kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Әлем өркениетінің дамуына түркі мәдениеті қандай үлес қосты

Нажмите, чтобы узнать подробности

поурочные планирование по истории Казахстана 7 класс

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Әлем өркениетінің дамуына түркі мәдениеті қандай үлес қосты»

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 6.2А Х ғ. - XІII ғ. басындағы Қазақстан

Мектеп «Алтынбике Бертаева атындағы орта мектеп» КММ

Мұғалімнің аты-жөні: Талғатқызы Айгерім

Сынып.: 7

Күні: 26.12.2017ж

Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Әлем өркениетінің дамуына түркі мәдениеті қандай үлес қосты

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сəйкес)

6.2.3.2 – Әл-Фарабидің және басқа да ғалымдардың ортағасырлық ғылымның дамуына қосқан үлесін анықтау;

6.2.2.4 – түркі кезеңіндегі қоғамды бейнелеуде М.Қашғари, Ж.Баласағұни және А.Яссауи еңбектерінің тарихи құндылығын түсіндіру;

6.2.3.3 – «Кодекс Куманикус» сөздігінің халықаралық байланыстардағы рөлін анықтау

Сабақтың мақсаты

Барлығы: ортағасырлық ғалымдарды атау;

Ортағасырлық ғалымдардың еңбектерін білу;

Көпшілігі: Ортағасырлық ғалымдардың шығармашылық бағыттарын және ғылыми қызметтерін талдау;

Кейбірі: «Кодекс Куманикус» сөздігінің халықаралық маңызы жөнінде сипаттау;

Бағалау критерийі

  • Әл-Фарабидің және басқа да ғалымдардың ортағасырлық ғылымның дамуына қосқан үлесін анықтайды;

  • Түркі кезеңіндегі қоғамды бейнелеуде М.Қашғари, Ж.Баласағұни және А.Яссауи еңбектерінің тарихи құндылығын түсіндіреді;

  • «Кодекс Куманикус» сөздігінің халықаралық байланыстардағы рөлін анықтайды.


Тілдік мақсаттар

Тыңдалым: Ортағасырлық ғұламалардың өмірі мен шығармашылығы туралы видеоматериал ;

Жазылым:ғылыми қызметтерін кестеге ажыратып жазады;

Оқылым: мәтін ішінен жаңа сөздерді тауып оқиды.

Айтылым: ауызша әр топ мәтінді қорғап шығады;

Терминдер:«Екінші ұстаз», Фараб, Отырар, тархан, патшазада,«Құтты білік», «ұлық хасс-хаджиб», Оғдұрмыш, сопы, шариғат, марифат, тарихат, хақиқат, Codex Cumanicus, «1303».

Диалогты сөз тіркестері: поэтикалық өнер психологиясын зерттеп, поэзия туралы үлкен трактат жазды. Ерте түркі поэзиясының аса құнды маржандарының бірі, қарапайымдылық үлгісі ретінде Оғдұрмыш дәруіш берілген, «шындықты таныту жолын» үйрету құқығына ие болды, үш бағана етіп жазылған латыншы-парсыша-куманша сөздік.

Құндылықтарға баулу

«Мәңгілік ел» ұлттық идеясын басшылыққа ала отырып, Отан сүйгіштікке тәрбиелеу.

-шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау;

- қарым-қатынас жасау қабілеті арттыру;

- өзгелердің мәдениетіне және көзқарастарына құрметпен қарау;

- жауапкершілік;

- денсаулық, достық және айналадағыларға қамқорлық көрсету;

- өмір бойы оқуға дайын болу жетелеу.

Пəнаралық байланыс

Әдебиет пәні. Бәйіт – ұйқасқа құрылған екі тармақтан тұратын өлең.

Дүниежүзі тарихы пәні. Ренессанстың алғашқы ғалымдары түркі ойшылдары.

Алдыңғы білім

Түріктердің материалдық және рухани мәдениеті

САБАҚ БАРЫСЫ

Уақыты

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері Сабақтың жоспарланғанкезеңдері: сабақтың басы

Ресурстар



Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі. Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын құру.Шаттық шеңберін құрып оқушылар бір-біріне жақсы тілектерін айтады.

Үй тапсырмасын пысықтау мақсатында«Күн шуақ стратегиясы» арқылы сұрақ-жауап әдісін қолдану.

Сұрақ-жауап арқылы әр топты диалогқа түсіру сұрақтар жасалып, интерактивті тақтада көрсетіледі

1.Адамдардың шығу тегін белгілі бір аңмен байланыстыратын наным-сенім не деп аталады? (тотемизм)
2. Жібек жолы қайдан басталды? (Қытайдағы Хуанхэ өзенінің аңғарындағы аймақтан)
3. Қарахан мемлекетінің орталығы? (Баласағұн)
4. Жібек сатуда Қытай мемлекетімен бәсекеге түскен қай ел? (Соғды)
5. Қыш құмырашылардың шеберханалары қай қалалардан табылды? (Отырар,Құйрықтөбе, Талғар,Тараз т.б)
6. Қазақстанның аумағында дамыған орта ғасырларда қанша қала болды? (37)
7. X-XII ғасырлардағы қалалық отырықшылық мәдениеттің дамығандығын білдіретін басты көрсеткіш не болды? (сауданың дамуы)
8. Макдисидің хабарына қарағанда Таразда айырбас саудасы немен жүргізілген? (Ешкі түбітімен)
9. Ғаныш дегеніміз не? (Сары топырақты балшық ғаныш қолданбалы өнердің құрылыс материалы болған)
10. Ортағасырлық қандай кесенелерді білесіңдер? (Айша бибі,Бабаджа-қатын кесенесі т.б)

 ҚБ: сұрақтарға жауап берген оқушылар бағалау парақшаларына белгілеп отырады











Интерактивті тақта, карта,оқулық






Сабақтың ортасы

















































































































Сабақтың соңы


Алдыңғы сабақпен сабақтастықты жалғастырып жаңа сабаққа көшу.Жаңа сабақтың мақсатын айқындау үшін оқушылар назарына ортағасырлық ғұламалардың өмірі мен шығармашылығы туралы видеоматериал тамашалау ұсынылады.



«Шығыс миниатюрасы» картинасын ұсынамын.

Соңында оқушылардың пікірі тыңдалып, мақсат қойылады.

Ғылым,білім туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер?

«Оқу – білім азығы , Білім-ырыс қазығы», «Оқусыз білім жоқ, Білімсіз күнің жоқ» мақалдарды мысалға келтіре отырып, оқушыларды білім,ғылымға ұмтылуға шақыру.



Топтық жұмыс.Оқылым.Жазылым.Айтылым.

«Жанұя ортасы» әдісі. Мақсаты: Мәтінмен жұмыс жасату арқылы тақырыпқа түсінік қалыптастыру. Кесте толтыру.

  1. топ. «Диуани лұғат ат-түрк» не үшін жазылды?

  2. топ. «Ұлы хасс-хаджип» лауазымы кімге, не үшін берілді?

  3. топ. «Куманикус» кім?

Жаңа тақырыпты меңгеру, өзара талқылау, талдау, сипаттау.

Мәтінмен жұмыс барысында әр топ ғалымдар бойынша кесте толтырып, әр топтағы әрбір сандар өзара жұмыстарын салыстырып, талқылайды.

Жұптық жұмыс. Дұрыс жауабын тауып «+» таңбасын қой

Ғалымдар

Өмір сүрген жылдары



870-950

1021-1075

1103-1167

1030-1090

М. Қашғари





Ж.Баласағұни





Әл-Фараби





А.Йасауи





Әл-Бируни







Ортағасырлық ғалымдардың туған және білім алған қалаларын кескін картаға белгілеу

ҚБ: «Бағдаршам» арқылы бағалау



Тақырып бойынша семантикалық карта орындайды.

Сұрақтар

Ия

Жоқ

Әл-Фараби бірінші ұстаз



Еуропалықтар қыпшақтарды кумандар деп атады



«Ұлы хасс хаджип» деп М.Қашғариді атады



«Қайырымды қаланың тұрғындары» Әл-Фарабидің еңбегі



Махмуд Қашғари ұлы түркі филологы



Яссауидің ұстазы Арыстан баб



«Кодекс Куманикус» 1303 жылы жазылды







«Сен білесің бе?»

Видеоматериал



















Суреттер.

Шығыс ғұламаларының портреттері.











Қазақстан тарихы. Жалпы бiлiм беретiн мектептiң 7(6)-сыныбына арналған оқулық. – Алматы: Атамұра, 2017. – 78 бет.















Презентация қолдану





































Дәптермен жұмыс





ҚБ: «Сэндвич әдісі» бойынша оқушылар сабақтан алған екі тиімді жақтарын және ұсыныстарын стикерге жазады.



Үй тапсырмасы: Тақырыпты оқу, Ғұламалардың өмірбаянына қатысты қосымша материал іздеу. Өткен тақырып бойынша хронологиялық кесте жасау



Кері байланыс: «Алма ағашы»



Интерактивті тақтаны қолдану

Саралау – Сіз қандай тəсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау- Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық жəне қауіпсіздік техникасын сақтау

Мұғалім оқушылардың дағдысын қалыптастыру үшін жəне нақты жауаптар алу үшін алдын ала дайындалған сұрақтарды қояды.Сабақ барысында әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып,диалог және оқушыларға қолдау көрсету арқылы жəне ынталандырып отырады.

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ кезіндегі үйренгендері қалыптастырушы бағалаудың «Бағдаршам әдісі», « ДЖИГСО әдісі», «Бес саусақ» «Алма ағашы» әдіс-тәсілдер арқылы жүзеге асырылады.

Сабақта сергіту жаттығуларын жасау, белсенді жұмыс түрлері,осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасының ережесін сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма жəне неліктен?









Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нəрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нəрсеге назар аудару қажет?






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 7 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Әлем өркениетінің дамуына түркі мәдениеті қандай үлес қосты

Автор: Талғатова Айгерім Талғатқызы

Дата: 11.02.2018

Номер свидетельства: 456561


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства