kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Патша үкіметінің отаршылдық қоныс аудару сясаты.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Орыс шаруаларының Қазақстанға қоныс аударуының негізгі себептері мен салдарының нақты тарихы бойынша білім беру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Патша үкіметінің отаршылдық қоныс аудару сясаты.»

8-сынып. Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: § 31. Патша үкіметінің отаршылдық қоныс аудару сясаты.

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың білімі мен жас ерекшеліктерін ескере отырып орыс шаруаларының Қазақстанға қоныс аударуының негізгі себептері мен салдарының нақты тарихы бойынша білім беру.

1. Қазақстанды кең көлемде отарлаудың қалай жүргені Ресей империясының еуропалық бөлігінен келген орыс шаруаларының қазақстардың өміріне тигізген әсері және Қазақстандағы өзгерістер туралы талдату.

2. Мәтінмен жұмыс істеу машығын, тарихи оқиғалар мен құбылыстарды салыстыра отырып талдау жасау қабілетін  жетілдіріп, кез келген оқиғаға өз көзқарасын қалыптастыру;

3.Достыққа, өзара көмекке, толеранттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: зерттеу, диалогтік, топтық жұмыс

Көрнекілік: презентация, таратпа материалдар, стикер, маркер, А 3 форматы

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру

- Сәлемдесу

- Топтастыру

- Сабаққа бағыттау (үй тапсырмасымен жаңа тақырыптың байланысын аштыру)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

  1. Тестілеу

  2. Ауызша талдау

ІІІ.Жаңа сабақты жоспары:

1.Шаруаларды Қазақстан аумағына қоныс аудару себептері.

2.Шаруалардың жаппай қоныс аудара бастауы.

3.Шаруалардың қоныс аудару қарқынының күшейе түсуі.

4.Столыпиннің 1906 аграрлық реформасы.

5.Жергілікті халық жағдайының нашарлай түсуі.

6.Патша үкіметінің отаршылдық саясатына қарсы қазақ халқының қарсылығы.

* Кіріспе.

  • Презентация мазмұнына сүйену

XVIII ғ. мен –ХХ ғ. бас кезінде Қазақстан халқының басым көпшілігін қазақтар құрады (80%), патша үкіметінің қоныс аудару саясаты салдарынан халықтың ұлттық құрамы өзгеріске ұшырады, қазақ жеріне әскерилер, «саяси сенімсіздер», орыс шаруалары, ұйғырлар, дүнгендер, т.б. қоныстандырыла бастады. Патша үкіметінің қоныстандыру саясаты төмендегідей мақсаттарды көздеді:

  1. Ресейдің орталық аудандарында Ресейдегі басыбайлық құқық жоыйлғаннан кейін күшейіп кеткен жерсіз шаруалардың баскөтерулерін әлсірету;

  2. Империяның ұлттық шеткері аймақтарында патша үкіметіне тірек болатын әлеуметтік топ құру;

  3. Қазақстарды отырықшылыққа көшіріп, оларды шаруалар арқылы шоқындыру және орыстандыру саясатын жүргізу.

Қоныс аудару кезеңдері:

  1. Алғашқы кезеңде патша әскерлері қазақ жеріне казак әскерлерін орналастырумен шектелді.

  2. ХІХ ғ. 60-жылдарынан бастап Орталық Ресейдегі орыс шаруаларын қоныс аудару басталды; ол үшін қазақ жері Ресей империясының мемлекеттік меншігі деп жарияланды.

  3. ХІХ ғ. 70-жылдарында орыс, украин, белорусь шаруаларын-Ақтөбе, Қостанай, Орал, т.б. жерлерге жаппай қоныс аудару басталды. Әсіресе Жетісуға көп адам көшіп келді.


  • Оқулық мәтінімен жұмыс, оқу, постер құрастыру, қорғау

  • 1-топқа тапсырма

Шаруалардың жаппай қоныс аудара бастауы.

  • 1866 жылы Батыс Сібір бас басқармасы шаруалардың Қазақстан аумағына өз беттерінше қоныс аударуына рұқсат етті. Алғашқы қоныс аударушылар Сібірдің әр түрлі қалаларындағы мещандар және Тобыл губерниясындағы Қорған және Есіл округтарындағы шаруалар болды. Олар Көкшетау округының аумағындағы Саумалкөл деген жерге келіп орналасты. Қоныс аударушылардың бір бөлігі казак станицаларына жайғасты. XIX ғасырдың 70-80-жылдарында олар жергілікті қазақтардың жерлерін жалға алып, өз беттерінше орналаса бастады.

  • Шаруаларды ішкі Ресейден Қазақстанға қоныс аудару жөнінде алғаш рет бастама көтерушілердің бірі Жетісудың әскери губернаторы Г.А. Колпаковский еді. 1868 жылы оның тікелей басшылығымен «Жетісуга шаруалардың қоныс аударуы туралы уақытша Ережелер» жасалды. Онда қоныс аударушы шаруаларға бірқатар жеңілдіктер мен артықшылықтар беру көзделді. Шаруалардың әрбір ер азаматына 30 десятинадан жер телімі бөлінді. Олар барлық алым-салық түрлерін төлеу мен міндетті борыштарды атқарудан он бес жыл бойы босатылатын болды. Қоныс аударушы шаруаларға пайыздық өсімсіз қарыз берілді. 80-жылдардың ортасына қарай Жетісуда жер тапшылығы сезіле бастады. Сондықтан жер телімдерінің мөлшерін 10 десятинаға кемітуге, әр түрлі жеңілдіктер беру мерзімін 5 жылға дейін қысқартуға тура келді.

  • Шаруаларды ішкі Ресейден Қазақстанға қоныс аудару жөнінде алғаш рет бастама көтерушілердің бірі Жетісудың әскери губернаторы Г.А. Колпаковский еді. 1868 жылы оның тікелей басшылығымен «Жетісуга шаруалардың қоныс аударуы туралы уақытша Ережелер» жасалды. Онда қоныс аударушы шаруаларға бірқатар жеңілдіктер мен артықшылықтар беру көзделді. Шаруалардың әрбір ер азаматына 30 десятинадан жер телімі бөлінді. Олар барлық алым-салық түрлерін төлеу мен міндетті борыштарды атқарудан он бес жыл бойы босатылатын болды. Қоныс аударушы шаруаларға пайыздық өсімсіз қарыз берілді. 80-жылдардың ортасына қарай Жетісуда жер тапшылығы сезіле бастады. Сондықтан жер телімдерінің мөлшерін 10 десятинаға кемітуге, әр түрлі жеңілдіктер беру мерзімін 5 жылға дейін қысқартуға тура келді.

  • 1892 жылы Транссібір темір жолының құрылысы басталды. Ол Қазақстанның солтүстік өңірін басып өтті. Мұның өзі қазақтардың иелігіндегі жердің 4,2 миллион десятинасын қосымша тартып алуға жеткізді. Темір жол құрылысы шаруалардың қоныс аударуына неғұрлым ұйымдасқан сипат берді. Шаруалардың темір жол құрылысы аумағына (оның оңтүстігіне қарай 100 шақырым жерге дейін) қоныс аударуына Сібір темір жол комитеті де мүдделі болды.

  • 2-топқа тапсырма

Шаруалардың қоныс аудару қарқынының күшейе түсуі.

  • 1903 жылы «Сырдария, Фергана және Самарқанд облыстарындағы қазыналық жерлерге шаруалардың өз еркімен қоныс аударуы туралы Ереже» бекітілді.

  • 1904 жылы патша үкіметі «Егін егумен айналысатын село тұрғындары мен мещандардың қоныс аударуы туралы уақытша Ереже» шығарды.

  • 1904-1905 жылдары патша үкіметі Қазақстан аумағын қоныс аударушылардың бес аймағына бөлді. Олар Торғай-Жайық, Ақмола, Семей, Сырдария және Жетісу аймақтары еді. 

  • 1870—1914 жылдар аралығында Ақмола, Семей, Жетісу, Сырдария, Торғай және Орал облыстарының аумағына 1,4 миллионға жуық шаруа қоныстандырылды. Олардың тең жартысына жуығы (721 мың адам) Ақмола облысына жайғастырылды. Өйткені бұл облыстың жері өте құнарлы болатын. Қоныс аударып келген шаруалар өз алдарына жеке болыстарға біріктірілді. Алғашқы кезде олар уезд бастығына бағындырылды. 1902 жылдан бастап шаруалар бастығы деген лауазымды қызмет пайда болды.

3-топқа тапсырма: Столыпиннің 1906 аграрлық реформасы.

Қазақ халқының занды құқығын мүлде елеп-ескермеудің бір белгісі қоныс аударушы шаруалар санының одан әрі арта түсуі болды. Бұл ретте жергілікті халықтың өкілдерімен алдын ала кеңесу, ақылдасу деген атымен болған жоқ. 1906 жылы Ресей Министрлер Кеңесінің төрағасы П.А. Столыпин шаруаларды Ресейдің азиялық бөлігіне жаппай қоныс аудару туралы шешім қабылдады. Шаруалар қауымын ыдырату, оларды Қазақстанға қоныс аудару жөніндегі реформа Столыпиннің аграрлық реформасы деп аталды.

Бұл реформаның көздеген негізгі бағыты қоныс аударушы шаруалар қозғалысының кеңінен етек алуын қамтамасыз ету болатын. Шаруалардың шығысқа карай атап айтқанда, Қазақстан аумағына қоныстануға құқық берілді. Ал олардың бұрынғы жерлеріне қайтып оралуына елеулі түрде шек қойылды. Шаруаларды жер телімдерімен қамтамасыз ету қазақтардан тартып алынған жерлердің есебінен құрылған отаршылдық қоныс аудару қорынан жүзеге асырылды.

Жергілікті қоныс аудару мекемелері шаруаларға хутор салу үшін 45 десятинадан, егін егуге 15 десятинадан жер бөліп беруге міндеттелінді. Жер бөлумен айналысатын мекемелерге жергілікті халықтың жерін тартып алып, олардың жеріне келімсек шаруаларды орналастыруына рұқсат етілді. Қазақстанның оңтүстік аймақтарында қазақтардың егінсуару құрылыстары да тартып алынды.

4-топқа тапсырма: Жергілікті халық жағдайының нашарлай түсуі.

Ішкі Ресейдегі шаруалардың Қазақстан аумағына қоныс аудару тасқыны мұндағы байырғы халықтың жерін жаппай тартып алуға ұласты. Қазақтар өздері ғасырлар бойы отырған ежелгі қоныстарын, ондағы қыстауларын, ата-баба зираттарын тастап, қиыр шеттегі әрі құнарсыз жерлерге көшуге мәжбүр болды. Отаршылдық саясат келімсек орыс шаруалары мен жергілікті қазақтардың арасында ғана емес, қазақтардың өз араларында да жанжалды дау-дамайлар тудырды.

Тартып алынған жерлердің ең жоғары мөлшері Қазақстанның солтүстік аймақтарындағы неғұрлым құнарлы жерлер еді. Мәселен, қоныс аударып келген шаруалар қорына деп Омбы уезінде бүкіл жердің 52%-ы, Қостанай уезінде - 54%-ы, Ақмола уезінде - 73%-ы тартып алынды.

ІҮ.Сабақты бекіту: Сәйкестендіру



Дұрыс жауаптары



ІҮ Қортындылау: Тест тапсырмасының қорытындысы бойынша бағалау

Рефлексия

Ү. Үйге тапсырма: Оқу, теске дайындалу
































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
Патша үкіметінің отаршылдық қоныс аудару сясаты.

Автор: Масалимова Нургиза Ешенгазиновна

Дата: 12.10.2016

Номер свидетельства: 348589


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства