?асым ханны? т?сында ?аза? мемлекетіні? ?рлеуі, жер аума?ыны? ке?еюі
?асым ханны? т?сында ?аза? мемлекетіні? ?рлеуі, жер аума?ыны? ке?еюі
?асым хан т?сында?ы ?аза? ханды?ы жайлы ке? к?лемде сипаттама бере отырып, та?ырыпты? м?нін ашып ,ал?ан білімдерін дамыту. О?ушыларды отанын с?юге, адамгершілікке, адал болу?а т?рбиелеу.
?асым хан жайында о?ушыларды? білімдері ?алыптасады, та?ырыпты ?з беттерімен ме?гереді.
СТО; о?ыту мен о?уда АКТ-ны пайдалану; о?ыту мен о?уда?ы жа?а т?сілдер; о?ыту ?шін ба?алау ж?не о?уды ба?алау.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«?асым ханны? т?сында ?аза? мемлекетіні? ?рлеуі, жер аума?ыны? ке?еюі »
Қысқа мерзімді жоспар
Сабақтың тақырыбы
Қасым ханның тұсында Қазақ мемлекетінің өрлеуі, жер аумағының кеңеюі
Сабақтың мақсаты
Қасым хан тұсындағы қазақ хандығы жайлы кең көлемде сипаттама бере отырып, тақырыптың мәнін ашып ,алған білімдерін дамыту. Оқушыларды отанын сүюге, адамгершілікке, адал болуға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер
Қасым хан жайында оқушылардың білімдері қалыптасады, тақырыпты өз беттерімен меңгереді.
Қолданылған модульдер
СТО; оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану; оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер; оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.
Сабақ барысы
Уақыты
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Ресурстар, көрнекі құралдар
I.Ұйымдастыру кезеңі
2 минут
а)Оқушылармен сәлемдесу.
ә)Оқушыларды түгендеу.
б) 4 түрлі фигураларды тұлғаларды таңдау арқылы төрт топқа бөлу.
Топтың аттары:Атамекен, Талапкер,Тұлпарлар, Алғырлар.
Мұғаліммен сәлемдесу.
1)Шаттық шеңберін жасап ,бір-бірінің аттарына байланысты жағымды сөздер айтады. Гулбаршын айдай, Максат балдай, Ерболат жайдарлы т.б.
2)Суреттерді таңдау арқылы топтарға бөлінеді.
4 түрлі карточкалар
II.Үй тапсырмасын пысықтау
5 мин.
«Автор орындығы»
Сұрақ-жауап
Топтарға өзін-өзі бағалауға нұсқау беру
Төрт топ бір-біріне сұрақтар қояды
Топтар өздерін бағдаршам арқылы бағалап отырады
III.Жаңа сабақ
Негізгі бөлім
3 мин
15 мин
5 мин
3мин
1.Қызығушылықты ояту сатысында «Миға шабуыл» әдісі
Тақырыпқа байланысты мәтін оқылады
«Категориялы топтастыру стратегиясын» қолдану
2.Мағынаны тану сатысында ЖигСО әдісі
Әр жеке топқа жаңа тақырып бойынша тезис ретінде құралған мәтін беріледі
Сергіту сәті
Үй, тышқан, жер сілкінісі
3.Ой толғаныс сатысында шығармашылық жұмыс – «синквейн»
Сәйкестендіру тесті таратылады
Оқушылар Қасым хан туралы мәтінді тыңдап, бұрыннан таныс білімдерін жан-жақты еске түсіреді
Қасым хан туралы білімдерін талдап, ойларын жинақтап, ортаға салады
Оқушылар өз топтарында 1,2,3,4 нөмірлерге бөлінеді. №1, №2, №3, №4 жеке топтарға жиналады. Мәтінді талдап болғаннан кейін, бастапқы өз топтарына оралып түсіндіреді
Оқушылар параққа бес жолды өлең стратегиясын орындайды
Оқушылар тақырыптағы маңызды оқиғаларды саралап сәйкестендіреді
Интербелсенді тақтадағы слайд
Флипчарт, карта
А4 парағы
Сәйкестендіру тесті
Қорытынды
5 мин
3 мин
3 мин
2 мин
Сабақты қорытындылау, жинақтау, жүйелеу мақсатында Блум жүйесі бойынша талдау ұсынылады
Оқушыларға топты бағалауға нұсқау беру.
Инсерт әдісі бойынша алған білімін бағалау үшін ,стикерге жаздырып тақтаға ілуіне нұсқау
беру
Жиынтық бағаны өзім қоямын
Үйге тапсырма.Деңгейлік тапсырма.Эссе жазып келуге нұсқау беру.
Оқушылар жаңа тақырып бойынша қорытынды пікірлерін кестеге түсіреді
Топтар өзін-өзі және бір-бірін бағдаршам арқылы бағалайды
Білемін, Білдім,Білгім келеді деген кестеге өз ойларын жазады.
Топ басшылары бағалау парағын әкеліп береді.
Деңгейлік тапсырманы орындап,тақырыпқа эссе жазып келеді.
Блум жүйесі
Бағдаршам, смайлик
Қысқа мерзімді жоспар
Сабақтың тақырыбы
Хақназар хан тұсындағы Қазақ мемлекетінің өрлеуі
Сабақтың мақсаты
Хақназар хантұсындағы қазақ хандығы жайлы кең көлемде сипаттама бере отырып, тақырыптың мәнін ашып ,алған білімдерін дамыту. Хақназар ханның басқа елдермен қарым-қатынасы туралы жан-жақты таныстыру. Оқушыларды отанын сүюге, адамгершілікке, адалдыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер
Хақназар ханның ішкі және сыртқы саясаты жайында оқушылардың білімдері қалыптасады, тақырыпты өз беттерімен меңгереді.
Қолданылған модульдер
СТО; оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану; оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер; оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.
Сабақ барысы
Уақыты
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Ресурстар, көрнекі құралдар
I.Ұйымдастыру кезеңі
2 минут
а)Оқушылармен сәлемдесу.
ә)Оқушыларды түгендеу.
б) Топқа бөлу
Оқушыларға төрт түрлі гүлдің суретін тарату арқылы бөлу.
Топ басшы, баяндамашы, сыншыларды анықтау
Мұғаліммен сәлемдесу.
Суреттерді таңдау арқылы топтарға бөлінеді.
Топ мүшелері келісіп рөлдерге бөлінеді
4 түрлі карточкадағы суреттер
II.Үй тапсырмасын пысықтау
5 мин.
Тесттік жұмыс
Оқушылар тест шешеді
Тест сұрақтары
III.Жаңа сабақ
Негізгі бөлім
3 мин
15 мин
2 мин
5 мин
1.Қызығушылықты ояту сатысында «Миға шабуыл» әдісі
Топтастыру стратегиясы
Жүреміз ,ойлаймыз.Әр топқа плакат тарқатып беру.
1.Хақназар ханның ішкі-сыртқы саясаты жайында не білесіңдер?
2.Қазақ хандығының Моғолстан-
Мен қарым-қатынасы жайлы не білесіңдер?
3.Ноғай Ордасымен қарым-қатынасы жайлы не білесіңдер?
4.Қазақ-өзбек қарым-қатынасы қандай болды?
Өз ойларын жаздыру
Сергіту сәті
Ауада 10 санын дене мүшелерімен жаздырту
3.Ой толғаныс сатысында
1-топқа «Екі жақты күнделік» жазу тапсырмасы беріледі
Оқушылар Хақназар хан туралы мәтінді тыңдап, бұрыннан таныс білімдерін жан-жақты еске түсіреді
Плакатқа топтарын ауыстырып өз ойларын жазады.
Аталған сұрақтарды плакат бетіне
түсіреді,топта жұмыс жасайды.
Баяандамашы топ жұмысын қорғайды
Оқушылар ауада қолымен, көзімен, басымен, т.б. жазады
Оқушылар параққа «Екі жақты күнделік» жазады
Аяқталмаған сөйлемдерді толықтырады
Термин сөздердің мағынасын табады
Картадан жасырылған объектілерді көрсетеді
Интерактивті тақтадағы слайд
Флипчарт
А4 парағы
Үнтаспа
А4 парағы
Маркер
Карточкалар
Саяси карта
Қорытынды
5 мин
3 мин
3 мин
2 мин
Сабақты қорытындылау, жинақтау, жүйелеу мақсатында «Семантикалық карта толтыру» тапсырмасы беріледі
Оқушыларға топты бағалауға нұсқау беру.
Жиынтық бағаны өзім қоямын
Кері байланыс: Екі жұлдыз бір тілек
Үйге тапсырма.Деңгейлік тапсырма. Сөзжұмбақ құру
Оқушылар жаңа тақырып бойынша қорытынды пікірлерін кестеге түсіреді
Топтар өзін-өзі және бір-бірін бағдаршам арқылы бағалайды
Топ басшылары бағалау парағын әкеліп береді.
Әр оқушы стикерге сабақ барысындағы екі ұнаған нәрсені, бір тілек жазады.
Бағдаршам, смайлик
Маркер,стикер
Қысқа мерзімді жоспар
Сабақтың тақырыбы
Тәуекел хан (1582-1598жж)
Сабақтың мақсаты
Тәуекел хан кезіндегі қазақ хандығының нығаюы туралы оқушыларға жан-жақты түсінік беру, қазақ хандарының мемелекеті нығайтудағы көреген саясатына оқушылардың назарын аудару елін,туған жерінің тарихын құрметтей білуге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер
Тәуекел ханның қазақ хандығын нығайту жолындағы ерлік істерін бағалайды. Көрегенді саясатынан үлгі алады.
Қолданылған модульдер
СТО; оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану; оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер; оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау; оқытудағы басқару және көшбасшылық
Сабақ барысы
Уақыты
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Ресурстар, көрнекі құралдар
I.Ұйымдастыру кезеңі
2 минут
а)Оқушылармен сәлемдесу.
ә)Оқушыларды түгендеу.
б) Топқа бөлу
Оқушыларды туған күндері бойынша топқа бөлу.
Топ басшы, баяндамашы, сыншыларды анықтау
Мұғаліммен сәлемдесу.
Туған күндері ретімен топтарға бөлінеді.
Топ мүшелері келісіп рөлдерге бөлінеді
II.Үй тапсырмасын пысықтау
5 мин.
«Кім жылдам» ойыны арқылы топтарды жарыстыру
Оқушылар интерактивті тақтадағы сұрақтарға жауап береді
Интерактивті тақта
III.Жаңа сабақ
Негізгі бөлім
3 мин
15 мин
2 мин
10 мин
1.Қызығушылықты ояту сатысында «болжау» стратегиясы арқылы оқушыларға мәтін оқылады
Оқушыларды «ККК» әдісі бойынша
Тарихшы
Әдебиетші
Математик
Суретші
Географ етіп бөліп осы
тақырыпқа өз мамандықтары бойынша талдау, саралау, зерттеу тапсырылады Әр топқа плакат тарқатып беру.
Сергіту сәті
Би: Қара жорға
3.Ой толғаныс сатысында жаңа Мысалы: Осы сабақты бектіу үшін «Эссе» жазуды тапсырамын. Эссені бағалаудың арнайы 1-5 – тің арасында рубрикалар дайындап, тақтаға іліп қойдым.
Оқушылар хан туралы мәтінді тыңдап, бұрыннан таныс білімдерін жан-жақты еске түсіріп, болжам жасайды
Плакатқа талдау, саралау, зерттеу жұмыстарын түсіреді
Баяандамашы топ жұмысын қорғайды
Оқушылар әнге билейді
Оқушылар жаңа тақырып бойынша
сабақ барысындағы алған білімін саралап, өздерінің не үйренгенін байқап, тереңдете түседі. Эссе жазады
Интербелсенді тақтадағы слайд
Флипчарт
А4 парағы
Үнтаспа
А4 парағы
Қорытынды
3мин
3 мин
2 мин
Сабақты қорытындылау, жинақтау, жүйелеу мақсатында «Дискуссиялық өрнек» тапсырмасы беріледі
Оқушыларға топты бағалауға нұсқау беру.
Жиынтық бағаны өзім қоямын
Кері байланыс: Блоб ағашы
Үйге тапсырма.
Оқушылар жаңа тақырып бойынша қорытынды пікірлерін кестеге түсіреді
Топтар өзін-өзі және бір-бірін бағдаршам арқылы бағалайды
Топ басшылары бағалау парағын әкеліп береді.
Әр оқушы
Бағдаршам, смайлик
Маркер,стикер
Қысқа мерзімді жоспар
Сабақтың тақырыбы
Есім хан тұсындағы Қазақ хандығы
Сабақтың мақсаты
Есім ханның қазақ хандығының тарихында тәжірибелі қолбасшы, білікті саяхатшы, тұлға ретінде атқарған ролін ашып көрсету. Картамен жұмыс жүргізу, өз бетінше қортынды жасауға, мәтіндегі негізгі мәселені табуға дағдырландыру, басқатырғыштарды шеше отырып есте сақтау қабілетін дамыту. Оқушыны жан – жақты терең, еркін ойлауға, топпен жұмыс жасауға, ұстамдылыққа, өз ойын өзгелермен бөлісуге, өзгенің де ойын тыңдай білуге тәрбиелеу. Есім ханның әрекеттерін әңгімелей отырып ерлікке, батыр, батыл болуға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер
Есім ханның қазақ хандығының тарихында тәжірибелі қолбасшы, білікті саяхатшы, тұлға ретінде атқарған ролін жете түсінді. Есім ханның ерлігін бағалай отырып,бойларында Отанға деген сүйіспеншілік сезімі пайда болады
Қолданылған модульдер
СТО; оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану; оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер; оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау; оқытудағы басқару және көшбасшылық; талантты және дарынды балаларды оқыту.
Сабақ барысы
Уақыты
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Ресурстар, көрнекі құралдар
I.Ұйымдастыру кезеңі
2 минут
а)Оқушылармен сәлемдесу.
ә)Оқушыларды түгендеу.
б) Топқа бөлу
Оқушыларды туған әр түстерді тарату арқылы топқа бөлу.
Топ басшы, баяндамашы, сыншыларды анықтау
Мұғаліммен сәлемдесу.
Түрлі-түсті жетондарды таңдап топтарға бөлінеді.
Топ мүшелері келісіп рөлдерге бөлінеді
Түрлі-түсті жетондар
II.Үй тапсырмасын пысықтау
5 мин.
Кубизм стратегиясы
Оқушылар кубикті домалатып, түскен сан бойынша карточкадағы сұрақтарға жауап береді.
Карточкалар
III.Жаңа сабақ
Негізгі бөлім
3 мин
15 мин
2 мин
10 мин
1.Қызығушылықты ояту сатысында «болжау» стратегиясы арқылы оқушыларға мәтін оқылады
2.Мағынаны тану сатысында ЖигСО әдісі
Әр жеке топқа жаңа тақырып бойынша тезис ретінде құралған мәтін беріледі
Әр топқа плакат тарқатып беру.
Сергіту сәті
Би: Қара жорға
Ой толғаныс кезеңі
1.1.топ «Бес жолды өлең»құрастыру
2.топ «Ойды аяқта» аяқталмаған сөйлемді аяақтау керек.
3топ «Ой ашар» Сәйкестендіру жұмысын орындауы керек.
4топ Хронологиялық жұмысты орындауына нұсқау беру .
2. Әндер әлемі. Әннің әуенін тыңдап ол қандай ән екендігін тауып, оның артындағы сұраққа жауап беру беріледі
Оқушылар хан туралы мәтінді тыңдап, бұрыннан таныс білімдерін жан-жақты еске түсіріп, болжам жасайды
Оқушылар өз топтарында 1,2,3,4 нөмірлерге бөлінеді. №1, №2, №3, №4 жеке топтарға жиналады. Мәтінді талдап болғаннан кейін, бастапқы өз топтарына оралып түсіндіреді
Плакатқа талдау, саралау, зерттеу жұмыстарын түсіреді
Баяандамашы топ жұмысын қорғайды
1топ Есім ханның ескі жолы деген бір шумақ өлеңін құрастырды.
2топ Сөйлемдегі қалып кеткен аяақталмаған сөздерді аяақтайды
3 топ Сәйкестендіру жұмыстарын
орындайды.
4 Топ Хронологиялық кестені толтырып,оны түсіндіріп береді.
Оқушылар әннің әуенін тыңдап ол қандай ән екендігін тауып, оның артындағы сұраққа жауап береді.
Оқушылар әнге билейді
Оқушылар жаңа тақырып бойынша
сабақ барысындағы алған білімін саралап, өздерінің не үйренгенін байқап, тереңдете түседі. Эссе жазады
Интерактивті тақтадағы слайд
Флипчарт
А4 парағы
Үнтаспа
Карточкалар
А4 парағы
Қорытынды
3мин
3 мин
2 мин
Сабақты қорытындылау, жинақтау, жүйелеу мақсатында «Дискуссиялық өрнек» тапсырмасы беріледі
Оқушыларға топты бағалауға нұсқау беру.
Жиынтық бағаны өзім қоямын
Кері байланыс: Блоб ағашы
Үйге тапсырма.
Оқушылар жаңа тақырып бойынша қорытынды пікірлерін кестеге түсіреді
Топтар өзін-өзі және бір-бірін бағдаршам арқылы бағалайды
Топ басшылары бағалау парағын әкеліп береді.
Әр оқушы
Бағдаршам, смайлик
Маркер,стикер
Есім хан тұсындағы Қазақ хандығы
Жарияланды 7-04-2013, 18:40 Категориясы: Тарих
Жоспары Сабақтың тақырыбы: Есім хан тұсындағы Қазақ хандығы Сабақтың мақсаты: Білімдік: Есім ханның қазақ хандығының тарихында тәжірибелі қолбасшы, білікті саяхатшы, тұлға ретінде атқарған ролін ашып көрсету. Дамытушылық: Оқушылардың білімдерін тірек - сызба арқылы түсіндіре отырып толықтыру, шыңдау. Картамен жұмыс жүргізу, өз бетінше қортынды жасауға, мәтіндегі негізгі мәселені табуға дағдырландыру, басқатырғыштарды шеше отырып есте сақтау қабілетін дамыту. Тәрбиелік: Оқушыны жан – жақты терең, еркін ойлауға, топпен жұмыс жасауға, ұстамдылыққа, өз ойын өзгелермен бөлісуге, өзгенің де ойын тыңдай білуге тәрбиелеу. Есім ханның әрекеттерін әңгімелей отырып ерлікке, батыр, батыл болуға тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Аралас сабақ Сабақтың әдісі: Дамыта оқыту, тірек – сызба арқылы оқыту, топпен жеке жұмыс, мәтінмен жұмыс. Пәнаралық байланысы: Математика, музыка, қазақ тілі. Көрнекіліктер: Тірек – сызба, Тәуекел, Есім хандардың суреттері, саяси карта.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасу, түгелдеу. Сабаққа дайындықтарын бақылау. Сабақ барысында екі топпен де ертегілер еліне саяқат жасаймыз. Ол үшін екі топқа да бөлек плакатқа салынған суреттер ілінеді. Екі топта сабақ барысында төрт кезеңнен өту керек. Бірінші топтық шарттары. 1 - кезең: үй тапсырмасын айту. 2 - кезең: Мергеншілер. тақтада тұрған шарларды дәлдеп атып оның ішіндегі сұрақтарға жауап береді. 3 - кезең: Әндер әлемі. әннің әуенін тыңдап ол қандай ән екендігін тауып, оның артындағы сұраққа жауап береді. 4 - кезең: Алтын сандық. Алтын сандық кезеңінде тақтадағы сандықтарды таңдап, ондағы жылдарды бір - біріне қосып, сол жылы не болғанын айту. Екінші топтың шарттары: 1 - кезең: үй тапсырмасын айту. 2 - кезең: Алма теру. Алманы алып ондағы сұрақтарға жауап береді. 3 - кезең: Әндер әлемі. әннің әуенін тыңдап ол қандай ән екендігін тауып, оның артындағы сұраққа жауап береді. 4 - кезең: Мыстан кемпірден құтылу. Ол үшін тақтадағы айнаның артындағы жылдарды бір - біріне қосып, сол жылы не болғанын айту.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. 1 – кезең: 2 топтың топтан бір - бір оқушыдан тақтаға шығып үй тапсырмасын айту. 1 - топ: 2 - кезең: Мергеншілер. тақтада тұрған шарларды дәлдеп атып оның ішіндегі сұрақтарға жауап береді. 1. 1580 жылы Хақназар хан қайтыс болған соң, хан тағына кім отырады? (Шығай хан) 2. 1582 жылы Тәуекел сұлтан бастаған қазақ әскерлері кімді өлтірді? (Баба сұлтанды) 3. Өзбек пен қазақ әскерлері кімді өкшелей қуды? (Баба сұлтанды) 4. Шығай хан мен Тәуекел сұлтанға Абдалах хан риза болып қай жерді сыйға береді? (Ходжент) 5. Қайсы өзеннің бойындағы қалалар Абдаллах ханға тізе бүгіп, бағынышты болды? (Сырдария) 2 - топ: 2 - кезең: Алма теру. Алманы алып ондағы сұрақтарға жауап береді. 1. Шығай ханның баласы? (Тәуекел) 2. Бұхараның ханы кім? (Абдаллах) 3. Тәуекел хан көп әскермен Абдаллах хандығына шабуыл бастап қайсы қалаларды басып алды және қандай қалаға қатер төнді? (Сауран, Түркістан, Отырар, Сайрам қалаларын басып алып, Ташкентке қатер төнді) 4. Шайбани әулетінің орнына кімдер келіп қандай заңдастыру шарты жасалды? (Аштарханилер мен қазақ әміршілерінің арасында қазақ хандығына қосылған жерлерді) 5. Ресейден сібірге аттанған жасақ? (Ермактың жасағы)
ІІІ. Жаңа сабақ Есім ханға мінездеме Есім ханның ішкі саясаты. Тәуекел хан қайтыс болған соң, інісі есім (1598 - 1628) мұрагерлік жолмен ресми түрде хан тағына отырды. Еңсегей бойлы Ер Есім хан тағына лайықты тәжірибелі қолбасшы, білікті саясатшы тұлға болатын. Қазақтың хан тағына отырған соң Есім хан Бұхар ханымен бітім шартын жасасып, Орта Азия қалаларымен бейбіт экономикалық байланыс орнатуға ұмтылды. Қазақ хандығын бір орталыққа бағынған мемлекет етіп құруды басты мақсат етті. Қазақ хандығының әскери күш - қуатын арттыруға айрықша көңіл бөліп, сұлтандар мен төрелерге еркіндік, билік берді.
17 ғасырдың басында Қазақ хандығында ішкі саяси өмір біршама тұрақтанғанымен, бұрыннан келе жатқан кейбір қайшылықтар шешімін таппаған еді. Қазақ хандығы барған сайын бөлшектене түсті. Феодалдық талас - тартыстар кең өріс алды. Көшпелі ақсүйектердің әр түрлі топтары өзара бақталастыққа түсті. Оңтүстікте іс жүзінде екі хан билік етті. Есім хан Түркістан қаласын өзінің астанасы етсе, Тұрсын хан өзін тәуелсіз хан жариялап, Ташкент қаласын астана жасады. Бірте - бірте Қазақ хандығында хандардың дара билігі көрініс тапты.
Бұл кезде Ташкентте – Келді Мұхаммед сұлтан, Әндіжанда - Абылай сұлтан, Тұрфанда - Әбд - ар - Рахым хан, Жаркентте - Абақ хан, т. б дара билік жүргізді. Бұхар - қазақ қарым - қатынастары. Қазақ хандығының ішкі жағдайын аңдып отырған Бұхар ханы бұрынғы бітім шартын бұзып, Қазақ хандығының жеріне жаңа жорықтар ұйымдастырады. Бұхар ханы кешегі Тәуекел ханмен сәтсіз соғыста қолдан шыққан Ташкент, Сайрам, Әндіжан жерлерін қайтарып алуды армандады. Сонымен қатар қазақтарды Сырдарияның арғы бетіне асырып тастауды мақсат етті.
Қазақ – бұхар соғысы (1603 - 1624) ерекше қан төгісті соғыс болды. Бірінші қазабұхар шайқасы 1603 жылы Айғыржар деген жерде болды. Бұл шайқаста Бұхар хандығының әскері жеңіліс тауып, тып - м - тырақай қашты. Бұхар әскерлері Самарқан бекінісіне тығылады. Бірақ қоршауға түскен Самарқан қамалы берік еді. Қазақ хандығының жасақтары жаудың сағын сындырып, мол олжамен Ташкентке қайтып оралады. 1611 жылы бұхар әскерін Имамкули хан өзі басқарып келеді. Ташкент түбінде өткен бұл ұрыста қазақтың қалан қолын Есім хан басқарды. Бұл шайқаста Бұхар ханы жеңіліс тауып, келісімге келеді. Қазақ сұлтандарынан әскери көмек алған Бұхар ханы Имамкули Қаратау, Аспара өңіріне шабуыл жасап, бейғам ауылдар мен қалаларды үлкен шығынға ұшыратты. Бұған жауап ретінде 1613 жылы Есім хан қалың қолмен Самарқанға басып кірді. Бұхар хандығының әскерін қирата жеңді. 1620 - 1621 жылдары болған төртінші, бесінші, алтыншы қазақ – бұхар соғысында Қазақ хандығының әскерін Тұрсын хан бастап шығып, қазақтар толық жеңіске жетті. 1627 жылғы ең соңғы, жетінші қанды шайқасқа Есім хан Қазақ хандығының әскерін өзі бастап келіп, кескілескен шайқаста жеңіске жетті. Сөйтіп оңтүстік шекарасын берік бекітеді. Бұхара ханы Имамкули жеңілісті мойындайды.
Тұрсын ханның бүлігі. Тұрсын сұлтан – Жалым сұлтанның ұлы. 1598 жылғы хан сайлауда Есімнің жолы үлкен болғандықтан, Тұрсынның таққа таластан қисыны болмады. Тұрсын сұлтан Өзбек хандығына қарсы күресте қазақ әскерлерін бастап, әлденеше рет үлкен жеңістерге жетеді, беделі артады. Көп ұзамай Тұрсын сұлтан 1613 жылы өзін хан, Ташкент қаласының билеушісі деп жариялайды. Өз атынан ақша шығарады. Тұрсын хан Есім ханмен екі рет бітімге келіп, екі рет серттен тайған.
Өзін хан санаған Тұрсын қарауындағы халықтың күш - қуатына әбден сенім артады. Тұрсын ханның сенімді тірегі саны көп, айбынды Қатаған руы болған. Тұрсынның хандық билікке ұмтылысы Есім ханның билігіне мойынсұнбауы еді. Қазақ хандығы ішінен оңаша отау тігілді. Халық біреу, хан екеу болуы хандықтың бірлігі, ынтымағының бұзылуына жол ашты.
Есім ханның ел ішінде беделінің артуы Тұрсын ханға ұнамады. Есім ханның көзін жоюға, дара билікке жетуге ұмтылды. 1627 жылы жоңғарлардың қазақ жеріне жиі - жиі жорық жасап, елдің мазасын алып, таран - таражға түсуіне байланысты Есім хан жорық туын көтеріп, қалың қол жинап, қалмақтарға қарсы соғысқа аттанады. Елдің мазасын алған қалмақтарды, Жоңғар тауынан ары асырып жібереді. Есім хан жорықта жүргенде Тұрсын хан барлық әскерін жинап, алыстағы жауды емес, бауыры тұрған Түркістанды шабады. Қараусыз жұртты қанға бөктіріп, ойранын шығарады. Есім ханның үй ішін, әйелін, жас балаларын тұтқындап, Ташкентке әкетеді. Есім ханның көзін жоймақ болып, жолын тосады. Бұл бүліктен хабар алған Есім хан сақтаныс жасайды. Екі ханның әрекеті Сайрам қамалының түбінде кездеседі. Жеңіліс тапқан Тұрсын хан Ташкентке шегінеді.
Қазақ пен қазақ арасындағы жан түршігерлік мейрімсіз ұрыс өрттей лаулады. Бар әскерінен айрылған Тұрсын хан қамалға тығылады. «Ей, Қатағанның ханы Тұрсын, Кім арамды ант ұрсын! Жазықсыз елді еңіретіп, Жер тәңірісіп жатырсың. Хан емессің, қасқырсың, Қара албасты басқырсың Алтын тақта жатсаң да, Ажалы кеткен пақырсың! Еңсегей бойлы ер Есім, Есігіңе келіп тұр: Алғалы тұр жаныңды, Шашқалы тұр қаныңды!» Бағы тайған ханның нөкерлері Тұрсын ханды тұтқындап, Есім ханға тапсырады. Есім хан бүлікші бауыры Тұрсын ханның басын алды. Есім хан Тұрсын ханға ілесіп, бейбіт елді ойрандауға белсене қатынасқан Қатаған руын түгелдей өлім жазасына кеседі. Шығыс Түркістандағы Қатаған руы жазаланудан қашып, ұйғыр халқының арасына барып паналады. Тұрсын ханның бұл бүлігі тарихта «Қатаған қырғыны» деп аталды. Қазақ хандығының осы саясаты жойқын өзгерістің, қатерлі дауылдың алғашқы дүмпуімен бетпе-бет кездескен Есім хан болды. Есім хан ішкі - сыртқы саясатта тәртіп орнатты. «Есім ханның ескі жолы» деген сөздің мәні де Есім ханның тұсында жасалған далалық заңдарға байланысты айтылған. т Әсіресе жаугершілік заманда елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға бағытталған заңдары Есім ханның шын мәнінде мемлекет тұрғысындағы ірі қайраткер екенін көрсетті. 1 - топ: 3 - кезең: Әндер әлемі, әннің әуенін тыңдап ол қандай ән екендігін тауып, оның артындағы сұраққа жауап береді. 1. Есім ханның ел билеген жылы? (1598 - 1628ж. ж.) 2. Тұрсын ханның астана деп жариялаған қаласы? (Ташкент) 3. 1611 жылы бұхар әскерін кім басқарып келді? (Имамкули хан) 4. Тұрсынхан кімнің ұлы? (Жалым сұлтанның ұлы) 5. Абақ хан қай жерлерді биледі? (Жаркент пен Қашғарды)
2 - топ: 3 - кезең: Әндер әлемі. әннің әуенін тыңдап ол қандай ән екендігін тауып, оның артындағы сұраққа жауап береді. 1. Есім ханның шығарған заңның атауы? («Есім ханның ескі жолы») 2. Тұрсын ханның бүлігі тарихта қалай аталды? (Қатаған қырғын) 3. Есім ханның үй ішін, әйелін жас балаларын тұтқындап қайда алып кетті? (Ташкент) 4. Есім хан өзінің астанасы етіп жариялаған қала? (Түркістан) 5. Қайсы рудың адамдары Есім ханға бас имеді? (Қатаған)
1 - топ: 4 - кезең: Алтын сандық. Алтын сандық кезеңінде тақтадағы сандықтарды таңдап, ондағы жылдарды бір - біріне қосып, сол жылы не болғанын айту. 1. 1443+160=(1603 жылы Айғыржар деген жерде бірінші қазақ - бұхар шайқасы) 2. 1921 - 308=(1613 жылы Есім хан қалың қолмен Самарқанға басып кірді) 3. 1620ж - 1404+217=(1620 - 1621 жылдары 4 - 5 - 6 қазақ – бұхар соғысы болды) 4. XI+VІ = (XVІІ ғ Қазақ хандығында ішкі саяси өмір біршама тұрақтан, Феодалдық талас – тартыстар кең өріс алды) 5. 1333+295= (1628 жылы Есім хан қайтыс болады)
2 - топ: 4 - кезең: Мыстан кемпірден құтылу. Ол үшін тақтадағы айнаның артындағы жылдарды бір - біріне қосып, сол жылы не болғанын айту. 1. 1332+281= (1613 жылы Тұрсын хан Ташкентті астанасы етіп жариялайды) 2. 1822 - 224= (1598 жылы Есім хан таққа отырады) 3. 1219+408= (1627 жылы ең соңғы қанды шайқас болады) 4. ІХ+VІІ=(XVІ ғ қуатты Моғолстан мемлекеті біржолата ыдырауға бет алды) 5. 921+690= (1611 жылы бұхар әскерін Имамкули хан басқарды)
Ү. Бағалау, жеңіске жеткен топты марапаттау. ҮІ. Үй тапсырмасы. Тақырыпты оқу. Тест құрастыру. Егер мен хан болсам.... Әңгіме жазу
Ой толғаныс сатысында
«5» алу үшін Эссе мына шарттарға лайық болуға тиісті:
Бір айтқанды қайталай бермей, мәнділігімен көзге түсу керек.
Дәлелді берілген тезисті қолдаңыз.
Сол тезизке қарсы берілген дәлелді есепке алыңыз.
Әңгіменің кіріспесі анық, мәтіннен және қорытындыдан тұру керек.
Мұқият және қатесіз жазылған болу керек.
Көлемі 3- 4 парақ болу керек.
«4» алу үшін, Эссе мынадай болу керек.
Бір айтқынды қайталап айта бермей, мәнді айтылуы керек.
Дәлелді берілген тезисті қолдаңыз.
Әңгіменің кіріспесі, мәтінінен және қортыныдылаудан тұру керек