Просмотр содержимого документа
«Ма??ыстаулы? Мар??лан сынып са?аты»
Е.Өмірбаев атындағы орта мектебі
Маңғыстау Марғұланы- Е. Өмірбаев
Сынып сағаты
Өткізген:Бекбосинова Т.Н.
9 «б» сынып жетекшісі
2015-2016 оқу жылы
Е.Өмірбаев атындағы орта мектебі
Маңғыстау Марғұланы- Е. Өмірбаев
Сынып сағаты
Өткізген:Раева Қ. Н.
7«а» сынып жетекшісі
2015-2016 оқу жылы
Маңғыстаулық Марғұлан атанған өлкетанушы, педагог, өлкенің мәдени өмірінде елеулі із қалдырған тұлға- Е.Өмірбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай өткізілетін «Маңғыстау Марғұланы Е. Өмірбаев атты сынып сағатының мақсаты: Өскелең жас ұрпаққа туған жері үшін тер төккен аталары туралы жан жақты мағлұматтар беру, білімділігі мен зейінділігін дамыту, жетілдіру.
Көрнекілігі: Е.Өмірбаев Маңғыстау бабалар мекені Қарашаңырақ Алматы ,2011 жыл, Маңғыстау энциклопедициясы, «Ақкетік арайы» газеті 2011 жыл, 16.09. кітап көрмесі, слайд
«Ауылдың профессоры», «Маңғыстау Марғұланы» , « түбек тарихының тамыршысы» атанған тарихшы, мәдениет қайраткері Есбол Өмірбаев ғасыр жасап ұрпағына мол өшпес мұра қалдырды. Украин мен қазақтың арасына достық көпірін салған Есбол Аталарың бауырмалдылық пен туыстықтың символына айналды.
Есағаң жүрген жолдарда тарих тұнып тұр,
Ізденіп талай, сапары сәтсіз болмас құр.
Есағаң салған соқпақ жолдарды бетке алып,
Жүрсінші талай құндылық тапты шашар нұр.
Қатпар да қатпар маңдайды басқан әжімің,
Бүгінде міне айналды асыл мұраға
100 жас жасап жатқанда сенің ұрпағың.
Ізіңді басты үлгі қып биік, өр тұлға.
Жүрісі:
1.Өмірі мен атқарған істері бүгінгі ұрпаққа өнеге.
2. Ұстаз шәкіртімен мақтанады.
Есбол Өмірбаев 1916 жылы 14 наурызда Маңғыстау ауданының
Ағашты-Онды деп аталатын жерінде дүниеге келді . Қаңғада екі жыл оқып,Форт-Шевченко қаласындағы мектеп-интернатқа ауыстырылды,кейіннен жасы 16-ғакелгесін,1932 жылы еңбекке араласады. 1935 жылы Оралдың Фурманов ауданындағы
бір жарым жылдық курсына түседі.1936 жылы Бозашыдағы №12 ауылдық мектебінде мұғалім болып орналасады.
1940 жылы Оралдағы екі жылдық мұғалімдер училищесін бітірді.1949 жылы білімін жалғастыру үшін Орал қаласындағы педагогикалық институттың үшінші курсына түседі.Оқу орнын дер кезінде аяқтай
алмай, 1949 жылы ғана бітіреді.Өз өмірінің 25 жылдығын оқу-ағарту саласына арнаған Есбол Долгийде, Форт-Шевченко қаласындағы
С.М.Киров атындағы мектепте әр түрлі басшылыққызметтерде болады.Әуелі балықшы, содан кейін Астрахань, Махашқалаға қатынайтын моторлы кеменің үйренуші машинисі болды. 1935 жылы Оралдың Фурманов ауданындағы бір жарым жылдық курсқа түседі. 1936 жылы Бозашыдағы №12 ауылдық мектепте мұғалім.1937 жылы Фортқа келіп Баутин мектебінде мұғалім болып жұмыс жасайды.1940 жылы Оралдағы екі жылдық мұғалімдер училищесін бітіреді.Денсаулығына байланысты Ұлы Отан соғысында қатыса алмайды.1949 жылы білімін жалғастыру үшін Орал қаласындағы педогогикалық институттың үшінші курсына түседі.3 айдан кейін денсаулығына байланысты елге,мектепке оралыпұстаздық қызметін жалғастырады.
Есболдан тәлім-тәрбие алған шәкірттері арасынан өлкеге,республикаға белгілі азаматтар жазушы Маршал Әбдіхалықов,ғалым гелог Құрбан Амманиязов,ғалым дәрігер Тарған Мақтағанов, хирург мидицина ғылымының докторы Намаз Ізімбергеновтер бар.Маңғыстау түбегінің ағарту ісінің ардагерлері Керей Қошанов,Күзембай Сатыбалдиев,Өмір Жүсіпов,Әлмұрза Жұбашев,Батыр Тәңірбергеновтер де Есағаңның шәкірттері.
Есбол Өмірбаевтың ізденістері арқасында туған жерінен қалдырған екі үлкен мұрасының бірі- Ұлы Украин ақыны Кобзарьдың әдеби-мемориалдық музейі де,екіншісі содан енші алып шыққан-этнография музейі.Осы екі музейдің 90пайызы жәдігерлері-осы кісінің тынымсыз ізденісі нәтижесінде табылған. Көзі тірісінде халқына қадірі осылай арттырған Аға есімін елі бақилық болған соң да ұмытқан жоқ. Форт - Шевченко қаласында «Қазақ ССР- на еңбегі сіңген мәдениет қызметкері» Есбол Өмірбаев атында көше, бір кезде өзі еңбек еткен орта мектепке аты берілді. ( 1999жыл, сәуір). Е.Өмірбаев ешбір ғылыми атақ дәрежесіз ақ Маңғыстауына бір профессордай тер төккен адам.
Бүгінде егер жер басып жүргенде 100 жаста болатын еді Есбол ата.Малшының жанұясында өмірге келді.Тағдырдың болашақ зертеушіге қырын қарағаны соншалық,ол жарыққа шықпай жатып,әкесі көз жұмады.Қамқоршысыз жетім бала жар жағалап жаңа аяқтанған кезінде,2 жасқа енді толғанда,елді жайлаған оба ауыруы шешесін алады.Буыны қатпаған бала жеті жасынан бастап мал бағады.Кетік қаласында алғашқы жетім балалар үйі ашылғанда,атасы Шадырақ Есболды сонда апарып орналастырады.