
2. 12 жылдық оқыту моделіне көшу
3. Халықаралық стандарттар негізінде Назарбаев университеті мен Зияткерлік мектептер жұмысын одан әрі жаңғырту». 2011 жылы Мемлекет басшысы Білім беруді дамытудың жаңа мемлекеттік бағдарламасын бекітті. Бұл стратегиялық құжатта ҚР мемлекеттік саясатының 2011 – 2020 жылдарға арналған білім беру саласының ұйымдастыру негізі қаланды. Елбасы Н.Назарбаев белгілеген Қазақстанның даму стратегиясы еліміздің әлемдік қауымдастықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған. Бұған дәлел: PIZA, TIMSS, PIRLS халықаралық салыстырмалы зерттеулердегі қазақстандық жалпы білім беретін мектептер оқушыларының нәтижелері:
TIMSS – 7 – 11 орын
PIZA – 50 – 55 орын
PIRLS – 10 – 15 орын
Қазіргі Қазақстан халықаралық стандарт бойынша білім беру жүйесі дамыған елдер тобына кіреді. Соңғы 10 жыл ішінде білім беруге бөлінген қаражат 100 млрд теңгеден 900 млрд теңгеге дейін, 9 есе артты. Елде инновациялы – зияткерлік мектептер торабы құрылуда олардың саны 20 – дан асты. Өзгерістердің көшбасшысы – Назарбаев университеті. Қазақстан тәуелсіздк алуымен байланысты халққа білім беру жүйесінің халықаралық байланысы кеңейді. Білімді мамандарды көбейту мақсатында жастарды шетелдердің беделді оқу орындарына жіберу өзекті сипат ала бастады.
Ел Президентінің басшылығымен 1993 жылы 5 қарашада ТМД елдері арасында бірінші болып бірегей «Болашақ» бағдарламасы жүзеге асырылды. Мыңдаған жас қазақстандықтар дүниежүзінің таңдаулы университеттерінде білім алуда. Бітіріп келгендері қазір өз елінің игілігі үшін еңбекке кірісті.
Қорытынды: «12 жылдық білім жүйесіне көшудегі менің көзқарасым» эс
41
28 сабақСабақтыңтақырыбы: ЕҚЫҰ және Қазақстан
Мақсаты: 1. Еуроатлантика және еуразия аумағындағы жалпыға ортақ, ұжымдық қауіпсіздікке арнлаған маңызды мәселелерді талқылаудың қажеттілігін ұғындыру
2. Қазақстанның ЕҚЫҰ – ға төрағалық мәртебесіне ие болғаннан кейінгі қауіпсіздік мәселелерін шешудегі атқарған іс –шараларын көрсету
3. Қазақстанның саяси аренадаға беделі жоғары екендігін сезіндіру
Сабақтың түрі; аралас
Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ жауап
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың зейінің сабаққа аудару
II. Жаңа сабақ: 1. ЕҚЫҰ тарихына шолу
(қосымша деректер, газеттер, оқулықпен жұмыс)
Еуропалық қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы – құрамына 56 мемлекет қатысушы мүше болып кіретін қуатты қоғамдық қауымдастық. Ол БҰҰ –нығ жарғысының 8 тармағына сәйкес Еуропадағы шиеленістерді ескерту мен дағдарысты жағдайын алдын алу, орын алған оқыс оқиғаларды реттеу мен одан кейінгі ахуалды қалпына келтіру мақсаттарында қызмет етеді. ЕҚЫҰ негізгі мақсаттары мен міндеттері:
Қаруланудың таралуын бақылау
Жанжалдардың алдын алу
Қауіпсіздік жөніндегі шараларды қамтамасыз ету
Адам құқығын қорғау
Демократиялық институттарды дамыту
Сұрақ: Астана саммиті арқылы Қазақстан өзін қай жағынан таныта білді деп ойлайсың? (оқушы жауабы тыңдалады)
Хельсинки саммиті дүниежүзі халықтарына бірігіп күресетін сенім туғызды. Оның жалғасын Астана саммиті көрсетіп отырғаны белгілі
Сұрақ: Қазақстан мемлекеті қашан ЕҚЫҰ-ға мүше болды және оның төрағалық етуінің дүниежүзілік аренада рөлі қандай?
Адамның демократиялық құқықтары мен еркіндіктерін сақтау мәселелерін Қазақстан ұйымға төрағалық етуінің арқасында бұл өзекті мәселелердің шешімі табылуы тиіс. 1999 ж. ЕҚЫҰ-дың Алматыдағы Орталығы ашылды, 2007 ж. ЕҚЫҰ-дың Астанадағы орталығы болып қайта құрылды. Ұйымға төрағалық ету – қазақстанның ұлттық жобасы. Қазақстан өзінің тәуелсіз тарихында үлкен жетістіктерге қол жеткізді-
ЕҚЫҰ-дың төрағалығына сайланды.
Сұрақ: Астана саммитінің тарихи маңызы неде?
Бұл төрағалық қазақ еліне әлемге шындап танылудың мол мүмкіндігін берді
ЕҚЫҰ-ға төрағалық Елбасы Н.Назарбаев ұлттың идеясы ретінде ұсынған әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылуды тездетті
( деректерді, оқулықты, газеттерді оқып отырып, жауап береді)
III. Қорытынды: БҰҰ –ның бас хатшысы « Астанада ЕҚЫҰ саммиті өтуі бұл қазақстан халқының беделі мен мемлекет басшысының бейбітшілікті нығайту жолындағы ерен еңбегін мойындау деп білуге болады» деді.
42
29 сабақСабақтыңтақырыбы: «Қазақстан – 2050» стратегиясы
Мақсаты: 1. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» Жолдауындағы ұлттық идеямыз-Мәңгілік Елді бағдар етіп, даму жолдарын түсіндіру
2. Елімізде болып жатқан өзгерістер туралы оқушылардың қабілетін дамыту
3. Креативті тұлға тәрбиелеу
Сабақтың түрі: дөңгелек үстел
Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ жауап
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың зейінің сабаққа аудару
II. Ой қозғау:
1. Жолдау дегеніміз не? (ҚР Президенті Н.Назарбаевтың жыл сайынғы ең басты саяси баяндамасы)
3. Елбасының «қазақстан 2050( стратегиясы қашан жарияланды?( 2012 ж.14 желтоқсан)
4. Елбасы Н.Назарбаевтың 2014ж. 17 қаңтардағы Қазақстан халқына арнаған Жолдауы не деп аталады? ( «Қазақстан Жолы 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ)
III. « Елбасы Жолдауы – Ел таңдауы»
1. 1997 ж- Барлық қазақстандықтардың әл ауқатының өркендеу
2. 1998ж- Мемлекеттің жағдайы мен саясаты
3. 199ж-жаңа жүзжылдықта тұрақтылық пен қауіпсіздік
15. 2012ж- Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту-Қазақстан дамуының басты бағыты
16. 2012ж, желтоқсан - «Қазақстан 2050»
17. 2014ж, қаңтар- «Қазақстан 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»
18. 2014ж, қараша – «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол»
IV. Елбасының қанатты сөздері:
«Ел бірлігі- ең асыл қасиет»
« Егер біз күшті болсақ, бізбен санасатын болады»
«Үдеудің сыры – бірлікте
Жүдеудің сыры – алауыздықта»
«Біз бәріміз бір атаның – қазақ халқының ұлымыз»
V. «Нұрлы жол – болашаққа бағыт» Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің болашақтағы дамуының бағыттарын айқындап, бірқатар маңызды міндеттерді нақылады.
Шағын, орта бизнес дамыту
Нұрлы Жол- болашаққа бағыт
Көліктік
инфрақұрылым Тұрғын үй инфрақұрылым
Әлеуметтік
Инфрақұрылым Индустриялық инфрақұрылым
VI. Қорытынды: Нұрлы Жол- Мәңгілік Елге бастайтын жол. Елдің дамуына айқын бағыттарды айқындап, Елбасының батыл шешімі болашаққа бағдар, батыл қадам ретінде өз тарихымызды ұлықтау, бағалау болып танылады.
43
30 сабақСабақтыңтақырыбы: Қазақстандық Парламентаризм
Мақсаты: 1. Қазақстандағы заң шығарушы орган- Парламент және 1995 жылы қабылданған Конституция туралы білімдерін кеңейтеді.Қазақстандағы 90 жылдардың басындағы саяси ахуалға талдау жасайды
2. Жоғарғы Кеңес , Парламент, 1993 және 1995 жылдардағы Конституцияға салыстырмалы түрде талдау жасау арқылы сыни ойлау қабілеттерін дамытады.
3. Алған білімдерін өмірде қолдана алуға машықтанады, өзіндік тұжырымдарын жеткізе біледі.
Сабақтың түрі: топтық жұмыс
Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ жауап
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың зейінің сабаққа аудару
II. Сыныпты 2 топқа бөлу.
ІІІ. Қызығушылығын ояту: Видеокөрсетілім «Конституция- мемлекет тірегі»
4. Постер жасау, қорғау
1 топ. Сайлау туралы жаңа кодекстің қабылдануы
Сайлау қарсаңындағы саяси партиялардың ахуалы
2 топ.Кәсіпқой парламенттің дүниеге келуі
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы
Ү. «Мен саған, сен маған.»
Оқушылар жаңа игерген білімдері ойынша екі топ бір-біріне 3 сұрақ жазылған қағазды тастайды. Сұрақтарға жауап береді.
ҮІ. Сәйкестендіру. Конституция бөлімдері
Конституция баптарымен жұмыс.
1 бөлім
Жалпы ережелер
1-9 бап
2 бөлім
Адам және азамат
10-39 бап
3 бөлім
Президент
40-48 бап
4 бөлім
Парламент
49-63 бап
5 бөлім
Үкімет
64-70 бап
6 бөлім
Конституциялық Кеңес
71-74 бап
7 бөлім
Соттар және сот төрелігі
75-84 бап
8 бөлім
Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару
85-89 бап
9 бөлім
Қорытынды және өтпелі ережелер
90-98 бап
2. Конституция баптарымен жұмыс. Әр бөлім бойынша 3 құқықты табу
Жеке құқықтар мен бостандықтар
Экономикалық және әлеуметтік құқықтар мен бостандықтар
Саяси құқықтар мен бостандықтар
ҮІІ. Венн диаграммасы
1 топ.
1993 ж Конституция
1995 ж Конституция
Парламент
Жоғарғы Кеңес
2 топ.
Қорытынды. «Конституция- тәуелсіздік тірегі» тақырыбында эссе жазу
44
31 сабақ Сабақтың тақырыбы: Ғасырлар тоғысындағы Қазақстан
Мақсаты:
1. Қазақстан - өзінің белгілі тарихы мен өзіндік болашағы бар мемлекет екенін ашып көрсету;
2. Тарих қойнауын зерделей отырып, ұлттық қасиетті сақтауға тәрбиелеу қажеттілігін баса айту.
3. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, жүйелі ойлауын қалыптастыру.
Түрі: аралас сабақ
Әдісі: іздену, зерттеу.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасы: «Конституция- тәуелсіздік тірегі» тақырыбында эссе
ІІІ. Жаңа сабақ:
1 тапсырма: Тәуелсіз Қазақстанның қол жеткізген жетістіктерін атаңдар.
1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы заң қабылданды.
1993 жылы 28 қаңтарда Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясы қабылданды, кейін өзгерістер енгізіліп, 1995 жылы 30 тамызда еліміздің жаңа Конституциясы қабылданды.
1992 жылы 4 маусымда Қазақстан Республикасының туы мен елтаңбасы қабылданды. Әнұран 1992 жылы 11 желтоқсанда бекітілді.
1992 жылы 2 наурызда Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болды.
1993 жылы 15 қарашада Қазақстан Республикасының ұлттық теңгесі жарыққа шықты.
1991 жылы 2 қазанда алғашқы қазақстандық ғарышкер Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров ғарышқа ұшты.
1992 жылы 14 желтоқсанда Алматы қаласында Қазақстан халқының тұңғыш форумы өткізілді.
1992 жылы қаңтарда Қазақстанның алғашқы алтыны шығарылды.
1991 жылы Қазақстанның Европа Қауымдастық Ынтымақтастық Ұйымына мүше болды.
1992 жылы қазанда Қазақстанның Халықаралық Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымына мүшелікке қабылданды.
2 тапсырма: 1997 жылы қазандағы – Президент Н. Ә . Назарбаевтың «Қазақстан – 2030» жолдауына талдау.
Ұзақ мерзімдегі 7 басымдық:
Ұлттық қауіпсіздікті сақтау.
Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуын нығайту.
Нарықтық қатынастар негізінде экономикалық өсу.
Қазақстан азаматтарының денсаулығын, білімі мен әл – ауқатын дамыту.
Энергетика ресурстарын жете пайдалану.
Инфрақұрылым, көлік, байланысты дамыту.
Демократиялық кәсіби мемлекет құру.
Екі топқа тапсырма: Терминдік сөздермен жұмыс:
КСРО – Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы.
КОКП – Кеңес Одағының Коммунистік Партиясы.
ТЖМК – Төтенше Жағдай Жөніндегі Мемлекеттік Комитет.
БҰҰ – Біріккен Ұлттар Ұйымы.
ЕҚЫҰ – Европа Қауымдастық Ынтымақтастық ұйымы.
ТМД – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы.
ШЫҰ- Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы
Референдум- Бүкілхалықтық дауыс беру
КОКПОК- Кеңес Одағының Коммунистік Партиясының Орталық Комитеті
Үйге: Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә. Назарбаевтың "Ғасырлар тоғысында " еңбегіне жоба қорғау
45
32 сабақ Сабақтың тақырыбы: «ЭКСПО – 2017 Қазақстанның болашағы» Сабақтың мақсаты: 1. ЭКСПО Халықаралық көрмелерінің тарихы туралы деректермен таныстыру. 2. Халықаралық көрмелер туралы білімін тереңдете отырып,шығармашылық қабілеттерін шыңдай түсу. 3. 2017 жылы халықаралық көрменің Астанада өтуіне мақтаныш сезімін ояту. Күтілетін нәтиже: 1. ЭКСПО халықаралық көрмелерінің өміршең жоба екенін түсінеді. 2. ЭКСПО халықаралық көрмелерінің тарихи деректерімен танысады.
Сабақтың түрі: конференция сабағы
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Мұғалім сөзі: Экспо деген не? Бұл – бүкіләлемдік көрме. Бір жарым ғасырлық тарихы бар көрме. «Уикипедияның» тілімен айтсақ, «индустрияландырудың белгісі және техникалық һәм технологиялық жетістіктерді көрсететін мүмкіндік». Ең алғаш 1851 жылы Ұлыбританияда өткен. Содан бері қарай бұл көрме алпыс бес рет өткен. «Экспо-2017 өткізу үшін тендерді ұйымдастырушылар көрме өткізетін елге бұл шараның 2,3 миллиард долларға түсетінін бағалаған». Көрмені өткізуге екі қала таласқан. Олар: біздің Астанамыз және Бельгияның Льеж қаласы.ЭКСПО кезінде әлемнің түкпір-түкпірінен келген ең жаңа, заманауи технологиялар көрмеге қойылып қана қоймай, олардың жұмыс істеу принциптері көрсетіледі. Сол арқылы біз жаңа технологияларды көріп, әлемдегі озық технологиялар мен техниканың қай бағытта, қалай дамып бара жатқанына куә боламыз, өз еліміз бен дамыған елдердің арасындағы технологиялық прогрестің айырмашылығын біліп, өз-өзімізді бағамдаймыз.
ЭКСПО барысында Қазақстан тарапынан және шетел тарапынан зерттеу орталықтары, сондай-ақ шетел тарапынан салынатын жаңа жобалар көрме аяқталғаннан кейін де Қазақстанның керегіне жарап, ары қарай қызмет етеді.
Шара 3 ай бойы өтетіндіктен, шетелден келген қонақтарға жол бастау, аудармашы болу сияқты міндетті атқаратын шет тілін білетін және үйреніп жүрген жастарға үлкен тәжірибе.
ІІ.Жаңа сабақ жоспары:
( оқушылар алдын ала дайындаған жобаларын қорғайды) 7 мин 1 топ: «Көрмені өткізуден көшбастаушы қала – Париж». (слайд 1) 2 топ: «ЭКСПО – 2010.Қытай. Шанхай. Жақсы қала – жақсы өмір» (слайд 2) 3 топ: «ЭКСПО- 2012. Оңтүстік Кореяда. Жанды мұхит және жағажай».(слайд 3) 4 топ: «ЭКСПО-2017. Астана. Болашақ қуаты – Қазақстан қолында” (слайд 4) ІІІ. Қорытынды: Н.Назарбаев «Астанадағы ЕХРО-2017 Орталық Азия аймағы мен ТМД елдерінде өткізілгелі отырған алғашқы халықаралық көрме болмақ. Астанадағы ЕХРО көрмесі 3 айға - 2017 жылғы 10 маусымнан 10 қыркүйекке дейін созылады. Оған әлемнің 100-ге тарта елі және 10-ға жуық халықаралық ұйымдар қатысады деп күтілуде. Көрмеге 5 миллионнан астам адам келеді. Бұл Қазақстанның халықаралық ілгері жылжуы жолындағы үлкен қадам болмақ. ЕХРО-2017-ні өткізу елорданың, сондай-ақ тұтастай алғанда республиканың экономикалық және инфрақұрылымдық дамуын қосымша ынталандыруға қызмет ететін болады.Астанадағы ЕХРО-2017 көрмесі ҚР елордасының үздік брендтерінің бірі және аса әдемі нысан болады».
ЭКСПО өткізу бәсекелестігі олимпиадалық ойын өткізу құқығымен тең.
Дүниежүзілік көрмелер: 51 елде өткізілген
1. 1851 ж (Лондон) қаласынан бастау алады. ЕХРО - 2017 көрмесі Астана қаласында өтеді.
46
33 сабақ Сабақтың тақырыбы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам
Мақсаты:
1. Оқушыларға тек еңбек арқылы барлық жетістікке жетуге болатындығын түсіндіру.
2. Оқушыларды адал еңбекке баулу , кәсіптік білім беру.
3. Адам еңбегін бағалай білуге, еңбек адамдарын сыйлай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ жауап
Сабақ түрі: аралас
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру
Оқушылардың зейінің сабаққа аудару
II. Қызығушылығын ояту: Топтастыру:
Әлемнің әміршісі - еңбек. «Еңбек» сөзін естігенде ойларыңа не келеді? (оқушылар жауабы тыңдалады)
күш, жігер береді
Еңбек
Сүйікті іс
жарқын болашақ Өмір сүруге үйретеді
ақша табу көзі
Адамның өмір сүруіне қажеттінің барлығы еңбекпен келетіні түсіндіру.
Итальяндық ғалым, суретші Леонардо да Винчидің «Көп еңбек еткенге бақыт басын иеді» деген екен. Еңбектің пайдасы – тәрбиелейді, жігерлендіреді, күш береді, қуантады, бақытты етеді, өмір сүруге үйретеді, үнемшіл болуға үйретеді, ширатады, шынықтырады. Адамның адам болуында еңбек шешуші роль атқарған. Адамзат еңбекті, еңбектің құралдарын жетілдіре отырып, өзі де жетіліп кемелдене берген. Сондықтан қоғамның даму тарихын еңбек пен еңбек құралдарының өзгеру, жетілу тарихы деуге де болады. Тіршілік жағдайының қиындауы еңбекті күрделендірді. Еңбектің арқасында табиғат заттарын еңбек құралы етіп, отты сөндірмей пайдаланды, топтасып аң аулады, бір-біріне көмектесті.Ф. Энгельс айтқандай «Адамды адам еткен- еңбек»
/ Слайд/
Еңбектену тек адамға ғана тән деген пікірмен келіспеймін. Жануарлар да дамыл таппай еңбектенеді ғой. Жануарлар қалай еңбектенеді екен? Алдымен соған мысал келтірсеңші, сонда ойың дәлел болар еді ғой. Сен «Құмырсқа елінде» деген әңгімені оқыған шығарсың. Құмырсқа илеуінің ішінде қаншама «бөлмелер» бар. Әр бөлмені пайдалану ретіне қарай «аналық құмырсқа бөлмесі», «балалар бөлмесі», «азық қоймасы» т.б. деп атауға болады. Сондай-ақ бал арасының қалай ұя салатынын айтсақ та жетпей ме?
Мысалдарың тамаша! Жануарлар да еңбектенеді екен. Бірақ қанша еңбектенгенмен адам еңбегінің олардан зор айырмасы бар ғой.
Қандай айырмасы бар? Адам еңбегі оймен, санамен, ақылмен істеледі. Табиғат заттарын өңдеп, өзіне қажет, табиғатта кездеспейтін бұйымдар жасайды. Адамнан басқа қандай жануар арнай шам жасап қараңғыны жарық етеді?
Адамның еңбегі- саналы еңбек, оған мысал келтіріп айтуға болады.
Демек, адам табиғатта кездеспейтін алуан түрлі күрделі заттарды, бұйымдарды ақылмен ойлап жасайды екен. Дегенмен оны алғашқыда табиғаттан көріп үйреніпті. Адам табиғаттан үйреніп кейбір заттарды ойлап тапқан.
/слайд /
47
IІІ. Жаңа сабақ:Жалпыға Еңбек қоғамына қарай 20 қадам.
Қай қоғамда да еңбектің маңызы ерекше. Сол үшін қоғамның басқару тізгінін ұстағандар, үкімет пен мемлекет басшылары ең алдымен елде еңбекті қалай ұйымдастыру жайын да ойластырады. Осыған орай Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламасын ұсынды. Біздің әлеуметтік саясат бәсекеге қабілетті және күшті ЖАЛПЫҒА ОРТАҚ ЕҢБЕК ҚОҒАМЫН құруға бағытталуы тиіс,-деді Елбасы.
Тәуелсіздік шежіресі халқымыздың сан ғасырлық тарихының жаңа, жарқын беттерін ашты, елімізде түбегейлі бетбұрыс басталды. Тарыдай шашылған қандастарымызбен байланыс орнатып, Дүниежүзі қазақтарының Қауымдастығы құрылды.Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылып, ұлтаралық және дінаралық татулық нығая түсті. Астанамызды ару Алматыдан Ақмолаға көшірдік.
Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының тізгінін ТМД және Азия елдерінің ішінен алғаш рет қолға алдық.
2011 жылы Астана мен Алматы қалаларында қысқы Азиада ойындарын өткізу мүмкіндігіне ие болдық. Күні кешегі Лондон Олимпиадасына қатысушы әлемдегі 200-ден астам мемлекеттің ішінен Қазақстанның 12-ші орынды иеленуі де – тарихқа жазылған жұлдызды сәттеріміздің бірі. Тәуелсіздік алған 20 жылда шағын және орта бизнес нысандарының саны 35 есеге көбейді. Соңғы 10 жылда экономиканың осы секторында өнім өндіру көлемі 20 есеге өсіп, 7 триллион теңгені құрады. 2011 жылы Дүниежүзілік Банктің бизнесті жүргізу жөніндегі рейтингінде Қазақстан ТМД елдерінің барлығын артқа тастап, 47-ші орынға көтерілді. Егер 1993 жылы елде жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнім небәрі 700 долларды құраса, қазір 11 мың доллардан асып, 16 есеге көтерілген.
Сол 90-жылдардың басында өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі бар болғаны 0,2 млрд. теңге болса, 2011 жылы 12 трлн. теңгеге жеткен. Қазақстанда жалпы ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі соңғы 10 жылда 4 есе өсті. Осылайша, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жасампаз да жаңашыл, сындарлы да сұңғыла саясатының, өлшеусіз күш-жігерінің, халықтың бірлігінің, келісті тірлігінің, ерен еңбегінің арқасында жас мемлекетіміз аяғынан тік тұрды, қанат жайды, іргелі елге айналды.
Мұның бәрі – Конституцияның берік тұғырының нәтижесі. Ал, Ата Заң сауатты болмаған жерде тәртіп пен ұйыған ынтымақ та болмайтынын көптеген әлем елдеріндегі тәжірибе дәлелдеді. Жаңа заман жаңаша ойлап, еңбек етуді талап етіп отыр. Осы талаптарға бейімделіп, табысты қоғам болу үшін не істеуіміз керек – бұның барлығы Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласында анық көрсетілген. Бұл тапсырмаларды орындау – барлығымызға міндет, біздің табысты дамуымыздың кепілі.
«Күшке күш қосылса – құп, елге ел қосылса – құт» деген үлкендерден қалған нақылдың астарында Елбасы мақаласының тәуелсіз Қазақ Елінің ең ұлы мұраттарының бірі екенін дәлелдейтін шындық жатыр. Өйткені, әлеуметтік мәселелерді «кейінге» қалдыруға болмайды. Әлеуметтік жаңғырту үдерісі азаматтарды «аз жұмыс істеп, көп табыс табу», «ауадан ақша жасау» тәрізді алдамшы формулалардан арылтуға көп септігін тигізетін болады.
Жұмыспен қамту саласын дамытуға ерекше көңіл бөлген жөн. Бір ғана мысал – «Қашаған» жобасында құрылыс-монтаж жұмыстарының аяқталуына байланысты «Болашақ» зауытынан жұмысшылар жұмыстан босатылып жатыр. Енді оларды жұмысқа орналастыру жағын ойластыруымыз қажет.Ел экономикасының ең маңызды локомотиві – шағын және орта бизнес саласы. Елбасының бастамасымен «Бизнестің Жол картасы-2020», «Жұмыспен қамту-2020» сияқты бағдарламалар қабылданды. Оның жүзеге асуына өздеріңіз куәсіздер. Соның ішінде «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының 2-ші бағыты бойынша, яғни ауылдық жерлердегі кәсіпкерлікті дамытуға көп көңіл бөлінуі тиіс. Біз мемлекеттік бағдарламаны халыққа жете түсіндіріп, оның игілігін көрсете түсуіміз қажет. Жұмыссыздық деңгейін азайту үшін жаңа жұмыс орындарын ашуды қолға алған жөн.
48
Ол үшін экономикалық белсенді жастағы жұмыссыз азаматтарды қажетті мамандықтарға оқытудың барлық шаралары алынуы тиіс.Біз осыған дейін кәсіпкерлік саласын өңірге мол инвестиция тартудың көзі ретінде бағалап келдік. Қазір ондай көзқарасты түзетіп, салаға жаңаша қырынан келуіміз керек. Шындап келгенде, кәсіпкерлікті дамыту – азаматтарды адал еңбекке баулудың бірден-бір негізі деп есептеймін.Әлеуметтік-еңбек қатынастарының тиімді модельдерін құру және өзін-өзі еңбекпен қамтығандар тобындағы еңбекке қабілетті халықты нақты жағдайда жұмыспен қамту үшін арнайы әдістемелік механизмді дайындауға аса көңіл бөлген жөн. Шынын айту керек, қазіргі қоғамда мемлекеттің келешегіне қажетті кәсіпке барғаннан гөрі, күнделікті қарын тойғызудың қамын ойлайтын «бір күндік» психология қалыптасқан.Осыдан арылуымыз керек» -деді, Елбасы.
Бүгінгі әлемді толғандырып отырған күрделі мәселе – діни экстремизмнің алдын алу және болдырмау мақсатында жастар арасындағы дәстүрлі діни көзқарастың оң қалыптасуын жүзеге асыру да осы бағытта жасалар маңызды қадамдардың бірі. Дәстүрлі емес дін өкілдері санының көбеюіне жастармен тәрбиелік жұмыстың жеткіліксіздігі, мектеп пен отбасындағы тәрбиенің осалдығы, жастар өміріне қылмыстық немесе бұзақылық ортаның себептері әсер етіп отыр.
/ Слайд/
Енді елбасымыздың айқындап берген 20 бағытын басшылыққа ала отырып келешекте өз орнымызды , мақсатымызды , таңдайтын мамандығымыз жайлы қазірден бастап ойлануымыз керек! Әрбір мамандықтың біз білмейтін қыр-сыры бар. Әлемде 40 мыңға жуық әр түрлі мамандықтар бар. Статистердің зерттеуі бойынша жыл сайын 25 млн адам өзінің жұмыс орнын ауыстырып, оның
12 %-і қайтадан өз орнына қайтып оралады екен. Бұдан мамандықты таңдауда әр маман қателесіпті деуге бола ма? Әлде өзінің болашақтағы профессионалды қызметіне жан- жақты дайындалу керек шығар? Қоғамға, адамдарға пайдасын тигізетін мамандықтарды қалай таңдауға болады? Осы және тағы басқа мәселелер туралы бүгінгі тәрбие сағатында шешімін аламыз деген сенімдемін.
Слайд арқылы «Мамандық» сөзіне анықтама беру.
Профессия- латын сөзінен шыққан , “professio”- анықталған іс, мамандық дегенді білдіреді.
Мамандық- қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.
Мамандық таңдау- өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Сондай- ақ өз мамандығының 10-20 жылға дейін өз сұранысын жоғалтпауына көңіл бөледі. Бұл мамандықтарға деген бірқалыпты тұрақты сұраныс деп аталады. Өзінің сұранысын, қызығушылығын жоймаған кең тараған мамандықтарға дәрігер, мұғалім және құрылысшы мамандықтарын атап өтуге болады. Ал, өзекті мамандықтар қатарына жоғары технология, байланыс, коммуникация, әлеуметтік орта, экономиканы басқару мамандықтары және еңбек сұранысына қажетті жаңа мамандықтары жатады. Қоғамның дамуында мамандық иелерінен жоғары кәсіби біліктілікті, коммуникативтік қабілетті, еңбек етуге деген сүйіспеншілікті, қызығушылықты, өз мамандығы бойынша біліктілігін арттыруға даяр болатын мамандық иесін талап етеді.
Оқушылардың мектептегі және қоғамдық пайдалы іс- әрекеті оның кейін әлеуметтенуіне үлкен әсерін тигізеді. Мамандық таңдауына, рухани құндылықтарға ие болуына, әр түрлі адамдармен араласуға, мінезінің қалыптасуына әсер етеді.
/ Слайд/
IV. Ойын: «Ең, нағыз..»
Қазір сендерге мамандықтардың кейбір ерекше мінездемелері ұсынылатын болады, ал сендер берілген мінездемеге барынша сәйкес келеді деген мамандықтарды атауыңыз керек.
- Ең жасыл мамандық
- Ең тәтті мамандық
- Нағыз ақшалы мамандық
- Нағыз бала мамандығы
- Ең күлкілі мамандық
49
- Нағыз адамдармен көп араласатын мамандық
- Ең ауыр мамандық ( оқушылар жауабы тыңдалады)
«Адам өз өмірінде екі нәрсені таңдауда қателеспеуі керек: біреуі – жар таңдау, екіншісі – мамандық таңдау» деп М.Мақатаев атамыз айтқандай, мамандық таңдау – жасөспірім кездегі адам өміріндегі ең маңызды шешімдердің бірі. Бүгін біздер өз қабілеттерімізге қарай мамандық пен бағдар таңдауда алғышарт жасадық.
Сұрақ: - Осы біздің мектепте қандай мамандық иелері бар?
( оқушылар жауабы тыңдалады)
Келешекте сендер өз алдарыңа маман иесі болып, отбасын құрасыңдар.Барлығың жақсы өмір сүргілерің келеді. Сол кезде мына қағидаларды естеріңнен шығармаңдар!Бірақ-та жер мен көк жаратылғалы бері бай мен кедей бірге жасап келеді.
Кедейленудің 10 қағидасы
1. Өзін-өзі мүсіркеу. Қашан көрсең де көп жұмыс істейтінін, көп тер төксе де жолы болмайтынын айтып ,шағымданып отырады.Өзін әлемдегі ең байғұс жан етіп көрсетеді де, басқалардың барлығы оған аяушылықпен қарау керектігін ұқтырады. Тіпті кейбіреулері еркек немесе әйел болып туылғанына ренжіп отырады. Бұл да жоқшылыққа апаратын жаман әдет.Аллаһқа қарсы келіп отырған адамның қолында байлық пен немесе қаржы қалай тұрақтасын?
2. Бір сәттік қана пайда.Бірден және тым пайда табуды ойлау- көптеген кедей адамдардың ойы.Бір сәттік қана нәрсені ойлап,ертеңге көз тікпейтіндер қолдағы барынан айырылады.
3. Көңілі сүймейтін іспен айналысу. Көңілі қаламаған жұмыспен айналысқан адамда ешқашан табыс болмайды.Жұмысты таңдар кезде жалақысына қызықпас бұрын өз көңіліңнен шығатын болу керек.Өйткені бар ықыласын аудара жұмыс істемеген үшін ол істен ештеңе өнбейді,кейін қарай кетеді.
4. Ысырапкершілік. Өз тапқанынан артық жұмсау. Қит етсе біреуден ақша сұрау әдеттер тиянақсыздыққа апарды. «Көрпеңе қарай көсіл» деген сөз бар.Табыс өскен сайын көрпе де кеңейе түсетінін ұмытпа.
5. Сәттілікті ақшамен өлшеу. «100 мың доллар ақшам болса бұл жерде отырмас едім» көп адамдар айтады. Бірақ бұл ақшаны 1 күнде ,1 сағатта жұмсап жіберуге болады.Бақыт пен сәттілікті ақшамен есептеу дұрыс емес.
6. Сараңдық. Тек қана жеңілдікпен жаппай сатылып жататын заттарды сабылып іздейтін адамдар. Адалдықпен тапқан ақшаға неге сапасы жоғары зат алмасқа?. Бағасы төмен затта ешқашан сапа болмайды.Сапалы затты танитын адам қанша қымбат тұрса да іздеп табады..Өз-өзіне ақша қимау кедейлікке бастайды.
7. Жылаңқылық. Әрдайым шағынып жылай беру.Шариғат тұрғысында айтқанда,барға місе тұтпай шүкіршілік етпеу де кедейлікке бастайды.
8. Салыстыру. Әрқашан өзін өзгемен салыстырып отыру.Мұның астарында көреалмаушылық пен күндестік те жатыр.Іші тар адамның ортасы да шағын болады.Ортасы шағын адам алысқа ұзамайды, өз тұрғысында ғана өмір сүреді.
9. Байлықты ақшаның құнымен өлшеу. Байлық тек қана ақшамен өлшенбейді. Оның денсаулық, отбасы,бала, туған-туыс сияқты өте көп тармағы бар.Осыны айыра білу керек.
10. Отбасынан аулақтау. Жарсымды отбасының жарастығын сақтай алмауы – ең басты қателік. Отбасы бақыты ең басты байлық екенін естен шығарған дам ешқашан байлыққа қол жеткізе алмайды.
50
Баюдың 10 қағидасы
1. Өзіңе сену, өзіңді саналы түрде сендіру.Қарапайым ғана қағида-кедейдің байдан айырмашылығы оның ақшаға қатысты өз түсінігі мен ұғымында.Ендеше ең алдымен « бізге байлық қайда, наным бар, киімім бүтін болса болды ғой» деген ойдан арылыңыз.Ақыл-есі дұрыс, денсаулығы, дұрыс ойлай білетін әрбір адамның молшылыққа жетуге хақысы бар.
2. Тілегіңді орында . Бай болу үшін алдымен мақсат қоя отырып, бар жаныңмен соған жетуге күш салу керек. Демек осы жолда денсаулығыңнан басқасын құрбандыққа шалу керек.Бұл ақша үшін ағайынмен жүз шайысу деген сөз емес, табыс жолында қабілетіңді шыңдап, өз мүмкіндігіңді сарқа пайдалану.
3. Мақсатты айқындау. Сізге қанша ақша керек, не үшін керек? Осыны анықтап алыңыз. Қиялыңыз бен шындық өмірдегі қажеттіліктерді шатастырмаңыз.
4. Жобаны не жоспарды жүзеге асыру.Мақстақа жету үшін жоспар құрасыз. Әуелі неден бастау керек? Айлығы тәуір басқа жұмыс іздеп көресіз бе, әлде жеке бизнес бастағанды қалайсыз ба? Мүмкін басқа бір мамандықты игергіңіз келетін шығар.Іске кірісіңіз!Бірақ есіңізден болсын сіз таңдаған жұмыс ақшасы ғана жақсы емес, ең алдымен өзіңізге ұнайтын, ләззат сыйлайтын жұмыс болуы тиіс.
5. Сізге арнайы білім керек. Сіз осы жасыңызда салық жүйесі туралы түк білмейтін , банктік салымдар саласынан хабары жоқ миллионер кездестіріп көрдіңіз бе? Әрине, жоқ.Капиталды сақтау үшін және оны көбейту үшін арнайы білім керек.Арнайы білім сіздің мақсатқа жету жолындағы басты қаруыңыз болмақ.
6. Табандылық керек. Біздің көпшілігіміздің қателігіміз бір нәрсені бастаймыз, алғашқы қиындықтар кездессе қолды бір сілтеп, бәрін орта жолда тастап кетеміз.Қиындық пен кедергілерге әзір болу керек. Мұның бәрі – табысқа жету жолындағы баспалдақтар.Бизнестің заңы былай, бастайсың,құлайсың,тұрасың, жіберген қателіктеріңнен сабақ аласың, тәжірибе жинайсың,содан жолың ашылады.Тағы бір нәрсе қай жерден қате жібердім деп өзімізді- өзіміз оймен мүжгілейміз.Бұл дұрыс емес
7. Шығындарды есептеу. Байлықтың деңгейін қалай өлшеуге болады? Сіз қанша кіріс әкелесіз және сіздің жинағаныңыз қанша, соны есептеу арқылы емес , керісінше ақшаңыз аз ба, көп пе,өзіңіздің қолыңыздағы барыңызға риза болу, содан ляззат алу.Кірісіңізді ғана есептеп қана қоймай ,шығындарыңызды да бақылап отырыңыз.Бұл сараңдық емес.Осылай өз қажетіңізге жұмсап , әдемі тон алып, шет елге қыдырасыз, осылардың бәрінен рақат сезіне отырып, келешекте келетін ақшалар үшін шаршамай жұмыс істейсіз.
8. Адалдық заңы. Бұл-баю жолындағы ең маңызды заң. Біздің ойымыз бен істеген істеріміз ерте ме, кеш пе өзімізге қайта оралып отырады.Біреуді жер соқтырып алдап кеттік пе, біді де біреу алдап кетеді.Ұрлап алдық па, бізідң де көзімізіді бақырайтып қойып үптеп кету ғажап емес.Осыын естен шығармай өзіңізге де адал болыңыз. Өзіңізге адал болсаңыз, басқаларға да жақсы болмақ.
9. Бәрі өзіңізден. Егер сіз «бір қолайсыз жағдай болды-ау, мен орта жолда тоңқалаң асам –ау» деп үрейленсеңіз, өзі де солай болады.Өзіңізді дайындаңыз., сіз кездесетін қиындықтар мен қырсықтардан сақтандырылғансыз, сондықтан сіздің басыңызда ондай жағдайлар болуы мүмкін емес.
10. Қайырымдылар жасасын! Шындығында қандай да бір табысқа, жетістікке жеткенде, біз тек қара күшімізбен емес, адамдардың арқасында жетеміз.Олардың бірі жылы сөз айтты, бірі қиын кезде көмектесті, біреуі тауарыңызды сатып алды. Жақсылыққа-жақсылық. Егер сіз табысыңыздың оннан бір бөлігін жетім-жесірге, ғаріп пен мұқтаж жандарға тартып отырсаңыз, одан ақшаңыз кеміп қалмайды, бұл сіздің үлкен адмшылығыңыз ғана емес, келесі табыстарды шақырғаныңыз болмақ.
«Терлеп еңбек етпегенннің тілегіне жеткенін көргенім жоқ».(Б. Момышұлы)
51
34 сабақ Сабақтың тақырыбы: Қорытынды «Тарихты білу – парызым»
Мақсаты:
1. Еліміздің тарихы туралы оқушылардың білімдерін пысықтау
2. Оқушылардың есте сақтау, шығармашылық қабілеттерін дамыту
3. Отанын, елі сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ жауап
Сабақ түрі: сайыс
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру
Оқушылардың зейінің сабаққа аудару
Оқушыларды топқа бөлу. ІІ. Сайыстың кезеңдері: 1) Топ басшылар сайысы 2) Сандар сыры 3) Қазақстан Тәуелсіздік жылдарында 4) Тарихи терминдер Топ басшылар сайысы: Екі топ жетекшісіне ортақ 10 сұрақ қойылады. Әрбір дұрыс жауап – 2 ұпай. 1. Ежелгі тас дәуірі ( палеолит) 2. «Диуани хикмет» еңбегінің авторы (Қ. А. Яссауи) 3. Наурыз мерекесінде жасалатын ұлттық тағам ( Наурыз көже) 4. Қазақ халқының негізін қалаған хандар: ( Керей мен Жәнібек) 5. Халықтардың әдет - ғұрпын, салт - дәстүрін зерттейтін ғылым ( Этнография) 6. ХVІІІ ғасырда Қазақ хандығына қауіп төндірген мемлекет (Жоңғар) 7. Қазақстанның Ресейге қосылу процесі қанша жылға созылды? (150 жылға) 8. Ш. Уәлихановтың дүниеге келген жері (Құсмұрын) 9. Қазақстанның ең биік шыңы (Хан Тәңірі) 10. «Алтын киімді адам» табылған жер? (Есік қорғаны)
Сандар сыры Берілген сұрақтарға тек қана санмен жауап беру керек. Әрбір дұрыс жауап 3 ұпаймен бағаланады. І. топ 1) Әл - Фараби қай жылы дүниеге келді? (870) 2) «Отырар опаты» болған жыл? (1218) 3) С. Датұлы бастаған көтеріліс неше жылға созылды? (14) 4) Жоңғардың қалың қолы Қазақстанға тұтқиылдан басып кірген жыл:(1723) 5) Қазақ ғылым академиясы ашылды: ( 1946) 6) Қазақстанда тың жерді игеру басталды: (1954) 7) Екінші дүниежүзілік соғыс қай жылы аяқталды? ( 1945) ІІ топ. Шілікті қорғанынан табылған қола жебе саны (13) Әл-Фарабидың қайтыс болған жылы? (950) Қазақтардың қалмақтарға Бұланты өзенінің бойында соққы беруі (1726) Патша үкіметі Бөкейді екінші хан етіп сайлаған уақыты: (1815) К. Қасымұлы бастаған көтеріліс неше жылға созылды? (10) Астана Ақмолаға қай жылы көшірілді? (1997) Екінші дүниежүзілік соғыс басталған жыл ( 1939) Қазақстан Тәуелсіздікжылдарында (шығармашылық тапсырма) Тәуелсіздік алған кезеңнен бастап бүгінгі күнге дейінгі еліміздің жетістігін суретпен бейнелеу тапсырылады. 10 ұпаймен бағаланады.
Тарихи терминдер Берілген мәліметтер бойынша лауазым иесін табу қажет. Дұрыс жауап - 5 ұпай. 1. Әділдігі, әрі тапқыр шешендігімен төрелік айту беделіне ие болған адам (би) 2. Қағанат ақсүйектеріне берілетін лауазым ( елтебер) 3. Оғыз мемлекетінің билеушісі (жабғу) 4. Моғолстандағы хан кеңестшісі (инақ) 5. Ру билігін жүргізетін адам ( рубасы) 6. Феодалдық иелік қожасы, ру мен тайпа басшысы (бек) 7. Хан кеңесшісі (уәзір) 8. Ауыл билігін жүргізетін адам ( ауылбасы) 9. Жеке ерлігімен ерекше көзге түскен ержүрек қаһарман адамдарға берілетін құрметті атақ ( батыр) 10. Хан, сұлтандардың балаларын тәрбиелеуші, олардың қамқоршысы ( атабек) ІІІ. Қорытынды ІҮ. Жеңген топты марапаттау
52
Мазмұны:
Түсінік хат.................................................................................................................. .... 3
Тәуелсіздік жолындағы 20 қадам ( жоспар).............................................................. ... 4
Қазақ хандығының құрылуы.......................................................................................... 5
Қазақ хандары.................................................................................................................. 6
Қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы күресі ......................................... 7
Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс............................................................ 9
Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс................................................ 11
Бөкей Ордасындағы шаруалар көтерілісі..................................................................... 12
Жанқожа Нұрмұхамедұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс........................................ 13
XIX ғасырдың 60/70 жылдарындағы азаттық күрес....................................................14
Қазақстан Ресейдегі 1905/1907 жылдардағы революция кезінде .............................. 15
Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс...................................................... 17
Қазақстан 1917 жылғы революция кезеңінде............................................................... 18
Қазақстандағы Кеңес үкіметі билігінің орнауы............................................................19
Қазақстан азамат соғысы және шетелдік интервенция жылдарында.........................20
Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында....................................................................22
Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысының шешуші шайқастарына қатысуы.........23
1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі...................................................................................25
Қазақстан мемлекеттік тәуелсіздігінің жариялануы және ТМД-ның құрылуы......... 27
Қазақстан – Тәуелсіз мемлекет .......................................................................................28
Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы дамуы......................................................... 29
«Қазақстан 2030» стратегиясы ....................................................................................... 31
Қазақстан Республикасының Президенті ..................................................................... 33
ҚР Конституциясы: құрылымы мен мазмұны .............................................................. 35
Н.Назарбаев «Дағдарыстан шығу кілті» ....................................................................... 36
Әлемдік діндердің адамгершілік ұстанымы ................................................................. 37
Астана – алтын шанырақ ................................................................................................. 38
Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдай .................................... 40
Білім мен ғылым саласындағы реформалар ................................................................. 41
ЕҚЫҰ және Қазақстан .................................................................................................... 42
«Қазақстан 2050» стратегиясы ....................................................................................... 43
Қазақстандық Парламентаризм ...................................................................................... 44
Ғасырлар тоғысындағы Қазақстан ................................................................................. 45
«ЭКСПО – 2017. Қазақстанның болашағы» ................................................................. 46
Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам ....................................................... 47
Қорытынды «Тарихты білу – парызым» ........................................................................ 52
53
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Аманжолов Қ. Р. Қазақстан тарихы. Дәрістер курсы. 1-2 кітаптар, А., 2004.
тілі. А., 1986.
2. Байпаков К.М., Нуржанов А. Ұлы Жібек жолы және ортағасырлық Қазақстан. А., 1992.
3. Байпаков К.М. История древнего Казахстана. А., 1996.
4. Гумилев Л. Н. Көне түркілер. А., 1994.
5. Жолдасбайұлы С. Ежелгі және орта ғасырдағы Қазақстан. А., 1995.
6. История Казахстана. С древнейших времен до конца XVIII века. / Практикум-уч. пособие/ А., 1992.
7. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. 4 – томдық., 1 т., А., 1996.
8. Қазақстан тарихы. Очерктер. А., 1994.
9. Қани М. Қазақтың көне тарихы. А., 1993.
10. Маданов Х. Қазақ халқының арғы – бергі тарихы. А., 1995.
11. Нығмет Мыңжан. Қазақтың қысқаша тарихы. А., 1994.
12. Моңғолдардың құпия шежіресі А., 1998.
13. Өсерұлы Нұралы. Жеті жарғы А., 1995.
14. Вяткин М.П. Батыр Срым. М.-Л., 1947; А. 1999.
15. Касымбаев Ж.К. Кенесары хан. А., 1996.
16. Кенжалиев И. Исатай-Махамбет. А., 1991.
17. Назарбаев Н.А. «Казахстан-2030. Процветание, безопасность и улучшение благосостояния всех казахстанцев». А., 1997.