Просмотр содержимого документа
«Қазақстанның Қытаймен сауда-экономикалық байланыстары»
Қазақстанның Қытаймен сауда-экономикалық байланыстары
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақстанның Қытаймен сауда-экономикалық байланыстарын меңгерту
Тәрбиелік: оқушыларды елжандылққа, отансүйгіштікке, адами қасиеттерін бойына сіңіртуге баулу
Дамытушылық: оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан картасы, плакаттар
Сабақтың түрі: ізденіс сабағы
Сабақтың әдістері: «Кластер», «INSERT» , «ыстық микрафон» т.б. стратегиялары
Пән аралық байланыс. География
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқущыларды түгелдеу, оқу құралдарын реттеу. Шаттық шеңберін құрып, топқа бөліп, оқушылардың серіктестік қарым-қатынас жасауға ыңғайлы орта құру. Сыныпты 4 топқа бөлу.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Толықтыру.
І топ. .... айында Ресейде әйгілі Декабристер көтерілісі болды
ІІ топ. Қазақстанға жер аударылған ..., ......, .... жергілікті ресми мекемелерде жұмыс істейді.
ІІІ топ. Декбристер ісі бойынша жауапқа тартылған ....адамның ... Сібірге, Ертіс бойындағы бекіністерге, Орынбор шебіне айдалды.
ІҮ топ. Өз естеліктерінде «Бұқтырмада көп емдеп, көп көмектестім» - деп .... жазды
«Пирамида» стратегиясы
І топ. Мәскеу университетін бітірген айдауда жүріп, кейіннен айдауда болған кім?
ІІ топ. Г. Карелин қай теңіздің жағалауын зерттеген?
ІІІ топ. 1849 жылы М. Петрашевский ісі бойынша тұтқындалған орыстың ұлы жазушысы кім?
ІҮ топ. Шоқан Уәлихановқа қазақ ғылымының мақсатының орындалуына жол сілтеген орыстың жазушысын ата.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Негізгі идеяларды ұйымдастыру, салыстыру, түсіндіру, сипаттау және бекіту жолымен фактілер мен идеяларды түсінетіндігін көрсету
Оқушылар тақырыпты өздері оқып, оны түсіну әрекеттерін орындайды
Оқушылардың танымдық іс-әрекеті, жеке тұлға пайда болады.
Оқу материалын оқып, түсіну кезеңінде төмендегідей танымдық іс-әрекет орындалады.
Интерпретация – оқу материалын «өз сөзімен» түсіндіру, қысқаша баяндау
Трансляция – оқу материалын бір «тілден» екінші «тілге» ауыстыру
Жорамалдау – оқу материалдары бойынша әңгіменің әрі қарай не туралы болатындығын, оның салдары мен нәтижелерін бағалау.
І, ІІ топ – «ХІХ ғасырдағы сауда байланыстары және оның дамуы» оқып түсіну, оқу материалдарын қысқаша, түсінікті тілде баяндау.
ІІІ, ІҮ топ – ХІХ ғасырдағы Қазақстанның Ресей-Қытай саудасындағы орнын оқып түсіну, оқу материалын қысқаша түсінікті тілде баяндау
ІІІ. Қолдану
Жаңа білімдерді, әдістерді және ережелерді түрлі нұсқада пайдалану. «INSERT» стратегиясы
І топ
Топтар тақырыптардың толық мағынасын ашып, толықтырады.
№
Тақырыптар атауы
+
-
?
1
1805-1806 жылдары Ресей үкіметі Қытайменг жағдайды ретке келтіру үшін СПекинге Ю.А. Головкинді аттандырды
2
1811 жылы Ресей үкіметінің Н. Г. Путимцевке жүктеген міндеті
3
Бура-найман руының белді сұлтаны Құдайменді Жәміш бекінісінен Шыңжаңға сауда керуендерін аттандырып тұруға рұқсат алу үшін жіберді
ІІ топ
№
Тақырыптар атауы
+
-
?
1
1812 жылы Ташкенттің көпестері Құлжа базарында 100 000 000 сомға сауда жасады
2
Ташкент көпесі Муминов Қазақстан арқылы Цин империясымен сауда жүргізді
3
Батыс Сібір генерал-губернаторы П. М. Капцевичке жолдаған ұсынысы
ІІІ топ
№
Тақырыптар атауы
+
-
?
1
Ресей үкіметінің Шыңжаң базар жәрмеңкелерінде негізгі сатылатын тауарлары
2
Қазақтар мал және мал шаруашылығы шикізаттарын Қытай бұйымдарына айырбастады.
3
ХІХ ғасырдың І жартысында Ресейүкіметі Тибетпен Қазақстан арқылы байланыс орнатты.
ІҮ топ
№
Тақырыптар атауы
+
-
?
1
Семен Мадатов Кашмирде болып, Қазақстанға 250 кашмир шәлісін жеткізді
2
ХІХ ғасырдың 30 жылдары Қазақстанның шекаралық бекіністері арқылы өтетін керуендерге баж салығы салынды
3
Ресей мен Қытай шекаралық сауданы реттейтін мемлекетаралық келісімдерінің жоқтығы сауда байланыстарына кедергі жасады
ІҮ. Талдау
Дәйектер мен себептерге сәйкес ақпаратты тексеру және жіктеу. Қорытынды жасау және жалпылаудың болғанын растайтын дәлелдерді анықтау
І топ. ХІХ ғасырдың басында сауда айналымын дамытуда ерекше рөл атқарған қалалары
ІІ топ. 1876 жылы сауда керуендерін қорғаудың мақсаты
ІІІ топ. Қытаймен сауда жүргізген мемлекеттер мен хандықтар
«Ыстық микрафон» стратегиясы бүгінгі сабақтан алған білімдерін оқушылар сөйлеу дағдысын қалыптастыру үшін қысқаша бір-бір сөйлем арқылы тақырыптың мағынасын ашу. Бірінің ойын бірі қайталамауы тиіс