kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?аза?- Жо??ар со?ысы. ?аза?станны? Ресейге бодан болуы

Нажмите, чтобы узнать подробности

  О?ушыларды? ?здері танда?ан ж?лдызшалар артында ?й тапсырмасыны? с?ра?тары бар. О?ушылар ж?лдызшалар ар?ылы ба?аланады.

жасыл ж?лдызша тобына с?ра?тар

  1. Ханны? жеке туы ж?не ?асына еріп ж?рген н?керлерін жинап елді? ма?ызды м?селерін шешу ?шін не жинал?ан?(??рылтай)
  2. Жошыны? ?лкен ?лы  ( Орда Ежен)
  3. 1465 жылы бол?ан о?и?а ( ?аза? хан-? ??рылуы)
  4. Ж??гір хан билік еткен жылдар ( 1628-1652 жж)
  5. Т?ле биді? ?мір с?рген уа?ыты (1663-1756 жж)
  6. Кенесары  билікті ?з ?олына ?ашан алды? ( 1841 ж)

?ызыл ж?лдызша тобына с?ра?тар

  1. Т?ле?гіт дегеніміз кімдер ? (ханды ж?не орданы ?ор?айтын адамдар)
  2. Жошы ?мір с?рген уа?ыт ( 1187-1227 жж)
  3. Халы? арасында дана, ?діл деп аты шы??ан хан ( ?з Т?уке)
  4. Ха?назар хан билік еткен жылдар ( 1538-1580 жж)
  5. 1740 жылы ?азыбек би  Жо??ар ханды?ына не себебті барды?         ( Абылай ханды т?т?ыннан алып шы?у ?шін)
  6. Жошы ханны? к?мбезі ?айда орналас?ан ( Жез?аз?ан ?аласы Ке?гір ?зені бойында )

сары ж?лдызша тобына с?ра?тар

  1. Т?ле би неше жасында ?айтыс болды ж?не ?ай жерде жерленді?         (93 жасында ?айтыс болды Ташкент жерінде жерленген )
  2. ?аза? елін билеген хандар кімнен тара?ан? ( Шы??ысхан ?лы Жошы)
  3. ?азыбек би ?мір с?рген уа?ыт?  (1667-1764жж )
  4.  « Жеті жар?ыны» ?ай хан жаса?ан ?  ?з Т?уке
  5. Жошыны? анасыны? есімі ( Б?рте)
  6. Есім хан билік еткен жылдар ( 1598 – 1628 жж)
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?аза?- Жо??ар со?ысы. ?аза?станны? Ресейге бодан болуы»

Күні: 15.12.2015 ж

Сыныбы: 5 «А»

Тақырыбы: Қазақ- Жоңғар соғысы. Қазақстанның Ресейге бодан болуы


Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылырға жоңғарларға қарсы күрескен қазақ батырлары, олардың ерлігі жайында кеңінен мәлімет беру, түсіндіру.

Дамытушылық: Қазақстанның Ресейге қосылуына, Ресей империясының Қазақстанды отарлау саясатына тарихи тұрғыда баға бере білу дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелік : Ерлікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу, қазақ батырларының ерлігін үлгі етуге, құрметтеуге үйрету.


I Ұйымдастыру

Сыныпты түрлі – түсті жұлдызшалар арқылы 4 топқа бөлу, сыныпты журнал бойынша түгелдеп, оқушылардың сабаққа назарын аудару.

II Үй тапсырмасын сұрау

Оқушылардың өздері тандаған жұлдызшалар артында үй тапсырмасының сұрақтары бар. Оқушылар жұлдызшалар арқылы бағаланады.

жасыл жұлдызша тобына сұрақтар

  1. Ханның жеке туы және қасына еріп жүрген нөкерлерін жинап елдің маңызды мәселерін шешу үшін не жиналған?(құрылтай)

  2. Жошының үлкен ұлы ( Орда Ежен)

  3. 1465 жылы болған оқиға ( Қазақ хан-ң құрылуы)

  4. Жәңгір хан билік еткен жылдар ( 1628-1652 жж)

  5. Төле бидің өмір сүрген уақыты (1663-1756 жж)

  6. Кенесары билікті өз қолына қашан алды? ( 1841 ж)

қызыл жұлдызша тобына сұрақтар

  1. Төлеңгіт дегеніміз кімдер ? (ханды және орданы қорғайтын адамдар)

  2. Жошы өмір сүрген уақыт ( 1187-1227 жж)

  3. Халық арасында дана, әділ деп аты шыққан хан ( Әз Тәуке)

  4. Хақназар хан билік еткен жылдар ( 1538-1580 жж)

  5. 1740 жылы Қазыбек би Жоңғар хандығына не себебті барды? ( Абылай ханды тұтқыннан алып шығу үшін)

  6. Жошы ханның күмбезі қайда орналасқан ( Жезқазған қаласы Кеңгір өзені бойында )

сары жұлдызша тобына сұрақтар

  1. Төле би неше жасында қайтыс болды және қай жерде жерленді? (93 жасында қайтыс болды Ташкент жерінде жерленген )

  2. Қазақ елін билеген хандар кімнен тараған? ( Шыңғысхан ұлы Жошы)

  3. Қазыбек би өмір сүрген уақыт? (1667-1764жж )

  4. « Жеті жарғыны» қай хан жасаған ? Әз Тәуке

  5. Жошының анасының есімі ( Бөрте)

  6. Есім хан билік еткен жылдар ( 1598 – 1628 жж)

көк жұлдызша тобына сұрақтар

  1. Жошы ұрпақтары қазақтың қай руын құрайды? ( төре)

  2. «Жеті жарғыны» жазуға қатысқан би ( Төле, Қазыбек, Әйтеке)

  3. Жошыға тиесілі қай жерлер және оны қалай атаған ( Ертіспен Еділ Дешті Қыпшақ)

  4. Жәңгір хан билік еткен жылдар ( 1628-1652 жж)

  5. Әйтеке би әскери өнерді кімнен меңгерген ( Жалаңтөстен)

  6. Қазақ хандырының тарихы қай жылдар аралығын қамтиды?(1465– 1847 жж )

III Жаңа сабақ жоспары

  1. Жоңғар мемлекетінің құрылуы

  2. Қазақ батырлары

  3. Әбілқайыр хан

  4. Қазақстанның Ресейге қосылуы

Жоңғар хандығы – XVII ғасырдың 30 – жылдарында батыс моңғол тайпалары - чорос , дүрбет, хошоуыт және торғауыттардың құрған мемлекеті. Бұл тайпалар ежелден ойрат аталған , қазақтар оларды қалмақ деп атаған. Жоңғар мемлекетін қонтайшы басқарған. Жоңғар феодалдарын қазақтың шұрайлы да шүгенді жерлері ұдайы қызықтырды. Жоңғарлардың қазақ жеріне шапқыншылығы XVII ғасырдың бас кезінде басталып , XVIII ғасырдың ортасына дейін созылды. 1723 жылғы «Ақтабан шұбырынды» оқиғасы болды. Қасіретті оқиғаға байланысты « Елім – ай» әні дүниеге келді.

Жоңғармен болған шайқаста қазақтардың елім деген ерен, ержүрек батырларының ерлік істерімен даңқы шықты. Атап айтсақ, Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай, Олжабай, табын Бөкенбай, Жәнібек, Малайсары, Есет тархандар, Баян, Райымбек сияқты т.б. батырлардың есімдері халық жүрегінен орын алған.

Әбілхайыр хан (1693-1748 жж) – Кіші жүздің ханы. Өзінің күшімен, айласымен , батылдығымен көзге түске білген Әбілқайыр 1718 жылдан бастан хан атағын алды. 1726 жылы көктем айында Қаратаудың күнгей бетіндегі Ордабасы тауында қазақтың игі жақсылары мен жайсаңдары жиналған жиында Қазыбек бидің ұсынысы қабылданды.Жиында Әбілқайыр жоңғарларға қарсы қазақ жасағын тапсырылды. Соғыс әдіс-тәсілдеріне жетіктігіне сенімді халық оны бірауыздан бас сардар етіп сайлайды.Әбілқайыр бірнеше қазақ-жоңғар шайқастарына қатысты.

Ресей Қазақ хандығының осы қиын сәтін өзінің саяси – экономикалық мүдделеріне пайдалана білді. 1726 жылы Кіші жүздің ықпалды билері Еділ қалмақтарымен, башқұрттармен т.б. тіл табысу үшін Әбілқайыр ханға Ресеймен келіссөз жүргізуді тапсырды. Қиын-қыстау кезеңде Әбілқайыр хан Ресеймен дипломатиялық байланыс орнату үшін 1730 жылы елші аттандырды. Патшалы Ресей әкімшілігінің ойлағаны алдынан шығып, 1731 жылы Ресей патшайымы Анна Иоаннована Кіші жүзді Ресейдің қол астына алу туралы грамотаға қол қойды. Ресей үкіметі атынан Тевкелев бастаған елшілер Кіші жүзге келіп, Ресейдің бодандығын мойындағандығы жөнінде ел басшыларынан ант қабылданды.



Оқушыларға топтық тапсырма. Топты топ басшысы бағалайды.

жасыл жұлдызша тобына тапсырма:

Тапсырманың орындалуы тәсілі: Есепті шығару, шыққан нәтижесі ол хронологиялық дата сол датада не болғаның айту керек.

293*5 = 1465 Қазақ хандығы құрылған уақыт

(77+9) + (103*10) = 1723 «Ақтабан шұбырынды» болған кез

5(70+55) + (569+560) = 1754 Малайсары батыр қаза тапқан


қызыл жұлдызша тобына тапсырма:

Тапсырманың орындалуы тәсілі: Есепті шығару, шыққан нәтижесі ол хронологиялық дата сол датада не болғаның айту керек.

(65*10)+(1278-210) = 1718 Әбілқайых хан атағын алды

7(40+66)+(658+306) = 1706 Наурызбай батыр дүниеге келді

192*9=1728 Қазақ жасақтары Бұланты өзені бойында ірі жеңіске жетті.


сары жұлдызша тобына тапсырма:

Тапсырманы орындау тәсілі: Есеп шығару , шыққан нәтиже ол қазақ әліппесінің орналасу реттері шыққан сан қай әріптің орны екенің анықтау.


200:8=25 Т

867- 865= 2 Ә

17+9=26 У

72:9=8 Е

4*4=16 Л

12*2= 24 С

450-412= 38 І

253: 23=11 З


көк жұлдызша тобына тапсырма:

Тапсырманы орындау тәсілі: Есеп шығару , шыққан нәтиже ол қазақ әліппесінің орналасу реттері шыққан сан қай әріптің орны екенің анықтау.

45 : 3 = 15 Қ

87-86 = 1 А

253 : 23=11 З

867-866 = 1 А

3*5 =15 Қ

96 : 4 =24 С

5*5 = 25 Т

81 : 81 = 1 А

9*2 =18 Н


Сергіті сәті: Жалғасын тап ойыны, тарихқа қатысы бар сөздерді қолдану.


IV Жаңа сабақты бекіту тапсырмасы:

Деңгейлік тапсырма

Оқушыларға жеке екі тапсырма беріледі 1-ші: бір тұлғаны сипаттайды, кім екенің анықтау керек

2 -ші: бір батыр беріледі, сол батырдың

1 туған жылын,

2 шын есімін немесе берілген атын,

3 Көрсеткен ерлігін

4 Қайтыс болған жылды

Оқушылар шапалақ соғу арқылы бағаланады.


жасыл жұлдызша тобына тапсырма.

1.Ол Түркістан өңірінде дүниеге келген. Әкесі Ақша Тәуке ханның 80 мың қолын бастаған, өзі 50 жылдан астам қазақ қолын бастады кім ол?

( Бөгенбай батыр)

2. Қабанбай батыр


3. Бөгенбай батыр жайлы өз ойын.


қызыл жұлдызша тобына тапсырма:

1. Ол өзінің қолбасшылық қабілетін, ерлік істерің жоңғарлармен шайқаста көрсетебілді. Қазақ жасағын жоңғарларға қарсы бастап шығу тапсырылды. Ол кім? ( Әбілқайыр хан)


2. Наурызбай батыр

3. Наурызбай батыр жайлы өз ойын.


сары жұлдызша тобына тапсырма:

1.Ол жоңғариямен арадағы елшілікті бастаған, Абылайды қалмақ тұтқындығынан босатуға қатысқан. Жоңғария басшылары тархандық атақ берген. Ол кім?

( Малайсары батыр)

2. Баян батыр

3. Баян батыр жайлы өз ойын.


көк жұлдызша тобына тапсырма:

1. Әкесінең 7 жаста жетім қалған. Оның ерекше тұлғасына қарап, жеңгелері Нарбала деп атаған. Абылай ханның жарлығымен « Дарабоз батыр» атағын алған.

( Қабанбай батыр)

2. Бөгенбай батыр

3. Қабанбай батыр жайлы өз ойын.


V Бағалау: Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау.


VI Үйге тапсырма: § 14. Қазақ- Жоңғар соғысы. Қазақстанның Ресейге бодан болуы оқу, тақырып соныңдағы 3 тапсырманы орындау.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
?аза?- Жо??ар со?ысы. ?аза?станны? Ресейге бодан болуы

Автор: Молдахметова А?г?л

Дата: 28.12.2015

Номер свидетельства: 270809


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства