kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

ХІ?-Х? ?асырларда?ы ?аза?станны? экономикалы? жа?дайы.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы:  ХІ?-Х? ?асырларда?ы ?аза?станны?  экономикалы?                                                     жа?дайы.

Саба?ты? ма?саты:   

  • Білімділік:   ХІ?-Х? ?асырларда?ы ?аза?стан хал?ыны? шаруашылы?ы,егіншілікті?  дамуы,?алалар мен ?ыста?тар,?ол?нер к?сібіні?  ?ркендеуі жайлы т?сінік  ?алыптастыру.
  • Дамытушылы?:Танымды? тапсырмалар беру ар?ылы о?ушыларды? ой-?рісін дамыту,білімділік пен білілктілік  да?дыларын ?алыптастыру.
  • Т?рбиелік: ?з еліні? тарихын білуге,оны ??рметтеуге, отанс?йгіштікке,е?бекке,адамгершілікке т?рбиелеу.

Саба?ты? т?рі: аралас саба?.

Саба?ты? ?дісі: ауызша т?сіндіру,с?ра?-жауап,интерактивті ?діс-т?сілдер.

Саба?ты? к?рнекілігі: ?аза?стан  Республикасыны?  картасы,тірек сызба,  

                                        с?йкестендіру  тесті,?ол?нер б?йымдары,к?не ?алалар   

                                        суреттері.

П?наралы? байланыс: ?аза? тілі, д?ние ж?зі тарихы.

Саба?ты? барысы:

  1. ?йымдастыру:С?лемдесу,т?гендеу,о?ушыларды? саба??а даярлы?тарын ?ада?алау,жа?а саба??а назарын  аудару.

     ІІ.?й тапсырмасын тексеру. «А? Орданы?,Мо?олстанны? ?біл?айыр    

        ханды?ыны?,Но?ай  ордасына мемлекеттік-?кімшілік ??рлысы» та?ырыбы      

       бойынша  о?ушылар білімдерін тексеру.?леуметтік ??рылымы,жерге 

       меншіктік  ?атынастар,салы?тармен міндеткерліктер,?о?амды?  ??рлысы 

       та?ырыпшалары бойынша о?ушылар жауаптарын ты?дау.

    ІІІ.Білімді ба?ылау,?й тапсырмасын ?орытылау.О?ушыларды? ?й

       тапсырмасын ?андай д?режеде ме?гергендігін тексеру ма?сатында    

       с?йкестендіру тесті беріледі.

  1. Ханды? биліктегі жо?ары лауазымды ?ызметтерді с?йкестендір:

           хан                                            ?діл ?кім шы?арушы                                                                                                             

           би                                              ?скери ата?

                 бек                                      ?діл билеуші

                 ноян                                    бай-шонжар

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«ХІ?-Х? ?асырларда?ы ?аза?станны? экономикалы? жа?дайы. »

Сабақтың тақырыбы: ХІҮ-ХҮ ғасырлардағы Қазақстанның экономикалық жағдайы.

Сабақтың мақсаты:

  • Білімділік: ХІҮ-ХҮ ғасырлардағы Қазақстан халқының шаруашылығы,егіншіліктің дамуы,қалалар мен қыстақтар,қолөнер кәсібінің өркендеуі жайлы түсінік қалыптастыру.

  • Дамытушылық:Танымдық тапсырмалар беру арқылы оқушылардың ой-өрісін дамыту,білімділік пен білілктілік дағдыларын қалыптастыру.

  • Тәрбиелік: Өз елінің тарихын білуге,оны құрметтеуге, отансүйгіштікке,еңбекке,адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: ауызша түсіндіру,сұрақ-жауап,интерактивті әдіс-тәсілдер.

Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан Республикасының картасы,тірек сызба,

сәйкестендіру тесті,қолөнер бұйымдары,көне қалалар

суреттері.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, дүние жүзі тарихы.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру:Сәлемдесу,түгендеу,оқушылардың сабаққа даярлықтарын қадағалау,жаңа сабаққа назарын аудару.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру. «Ақ Орданың ,Моғолстанның Әбілқайыр

хандығының,Ноғай ордасына мемлекеттік-әкімшілік құрлысы» тақырыбы

бойынша оқушылар білімдерін тексеру.Әлеуметтік құрылымы,жерге

меншіктік қатынастар,салықтармен міндеткерліктер,қоғамдық құрлысы

тақырыпшалары бойынша оқушылар жауаптарын тыңдау.

ІІІ.Білімді бақылау,үй тапсырмасын қорытылау.Оқушылардың үй

тапсырмасын қандай дәрежеде меңгергендігін тексеру мақсатында

сәйкестендіру тесті беріледі.

  1. Хандық биліктегі жоғары лауазымды қызметтерді сәйкестендір:

хан әділ үкім шығарушы

би әскери атақ

бек әділ билеуші

ноян бай-шонжар

2. Жер иелену түрлерін сәйкестендір:

Інжулік хандардың қарамағындағы жер

мемлекеттік жасау реттерде

вакфтық сыйға берілген жерлер

сойырғал діни мекемелерге

шаруалардың егіншілікпен айналысатын аймақтарда

мүліктік жерлері

3. Салық түрлерін сәйкестендіру:

тағар егіншілікке

баж мал басына

Зекет жан басына

құшыр жер көлеміне

қалан әскерді азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін

Диаграмманы шеш:

АБЕКАТ ИАНҚ

ТАШІЛКӨК МРИШКИАР

ВИАН ДРУАҒА

САРШЫАҚЙ СЫҒҚАНА

ІҮ.Жаңа сабаққа мақсат қою- оқушыларды жаңа сабақтың мақсатымен жоспарымен таныстыру.

Ү.Жаңа білімді меңгерту.

Жаңа сабаққа кіріспе.Миға шабуыл.

Логикалық тапсырма:

Сақтар қоғамындағы елін,жерін қорғап қалудағы батырлары мен тиімді шешімдеріне тоқтау.

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Мал шаруашылығы мен егіншілік

  2. Қалалар мен қыстақтар

  3. Қолөнер

  4. Зергерлік кәсіп

  5. Әйнек жасау,сүйек ұқсату

1.Моңғол шапқыншылығының ауырзардаптарын ,халықтың шаруашылығы мен қалалық өмірі ХІІІ ғасырдың аяғында қайта жандана бастады.Оңтүстік Қазақстан жерінде шаруашылықтың негізгі үш түрі болды.Сызба арқылы түсіндіру.

Шаруашылықтың түрлері:





отырықшы жер шаруашылығы жартылай отырықшы көшпелі мал

мал шаруашылығы шаруашылығы

қыстаулар мен

қала маңында даму көшіп-қону бағыты көшу бағыты

100-150 шақырым жер 800-1000 шақырым жерге

дейін жетті



Әр шаруашылықтың ерекшеліктеріне тоқталу:

  1. Егіншілік шаруашылықтың бұл түрі Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерінде дамыды. ХІІІ ғасырдың ІІ-жартысында жандана бастаған Сырдария бойындағы қалалар Иасы,Сауран,Отырар,Сайран,Созақ т.б .Қалалар маңында Сырдария,Арыс өзендерінен тартылған каналдар егін шаруашылықтарының жақсы дамығандығын көрсетеді.

  2. Қалалар мен қыстақтар:Моңғол шапқыншылығы қалалардың мәдениетінің өркендеуіне зардабын тигізді.Жазба деректерде Жетісу алқабындағы қалалар қаңырап бос қалған.Алайда, ХІІІғасырда аяғынан бастап Талас, Шу өзендері бойындағы қалалар қайта жанданды.

Қалалық өңірдің дамыған кезі-Ақ орданың хандары Сасы- Бұға,Ерзен,Мүбәрәк хандар тұсында болды.Қалалар мен қыстақ кенттер салынып қоныс жайлар саны көбейді.

  1. Қолөнер.Археологиялық деректерде Түркістан,Қаратаудың солтүстігінде

  2. Күлтөбе Ран қалаларында қыш ыдыстар жасалған шеберханалар аршылған. ХІІІ ғасырдың ІІ жжартысындағы Сырдария бойындағы қалаларда кірпіш күйдіру кәсібі өркендей бастады.Мәселен Отырар қаласының оңтүстік-батыс жағында екі жерден кірпіш күйдіру шеберханалары табылды.

  3. Зергерлік. Отырар маңынан табылған күміс бұйымдар көмбесі зергерліктің дамығандығын байқатады. Көмбеден көптеген әшекей бұйымдар табылған.

  4. Отырар,Тараз қалаларда әйнек жасау кәсібі Х-ХІ ғасырдан белгілі.ХІІІ ғасырдан бастап бұл кәсіп қайта жанданды .Оған дәлел археологиялық қазба жұмыстары кезінде әртүрлі бояулы ыдыс сынықтары табылған. Сүйек ұқсату,тас қашау кәсіптері де дамыған .Табылған бұйымдар ішінде сүйектен жасалған түймелер,ілгектер,сүйектен безендірілген пышақтар табылған.

ҮІ.Жаңа сабақты пысықтау.Оқушыларға көшпелі малшаруашылығына

қатысты бірнеше жұмбақты жасыру.

1.Желдей жүйрік жалы бар, Шапаным да тоным да

Жайлауды аңсап сағынар Арқаным да жанымда

Жауға шапса ер жігіт Атам соның соңында

Қанат болар жануар Таяғы бар қолында

/жылқы/ /қой,ешкі/

Ойтолғау. 1.Ортағасырлық қалаға саяхат

2.Көшпелі шаруашылықты суреттеу

3.Жазғы жайлауды суреттеу

ҮІІ.Бекіту кезеңі.-интерактивті әдіс-тәсі элементті «өмір ағашын» пайдалану. «Өмір ағашын» жеміспен толтыру үшін бірнеше сұрақтар беріледі:

  1. ХІҮ -ХҮ ғасырларда Қазақстанда шаруашылықтың қандай түрлері дамыды?

  2. Отырықшы жер шаруашылығы Қазақстанның қай аумағында дамыды?

  3. Жартылай көшпелі мал шаруашылығын сипатта.

  4. Қалалық мәдениет қай кезден жандана бастады?

  5. ХІІІ ғасырдың ІІ жартысында қандай кәсіп түрі дамыды?

  6. Көшпелі мал шаруашылықтың дамыған аумақтары .

  7. Сығанақ қаласы маңындағы каналдар қалай аталады?

  8. Кірпіш күйдіру шеберханалары табылған қала қалай аталады?

  9. Күміс бұйымдар көмбесі қайдан табылды?

  10. Әйнек ұқсату қай ғасырлардан бастап жандана бастады?

Бағалау.Оқушылардың білімдерін бағалау,жауаптарын толықтыру.

ҮІІІ.Үйге тапсырма: Тақырыпты оқу,өзін-өзі тексеру сұрақтарымен жұмыс.

«Абай атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

тарих пәні мұғалімі Нурбол Демеев.










Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 7 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
ХІ?-Х? ?асырларда?ы ?аза?станны? экономикалы? жа?дайы.

Автор: Демеев.Нурбол

Дата: 26.02.2015

Номер свидетельства: 179215


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства