kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Среднесрочное планирование по кистории Казахстана для 6 класса

Нажмите, чтобы узнать подробности

Среднесрочное планирование по истории Казахстана для 6 классов. План был составлен по методики "Орлеу" (метод Кембриджского университета).  В плане включаются 4 тем: Мезолит, Неолит, Энеолит, Повторение. 

1.Саба?ты? та?ырыбы

2.О?ып-?йренуді? негізгі ма?саттары

3. Негізгі міндеттері

4.О?ытуда ?олданылатын негізгі ?діс-т?сілдер

5.О?ып ?йренуді? н?тижесі

6.Ба?алау, о?ыту ?шін ба?алау

7.О?ушыларды саба??а тарту. Инклюзивті о?ыту

8.Негізгі дерек к?здер

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Среднесрочное планирование по кистории Казахстана для 6 класса »

Абдримова Арзигуль Зунунқызы Мұғалім портфолиосы В1 есебі

«Өрлеу» БАҰО АҚ 3-деңгей

«АОБ ПҚБАИ» 12-топ

Алматы қаласы 01.10.2014 жыл



«Бекітемін» «Келісемін»

Мектеп директоры:_________К.Б.Садыканова МДОІЖО:_________Н.Курбанов

«____»__________2014ж «____»__________2014ж







Бағдарламаның жеті модулін қолдану әдістемесі көрсетілген тізбектелген төрт сабақтың топтамасын орташа мерзімді жоспарлау
















Түстер

1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер

2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету

3. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

4. Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану

5. Талантты және дарынды балаларды оқыту

6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу

7. Оқытуды басқару және көшбасшылық



1.Сабақтың тақырыбы

2.Оқып-үйренудің негізгі мақсаттары

3. Негізгі міндеттері

4.Оқытуда қолданылатын негізгі әдіс-тәсілдер

5.Оқып үйренудің нәтижесі

6.Бағалау, оқыту үшін бағалау

7.Оқушыларды сабаққа тарту. Инклюзивті оқыту

8.Негізгі дерек көздер

9.Үйге тапсырма


Жалпы мақсаты: Оқушылардың Ежелгі Қазақстан тарихы пәніне қызығушылығын арттыра отырып, тас ғасырлары мезолит, неолит, энеолит дәуірлерінің өздеріне тән ерекшеліктері, ескерткіштері, құралдары, сол дәуірде қалыптасқан білім, дән, мәдениеті, жалпы тарихи оқиғалар туралы терең білім алуға, талдау жасауға, тарихи құндылықтарды құрметтеуге, сақтауға үйрету

1

Орта тас ғасыры (Мезолит)

Орта тас ғасырының ерекшеліктері, мезолит адамдарының кәсібі, қоғамдық өзгерістер туралы толық түсініктерін қалыптастыру

Тақырыпты түсіндіру барысында оқушылардың өзара білім беруі арқылы түсініктерін қалыптастыру, ынтымақтастыққа баулу

1.Оқушыларды ұялы телефондар арқылы 4 топқа бөлу. Топ ережесін құрастыру.

2.Семантикалық карта

3. Ашық тест

3."Мәтінді талдау"

4.Тірек сызбалар

5. Постермен жұмыс

6."Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қой"

8. Тарихи картамен жұмыс

Мезолит дәуіріндег жаңалықтарды, тұрақтарды, адамдардың кәсібін, рулық қауымның күшейгенін біледі, картадан көрсете алады. Палеолит пен мезолит арасындағы айырмашылықтарды салыстыра алып, өз бетімен талдау жасай алады.

Критерийлерді құру, критерий бойынша топтар бірін-бірі бағалайды және өзін-өзі бағалайды.

Кері байланыс

«Бір сөзбен» әдісі арқылы.



Топтарда ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру арқылы дарынды және үлгерімі төмен балаларды сабаққа тарту.

6-сынып "Ежелгі Қазақстан тарихы" оқулығы, әдістемелік нұсқаулық, Интербелсенді тақта

Оқулықты оқып шығып хронолгиялық конспект жазу, ең көп тест сұрақтарын құрастыру

2

Жаңа тас ғасыры (Неолит)

Жаңа тас ғасырын сипаттау, ескерткіштері туралы, өндіргіш шаруашылығы туралы оқушыларға түсінік беру. Оқушылардың білімдік деңгейін көтеру, ізденіске, өздігінен жұмыс істеу және салыстырмалы талдау жасауға дағдыландыру. Бүгінгі мәдени жетістіктеріміздің бастау бұлағы – тарихи ескерткіштерді қадірлеп, жоғары білімді, адамгершілігі жоғары жеке тұлға қалыптастыру.


Неолит дәуірі мен мезолит дәуірі арасындағы айырмашылықтарын тани білу арқылы сыни тұрғыдан ойлануға дағдыландыру

1.Төрт түліктің атына байланысты топқа бөлу, "Шаттық шеңбері"

2.Аквариум тәсілі

3.Семантикалық карта

4.Эссе

5.Балама тест

4."Венн диаграммасы"

5. "Алты қалпақ"

6."Кластер" құру

7.Сөйлемді толықтыр

8.Электрондық оқулықтағы мәліметтер, таныстырылым

9.БББ кестесі


Неолит дәуірінің кезеңдерін, ескерткіштерін, неолитке тән жаңалықтарды біледі, егіншілік пен мал шаруашылығының маңыздылығын түсінеді, өмірмен байланыстырады. Тұрмыста пайдаланған ыдыстарды қазақтың ыдыстарымен салыстырып ұқсастығын табады.

Ескерткіштерінің табылған жерлерін картадан көрсете алады, оларды территориясына қарай іріктей алады, табылған заттарды сипаттап, не үшін қолданғанын анықтайды. Қазақстан аумағындағы тас дәуірінің кезеңдерін біледі. Топпен жұмыс жасауға дағдыланады.

"Мини-тест", критерий арқылы өзін-өзі, бірін-бірі бағалау. "Қол белгісі", Критерий арқылы топ жұмысын бағалау. Әр оқушы өзінің парағына" Сарматтар" тақырыбы бойынша Білетінін, Білгісі келетінін, Білгенін жазады /БББ әдісі/

Талантты, дарынды балалар "Сармат қоғамындағы әйелдердің орны" деген тақырыпта эссе жазу.

6-сынып "Ежелгі Қазақстан тарихы" оқулығы, әдістемелік нұсқаулық, Интербелсенді тақта, электрондық оқулық


3

Мыс-тас ғасыры (Энеолит)

Энеолит дәуірінің ерекшеліктері, еңбек құралдары, ескерткіштері, туралы түсінік беру. Сұрақтар қою арқылы оқушыларды сыни тұрғыдан ойлануға дағдыландыру.

Энеолит дәуірінің ерекшеліктерін түсіну, диалогтік әңгіме жүргізу

1.Топқа пазлдар арқылы бөлу, ынтымақтастық атмосферасын құру мақсатында тапсырмларды орындау.

2. "Ой шақыру"

3."Венн диаграммасы"

4. Семантикалық карта

5."Кубизм" стратегиясы

6."Сөйлемді толықтыр"

7.СКТ

8."Венн диаграммасы"

9."Сөйлемді аяқтау"

10.Таныстырылым


Сұрақ қою арқылы тақырыпты өз бетінше ашады. Не үшін энеолит дәуірі деп аталғанын түсінеді, екі ірі өзгеріс: еңбек бөлініс мен аталық ру орнай бастағанын біледі. Картамен жұмыс жасай алады, Ботай тұрғаы мен Шебір тұрағында не табылғанын суреттеп, табылған заттардың ерекшелігін сипаттай алады. Басқа да тас дәуіріндегі жәдігерлермен салыстыра алады.

Критерий арқылы өзін-өзі, бірін-бірі бағалау.

Эссені "Екі жұлдыз, бір тілек" арқылы бағалау. Кері байланыс

"Сөйлемді аяқта"


Топтарда рөлдерді ауыстыру арқылы, деңгейлік тапсырмалар беру.


6-сынып "Ежелгі Қазақстан тарихы" оқулығы, әдістемелік нұсқаулық, Интербелсенді тақта, электрондық оқулық


4

Ежелгі адамдардың қоршаған орта туралы түсінігі

Ерте тас дәуіріндегі білім, діни көзқарас, өнердің шығуы туралы түсініктерін қалыптастыру. Оқушыларды тарихи термин сөздермен таныстыру. Сыни тұрғыдан ойлауын дамыту.

Ежелгі адамдарда білім, дін, өнер қалай қалыптасқаны туралы білім беру, өз бетінше жұмыс істеу арқылы жауапкершілігін арттыру

1.Нөмірленген асықты қоржыннан алу, Ынтымақтастық атмосферасын құру мақсатында тапсырмаларды орындау.

2. Тест жұмысы

3."Үш ұйғарым"

4.Тірек сызба, кестелер

5."Венн диаграммасы"

6.Лездеме

7.Сұрақты ұстап ал

8.Өздік жұмыс

9.Электрондық оқулық, таныстырылым.

Оқушылар тас дәуіріне сипаттама береді, тас дәуірінің барлық кезеңдерінде қалыптасқан білім қандай дамығаны, діни көзқарастың қалыптасуы, өнердің дамыған түрлері жайлы білімін жинақтайды. Термин сөздерді қалыптастырады.

Оқушылар критерий арқылы өзін-өзі, бірін-бірі бағалау, тест. Кері байланыс "Ойлаудың алты қалпағы" әдісі бойынша сабақтан алған сезімдерімен бөлісу.

Топтық, жұптық тапсырмалар беру арқылы дарынды, үлгерімі төмен балаларды сабаққа тарту.

"Аралтөбе ескерткіші" тақырыбында әңгіме жазу, "Екі жұлдыз, бір тілек" арқылы бағалау.

6-сынып "Ежелгі Қазақстан тарихы" оқулығы, әдістемелік нұсқаулық, Интербелсенді тақта, электрондық оқулық
























Бірінші бетпе-бет кезеңінде Бағдарламаның негізгі мазмұны болып келетін жеті модульдің негізгі теориялық негіздемесімен және педагогиканың тиісті аспектілеріне қатысты ғылыми зерттеу материалдарымен, таныстық. Бағдарламаның басты жаңа бағыты - іс-әрекет арқылы зерттеу болып табылатындықтан, екінші "Мектептегі тәжірибе кезеңінде" осы жеті модульде қарастырылатын негізгі иеяларды сабақта пайдаланып, стратегиялар мен әдістерді іске асырып, бір-бірімен ықпалдастыру үшін тізбектелген сабақтар топтамасын құрдым.

Тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлау үшін жұмыс кезеңдерін тізбектеп ұйымдастырып, жеті модульді ықпалдастыру арқылы әрбір өтілетін сабақтың мақсат - міндетін белгілеп, нәтижеге қол жеткізу үшін қолданылатын стратегиялар мен әдіс-тәсілдерді нақты көрсету керек. Оқу нәтижелері оқушыға бағытталып және де оқу үлгеріміне сәйкес келуі қажет.

Алтыншы сыныптағы Ежелгі Қазақстан тарихы пәнін таңдап алдым. Негізгі мақсатым - оқушыларды топтасып, жұптасып жұмыс істеуге, өзін-өзі, бірін-бірі бағалауға, пәнді терең түсіну мақсатында сындарлы ойлауға үйретіп, өз ойларын еркін білдіруіне мүмкіндік беріп, сөйлеу дағдысын қалыптастыру болып табылады.

Кез келген сабақты мұғалім қызықты, тартымды өткізуі керек. Сондықтан жоспар құру кезінде, әрбір сабақта оқушылардың танымдық белсенділігін арттыратын, тиімді стратегия мен әдіс-тәсілдерді дұрыс таңдап алуға ұмтылдым. Сабақты бастамас бұрын оқушыларды түрлі әдістермен топқа бөліп, олардың көңіл күйлерін көтеретін сергіту сәттерін ұйымдастыра отырып, ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру арқылы оқушылардың психологиялық көңіл-күйлерінің көтерілуі жұмыстың нәтижелі болуына себебін тигізді. Сабақта оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамытатын "Венн диаграммасы", "Ойлаудың алты қалпағы", "Куббизм" стратегиясын, "Кластер" құру тәсілдерді пайдалана отырып, оқушылардың өз бетінше ізденіп сындарлы ойлап, өз ойын жеткізе отырып тұжырым жасауды үйренді. Бағалаудың формативті техникаларын қолданып, оқушылар критерий құрып, өзін-өзі және бірін-бірі объектитві бағалау арқылы оқуға қызығушылығы артты. "Жигсо", "Аквариум", "Семантикалық карта", "Лездеме", "Сұрақты ұстап ал", "Өздік жұмыс" деген тәсілдерді таңдай отырып, Бағдарламаның жеті модулін қамтуға тырыстым. Бір сабақтың әр кезеңдерінде түрлі әдістерді орнымен пайдалану арқылы нәтижесінде оқушылар оқытудағы жаңа тәсілдерді, топта жұмыс істеуді, өз бетінше ізденуді, тұжырым жасап мазмұнды сұрақ қоюды меңгерді. Ең бастысы тәсілдерді таңдау барысында өзімізге оқушылар неге қол жеткізуі керектігін анықтап, әрбір берілетін тапсырмаға мақсат қоюымыз абзал. Өткізген төрт сабақта кереметтей пәндік білімді біліп кетпесе де оқушылар сабақтың мазмұнын өз беттерімен зерттеп, өздері түсінуге тырысты. Еркін сөйлеп, ойын ашық айтуға ұмтылды.

Қорыта айтқанда өз білімімді жетілдіріп, сабақтарыма көптеген өзгерістер енгіздім деп ойлаймын. Болашақта барлық жеті модульді ықпалдастырып сабақтарда пайдалану арқылы оқушылардың оқуға ынтасын арттыратыныма сенемін.



«Семантикалық карта» стратегиясы бойынша қойылған сұрақтарға жауап бергенде оқушылар жаңа ұғымның өзіне тән ерекшеліктерін, қасиеттерін, қызметін, маңызын танып анықтайды, зерттейді.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 6 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Среднесрочное планирование по кистории Казахстана для 6 класса

Автор: Абдримова Арзигуль Зунуновна

Дата: 11.12.2014

Номер свидетельства: 142296


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства