Просмотр содержимого документа
«Кенесары ?асым?лы баста?ан ?лт- азатты? к?теріліс »
Алматы облысы Қарасай ауданыҮшқоңырауылындағы орта мектептіңтарих пәні мұғалімі Нуралина Еркеназ Жанымхановна
Сабақтың тақырыбы:
Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт- азаттық көтеріліс
8 сынып
Сабақтың мақсаты: :“Білген сайын келеді біле бергім, Біле беру емес пе тілегі елдің”- демекші, туған жердің тарихын, , соның ішінде Кенесары Қасымұлының өмірі, Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілісінің себептері, сипаты, қозғаушы күштерін біле отырып,оқушылардың бұл тақырыпты қаншалықты меңгергендігін тексеру. дамытушылық: Оқушылардың осы сабаққа деген белсенділігін, қызығушылығын арттырып, ойлау, сөйлеу, танымдық, іздемпаздық қасиетін арттыру. Тәрбиелік:“Туған жерді сүю парыз, сүю үшін тарихын білу парыз” – дегендей, өз отанының тарихын біліп қоймай туған жерге деген сүйіспеншілікке, “Бабалар ерлігі - ұрпаққа үлгі”, - деп айтып оқушыларды өз елінің бабалары сияқты елін қорғауға, ерлікке, Отанын құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: өткен сабақ бойынша білімді пысықтау, бекіту сабағы.
Ертеде екі данышпан өмір сүріпті. Бірі екіншісін көре алмай, сынамақ болады.
Бір күні данышпанның бірі көбелекті алақанына қысып,“көбелек өлі ма, тірі ма соны айтып берші” - дейді.
Сонда екінші данышпан ... «Бәрі сенің қолыңда» деп жауап беріпті
Ал ендеше балалар бүгінгі біздің сабағамаздың ойдағыдай өтуі сендердің қолдарыңда.
II. Сабақ жоспары:
1. « Кім жылдам».
2. «Дода».
3. Тест.
1. «Кім жылдам»
1.Кенесарының атасы кім? Абылай
2.К. Қасымұлының өмір сүрген жылдары? 1802-1847жж
3. Көтерілістің себебі? Отаршылдықтың күшеюі
4. Көтерілістің басты мақсаты? Тәуелсіз қазақ хандығына қол жеткізу
5. Көтерілістің қамтыған аумағы? Бүкіл қазақстанды.
6.К. Қасымұлын қай рулар қолдады? Қыпшақ, төртқар, жағалбайлы,шекті т.б
7. Көтерілістің басты қозғаушы күші? Қазақ шаруалары.
8. Көтерілістің сипаты? Ұлт- азаттық
9. Кенесарының інісі? Наурызбай.
10. Көтеріліске қатысқан Көкшетау өңірінің сұлтандары? Шнген,Қанқожа Уәлиұлы, Айғаным ханым, Таны Тортайұлы .
11. Көтеріліске қанша сұлтан ,билер қатысты? 80 астам
12. Ақтау бекінісі қазақтарының тобына қай жылы тұңғыш шабуыл жасайды 1837 ж
13. 1837-1847 жылдардағы ұлт-азаттық көтерілісті басқарған кім?
К. Қасымұлы. 14. К.Қасымұлы казак отрядына шабуылы? 1837ж 15. 1838 ж. тамыз Кенесары сарбаздары қай бекініске шабуыл жасап, өртеп жіберді? Ақмола бекінісін
16.Ақмолабекінісін кімдердің горнизоны қорғап қала алмады?
Қоңырқұлжа Құдаймендіұлы мен Карбышев
17. Қай жылы көтеріліс Кіші жүзді қамтыды? 1838ж
18. Не себепті Кенесарының1841 жылғы Ташкентке жорығы сәтсіз болды? Жұқпалы аурудың таралуы.
19. Батыс сібір генерал губернаторы кім? П.Д. Горчаков.
20.Кенесары әскерінің 1844 жылғы шілде айындағы шайқасы немен аяқталды? Жеңіліспен
21.Кенесарыға қарсы тұрған қазақ феодалдарынан қанша сұлтан мерт болды? 44
22.Орынбор губернаторы Обручечевтің хатын Кенесарыға кім жеткізді? Орынбор шекаралық комиссиясының өкілі, би Баймұханбет Жаманшин.
23. Опасыздық үшін Кенесары әскерлеріне қандай жаза қолданды?өлім жазасы.
24. Абылайдың баласы Сүйік сұлтанның жақтастары кімді жақтады? Ресей билігін.
25. Кенесары қай жылы қырғыз жеріне басып кірді? 1847 ж
26. 1847ж Кенесары қолы қырғыз манаптарының әскерімен шайқаста қай жерде жеңіліс тапты? Тоқмаққа жақын жердегі Майтөбе деген жерде.
27. . Кенесары Қасымұлы қай жылы хан сайланды? 1841ж. 28. Қай жылы Кенесары хан сұлтан Жантөреұлының тобын қоршап, 44 сұлтанды мерт қылды? 1844ж
29. Қай жылы. Кенесары ауылына орыс елшілері Долгов пен Герн келді? 1845ж 30. Қашан Кенесары 10 мың әскерімен қырғыз жеріне басып кірді?1847ж 31.Кенесарының қарындасы? Бопай ханым.
32.Кенесары әскерінің құрамында қандай батырлар болды? Ағыбай, Жоламан, Бұхарбай, Бұғыбай Сұраншы батыр т.б
33. Кенесарының әкесі ? Қасым төре.
34. Көтеріліске қай ұлт өкілдері қатысты? Қазақ орыс, өзбек, қырғыз.
35. Көтеріліс қай жылы аяқталды? 1847ж
36. Көтеріліс немен аяқталды? Жеңіліспен
37. Кенесары әскеріне жұқпалы ауру дың таралуы неге әкеп соқты? 1841 жылғы Ташкентке жорығы жүзеге аспады.
38. Қай жылы Сотников тобы Кенесары жасақтарына қарсы жорық ұйымдастырды? 1842ж.
39. 1843 жылы маусым айында 1 Николай патша кімге көтерілісті басып жаншуға келісім береді?
Войсковой старшина Лебедев бастаған 300 казак әскеріне.
40. Кімнің жазалау отряды Ақсақал төбе маңында 1000 түйе, 3000 жылқы, 10000 қойды айдап әкетіп, 100 адамды өлтірді? Стников басқарған батыс сібір жазалау отряды.
2. «Дода»
1. К.Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс қай жылдары болды?
1837-1847 жылдар
2. К.Қасымұлы көтерілісінің себебі неде? Отаршылдықтың күшеюі
3. К.Қасымұлының өмір сүрген жылдары 1802-1847 жылдар
4. Кенесары бастаған көтерілісшілер қай жерде жеңіліс тапты?
Майтөбе, Пішпек
5. К.Қасымұлына 1845 жылы патша өкіметінен елшілік келді. Ол елшілікті
кімдер бастап келіп еді? Долгов пен Герн
6. К.Қасымұлы көтерілісінің қамтыған аумағы? Бүкіл Қазақстан
7. К.Қасымұлы қай жылы бүкіл үш жүздің ханы болып сайланады?
1841 жылы, қыркүйек
8. К.Қасымұлының бауырлары мен әкесі кімдердің қолынан қаза тапты?
Қоқан ханының бұйрығымен өлтірілді
9. К.Қасымұлы бастаған көтерілісшілер Ақмола бекінісін қай жылы қоршап, өртеп жіберді? 1838 жылы, мамыр
10. К.Қасымұлының Ташкентке жорығы не себепті іске аспай қалды?
Әскерлерінің арасында жұқпалы аурудың таралуы
III Бекіту:
3Тест
1.1837-1847ж.ж. көтерілістегі Кенесарының әпкесі? А) Бопай В) Сапара С) Томирис 2.К.Қасымұлы бастаған көтеріліс қай жылдары болды? А) 1827-1837ж.ж. В) 1847-1857ж.ж. С) 1837-1847 ж.ж. 3.1844 ж. К.Қасымұлы ірі жеңіске жетті.Жеңіліске ұшыраған топты кім басқарды? А) Лебедев В) Дуниковский С) Жантөре 4.Қай жердегі шайқаста Кенесары жеңіліс тапты? А) Жетісу В) Тоқмақ С) Майтөбе 5.Кенесары бастаған көтеріліс қандай сипатқа ие болды? А) Отаршылдыққа қарсы В) Қоқан хандығына қарсы С) Феодализмге қарсы 6.К.Қасымұлы қай жылы хандық билікті қолына алды? А) 1837ж. В) 1845ж. С) 1841ж. 7.Кенесары көтеріліс барысында қандай мемлекет құрды? А) Діни В) Феодалдық С) Олигархиялық 8.К.Қасымұлының көтерілісі Қазақстанның қай бөлігін қамтыды? А) Тек қана Орта жүз В) ҰлыЖүз бен Кіші Жүзді С) Бүкіл Қазақстанды 9.1841 ж. К.Қасымұлын хандыққа сайлауға қандай оқиға себепші болды? А) Жантөре ұлын жеңу В) Қоқан бекінісін алу С) Қырғызға жасалған жорық 10.Қай жылы Кенесары қырғыз жеріне басып кірді? А) 1845ж. В) 1846ж. С) 1847ж. 11.Көтеріліс неше жылға созылды?
А) 11жылға. В) 8 жылға. С) 10 жылға
12. Кенесары кімнің немересі
А) Төле бидің. В) Абылайдың. С) Қасым ханның
13.1837-47 жылдардағы көтерілісті кім басқарды?
А) Сырым . В) Махамбет. С) Кенесары.
14.Қанша сұлтан ұрыс даласында мерт болды?
А) 44. В) 52. С) 36
15. Қай жылы Кенесары ауылына Долгов пен Герннің елшілігі келді?