kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Т?уелсіз ?аза?станны? дамуында?ы Т???ыш Президентті? р?лі»

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Т?уелсіз ?аза?станны? дамуында?ы Т???ыш Президентті? р?лі»                                                                     

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Т?уелсіз ?аза?станны? дамуында?ы Т???ыш Президентті? р?лі»»

Сәлеметсіздер ме құрметті әріптестер!

«Елбасы Тәуелсіздік философиясының іргелі негіздерін ауқымды етіп белгілеп берді. Олар – Жалпыға Ортақ Еңбек, даналық, толеранттылық және халықтың бірлігі, тарихы мен мәдениетінің, Қазақстанның барлық этностарын толық құрметтей отырып, мемлекеттік тілінің бірегейлігі. Бұл негіздерді мектеп жасынан бастап Қазақстан Республикасының әрбір азаматының білуі маңызды»

Нұрсұлтан Әбішұлы

Азаттықты аңсаған қазақ халқының асыл арманының орындалғанына да 24 жыл толғалы тұр. Осы сындарлы шақта елдің елдігін сақтап қалу, ұлттың еңсесін тіктеу, халықтың сенімін ақтау аса күрделі іс болатын. Сол аса күрделі кезеңде Н. Назарбаевтай көреген басшы салиқалы саясат ұстанып, елді, халықты сүріндірмей сара жолға шығарды. Елбасы осыдан 20 жыл бұрын: – Біз зайырлы құқықтық мемлекет құруымыз керек. Адам құқығы әркез қорғалуы тиіс. Заңдылықтар сақталса, адам өзінің заңды түрде қорғалатынын айқын сезінсе онда дұрыс жолмен келе жатқанымыз, – деп еді. Енді міне, сол сәттер де сағымға айналып, еліміздің тыныштығы мен бейбітшілдігі әлемге үлгі ерекшеліктермен көрініп келеді.
Тәуелсіздік – тәңірдің біздің ұрпаққа берген үлкен бақыты, халқымыздың мәңгілік құндылығы. Біз бүгінге дейінгі барлық жетістіктерімізге Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік. Жиырма төрт жыл ішінде елдің әл-ауқатын көтеріп, төл мәдениетіміз бен мемлекеттік тілді жаңғырту ісінде қыруар жұмыстар жасадық. Елімізде білім, ғылым, денсаулық, спорт салалары айрықша даму үстінде. Тәуелсіздік – біздің ең басты игілігіміз, баға жетпес құндылығымыз. Жас мемлекет та­рихындағы жаңа дәуір дәл осы Тәуелсіздіктен бастау алады. Дәуір жасампаздығы сенімді және серпінді дамуға байланысты. Сондықтан да ел тарихындағы осындай бірегей белесті толайым табыстармен қарсы алу баршамыз үшін үлкен сын. Мемлекет басшысының атап өткеніндей, Жолдауда мемлекеттік саясаттың алдағы жылдардағы басымдықтары нақты белгіленген. Биылғы Жолдау негізінен әлеуметтік бағытта болды. Онда еліміз халқының әлеуметтік әл-ауқатын көтеруге қатысты үлкен блокты шаралар қарастырылған, экономиканы индустриялық инновациялық дамыту бойынша жаңа міндеттер қойылған.

1991 жылы 17 желтоқсанда Алматыдағы Республика алаңында өткен митингіде Елбасы Нұр­сұлтан Назарбаевтың: –Тәуелсіздіктің біздің бәрі­мізге артар міндеті мол. Енді еңселі ел болудың жолына шындап түсуіміз керек. Әулетіміздің асуы да, дәулетіміздің тасуы да өз қолымызда. Кең байтақ жеріміздің байлығы осы даланың түпкілікті халқына да, тағдыр қосып, бірге өмір сүріп жатқан өз­ге ұлт өкілдеріне де жетеді. Тарих көші ұзақ. Асық­сақ та аптықпайық. Қазақстанның көп ұлтты халқының жұлдызы жоғары болатынына, туған елімізде дәулетті де сәулетті өмір орнайтынына кәміл сенемін,–деп айтқан сөзінің бүгінгі күні шындыққа айналғанын көріп отырмыз. Тәуел­сіз­діктің алғашқы таңында айтылған бұл сөздің ақиқатқа айналуына да Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың халық сеніміне лайық бола алу қасиеті мен берілген уәделерді орындауы және қажымас қайраты мен табандылығы, көреген саясаткерлігі себеп болғанын мойындағандар жетіп артылады. Сонымен бірге Қазақстан халқы еліміздің жасампаз бүгіні мен жарқын болашағының кепілдігін Елбасымен байланыстырады.

Сонау алыста қалған 1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы Конституциялық заң қабылданған болатын, бұл қоғамның, адам құқықтары мен бостандықтарының, меншіктің, саяси плюрализмнің және билік бөлінуінің негізгі қағидаларын бейнелейтін құқықтық, саяси және идеологиялық құжат. Осы іргелі ережелер Конституцияның негізін қалады. Еліміздің азаматтары үшін осы бір ерекше күн ел тарихының ескі сатысының аяқталып, Республикамыздың дамуының жаңа кезеңінің басталуының белгісі болып табылады.

Ел Тәуелсіздігінің 20 жылы ішінде елімізді дүниежүзі танып, Елбасы ерен еңбегінің, сындарлы саясатының арқасында саяси-экономикалық, әлеуметтік табыстарға қол жеткізуге мүмкіндік алдық.

Қазіргі уақытта ҚР кемелді тәуелсіз мемлекетке айналды. Жиырма жылдық мерзім ішінде елімізде кең көлемді мемлекеттік түбегейлі өзгерістер орын алды. 2 палаталы Парламент құрылды, сот жүйесінің негізі қаланды, жаңа елорда салынды. Қарулы күштер, Республикалық ұлан, шекаралық әскерлер және әскери теңіз флоты пайда болды. Қазақстан өз аумағында ядролық қаруды пайдаланудан өз еркімен бас тартып, өзін ядролық қарусыз ел ретінде жария етті. Жалпы мемлекеттермен байланыс жасау негізінде біз Кедендік одаққа кірдік.

Еліміздің халықаралық саясаты мемлекеттің егемендігі мен тәуелсіздігінің дүниежүзілік кепілдігіне қол жеткізуге бағытталды. Ауқымды, әрі жемісті жұмыс жасалды. 120-дан аса ел Қазақстанды ресми түрде танып, тату дипломатиялық қарым-қатынас құрды. Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымының толық құқылы және белсенді мүшесі болып отыр, сондай-ақ еліміз Еуроодақ, Еуро­палық Қайта құру және Даму Банкі, Халықаралық Валюта Қоры, Халықаралық Атомдық Энергия Агенттігі, Қызыл Крест, ЮНИСЕФ және ЮНЕСКО сияқты аса беделді халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығын күшейтуде.

Жыл сайынғы Президенттің халыққа арналған Жолдаулары мен қабылданған мемлекеттік бағдарламалар, стратегиялық бағыттардың барлығы да қарапайым халықтың тұрмысын жақсартып, тәуелсіздігімізді нығайтуға бағытталды. Елбасы өз Жолдауында ішкі саяси және ұлттық қауіпсіздіктің 2020 жылға дейінгі негізгі мақсаттары қоғамда келісім мен тұрақтылықты сақтау, ел қауіпсіздігін нығайту екенін атап өтті. Саяси жүйені жетілдіруде құқықтық реформаның маңызды рөл атқарылатынын, құқық қорғау жүйесін реформалау бойынша құқық қорғау органдары функцияларындағы орын алған жағымсыз факторлардан, сондай-ақ құқық қорғау жүйесі қызметіндегі мөлдірлік пен бақылаудың жоқтығынан туындаған проблемалардан арылудың қажеттігін атап көрсетті.

Халқымыз ежелден заңға, тәртіпке аса мән бере білген. Бабаларымыздың «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», Тәуке ханның «Жеті жарғысы» сияқты өте маңызды ереже-заңдары болғаны баршамызға аян.

Әділдік іздеп келген адамға әділ шешімін айтып, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін тауып, ердің құнын, нардың пұлын екі-ақ ауыз сөзбен таразылаған би, шешендер елдің небір содыры мен тентегін тоқтатып, шекіскенді бітістіріп, араздасқанды татуластырған.

Елбасының үндеуі қашанда ел көңілінен шығып жатса, онда елі үшін қызмет етіп отырғандығының белгісі.

Демек, кең байтақ жерімізді ежелден мекендеген халқымыз әділдік пен адалдықты әрқашан ту етіп, әділ де сындарлы заңы бар өркениетті ел болуға ұмтылған. Енді тәуелсіздігін алып, азат атанып, көк туын тік ұстаған Қазақ елінің өз Конституциясы, яғни Ата Заңы бар құқықтық мемлекет. Өркениетті қоғам құруды алдына мақсат еткен елдің Ата Заңы, заңды қорғайтын әділ соты, заңды құрметтейтін адал азаматы бар. Ол әрине, ұлт көшбасшысы – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Назарларыңызға рахмет!




























































































«Тәуелсіз Қазақстанның дамуындағы

Тұңғыш Президенттің рөлі»

















Қазақ мектеп-гимназиясының тарих пәні мұғалімі:

Жамалиева Д.Б.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Планирование

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
«Т?уелсіз ?аза?станны? дамуында?ы Т???ыш Президентті? р?лі»

Автор: Рамазанова Сауле Калымжаевна

Дата: 08.12.2015

Номер свидетельства: 263684


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства