kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Кенесары ?асым?лы баста?ан ?лт-азатты? к?теріліс» (1837-1847 жж)

Нажмите, чтобы узнать подробности

Білімділік ма?саты: К.?асым?лы баста?ан ?лт-азатты? ?оз?алысты? тарихи себептері, ?скери ?имылдар барысы мен тарихи ма?ыздылы?ы ж?не сипатын т?сіндіру. К?теріліс басшысы К.?асым?лыны? тарихи т?л?а, саясаткер ж?не дипломат  екендігін дерек к?здері ар?ылы сипаттау. Кенесары ханны? ?стан?ан саясатыны? б?гінгі саяси-?леуметтік ж?не экономикалы? ?мірмен байланыстыра отырып баяндау.

Дамытушылы? ма?саты: ?осымша ?дебиеттерді,  тарихи шы?армаларды  пайдалана отырып, студенттерді? ж?йелі ойлауы мен ?здігінен ж?мыс жасау да?дыларын ?алыптастыру

Т?рбиелік ма?саты: Елді ?ор?ау ?р азаматты?  парызы екендігін т?сіндіру  ж?не  «М??гілік ел» идеясын ж?зеге асыратын ел патриоты болу?а ба?ыттау

Саба? т?рі: Семинар саба?ы.

Саба? ?дісі: с?ра?-жауап, пікір-талас,сайыс, ??гімелеу,

                      ?осымша материалдармен ж?мыс

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Кенесары ?асым?лы баста?ан ?лт-азатты? к?теріліс» (1837-1847 жж) »

Оразымбетова Рашида Джумагалиевна қазақстан тарихы пәнінің оқытушысы

Сабақ тақырыбы: «Кенесары Қасымұлы бастаған

ұлт-азаттық көтеріліс» (1837-1847 жж)

Білімділік мақсаты: К.Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыстың тарихи себептері, әскери қимылдар барысы мен тарихи маңыздылығы және сипатын түсіндіру. Көтеріліс басшысы К.Қасымұлының тарихи тұлға, саясаткер және дипломат екендігін дерек көздері арқылы сипаттау. Кенесары ханның ұстанған саясатының бүгінгі саяси-әлеуметтік және экономикалық өмірмен байланыстыра отырып баяндау.

Дамытушылық мақсаты: қосымша әдебиеттерді, тарихи шығармаларды пайдалана отырып, студенттердің жүйелі ойлауы мен өздігінен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру

Тәрбиелік мақсаты: Елді қорғау әр азаматтың парызы екендігін түсіндіру және «Мәңгілік ел» идеясын жүзеге асыратын ел патриоты болуға бағыттау

Сабақ түрі: Семинар сабағы.

Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, пікір-талас,сайыс, әңгімелеу,

қосымша материалдармен жұмыс

Пән аралық байланыс: Дүние жүзі тарихы, Саясаттану,

Құқық негіздері, География, Қазақ әдебиеті.

Техникалық құрал: Интерактивті тақта, бейне таспа, слайд-суреттері

Сабақ құрылымы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.(4мин)

2.Өткен сабақты пысықтау. (13мин)

3.Жаңа сабақты түсіндіру.(50мин)

4.Жаңа сабақты бекіту. (10мин)

5.Бағалау және Үйге тапсырма.(3 мин)

САБАҚ БАРЫСЫ:

1.Ұйымдастыру кезеңі: -4 минут

Студенттерді түгендеу, Назарын сабаққа аудару (бейнетаспа көру)

2.Өткенді пысықтау- 13 минут

Бұл тақырыпқа дейін біз Қазақстан тарихындағы ұлт-азаттық көтерілістер тарихынан хабардармыз. Енді сол өткен тақырыптарды еске түсірейік.

«Не? Қайда? Қашан?» бірнеше студенттен карточка арқылы өткенді сұрау

1)Сырым Датұлы бастаған көтеріліс Қазақстанның қай бөлігінде және қандай себептерден болған оқиға? (Кіші жүзде, орыс казактарының қазақ жерін, әсіресе Еділ –Жайық өзендерінің аралығындағы жайылымды жерлерге әскери бекіністердің салынуы, Кіші жүз қазақтарының өз жерінен ығыстырылуы т.б.)

2)Сырым Датұлы бастаған көтеріліс Кіші жүзде немен аяқталды? (Жеңілісте болды. Жеңіс те болды. Жеңіс –Жайық өзенінің оң жақ жағалауына халық қоныстануға мүмкіндік алды. Стихиялы түрде жеңіліс тауып С.Датұлы Хиуада 1801 жылы қаза болды)

3)Бөкей Ордасындағы И.Тайманұлы мен М.Өтемісұлы бастаған көтеріліс қай жылдары болды? (1836-1838 жж. Бөкей Ордасының территориясы қазіргі Батыс Қазақстан)

4)Көтерілістің негізгі себептері неде болды? (қазақ шонжарларының сатқындығы мен халыққа түскен салықтың өз мөлшерінен артық болуы,Кіші жүз қазақтарының екі жақты езгіге ұшырауы)

5)И.Тайманұлы мен М.Өтемісұлының шығу тегі туралы не айтар едің? Махамбет ақынның өлеңдерінен бірер шумақтарды оқып беріңіз (Кіші жүздің байбақты руынан, ру старшындары, М.Өтемісұлы ХІХ ғ. І- жарт. ақын және батыры. «Мен, мен едім мен едім» «Ау қызғыш құс, қызғұш қыз»

6) Бөкей Ордасындағы көтеріліс немен аяқталды? Неге? (Жеңіліспен, Бөкей Ордасындағы хандықтан кеткен қателіктермен, қара халықты ел шонжарларының қолдамауы. Және көтеріліске қатысушылардың қару қарапайымдылығы мен ұйымшылдықтың аздығынан)

Қорытындылай келсек, Ұлт-азаттық көтерілістердің мақсаты

(Ел азаттығы мен ел дербестігі)

«Білім күресі» атты ойыны.

Мұнда студенттер салыстырмалы тест сұрақтарының дұрыстығын айтады. Интерактивті тақтада 4 сұрақтан беріледі. Жауаптар негізін сұрақтар тұсына қойып түзетеді.


НҰСҚА № 1 (интерактивті тақтада көрсетіледі)

1

Жәңгір ханның әділетсіздігі мен рақымсыздығына қарсы болған көтеріліс...

Қазақ халқының әскери, моралдық рухын көтерді

2

«Ақтабан шұбырынды» оқиғасы қай жылдары болды?

1723-1728жж

3

Әскери бекіністер салу, қазақ өлкесін жаулап алу бұл не?

И.Тайманұлы мен М.Өтемісұлы бастаған көтеріліс

4

1726 жылғы «Қалмақ қырылған» шайқасы қазақ халқына қалай ықпал етті?

Патшалы Ресейдің отаршыл саясаты

1 сұрақ жауабы- И.Тайманұлы мен М.Өтемісұлы бастаған көтеріліс

2 сұрақ жауабы- 1723-1728жж

3 сұрақ жауабы- Патшалы Ресейдің отаршыл саясаты

4 сұрақ жауабы-Қазақ халқының әскери, моралдық рухын көтерді


НҰСҚА № 2 (интерактивті тақтада көрсетіледі)

1

Шын есімі «Ерасыл», халық батыры, тарихтағы есімі «Дарабоз». Қай батыр?

1465-1466жж.

Керей мен Жәнібек хандар

2

Абылай сұлтанның жоңғар тұтқынында болған уақыты...

1742-1743 жылдары

3

1635 жылы батыс Монғолияда құрылған әскери-феодалдық мемлекет...

Қаракерей Қабанбай батыр

4

Қазақ хандығының құрылған уақыты мен алғашқы қазақ хандары кімдер еді?

Жоңғар хандығы

1 сұрақ жауабы- Қаракерей Қабанбай батыр

2 сұрақ жауабы- 1742-1743жж

3 сұрақ жауабы- Жоңғар хандығы

4 сұрақ жауабы-Қазақ халқының әскери, моралдық рухын көтерді


НҰСҚА 3. (интерактивті тақтада көрсетіледі)

1

Кіші жүзде хандықты жойып, Ресей әкімшілігінің билігін орнатудағы реформа авторы кім еді?

1838 жыл. Ақбұлақ шайқасы

2

Исатай Тайманұлы қайтыс болған шайқас және оның уақыты...

барон Игельстром

3

Ұлт-азаттық көтерілістеріне ортақ жеңіліс ол...

стихиялы және ұйымшылдықтың жоқтығы

4

С.Датұлы мен И.Тайманұлы, М.Өтеміс ұлының руы қалай аталады?

С.Датұлы- руы-байбақты, И.Тайманұлы, М.Өтемісұлы беріш руынан

1 сұрақ жауабы- барон Игельстром

2 сұрақ жауабы- 1838жылы, Ақбұлақ шайқасы

3 сұрақ жауабы-стихиялы және ұйымшылдықтың жоқтығы

4 сұрақ жауабы-С.Датұлы-руы байбақты,

И.Тайманұлы, М.Өтемісұлы-беріш руынан

3.Сабақ тақырыбы:

К.Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс. (1837-1847жж)- 50 минут

Жоспар:

3.1.К.Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің алғы шарттары, мақсаты, басталу себептері.

3.2.Қарулы көтерілістің барысы және оның жеңілуі.

3.3. К.Қасымұлы және феодалдық мемлекеттің құрылымы.

Тарихи маңызы мен сипаты.

3.1 К.Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің алғы шарттары,

мақсаты, басталу себептері.

1802 жылы Көкшетау өңірінде дүниеге келді. Шыңғыс ханның 27-ші ұрпағы. Абылай ханның немересі. Жаужүрек батыр, шабандоз, көрнекті қолбасшы, қайраткер, халық бостандығы үшін күрескер және ұшы-қиырсыз даланың қатал табиғатына шыныққан, бірбеткей мінезді, қайсарлы және жетекшілігі мен адамшылдығы бір басынан табылатын тарихи тұлға еді. ХІХ ғасырдың 30-шы жылдарындағы ұлт-азаттық қозғалыс басшысы Қасымның баласы Кенесары болды. Кенесары Қасымұлының саяси көзқарастарының қалыптасуына себепкер болған әкесі – Қасым еді. Кенесарының көтерілісінің басталуына әсер еткен алғы шарттар:

Көтеріліс мақсаты

*Қазақ елінің патшалық Ресейдің құрамына қосылып үлгермеген аймақтардың дербестігін сақтау;

*Қазақ жерлерін бекіністер мен жаңа округтік билеу арқылы жан-жақты отарлауды тоқтату;

*Қоқандықтардың тепкісіндегі Оңтүстік өңірдегі қазақтарды азат ету және Қазақ хандығына қосу еді.

Көтерілістің басталу себептері

ХІХ ғасырдың 30-шы жылдарында патша өкіметі Қазақстанда отарлау саясатын онан әрі күшейтті. Қазақ халқының саяси дербестігінің біржола жойылуына бағытталған шаралар патша өкіметі тарапынан жүзеге асырылып жатты. Олар: қазақ хандары Әбілқайыр, Абылай хандар заманындағы жасасқан шарттары елеусіз қалды. Салықтар төленбеді. Әскери шептер салынып, қоныстандыру саясатының шаралары жүргізілді. Қазақ жерінің шұрайлысы Ресейдің қолына қарады. Жерді пайдаланғандарға салықтар салынды. Әкімшілік басқару жүйесін қайта құру (1822-1824 жж. Уставтар) барысында қазақ жерлері (Батыс –Сібір және Орынбор) округтеріне бөлінді. Патшалы Ресейдің «Бөліп ал да билей бер» деген отаршылдық қағидасы бұлжытпай орындалды. Әсіресе әскери бекіністер Торғай, Ақмола, Көкшетау, Қарқаралыда көтерді. Әрине қазақ даласындағы мұндай сұмдық жағдайлар кім-кімнің де болсын жанын ауыртатыны рас. Патша өкіметінің отыршылдық саясатына қарсы шыққандардың бірі Абылай ханның баласы Қасым еді.

Қасым сұлтан патша әкімшілігіне хат жазып, кісі салып, халыққа қысым жасалмауын талап етіп түсіністікке шақырды. Бірақ жауапсыз қалған хаттардан кейін Қасым патша өкіметіне ашық қарсы шығуды ойлады. Қарсылық күресте Қоқан хандығына сүйенбекші болды. Бірақ Қоқандықтардан күткен көмек бола қоймады. Олар керісінше патша өкіметінің қолдауына ие болып, Қасым балалары Саржан мен Есенгелдіні, кейіннен Қасымның өзін өлтіреді. Кенесарыны Ташкент түрмесіне қаматты. (ойластырылған қастандық болды)

Түрмеден босап шыққан Кенесары ата мекені Ұлытауға келіп қоныстанды. Өз өмірін ел дербестігіне арнады. Ондай арман ел басын біріккенде ғана жүзеге асатындығын түсінген Кенесары Қасымұлы болып жатқан жайттарды ойдан өткізіп, алдымен мәселені дипломатиялық күш арқылы шешуді көздеді. Көздеген мақсаты Ресейге де, Орта Азия хандықтарына тәуелді емес, олармен тең қарым-қатынаста болу еді. «1825-1840 жылдар аралығында олар біздің ауылдарымызды 15 рет тонауға, талауға салды. Мұндай қысым мен тонау, талау, адамдарды өлтіру бізді басқа жаққа кетуге мәжбүрледі. Сондықтан мен К.Қасымұлы қолыма қару алып халқымның ұлы күресін бастауға патша үкіметіне ашық қарсы шықтым» деп жазады.

3.2.Қарулы көтерілістің барысы және оның жеңілуі

*Бүкіл Қазақстанды қамтыды;

*Сипаты- ұлт-азаттық;

*10 жылға созылды, қозғаушы күші – бұқара халық болды;

*Көтеріліске ақсүйек өкілдері де қатысты, өз мүдделері мен бұрынғы артықшылықтарын қайта алу үшін;

*Көшпенді дербес феодалдық мемлекет құруды көздеді;

Көтерілістің барысы:

1.1837 жылы қарашада Кенесары Петропавл қаласынана шыққан Ақтау бекінісі казактарына тұнғыш рет шабул жасап,патша үкіметіне ашық қарсылық білдірді;

2.1838 жылы 26 мамырда Ақмола бекінісін қоршап оны өртеп жіберді;

3.1841 жылы Кенесары әскері Ташкентке аттанды ,бірақ жұқпалы аурудың шығуына байланысты жорық тоқтатылды

4.Осы жылы Созақ,Жаңақорған, Жүлек, Ақмешіт бекіністерін қоршап,бірнеше бекіністі басып алды.

Патша үкіметінің көтерілісшілерге қарсы ұйымдастырған шаралары: *1842 жылы Орынбор генерал-губернаторы Обручевке Сібірден Сотников әскері жіберілді;

*1843жылы 27 маусымда старшина Лебедевтің 300 казактан тұратын жазалаушы әскері көмекке жіберілді;

*1843жылы тамыз айында Жантөреұлы, Айшуақұлы мен полковник Генс бастаған 5 мыңдық қол ұйымдастырылды.

*Кенесарының басын кескенге 3 мың сом белгіленді;

Кенесары көтерілісін басқарғандар:

1838 жылы мыңдаған сарбаз жиналып үш жүздің қазағы бас қосты. Кенесарының жауға қарсы жорығындағы батырлары... Ағыбай /Орта жүзден/, Иман Дулатов /Амангелдінің атасы/, Бұқарбай /Ұлы жүзден/, Мыңжасар, інілері –Наурызбай мен Әбілғазы, әпкесі –Бопай қатысты.

Батырлары туралы әдеби жазбалардан үзінділер бойынша мәліметтер беру. (Есенбай Дүйсенбай Хан Кене. Алматы, 1993 273-277 беттер)

Кенесары жасақтары қатарында қарақалпақ, түрікмен, қырғыз, өзбек өкілдері де болды. Қозғалысқа қатысушылардың саны 1843-1845 жылдары көбейе түскен. Кенесары қазақ жерлерінің тартып алынуына күйініп қана қойған жоқ, атамекенді кері қайтару үшін де халықты батыл күреске шақырды (Е.Бекмаханов. «Қазақстан ХІХ ғ. 20-40 жылдарында» А- 1994, 186 бет) Дегенмен Кенесары барлық әдіс-амалдарын қолданып тырысып бақса да, кейбір феодалдық топтарды, үш жүздің ру-тайпалық бөлімдерін біріктіре алмады. Қазақ ақсүйектері екіге бөлінді. Бірі-патша өкіметін жақтағандар, екіншісі - өз саясатын күшейтуге әрекет етушілер.

1838 жылдың көктемінен бастап Кенесары жасақтары патша әскерлеріне қарсы алдын ала жасалған жоспар бойынша дәйекті күрес жүргізді. Ақмола қаласын қиратып,1844жылы Қоңырқұлжа сұлтанның ауылын шапты. «Кенесары ұрыстың түйіні шешілген жерге келіп, көкбурылдың үстіне ажалдан қорықпай тік тұра қалып «Абылайлап» қамалға қарай құйындата жөнелді. Кенесарыны көрген жау орындарында тұра алмады. «Абылай», «Атығай», «Қабанбай» деп ұрандап бекініске лап қойды. Ақмола әскері жеңілді.» Сөйтіп Кенесары сарбаздары Ақмола бекінісінің үйлерін тегіс өртеп, қорғанын құлатып, Шығыс Сібірдің орталық қамалы тұрған жерді тып-типыл етті. Сонымен жеңістен кейін қайта Ұлытауға қарай бет алды. Бұл шайқаста Кенесары өзінің қолбасшылық дарынын танытты. (І.Есенберлин. Қаһар. Алматы-1969ж. 160-165 беттер)

Кенесары Қасымұлының азаттық көтерілістің мақсатына жету жолында дипломатиялық айла-амалдарды шебер пайдаланып, патша үкіметіне хат жазды. Хат мазмұнына назар аударсақ...

Бірінші хат: «Бүкілроссиялық дара билеуші патша ағзамға. (Ол кездегі патша І Николай еді). Бүтін қырғызды билеген Абылай ханның ұрпағы Кенесары Қасымұлынан. Тақсыр! Төмендегі жағдайға көңіл аударсаңыз өзімді бақытты санаймын. Менің атам Абылай хан билеп-төстегенде халық тыныш өмір сүрді. Екі жақ саудаласты, жайлы өмір сүрді. Кейінгі кезде бізден салықты жөнсіз сыпыра бастады, әртүрлі жәбір көрсетуді сезіп отырмыз. Бейбіт келісімдер бұзылып, ақиқатты аяқпен таптап, барша қырғыз халқын Ресейдің уысында деп қарайды. Барша қырғыз халқына қысымды тоқтату және бұрынғы тыныш өмірді қалпына келтіру үшін сізден, ұлы патша, өмірімізге қол сұқпауыңызды, даламызда салған қоныстарыңызды жоюды өзіңізден өтінуді бақыт санаймын» (Ж.Қасымбаев. Кенесары хан. А-1993, 15-17 беттер). Бірінші хат мазмұны дипломатиялық - этикалық талаптармен жасалды. Бұл жерде Кенесары сұлтанның дипломат болғандығын түсіну қиын емес-ті.

  • Хатта көзделген мәселе не болды? (студенттер пікірін тыңдау)

Басты тілек – тыныш өмірдің шырқын бұздырмау. Осылайша Кенесары сұлтанның қайсарлығы қазақ даласына кеңінен тарады.

1838 жылдың жазы мен күзінде Орта жүзбен Кіші жүздің адамдары келіп қосылды. Ақмола шайқасынан кейін патша үкіметінің губернаторлары дау көтерді. «Кенесарының қолы көбеюде. Тез арада жоюды ойластыру керек», деген пікірді айтқан генерал Обручев болды. Осы тұста Кенесары Қасымұлы екінші рет хат жолдады. Бұл жолғы хат айбарлы болды.

Онда: «Сіздің есіңізге салайын. Екі халықтың тыныштық өмірін қамтамасыз ету. Менің атам Абылайдың иелігінде жөнсіз бірнеше дуандарды ұйымдастырып, салық жинаттырып отырған сіздер емес пе? Ойлыңыз, егер Ресейді басқа бір мемлекет билеп-төстеп отырсыз, қалай шыдар едіңіз? Біздің де пайымымызды еске алыңыз...!»

Кенесарының 5 елшісі жеткізді. Олар қамауға алынды. Тіпті оларды бір-бірінен бөліп жеке бөлмелерде қапаста ұстауды қажет дегендер де болды.

- Қалай ойлайсыңдар неге? (студенттер пікірін тыңдау) Е.Бекмахановтың зерттеуінде Кенесарының бес елшісінің үшеуінің ғана аты-жөндері берілген: Тобылды Тохтыұлы , Қошымбай Жанкүшікұлы, Қосымбай Қазанқапұлы. (орыс тілін жақсы білді, тентектік, бүлікшілік мінезі бар.

1840 жылы күзде көтерілісшілер Ырғыз бен Торғай маңында патша әскеріне, орыс әкімшілігін қолдаушы жергілікті бай-шонжарға қарсы күресті күшейтті. Кенесарының қозғаушы күштерінің қимылы күшейе түсті. Ұлы жүздің қазақтарын босатып, өзіне қосып алу мақсатымен Кенесары Қоқан хандығына басып кірді. Кенесарының аты қазақ даласына одан әрі кеңінен тарады. Алайда заңды талап-тілегі орындалмай өтініштер аяққа басылды. Елі мен жерінің біртұтастығына қатты қауіп төнгендіктен, ту ұстап, тұлпар мініп қол бастады. Осы тұста Кенесарының әскери қолбасшы екендігін байқаймыз. Шебер қолбасшы ретінде соғысқа жан-жақты дайындалды.

Қару – жарақ соғу, зеңбірек құю, өзге ұлт шеберлерінің ұсталығын пайдаланып, 20 мыңға жуық қол жинады. Кенесары сұлтанның ұлт –азаттық қозғалыстың күшейген кезеңінде арқа сүйер батырлары болды. Олар... (Е.Бекмаханов «Қазақстан ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарында» монографиясы. Алматы-1994 210-212 беттер).

1841-1842 жылдары Кенесары жасақтары Қоқан хандығына қарсы соғыс жүргізді. Созақты, Сауранды алды. Ташкентке жорық жасады, бірақ нәтижесіз аяқталды. Себеп жұқпалы аурудың жасақ арасында тарауы. Осыдан кейін көрші Бұқара хандығымен қарым-қатынас саясатын жасап, ол өзгешелеу болды. Әскери көмек, қару-жарақтар алмасып отырды.

1843 жылы Орынбор генерал-губернаторы Перовский кетіп, орнына Обручев келді. Кенесары мен Перовский бір-біріне сыйластықпен араласты. Обручев пен Горчаков Кенесары бастаған ұлт-азаттық көтерілісін тұншықтыруға және Кенесарының көзін жоюға 1843 ж. 23 маусымда патша І Николайдан рұқсат алды. Тіпті қаржы бөлді. Әскерлер соғысқа дайындалды. Кенесарыға қарсы 50000 әскер жіберілді. 1-7 қыркүйекте екі жақтың арасында күшті шайқастар жүрді. Көп шығын болды. Кенесары әскері тіке шабуылдамай, әр тұстан, тұтқиылдан жау әскерін мазалап, берекетін кетірді. Патша әскері кейін шегінді.

1844-1845 жылдары қазақ даласындағы ұлт-азаттық қозғалыстың өрлеу кезеңі басталды. Жақсы дайындық жүрді. Жасалған қимылдар табысты аяқталды. Татулық саясаты Бұқара мен Хиуа хандығы Кенесарымен тығыз байланыс жасауға ұмтылып, сыйлық жіберді. Патшалы орыс мемлекеті Кенесарымен келіссөз жүргізу елші Долговты бір топ адамымен қазақ жеріне аттандырды. Кенесары мәселені ойланып қарауды екі айға созды. Елшілер бітім болмайтындығын сезгеннен кейін «кетеміз» деп, Кенесары патшаға хат аттандырды. Хатта қазақ жеріндегі бекініс-қамалдарын бұзып, қазақ халқына жасап отырған зорлық-зомбылығын тоқтағанда ғана Ресей қол астына енуге дайын екенін жазды.

1845 жыл. Кенесары Ұлы жүзге қоныс аударып, Жетісуға келіп тоқтады. Көздегені Ұлы жүздің халқын біріктіру, қырғыздармен одақ құру, Қоқан хандығына шабуыл жасап, қоқандықтардан қазақтарды азат ету. Жетісу келешегіне байланысты жоспарларын ойластырды. Осы тұста Кенесарының төңірегіне тор құрылды. Қазақтың бай шонжарларымен қырғыз манаптары (Орман хан, т.б.) бас қосып Кенесарының еңсесін көтертпейтін соңғы соққы беруге әзірленді.

1846 жылы мың жасағымен Кенесары Қырғызға бет алды. Хан солтүстік қырғыз манаптарынан өзіне бағынуын талап етті. Қырғыз манаптары Орман, Жантай, Жанғараш тайпалар өкілдерінің құрылтайы шақырылды. Кейбір тайпалар хан талаптарын орындамады.

1847 жылы Кенесары қырғыз жеріне басып кірді. Кенесары Тоқмақтың маңында Кекілік-сеңгірі тауында үш жақтан қоршауға түсіп, жан-жақтан қамауға алынды. Үш күн шайқас болды. Талай адамдар осы шайқаста соңғы демі біткенше қарсыласты. Арасында қара халық арасынан шыққан Ағыбай, Бұқарбай мен топ жарып шыққан батыр інісі Наурызбай болды. Наурызбай қолға түскен ағасының жайын ойлап қырғыз қолына өзі түсті. Екі батырдың басы кесілді.

«Кенесары тұсында қарт бурадай жарадық,

Жауды жасқап жапырып,

Жауған қардай борадық

Дұшпанның алдын орадық.

Кене ханнан айрылып,

Шіл боғындай тарадық.

Көрінгеннен қорғалып,

Кісі аузына қарадық» деп Нысанбай жырау жырлады.

(Хан Кене. Алматы-1993 17-20 беттер)

Көтерілістің әлсіреу себептері болды.

1.Кенесарының өзін қолдамаған ауылдарға озбырлық көрсетуі;

2.Хан тобының Қоқан феодалдарына қарсы соғысып күшті біріктіре алмауы; 3.Қазақ руларының тарапынан қолдау болмауы, әсіресе Қоқан мен қырғыздарға қарсы күрестерде;

3.3. К.Қасымұлы және феодалдық мемлекеттің құрылымы.

Тарихи маңызы мен сипаты

1841 жылы қыркүйекте қозғалыс орталығы Торғайға ауысты. Үш жүзден адам жинап, әкесі Қасымға ас берді. Осы астан кейін үш жүзден жиналған жамағат Кенесарыны ақ киізге салып, бүкіл қазақ халқының ханы етті. Қазақтың соңғы ханы-Кенесары Қасымұлы. (1841-1847 жж). Кенесары хан болып сайланғаннан кейін ел билеу тәртібін өзгертті. (Реформа жасалды)


Кенесары хандығының өмірі ұзақ болмады. Бірақ ел тәуелсізідігімен ел билігінің еркіндігі үшін тамаша ерлік істерімен ел тарихындағы ұлы тұлға болып қалды.

Тарихи маңызы мен сипатына келсек...үш жүзді қамтыған, патшалы Ресейдің саясатына қарсылық туып, халық азаттығы үшін күресу керектігін халықтың түсінуі. Сипаты: отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық қозғалыс.


Ассосация құру «К.Қасымұлы кім?»


4. Жаңа бекіту сұрақтары: 10 минут

«Кім жақсы біледі және еске сақтады» ойыны бойынша пысықтау

-Кенесары көтерілісі қай жылдары болды? -1837-1847 жж

-К.Қасымұлы көтерілісінің сипаты –ұлт-азаттық

-К.Қасмыұлының көздеген мақсаты не болды? -ел дербестігін сақтау

-К.Қасымұлы хаттарының мазмұны қандай?- дипломатиялық және айбарлы

-К.Қасымұлының батырлары- (Ағыбай, Бұқарбай, Наурызбай, апасы Бопай

-К.Қасымұылың шын есімі кім? -Сары Кене

-К.Қасымұылының хандыққа келуі қай жылы болды? 1841-1847жж

-К.Қасымұлы бастаған көтерілістің тарихи маңызы- үш жүзді қамтыған отаршылдыққа қарсы көтеріліс

-К.Қасымұлының ел басқаруға енгізген жаңалықтары қандай? Хандық сот, қаржылық топ құрды, егенішілікті дамыту, сауда-саттық, дипломатиялықты қолға алуды көздеді

Қорытынды:

Кенесары қазақ халқының дербес мемлекеттілігін қалпына келтіру, халқын бодандықтан құтқарып, басын біріктіру, азаттық пен бостандыққа қол жеткізіп, тәуелсіз ел ету мұратын көздеген сұңғыла саясатшы, қайраткер, ірі мәмілегер, дарынды әскер қолбасшы ретінде ел есінде қалды. Қазіргі ел саясатының да төркіні осыған ұқсас болып, қазіргі таңда зор табыстарды иеленудеміз. Еліміз егемендігін алып, ата-баба ұстанған сан ғасырлық шындық бүгін ақиқатқа айналды. Тәуелсіз Қазақстан өзінің қандай ел екендігін көрсетіп, халықаралық саясат сахнасында зор табыстарды игеруде. Соның бірі бүгінде Тәуелсіз Қазақстанымыз әлім елдерінің қатарынан көрініп, тамаша бастамаларды игеруде. Әрине бұл «тәуелсіздік» деген құндылық «Желтоқсан оқиғасы» мен оның қаһармандарының патриоттық ерлік істерінің нәтижесі. ХІХғ. болған ұлт-азаттық көтерілістер ел тәуелсіздігі мен ұрпақ болашағының өмірі үшін болған қарулы күрестер еді. Батырлар есімін еске ұстап, ұлы тұлғалардың ерлігін өзімізге үлгі ету кез-келген қазақ азаматының санасында болуы тиіс. Себебі олар ерлікпен күрес ел болашағы мен тәуелсіздігі үшін болған күрестер. Осыны ұмытпайық.

5. Үйге тапсырма және сабаққа қатысқандарды бағалау -3 минут

1.Ч.Мусин. Қазақстан тарихы Алматы-2005, 210-219 беттерді оқу

10




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
«Кенесары ?асым?лы баста?ан ?лт-азатты? к?теріліс» (1837-1847 жж)

Автор: Оразымбетова Рашида Дж?ма?алиевна

Дата: 13.01.2015

Номер свидетельства: 154206


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства