Просмотр содержимого документа
«"?аза? ханды?ыны? 550 жылды?ы"»
Эпиграф: «Шешен – сөз бастар, батыр – қол бастар».
Мақал
Тақырып: Қазақ хандығының 550 жылдығы Сабақтың мақсаты: 1. Қазақ хандығының құрылу процесін талдау, қазақ жеріндегі тұңғыш дербес мемлекеттің мемлекеттік құрылымын анықтау; 2. Оқушылардың логикалық ойлау, шығармашылық қабілеттерін шыңдау үшін ойындар ұйымдастыру; 3. Тұңғыш қазақ мемлекетінің негізін қалаған қоғам қайраткерлерінің еңбегін бағалауға патриотизмге, өз Отанын, елін - жерін қорғауға тәрбиелеу Сабақтың түрі: аралас сабақ Сабақтың типі: дәстүрлі емес Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, «Алтын қақпа» ойыны Көрнекілігі: презентация, карта (Қазақ хандығы), суреттер, сызба - нұсқалар
І. Ұйымдастыру кезеңі: сыныпты 2 топқа бөлу. І топ. «Хандар» ІІ топ. «Батырлар»
«Алтын қақпа» ойыны Тас қақпаның сұрағы: Күміс қақпа: Алтын қақпа
«Хандар» тобына:
1.Қазақ хандығының бірінші ханы? 2.Қазақ халқының қалыптасуында үлкен рөл атқарған ру - тайпалар? 3.Қай ханның билігі тұсында қазақ халқының саны 1 миллионға жетті? 4.ХІҮ ғ сәулет өнерінің ескерткіштері?
«Батырлар» тобына 1. «Қазақ» сөзі қай ғасырда этникалық мағынаға ие бола бастады?
2.Қазақ хандығының құрылуына қандай факторлар әсер етті? 3.Қожа Ахмет Иассауи кесенесін кім салдырды? 4.«Этнос» терминінің мағынасы? II. Тренинг «ұстап қалма» - доппен. (Оқушылар шеңберге тұрады, мұғалім балаларға доп лақтырады. Ұстап алған оқушыға тақырып бойынша сұрақ қойылады). III.Топтарға тапсырма беру. Постер жасау және қорғау І топ. «Хандар»
Қазақ хандығының құрылу процесі ІІ топ. «Батырлар» Қазақ хандығының құрылу процесі
Қазақ хандығының сыртқы саясаты (Электронды оқулықтан картаны көрсету)
1. Венн диаграммасы «Хандар» тобы: Керей мен Жәнібекті Н. Назарбаевпен салыстырады. «Батырлар» тобы: Қазақ хандығын Қазақстан Республикасымен салыстырады.
2. Ой – толғау: «Хандар» тобы: ханның рөлі «Батырлар» тобы: батырлардың алатын орны IV.Математикалық ойын 4000/2 - 532= (Әбілқайыр ханның қайтыс болған жылы) 400х3+148= (Моғолстанның құрылған жылы) 2800+105 - 1500= (Әмір Темірдің қайтыс болған жылы) 728х2+9= (Қазақ хандығының құрылған жылы) 4000+221 - 3000= (Шыңғысханның Орта Азияны жаулауды аяқтауы) 500х2+395= (Тоқтамыс пен Темірдің шешуші шайқасы) 3800/2 + 91= (ҚР - ның Тәуелсіздік алған жылы)
V. Әріптердің орнын ауыстыр:
«Хандар» тобына:
1. БЛІАРЫӘЙҚ
2. ӘУДІКІТЕСЛЗ
3. РІӘЗУ «Батырлар» тобына:
1. АҚХАНАЗР
2.УГЕРЖІШАКІЛ
3.ЫРЙЛАТҰҚ
VI. Қорытындылау: Біз үшін қай заманғы тарихымыз болмасын қымбат, әсіресе қазақ хандығының құрылуы тарихтағы маңызды оқиға. Қазір өзіміз өмір сүріп жатқан Отанымыздың іргетасы. «Өз тарихын білмеген халық, өзін де сыйламайды» деп Елбасымыз айтқандай тарихты білу баршамыздың парызымыз.