Просмотр содержимого документа
«?аза?стан тарихынан ашы? саба?. "Са?тар" та?ырыбына ?айталау»
Сабақтың тақырыбы: «Сақтар» тақырыбы бойынша қайталау сабағы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Сақтардың тарихы, мекендеген орны, шаруашылығы, тұрмысы, мәдениеті мен қол өнері, елі үшін тәуелсіздік жолында күрестері жайында қосымша деректерді пайдаланып, сақтар тақырыбын қорытындылау.
Дамытушылық: Қазақ халқының тарихы бойынша білімдерін толықтыру. Оқушының қосымша деректерді тауып пайдалану, ой-өрісін, ойлау, сөйлеу қабілетін, өз бетімен жұмыстану дағдысын дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың пәнге деген қызушылығын арттыру, оқушыларды өз елінің тарихи құндылықтарын құрметтеуге үйрету, елін, жерін сүйетін отансүйгіш, дарынды ұрпақ тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Қайталау сабағы.
Сабақтың әдісі: топтық жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі мен жабдықтары:
1.ҚР картасы.
2.Тірек сызбалар.
3.Тест.
4.Кітап көрмесі.
5.Бағалау парағы.
Пәнаралық байланыс: Математика, қазақ тілі, әдебиет.
Сабақтың барысы:
1.Оқушыларды ұйымдастыру.
А) Оқушыларды түгелдеу.
Ә) Оқушыларды сабаққа тарту, әрі қызығушылығын ояту мақсатында психологиялық дайындық.
- Отан Атамекен Атажұрт Тарих. Бұл құлаққа асқақ естілер асыл ұғымдар Адам өмірге келіп, ес жиып, етек жия бастаған сәттен өз Отаның тарихында ден қоя бастайды. Біздің туған жеріміз Қазақстан халқымыздың ата-баба мекені, ежелгі қонысы. Ата-бабамыздың туып, өмір сүрген, кіндігі кесілген кең жазира жері тарихының парағын
Сақтар – біздің бабамыз,
Ақыл ойлы данамыз.
Тарихи дерек іздеп біз.
Көне дәуір тамырын
Терең іздеп табамыз, - деген өлең шумағымен ашайық.
ІІ. Мұғалімнің кіріспе сөзі
-Оқушылар, біз бз.д.1мыңжылдықта Қазақстан және Орта Азияны мекендеген сақ тайпалармен таныстық. Олардың қуатты тайпалық одақтар құрғандығы, тайпалық одақтардың массагеттер, исседондар, алаңдар, каспийшілер, сарматтардан тұрған екенін білдік. Оларды гректер «скифтер» деп атаған. Олар туралы грек тарихшысы Геродот өзінің «Тарих» деген еңбегінің 5 томында, географ Страбон «Географиясында» жазып қалдырған. Парсы патшасы Дарийдің Накширустомдағы тас жазуларында сақтарды үш топқа бөліп көрсеткен: парадария (теңіздің арғы бетіндегі сақтар-еуропалық скифтер немесе Арал теңізі, Сырдарияның арғы жағындағылар); хаомаварга (хаома сусынын жасайтын сақтар-Ферғана жерін мекендегендер), тиграхауда (шошақ бөрікті сақтар-Сырдарияның орта аймағы және Жетісуды мекендеушілер). Сақ әулетінің негізін қалаушы Алып Ер Тоңға (Афрасиаб) деген дерек бар. Сақтар Көк Тәңіріне табынды. Оларда матриахаттық ел билеу дәстүрі сақталған. Мысалы: Зарина, Томирис. Бүгін біз сақтардың саяси тарихы, археологиялық ескерткіштері, шаруашылығы мен қоғамы, егіншілік пен суару кәсіптері мен сауда өнері мен мифологиясы туралы білімімізді толықтырамыз.
ІІІ.Тақырып бойынша қайталау.
Оқулықтар берілген мәліметтерді қайталау.
А) Археология – грек – адамзат тарихын заттай деректер бойынша зерттейтін ғылым.
Ә) Апасиактар – су жағасын мекендеген сақтар.
Б) «Алтын киімді адам» 1969-1970жж. Есік қорғанынан табылған.
В) Есік жазуы – таңбалы күміс тостағандағы 26 таңба жазу.
Г) Тиграхауда – шошақ бөрікшелер.
ІҮ. «Блиц-турнир» тақырып бойынша сұрақтарға жауап беру:
«Сақ» сөзінің мағынасы парсы жазбаларында қалай түсіндіріледі?
Грек тарихшысы Геродот сақтарды қалай атаған?
Сақ тайпалары қандай топтарға бөлінген?
Арал теңізінің солтүстік-шығыс жағасын мекендеген сақ тайпаларын ата.
Сақ қоғамы неше топтан тұрады?
«Сақ» сөзінің мағынасы иран жазбаларында қалай түсіндіріледі?
Мургаб аңғарын мекендеген сақтарды қалай атаған.
Ү.Сәйкестендіру.
ҮІ. Жұмбақтар шешу.
ҮІІ.Тест орындау.
ҮІІІ. Жауабын кім тез табады?
ІХ. «Тарихи тұлғаны таны»
Х. Эссе. «Мен сақатрды мақтан тұтамын», «Мен ержүрек халықтың ұрпағымын».
ХІ. Сөзжұмбақ
Мұғалімнің қорытынды сөзі.
-Мінекей, балалар, біз бүгінгі сабақта, жалпы, Сақ тайпасы туралы өз білімімізді ортаға алдық. Сақтардың еркін, ержүрек, батыр да батыл, бір сөзбен тәуелсіздікті жоғары бағалайтын халық болғандығын дәлелдедік. Ал сақтар – біздің, яғни қазақтардың арғы тегі. Қазақ халқыда талай ғасырлар бойы ерлікпен күресе жүріп, елін-жерін жонуынан сақтап қана қоймай, киелі тәуелсіздікке қол жеткізіп отыр. Сол тәуелсіздігіміздің символы ретінде біз «Алтын адам» мен қанатты барысты, елиаңбамыздағы қанатты пырақты, арқарды бекерге алмадық. Өйткені, біз сақтардың ұрпағымыз.
Балалар, осындай елімізбен, осындай құнды мәдени ескерткіштерімізбен мақтанайық, бағалайық, сақтайық.
Бағалау: Үйге: сақтар тарауын қайталау.
Қазақ әдебиеті бойынша сақтар туралы жазған шығармаларды табу.