kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?аза?стан Республикасында ша?ын бизнесті дамытуды? ?аржылы? реттеуі

Нажмите, чтобы узнать подробности

?аза?стан Республикасында ша?ын бизнесті дамытуды? ?аржылы? реттеуі

«Сымбат» жеке мектебіні?  тарих п?ні м??алімі Г.Та?ыбергенова

?тпелі кезе?де нары?ты? экономика?а ?ту мемлекет ?шін ?иын м?селелер к?лдене? т?рды, атап айт?анда меншік  ?атынастарын ?згерту, ?айта ??ру мемлекеттіктерді?  жа?ындасу т?рлерін  табу, мемлекеттік к?сіпорындарды жекешелендіру м?селесі туындады.

            К?сіпкерлікті ??руды? ?зекті м?селесі мемлекеттік меншікті мемлекеттен алу мен жекешелендіру болып табылады. «Олар нары?ты? экономикада б?секелестік ортаны ??рып  ?ана ?оймайды. Сондай-а? еркін к?сіпкерлікке  жол ашады».

Ша?ын к?сіпкерлікті? нары? экономикасында?ы р?лі ?те к?штілігі біріншіден нары?та  тиімді  жа?дай жасалады, арнаулы кооперациялы? м?мкіндіктер орнап, оны? тиімділігі артады. Екіншіден т?тыну саласында  тез ?тімді м?мкіндіктер жасалынып, сатып алу ?ар?ыны ?сіп, ?зін-?зі а?тайды. ?шіншіден, б?секелестік ортаны ?алыптастыруды. Т?ртіншіден нары?ты? экономика?а ауадай ?ажет ортаны ?алыптастырады. Ша?ын  ж?не орта к?сіпкерлік адамдарды ж?мыспен ?амтамасыз етуге айтарлы?тай ?лес ?осып, ?ндірісте жекелеген тауарлар шы?арып жа?сы м?мкіндіктер жасайды.

Ша?ын  к?сіпкерлік  ?лкен к?лемде ж?мыссыз адамдарды ж?мыспен ?амтиды.

?аза?стан Республикасында?ы  нары?ты? ?атынастар  ж?йесінде  к?сіпорында айры?ша ерекшеліктерімен сипатталады, м?лшері,  ж?мыс істеушілер  саны, ?ай  сала?а  жататынды?ы, негізгі ж?не айналым ?орларыны?  ??ны, шы?арылатын  ?нім  к?лемі. Ша?ын к?сіпорындар іріге  ?ара?анда аз шы?ын ?келетіндігін  Германия, А?Ш сия?ты елдердегі  жа?дайларды салыстыра отырып,  ?аза?станда да ша?ын к?сіпкерлікті?  ??рылып,  дамып  келе жат?анды?ын, біра? бас?а  мемлекеттермен салыстыр?анда  саны  жа?ынан аз екені  бай?алады.  Со??ы  жылдары  ша?ын  к?сіпкерлікті  ?олдау  бойынша  статистіктерді?  м?ліметі  бойынша  тіркелген  к?сіпкерлерді?  саны  артып, ж?мыспен  ?амтыл?ан  халы?ты?  ?лесіне де ?серін тигізген.

 ?аза?стан ?шін ша?ын бизнесті? ?алыптасуы жо?ары дамы?ан ?о?ам?а, жо?ары дамы?ан экономика?а ?теті? к?пір болуы ?ажет. ?иыншылы?тар мен с?тсіздіктерге ?арамастан ша?ын ж?не орта бизнес даму ?стінде, экономиклы?, ?леуметтік, ?ылыми-технологиялы? м?селелерді щеще отырып ?ар?ын алуда. Ша?ын ж?не орта бизнесті дамыту келесі м?селелерді шешеді:

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?аза?стан Республикасында ша?ын бизнесті дамытуды? ?аржылы? реттеуі »

Қазақстан Республикасында шағын бизнесті дамытудың қаржылық реттеуі

«Сымбат» жеке мектебінің тарих пәні мұғалімі Г.Тағыбергенова

Өтпелі кезеңде нарықтық экономикаға өту мемлекет үшін қиын мәселелер көлденең тұрды, атап айтқанда меншік қатынастарын өзгерту, қайта құру мемлекеттіктердің жақындасу түрлерін табу, мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіру мәселесі туындады.

Кәсіпкерлікті құрудың өзекті мәселесі мемлекеттік меншікті мемлекеттен алу мен жекешелендіру болып табылады. «Олар нарықтың экономикада бәсекелестік ортаны құрып қана қоймайды. Сондай-ақ еркін кәсіпкерлікке жол ашады».

Шағын кәсіпкерліктің нарық экономикасындағы рөлі өте күштілігі біріншіден нарықта тиімді жағдай жасалады, арнаулы кооперациялық мүмкіндіктер орнап, оның тиімділігі артады. Екіншіден тұтыну саласында тез өтімді мүмкіндіктер жасалынып, сатып алу қарқыны өсіп, өзін-өзі ақтайды. Үшіншіден, бәсекелестік ортаны қалыптастыруды. Төртіншіден нарықтық экономикаға ауадай қажет ортаны қалыптастырады. Шағын және орта кәсіпкерлік адамдарды жұмыспен қамтамасыз етуге айтарлықтай үлес қосып, өндірісте жекелеген тауарлар шығарып жақсы мүмкіндіктер жасайды.

Шағын кәсіпкерлік үлкен көлемде жұмыссыз адамдарды жұмыспен қамтиды.

Қазақстан Республикасындағы нарықтық қатынастар жүйесінде кәсіпорында айрықша ерекшеліктерімен сипатталады, мөлшері, жұмыс істеушілер саны, қай салаға жататындығы, негізгі және айналым қорларының құны, шығарылатын өнім көлемі. Шағын кәсіпорындар іріге қарағанда аз шығын әкелетіндігін Германия, АҚШ сияқты елдердегі жағдайларды салыстыра отырып, Қазақстанда да шағын кәсіпкерліктің құрылып, дамып келе жатқандығын, бірақ басқа мемлекеттермен салыстырғанда саны жағынан аз екені байқалады. Соңғы жылдары шағын кәсіпкерлікті қолдау бойынша статистіктердің мәліметі бойынша тіркелген кәсіпкерлердің саны артып , жұмыспен қамтылған халықтың үлесіне де әсерін тигізген.

 Қазақстан үшін шағын бизнестің қалыптасуы жоғары дамыған қоғамға, жоғары дамыған экономикаға өтетің көпір болуы қажет. Қиыншылықтар мен сәтсіздіктерге қарамастан шағын және орта бизнес даму үстінде, экономиклық, әлеуметтік, ғылыми-технологиялық мәселелерді щеще отырып қарқын алуда. Шағын және орта бизнесті дамыту келесі мәселелерді шешеді:

-қоғамның және халықтың қажеттіліктерін жақсы қанағаттандыруға мүмкіндік береті, өркениетті бәсекелестік нарықтық қатынастардың қалыптасуы;

-ассортименттің кеңеюі мен тауарлар мен қызметтердің сапасының артуы. Тұтынушылардың қажеттілігін қанағаттандыруға ұмтылу арқылы, шағын бизнес қызмет көрсету мен өнім сапасының артуына мүмкіндік туғызады;

-тауарлар мен қызметтердің нақты бір тұтынушыларға жақындауы;

-экономиканың құрылымдық өзгеруіне әсер ету. Шағын кәсіпкерлік экономикаға өтімділік, икемділік береді;

-өндірісті дамытуға халықтың өз ақшаларын тартуы. Шағын кәсіпорын иегерлері өз істеріне өз ақшаларын үлкен қызығушылықпен салады;

-қосымша жұмыс орындарының ашылуы, жұмыссыздық деңгейінің қысқаруы;

-адамдардың шығармашылық мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға, дарындарының ашылуына, әр түрлі қолөнердің дамуына ықпал етеді;

-еңбек қызметіне ірі кәсіпорындар белгілі – бір шектеу қоятын халықтың жекелеген топтарын (үй жұмысымен айналысушылар, зейнеткерлер, мүгедектер, оқып жатқан адамдар) тарту;

-меншік иелері, кәсіпкерлер, басқарушылардың әлеуметтік қатарларының қалыптасуы;

-ғылыми-техникалық дамуды жандандыру;

-жергілікті шикізат қайнары ірі кәсіпорындар қалдықтары қолдану және игеру;

Қазіргі кездегі шағын кәсіпкерліктің өркендей түсуіне байланысты оның даму сферасы ұлғайып келеді. Осыған байланысты ол жан - жақты талдауды талап етеді. Бұл бөлімде Қазақстандағы шағын бизнестің жүргізілуі жөнінде талдау жасалады.

Қазақстанның тәуелсіздігін алғаннан бергі өмір жолында оның экономикасының дамуына әсер ететін бірден-бір факторлардың бірі - бұл шағын бизнес, ал шағын бизнесті қолдау және дамыту мемлекеттің экономикалық саясаты жағынан заңнамалық тұрғыдан жүргізіледі. Қазақстанда бұл сектордың экономикалық және әлеуметтік секторға әсер етуі шетелдердегідей, соның ішінде Батыс Еуропа, Америка және Оңтүстік Шығыс Азия елдеріндегідей, біздің елімізде де іскерлік өмірде дамыған динамикалық бөлімдерінің біріне айналды.

Шағын бизнес жеке кәсіпкерлікті құрайтын қазақстандық жүйе болып табылады. 1997 жылғы 19 маусымдағы «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» заңға сәйкес, шағын бизнес субъектілеріне білімі қамтылмаған жеке тұлғалар, жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғалар, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын тұлғалар, құрамында орташа жылдық санмен 50 қызметкері бар және бір жылдық активтердің жалпы құны 60 мың айлық есептік көрсеткішке тең болатын (қазіргі таңда 55 миллион теңгеден жоғары немесе 400 мың АҚШ доллары) кәсіпорындар жатады. Сонымен қатар, шағын кәсіпкерлік құрамынын заңнамамен бөлінеді, яғни жеке кәсіпкерлер және орташа жылдық санмен 10 жұмысшы саны бар заңды тұлғалар.

Шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламалары.

Шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту жолындағы мақсаттар 1997 жылы Президенттің «Шағын бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік шаралары туралы» және «Қазақстан Республикасында шағын бизнесті қолдау мен дамытудың жергілікті бағдарламалары туралы» жарлықтарынан бастау алады. Осы нормативтік актілерде мемлекеттік саясаттың осы сферадағы бағыттары көрсетіледі. Орталық және жергілікті атқарушы органдардың шағын кәсіпкерлікті өолдау координациясы, сондай-ақ олардың халықаралық қаржы институттарымен шағын кәсіпкерлк бағытына техникалық және қаржылық көмек жасау туралы қарым - қатынаста болуы сипатталады. Бұл бағыттарды қолдау Қазақстан Республикасының экономика және сауда министрлігі құрамындағы шағын кәсіпкерлікті қолдау Агенттігіне жүктеледі. Қазіргі таңда шағын бизнесті қолдау облысындағы қызметтер Қазақстан Республикасының индустрия және сауда министрлігіне тапсырылады.

Шағын кәсіпкерлікті дамытудағы алғашқы бағыттар мыналар болып табылады:

- халық тауарларын өндіруді дамыту, импорт, құрылыс материалдарын, әртүрлі құрылғы түрлерін шығару;

- қызмет сферасын дамыту:

- аграрлық жүйе өнімдерін шығару өндірісін дамыту.

Қазіргі таңда Қазақстандағы шағын кәсіпкерлік жағдайын сандар көрсеткіштері көмегімен қарауға болады. Статистика көрсеткіштері бойынша республикада 2008 жылдың 1 қаңтарындағы есеп бойынша 442,3 мың шағын бизнес субъектілері тіркелген. Шағын бизнес салмағының мөлшері 17,6 %-ды құрады. Сондай-ақ,республикада шағын кәсіпорын саны да артып келеді, яғни 2009 жылдың бірінші тоқсанында 135 мың шағын бизнес субъектілері тіркелді. Шағын кәсіпорындардың қызмет сферасына келетін болсақ, олардың көп бөлігі (39 %) сауда, автокөлік ремонты, үй заттарын тұтыну жақтарында мамандандырылады. Шағын кәсіпорындардың аздаған бөлігі өндірістік қызметпен айналысады, осы жерде олардың жалпы санының өскендігі байқалады: егер 2008 жылдың екінші тоқсанында 7,9 мың өндірістік шағын кәсіпорындар қызмет етсе, 2009 жылдың екінші тоқсанында олардың саны 8,1 мыңға дейін өсті.

Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 31 наурызында қабылданған «Шаруа қожалығы туралы» заңы шаруа қожалығының шағын кәсіпкерліктің ерекше пошымы ретінде құрылып жұмыс істеуінің негізін егжей - тегжейлі айқындап берді. Сондай-ақ, кәсіпкерліктің бір пошымы азаматтық - құқықтық және әкімшілік - құқықтық қатынастар субъектісі ретінде шаруа қожалығының құқықтық негізі қосымша жиырмадан астам басқа да нормативтік - құқықтық актілермен реттелетінін атап өткен жөн.

Осы тұрғыдан алып қарағанда, шаруа қожалығының банктерде есепшот ашу және банкідегі өз ақшасына иелік жасау құқығы бар. Өз күшіндегі заңдарға сәйкес шағын кәсіпкерлік (бизнес) субъектісіне жатқызылған фермерлер шаруашылықтарына мемлекеттік қолдаудың төмендегі түрлері көрсетілуі мүмкін: [30]

1) мемлекеттік тіркеу сәтінен бастап үш жыл ішінде жылжымайтын мүлік құқығын тіркеу үшін ақы төлеуден босатылады. Шаруа қожалықтарын мемлекеттік тіркеу ол үшін ақы төлемей, өз басы келіп тіркелу сипатында болады;

2) табиғи монополист кәсіпорындардың қызметін монополияға қарсы реттеуді қолдана отырып, электр энергиясымен, жылумен, сумен жабдықтау жөнінде қосылатын қуаттар үшін ақы төлеуден заңдарға көзделген тәртіп пен жағдайда босатылады;

3) мемлекет қатынасын екінші деңгейдегі банктерде ақы алынбай есепшот ашылады;

4) жеке кәсіпкер ретінде бухгалтерлік және статистикалық есептерді оңайлатылған тәртіппен береді;

5) салық заңдарына сәйкес табыс салығын салық патенті негізінде не салықтың белгіленген сомасын, не салық базасын анықтау мен салық есебін жүргізудің оңайлатылған жүйесі байынша төлейді;

6) шарттарын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін мемлекеттік мұқтаждар үшін тапсырыстарды орналастыру (беру) кезінде басым құқықпен пайдаланады;

7) тиісті жылға аралған мемлекеттік бюджетте шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қаржылық қолдау шеңберінде белгіленген шекте статистикалық және ақпараттық қызметті, сондай-ақ, ғылыми - техникалық таңдамалар мен технологияларды жеңілдікті шартпен алады;

8) шағын кәсіпкерлікті қолдау үшін көзделген қаражат есебінен кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру ісін жүргізеді.

Шағын кәсіпкерліктің қаржы мөлшерін иеленудің бір жолы аудандық несие серіктестігін құру болмақ. Ұлттық банк өзінің басқармасының 2000 жылғы 29 шілдедегі Қаулысымен Әділет министрлігінде «Несие Серіктестіктері туралы» ережені тіркеуден өткізді. Ұлттық банк Ауылдық коммандиттік несие серіктестігінің үлгі түріндегі жарғысын мақұлдады. Шаруашылық жүргізудің қазіргі күрделі экономикалық жағдайында жекелеген шаруа қожалықтарының қиыншылықтары жетіп артылады. Бұл қиыншылықтарды жеңу жолдарының бірі - олардың неғұрлым ірі шаруашылық пошымына бірігуі. Атап айтқанда, олар ерікті негізде кәсіпкерліктің өндірістік кооператив, қоғам, серіктестік секілді ірі ұйымдық -құқықтық пошымдарына бірігуінде болады.

Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы жаңа заң еліміздің құқықтық, саяси және экономикалық жүйесінің дамуының жаңа кезеңін ескере отырып, жаңа өкілеттіктер белгіледі. Оларды біліктілікпен жүзеге асыру, әсіресе кәсіпкерлік сияқты аса маңызды және үнемі дамып отыратын салада, басқарушылық және құқықтық сауаттылыққа, олардың жаңашылдық қабілетіне және ең бастысы - бастамашылдығына байланысты болып табылады.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Планирование

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
?аза?стан Республикасында ша?ын бизнесті дамытуды? ?аржылы? реттеуі

Автор: Та?ыбергенова Г.С

Дата: 15.05.2015

Номер свидетельства: 211658


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства