kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«?деби-тарихи таным курсы» (?аза? ?дебиеті мен ?аза?стан тарихы п?ндерінен кіріктірілген факультативтік курс ба?дарламасы, 5-9 класс)

Нажмите, чтобы узнать подробности

5-9 класс о?ушыларына арнал?ан "?деби -тарихи таным" курсы п?н м??алімдеріне арнал?ан ба?дарлама. 

?адірменді ?ріптес!

                  ?р жа?а о?у жылы – Сізге ?иын да ?ызы?ты, аса м?ртебелі ж?мысы?ызда жа?алы?тар лебін, жан-жа?ты ізденіс пен жа?а ш?кірттер легін сыйлайтын ?айталанбас с?т. ?р м??алімні? «?стазды? дастанында» жа?а о?у жылымен ты? ?рнектермен ?рілген, биік м?дделерді к?здеген, ізденісті серік еткен ?стаздар ?ауымына зор жауапкершілік ж?ктелуде. Басты ма?сат  білім мен білік ал?ан елімізді? азаматы ?лемні? кез-келген елінде ?ажетке жарайтын маман болатындай де?гейге к?терілуі.   Жалпы білім беретін мектептерді?   ?аза? ?дебиеті мен тарих п?ндерінен дарынды балалар?а арнал?ан 5-9 класты? «?деби-тарихи таным»  курсыны? ба?дарламасы осы ма?саттарды ж?зеге асыратын о?у-?дістемелік кешендер талаптары негізінде жасалып отыр. Б?гінгі білім беру ж?йесінде п?наралы? байланыс ар?ылы жа?а технологияны? алуан т?рлі ?діс-т?сілдері ?олданылуда.                             

О?ушы?а ?з бетімен ж?мыс істеуге шы?армашылы? ба?дар беру мен алын?ан білімді керегіне жаратып, пайдалануды? жолдарын ?йрету, п?нге ?ызы?ушылы?ын ояту ар?ылы п?ндік олимпиада?а дайындау ма?сатында ??растырыл?ан «?деби-тарихи таным» факультативтік курсыны? ба?дарламасы – жа?ашыл м??алімдерге арнал?ан  жа?а технологиялы? білім жобасы.

Ба?дарлама ?аза? ?дебиеті мен тарих п?ндеріндегі с?йкес та?ырыптарды жеделдете о?ытуды к?здейді. ?сынылып отыр?ан ба?дарламада жылына – 34 са?ат. Аптасына – 1 са?ат, ба?дарламалы? материалды о?у?а – 21 са?ат, тіл ?старту, шы?армашылы? ж?мыстар?а – 8 са?ат, ?орытынды сына?  – 5 са?ат берілді.

 
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««?деби-тарихи таным курсы» (?аза? ?дебиеті мен ?аза?стан тарихы п?ндерінен кіріктірілген факультативтік курс ба?дарламасы, 5-9 класс) »























«Әдеби-тарихи таным курсы»

(Қазақ әдебиеті мен Қазақстан тарихы пәндерінен кіріктірілген факультативтік курс бағдарламасы,

5-9 класс)



































Құрастырғандар: К.О. Шугурова, К.С. Смадияр

М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатының қазақ тілі мен әдебиеті,

тарих пәнінің мұғалімдері






Пікір жазғандар:



Ұ.Ш. Исмағұлов, Қ. Жұбанов атындағы АМУ Отан тарихы және тарих пәндер кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы, доцент


А.А. Иманғазина, Қ. Жұбанов атындағы АМУ тілдер кафедрасының оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты










«Әдеби-тарихи таным курсы» 5-9 кластың Қазақ әдебиеті мен Қазақстан тарихы пәндерінен кіріктірілген факультативтік курс бағдарламасының үлгісі ұсынылды.

Жинақты қазақ әдебиеті мен Қазақстан тарихы пәнінің мұғалімдері қосымша факультатив курсы бағдарламасы ретінде қолдануға болады.




























Кіріспе


Ғаламдық жаһандану жағдайындағы жаңа қоғамда орын алған iрi экономикалық өзгерiстер мен технологиялық жетiстiктер қоғам дамуының қозғаушы күшi болып табылатын бiлiм жүйесiне орасан ықпалын тигiзiп отыр. Әлемдiк қауымдастықтың бiртұтас бiлiм кеңiстiгiн қалыптастыруға бағытталған ортақ мүддеге барынша әрекеттенуi – жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сiңiрген саналы да парасатты тұлғаны тәрбиелеу қажеттiгiн алға тартып отыр.

Бәсекеге қабілетті қоғамдағы білімнің моделі - шәкірттің білімділік, ғылыми-іскерлік дағдылары өскелең өмір талаптарына сай бейімделген, өз бетінше жоспарлап, шешім қабылдай алатын, өмірлік көзқарасы, құндылық қасиеттері қалыптасқан шығармашылық жеке тұлға.

Чехтың ұлы педагогі Ян Амос Коменский «Ұстаз оқушыға өзінің тәсілдерін үйретуден бұрын алдымен оның бойында білім алуға деген талпынысты оятып алуы қажет. Егер шәкірттің бойында оқуға деген ынта-ықыласы оянбаса, онда жүз мұғалім оған төніп тұрса да, одан түк шықпайды» деген екен.

Қадірменді әріптес!

Әр жаңа оқу жылы – Сізге қиын да қызықты, аса мәртебелі жұмысыңызда жаңалықтар лебін, жан-жақты ізденіс пен жаңа шәкірттер легін сыйлайтын қайталанбас сәт. Әр мұғалімнің «ұстаздық дастанында» жаңа оқу жылымен тың өрнектермен өрілген, биік мүдделерді көздеген, ізденісті серік еткен ұстаздар қауымына зор жауапкершілік жүктелуде. Басты мақсат білім мен білік алған еліміздің азаматы әлемнің кез-келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілуі.

Жалпы білім беретін мектептердің Қазақ әдебиеті мен тарих пәндерінен дарынды балаларға арналған 5-9 кластың «Әдеби-тарихи таным» курсының бағдарламасы осы мақсаттарды жүзеге асыратын оқу-әдістемелік кешендер талаптары негізінде жасалып отыр. Бүгінгі білім беру жүйесінде пәнаралық байланыс арқылы жаңа технологияның алуан түрлі әдіс-тәсілдері қолданылуда.

Әдебиет пәнін басқа пәндермен байланыстыра оқытудың маңыздылығын әдіскерлер Д.Әлімжанов пен Ы. Маманов: «Пән мен пәнді байланыстыра оқытудың қазіргі күндегі жаңа ұстанымдары оқушылардың алған білімдерінің тиянақты болуына және оның нақтылы фактілерінен өздері бақылап, сапалы меңгеруіне, алған білімдерінің әр жақты дамуына жол ашатын ғылыми-практикалық маңызы бар әдіс болып отыр», - деп атап көрсеткен.

Оқушыға өз бетімен жұмыс істеуге шығармашылық бағдар беру мен алынған білімді керегіне жаратып, пайдаланудың жолдарын үйрету, пәнге қызығушылығын ояту арқылы пәндік олимпиадаға дайындау мақсатында құрастырылған «Әдеби-тарихи таным» факультативтік курсының бағдарламасы – жаңашыл мұғалімдерге арналған жаңа технологиялық білім жобасы.

Бағдарлама қазақ әдебиеті мен тарих пәндеріндегі сәйкес тақырыптарды жеделдете оқытуды көздейді. Ұсынылып отырған бағдарламада жылына – 34 сағат. Аптасына – 1 сағат, бағдарламалық материалды оқуға – 21 сағат , тіл ұстарту, шығармашылық жұмыстарға – 8 сағат, қорытынды сынақ – 5 сағат берілді.













3


«Әдеби-тарихи таным » факультативінің бағдарламасы



«Әдеби-тарихи таным» курсының мақсат – міндеттері

  • Қазақ әдебиеті мен тарих пәнінің сабақтастығы арқылы көркем шығармалармен тарихи деректерді ұштастыра отырып, пәнге қызығушылығығын ояту.

  • Оқушыларға төл әдебиеті мен тарихы арқылы рухани құндылықтар туралы тың мәліметтер бере отырып, шығармашылық, зерттеу-іздену жұмыстарына баулу.

  • Алған білімдерін кеңейте отырып, елжанды, заманауи, жан-жақты тұлға тәрбиелеу.



Білім беруде «Әдеби-тарихи таным » курсының орны


Жалпы білім беретін мектептерде, гуманитарлық пәндерді тереңдетіп оқытатын арнайы гимназиялар мен лицейлерде пайдалануға болады. Бұл курс әдебиет, тарих, музыка, география, өнер пәндерімен тығыз байланысып, оқу жоспарына жеделдету курсы, дарынды , шығармашылықпен айналысатын пәндік олимпиада қатысушыларына арнаулы курс ретінде кіріктірілуі керек.


Оқытудың әдістері мен формалары

  • Интерактивті әдістер: Топтық, жұптық, жеке жұмыс, пікірталас;

  • «Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқу мен жазуды дамыту» технологиясы: «Ассоциация»,

«Негізгі идеяны суреттеу», «Инсерт», «Синквейн, «Он минуттық эссе», «Бағалау парағы», «Блум таксономиясы», «Бақылау күнделігі, «Семантикалық карта», «Екі жақты түсіндірмелі күнделік» т.б.

  • Сөздік әдістер: Сөздікпен жұмыс, Диалогты оқыту

  • Түрлері: қазақ әдебиеті мен Қазақстан тарихы пәндерінен кіріктірілген сабақтар;


Оқытуда күтілетін нәтижелер

Оқушылар білуге тиісті:

  • Бағдарлама бойынша шығармалардың көркемдік жағы мен тарихи деректердің сабақтастығына байланысты маңызды мәліметтерді білу;

  • Көрсетілген шығармаларды пайымдап оқу, олардың сюжеттік, композициялық құрылымын, образдар жүйесін, әр шығарманың идеялық-көркемдік ерекшелігін аша білуі: жоспар құра білу, сұрақтар мен тапсырмаларды орындау;

  • Шығармалардағы тарихи тұлғалар мен тарихи орындарды білуі; олардың нақты мәні мен тарихи маңызын түсінуі;

  • Шығармалардың тақырыптық-идеялық ерекшелігіне, образдарына, сөз болған проблемаларға көзқарасын білдіру; ой толғау мен эссе жазу, алдын-ала дайындалған рефераттарымен көпшілік алдында сөйлей білуі; сол сияқты өз ой толғамын, өзінше түйіндеулерін келтіре отырып, сыни тұрғыдан ойлап, жаза білуі;












4

«Әдеби-тарихи таным курсының» мазмұны (34 сағат)


І тоқсан ( 9 сағат )


1. Кіріспе. Әдебиет сөз өнері. Тарих тағылымы (1 сағат)

Көркем әдебиеттің адам өміріндегі орны,маңызы. Тарих тағылымынан сабақ алу.


Халық ауыз әдебиеті (3 сағат)


2. Батырлар жыры. «Қобыланды батыр жыры» Жырдың композициялық құрылымы, жырдағы кейіпкерлер. Батырлар жырының тақырыбы мен идеясы, жырдың сюжеттік композициялық құрылымына толық талдау жасау , кейіпкерлер бейнесін талдау . Қарақыпшақ Қобыланды батыр кесенесі . Ақтөбе облысы Ұлы Қобда өзенінің бойындағы кесене туралы мәлімет беру. (1 сағат)


3. Аңыз. («Ақсақ құлан, Жошы хан» Кетбұғаның естіртуі. Жошы хан кесенесі) Аңыз туралы түсінік, күй құдіреті, тапқырлық туралы сыни тұрғыдан ойлау. (1 сағат)


4. Шығармашылық жұмыс.

а)«Қобыланды батыр» жырындағы жер-су атаулары.

ә) «Ақсақ құлан» мультфильмін әдеби-тарихи тұрғыдан талдау . Жырда берілген топонимикалық атаулардың тарихи маңызын, жер-су атауларының өлке тарихы үшін маңыздылығын көрсету. Мультфильмдегі тарихи оқиғаны суреттеу, сол кезеңдегі тарихи оқиғалар туралы баяндау. (1 сағат)

Ежелгі дәуір әдебиеті (1 сағат)


5. Күлтегін жыры. Күлтегін ескерткіші (1 сағат)

Ежелгі дәуір әдебиеті туралы алғашқы түсінік; Ежелгі мәдени өмір суреттелген асыл мұраларға сипаттама; Ата-бабаларымыздың ертедегі білім-білігінің, ежелгі дүние танымының қилы кезеңдердегі ел үшін, жер үшін, еркіндік пен тәуелсіздік үшін жүргізілген күрестерінің , ерлік шежіресінің «Күлтегін» ескерткішінде суреттелуі. Күлтегін бейнесі.


6 Шығармашылық жұмыс. «Күлтегін ескерткіші – түркі тектес халықтардың баға жетпес асыл мұрасы» (1 сағат)

Түркі халықтарының баға жетпес мәдени, тарихи мұрасы Күлтегін ескерткішінің – тарихи маңызы.

Шешендік сөз өнері (1 сағат)


7. Шешендік шиырлары. ( Төле би, Әйтеке би, Қазбек би). Ақылы асқан әз Тәуке. Билер кеңесі) (1 сағат)

Шешендік өнер туралы түсінік, тәрбиелік мәні .Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы, Ұлы билердің қосқан үлесі

ХІХ ғасырдың І жартысындағы қазақ әдебиеті мен қазақ тарихы (2 сағат)

8. Зар, зар заман, зар заман (1 сағат)

(Қазақстан - Ресей империясының отары: үрдістің мәні. Д.Бабатайұлы, Ш.Қанайұлы) Зар заман ақындарының шығармаларындағы өзекті мәселе; заман лебі. Қазақ елінің Ресей қол астына өтуі, азаттық көтерілістер.


9. Қорытынды сынақ (1 сағат) 1-тоқсан бойынша өткендерін бақылау, Қазақстан тарихы мен қазақ әдебиеті пәндерінен алған білімдерін саралау.


ІІ тоқсан ( 7 сағат )

10. «Ақын күйзелісі – халық күйзелісі» (2 сағат)

(Махамбеттің өмірі мен шығармашылығын. Ақындығы,батырлығы,күйшілігіндегі үндестік, елжандылық сарын. Исатай мен Махамбет бастаған шаруалар көтерілісінің тарихи маңызын, салдарын түсіндіру 1836-1838 жылдардағы Бөкей Ордасындағы шаруалар көтерілісі) .


5


ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы қазақ әдебиеті мен қазақ тарихы (4 сағат)


11. «Өлмейтұғын артына сөз қалдырған»

А.Құнанбаев – жазба әдебиетінің негізін салушы (1 сағат)

Ақын өмірі мен шығармашылығына шолу. Ұлы ақының шығармаларының тарихи маңызын ашып көрсету.


12. Шығармашылық жұмыс. «Абай менің өмірімде» (1 сағат)

Сыни тұрғыдан ойлау мен жазуға дағдыландыру.


13. Ы.Алтынсарин - балалар әдебиетінің атасы, педагог, әрі қоғам қайраткері (1 сағат)

Өмірі мен шығармашылығындағы ағартушылық бағыт,тәрбиелік мәні.


14. Шығармашылық жұмыс. «Ел шырағы көкірек көзін ашқан» (1 сағат). Сыни тұрғыдан ойлау мен жазуға дағдыландыру.


15. Қорытынды сынақ (1 сағат) 1-жарты жылдықта өткендерін бақылау, Қазақстан тарихы мен қазақ әдебиеті пәндерінен алған білімдерін саралау.


ІІІ тоқсан ( 10 сағат )

ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті мен қазақ тарихы (3 сағат)


16. «Зілді бұйрық» (1 сағат)

(1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс жылдарының әдебиеттегі және тарихтағы көрінісі. С.Сейфуллин, Б.Майлин, М.Әуезов,С.Мұқанов,Ж.Аймауытов).


17. Ұжымдастыру – шаруалар қасіреті. (Б.Майлин «Майдан» пьесасы) (1 сағат)

Шығармадағы тарихи көрініс ,заман лебі. Бай шаруашылықтарды тәркілеу, қазақтың дәстүрлі қоғамын қирату.


18. Шығармашылық жұмыс.

«Ауыл өмірінің, қазақ тұрмысының көркем шежіресі» (1 сағат)


Сталинизм және қазақ интеллигенциясы (3 сағат)

19. «Ел бүгіншіл, менікі ертеңгі үшін» (2 сағат)

( Бес арыс шығармаларындағы азаматтық сарын. «Үлкен террор» жылдары. Қазақстан - лагерьлер өлкесі) Шығармалардағы үндестік, азаматтық рух. Жазушы стилі, мәтінмен жұмыс . Қазақстан ГУЛАГ жүйесінде, репрессияға ұшырағандардың әлеуметтік бейнесі. Депортация.Демография .

20. Шығармашылық жұмыс. «Ақтаңдақтар ақиқаты» (1 сағат)


Өткен күндер мәңгі жадымызда (3 сағат)

21. «Күркіреп күндей өтті ғой соғыс» (2 сағат)

Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан . Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ақын-жазушылардың шығармаларына шолу Тарихтағы сұрапыл жылдардың зардабы, шығармалардағы ақын-жазушылардың стилі.Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстанның рөлі. Мәскеу, Ленинград, Сталинград шайқастары.


22. Атом апаты – ХХ ғасырдың ең сұмдық қасіреті (1 сағат)

( Ғ. Мүсірепов «Жапон балладасы», Атом полигоны, жарылыстар. «Семей-Невада»қоғамдық қозғалысы).


23. Қорытынды сынақ (1 сағат)

ІІІ тоқсан бойынша қорытынды бақылау, Қазақстан тарихы мен қазақ әдебиеті пәндерінен алған білімдерін саралау.



6

ІV тоқсан ( 8 сағат )

Қазақстан тәуелсіздік жылдарында (6 сағат)


24. Тәуелсіздік бастауы - желтоқсан (1 сағат)

1986 жыл – Желтоқсан қозғалысы, сипаты, тарихи маңызы, әдеби шығармаларға шолу.


25. Егемендігімен еңселі ел (1 сағат)

Егемендік декларациясы. ТМД-ның құрылуы. Н.Ә.Назарбаев - ҚР-ның тұңғыш президенті. Т.Әубәкіров – тұңғыш қазақ ғарышкері. Н.Ә.Назарбаев, Т.Әубәкіров туралы шығармаларға, өлеңдерге шолу.


26. Өркендеген Астана – Қазақстанның шыңға шарықтаған бәйтерегі (1 сағат)

Астана – ел мақтанышы, іргетасының қалануы, тарихи маңызы, ақын-жазушылар шығармаларында суреттелуі. (Бозоқ – ортағасырлық қала)


27. Шығармашылық жұмыс. «Мен елімнің ертеңімін» (1 сағат) Тарих пен әдебиет пәндерінен алған білімдерін кластан тыс жұмыстар арқылы жүйелеу, шығармашылық-ізденіс жұмыстарына үйрету.


28. Ерлікке бара-бар елеулі жылдар жемісі (2 сағат)

Мемлекеттік рәміздер (Ту, Елтаңба,Әнұран). Қазақ тілі – ҚР мемлекеттік тілі. Ұлттық төл теңгеміз. «Қазақстан – 2030» стратегиясы. Ақын-жазушылардың шығармаларындағы мемлекеттік рәміздердің насихатталуы.


29. Шығармашылық жұмыс . «Елін сүйген, елі сүйген елбасы» (1 сағат)

Н.Ә.Назарбаевтың өнегелі өмірін насихаттау, үлгі ету.


30. Қорытынды сынақ (1 сағат)

ІІ жарты жылдық бойынша қорытынды бақылау, Қазақстан тарихы мен қазақ әдебиеті пәндерінен алған білімдерін саралау.

31. Қорытынды сынақ (1 сағат)

Жылдық бойынша Қазақстан тарихы мен қазақ әдебиеті пәндерінен алған білімдерін саралау.

























7

Р/С


Сабақтың тақырыбы

Сағат саны

Уақыты

Оқып-үйренудің негізгі мақсаты

Әдіс-тәсілдер

Талантты және дарынды оқушылармен жұмыс

Оқып-үйренудің нәтижесі

Пәнаралық байланыс

Бағалау

Негізгі дерек көздері

І тоқсан ( 9 сағат )

1

Кіріспе

Әдебиет - сөз өнері

Тарих тағылымы

1


Көркем әдебиеттің адам өміріндегі

орны, маңызы;

Тарих тағылымынан сабақ алу

Блум таксономия-сы

«Көркем әдебиет- адам өмірінің айнасы» (әңгіме)

Әдебиет, тарих пәндеріне қызығушылы-ғын ояту; Топтық,жұп-тық жұмысқа үйрету

География, Әдебиет , Өнер,өзін-өзі тану,орыс әдебиеті

Формативті

З.Қабдолов «Сөз өнері»,

А.Байтұрсынұлы «Әдебиеттаныт-қыш». Қазақстан тарихы.5 томдық.1-2 томдар.

Халық ауыз әдебиеті – 3 сағат

2

Батырлар жыры. «Қобыланды батыр жыры». Жырдың композициялық құрылымы, жырдағы кейіпкерлер. Қобыланды батыр кесенесі

1



Батырлар жырының тақырыбы мен идеясы,жырдың сюжеттік композициялық құрылымына толық талдау жасау, кейіпкерлер бейнесін талдау . Қазақстан тарихын оқытуда тарихи өлкетану үлкен роль атқарады. Ақтөбе облысы Ұлы Қобда өзенінің бойындағы кесене туралы мәлімет беру. Жырдың қаһармандық сипаты, елжандылық мәні

СТО стратегия-лары (блум таксономия-сы, ой қозғау,

семантика-лық карта)

Ізденіс жұмысы. Қалаған эпизодына сурет салғызу

Әдеби-теориялық ұғым, тарихи талдау


География, Әдебиет , Тарих, бейнелеу өнері, музыка

Топтың бірі-бірін бағалауы

«Қобыланды батыр» жыры. Қазақстан тарихы.5 томдық

3

Аңыз. («Ақсақ құлан, Жошы хан» Кетбұғаның естіртуі Жошы хан кесенесі)

1


Аңыз туралы түсінік, күй құдіреті, тапқырлық туралы сыни тұрғыдан ойлау

Сыни тұрғыдан

ойлау мен жазуды дамыту

Зерттеу, «Күй құдіреті» эссе жаздыру

Әдеби-теориялық ұғым



География, Әдебиет , Тарих, Бейнелеу өнері, Музыка

Формативті

М.Ғабдуллин «Қазақ халық ауыз әдебиеті»

4

Шығармашылық жұмыс

а)«Қобыланды батыр» жырындағы жер-су атаулары.

ә) «Ақсақ құлан» мультфильмін әдеби-тарихи тұрғыдан талдау

1





Жырда берілген топонимикалық атаулардың тарихи маңызын,жер-су атауларының өлке тарихы үшін маңыздылығын көрсету.

Мультфильмдегі тарихи оқиғаны суреттеу, сол кезеңдегі тарихи оқиғалар туралы баяндау







Сыни тұрғыдан

ойлау мен жазуды дамыту. Суреттеу, картография

Ізденіс жұмысы

Әдеби-тарихи тұрғыда талдау

География, Әдебиет , Тарих, Бейнелеу өнері, Музыка

Топтық, жұптық бағалау; Жиынтық бағалау

Қобыланды батыр» жыры

М.Ғабдуллин «Қазақ халық ауыз әдебиеті», ғаламтор жүйесі

Ежелгі дәуір әдебиеті – 2 сағат

5

Күлтегін

жыры . Күлтегін ескерткіші.

1


Ежелгі дәуір әдебиеті туралы алғашқы түсінік; Ежелгі мәдени өмір суреттелген асыл мұраларға сипаттама; Ата-бабаларымыздың ертедегі білім-білігінің, ежелгі дүние танымының қилы кезеңдердегі ел үшін,жер үшін, еркіндік пен тәуелсіздік үшін жүргізілген күрестерінің , ерлік шежіресінің «Күлтегін» ескерткішінде суреттелуі. Күлтегін бейнесі. Түркі халықтарының баға жетпес мәдени, тарихи мұрасы Күлтегін ескерткішінің - маңызы


Блум таксономи-ясы, Джигсо,

Бақылау күнделігі

Тіл ұстарту «Ерлік білекте емес, жүректе» (жай жоспармен шығарма жазу) Тақырыптық тезаурус құрастыру,

Ежелгі дәуір әдебиеті туралы түсінік; Әдеби-теориялық ұғым. Түрік жазуларының тарихы туралы түсінік

Бейнелеу өнері,әдебиет,тарих,

география

Формативті бағалау

А.Қыраубаева «Ежелгі дәуір әдебиеті». Ғ.Айдаров«Күлтегiн ескерткiшi М. Кемел. «Даналық дәрiстерi», «Күлтегiн-Тоныкөк»

6

Шығармашылық жұмыс

«Күлтегін ескерткіші – түркі тектес халықтардың баға жетпес асыл мұрасы»


1




Түркі халықтарының баға жетпес мәдени, тарихи мұрасы Күлтегін ескерткішінің - маңызы




Сыни тұрғыдан ойлау мен жазуды дамыту

реферат, АКТ-мен жұмыс қорғату

Әдеби-тарихи тұрғыдан талдау

Тарих, әдебиет

Топтық,

Жиынтық бағалау

О.Асқар. Менің Отаным – Тәуелсіз Қазақстан

Шешендік сөз өнері – 1 сағат

7

Шешендік шиырлары.

( Төле би, Әйтеке би, Қазбек би)

Ақылы асқан әз Тәуке. Билер кеңесі

1


Шешендік өнер туралы түсінік, тәрбиелік мәні .Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы, Ұлы билердің қосқан үлесі

Рөлдік ойындар. Иллюстрациялап түсіндіру

Жатқа оқу, мәнін ашу, өмірмен байланыс. Синкуейн – бес жолдық тұжырымдама, өлең жазу

Әдеби-теориялық ұғым Терминдерді меңгерту

Тарих,өнер,

география, әдебиет,

Жұптық бағалау;

«Шешендік шиырлары» кітабы Қазақстан тарихы Очерк. М.Мағауин Қазақ тарихының әліппесі

ХІХ ғасырдың І жартысындағы қазақ әдебиеті мен тарихы – 2 сағат

8

Зар, зар заман, зар заман

(Қазақстан - Ресей империясының отары: үрдістің мәні

Д.Бабатайұлы, Ш.Қанайұлы)

1


Зар заман ақындарының шығармаларындағы өзекті мәселе; заман лебі. Қазақ елінің Ресей қол астына өтуі, азаттық көтерілістер

СТО стратегия-лары . Блум таксономия-сы.

«Зар,зар заман,зар заман» ауызша ой толғау .Ти кестесін құрастыру, толтыру

Әдеби-теориялық ұғым

Тарих, әдебиет, өнер,география

Жұптық ,Формативті бағалау

М.Әуезов жин.,ғаламтор Қазақстан тарихы Очерк. Қазақстан тарихы .5 томдық

9

Қорытынды сынақ

1


1-тоқсан бойынша өткендерін бақылау, Қазақстан тарихы мен қазақ әдебиеті пәндерінен алған білімдерін саралау.



Тест

Деңгейлік тапсырмалар

Нәтижеге бағытталған білім деңгейін көрсетуге үйрету

Тарих,

әдебиет

Формативті бағалау

«Шың» кітабы

ІІ тоқсан ( 7 сағат )

10


«Ақын күйзелісі – халық күйзелісі»

(Махамбеттің өмірі мен шығармашылығы. 1836-1838 жылдардағы Бөкей Ордасындағы шаруалар көтерілісі)

2


Ақындығы,батырлығы, күйшілігіндегі үндестік; елжандылық сарын. Исатай мен Махамбет бастаған шаруалар көтерілісінің тарихи маңызын, салдарын түсіндіру

СТО стратегия-лары . Блум таксономия-сы.

Шығармаларын-дағы қанатты сөздерді жинату,талдату .Махамбет, Исатай туралы қосымша тың мәліметтер жинастыру

Әдеби-теориялық ұғым

Тарих, өнер, музыка, әдебиет,


Формативті бағалау

Махамбет шығармалар жинағы. И.Кенжалиев. Исатай-Махамбет

ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы қазақ әдебиеті мен тарихы – 4 сағат

11

«Өлмейтұғын артына сөз қалдырған».


А.Құнанбаев – жазба әдебиетінің негізін салушы

1


Ақын өмірі мен шығармашылығына шолу. Ұлы ақының шығармаларының тарихи

маңызын ашып көрсету

СТО, диалогтік оқыту

Қарасөздерін жаттау, мәнін ашу, Абай афоризмін өз өмірінде пайдалана алу Абайдың ақындығын, көзқарасын сол кездегі қоғам өмірін байланыстыра отырып баяндау, салыстыру

Әдеби-теориялық ұғым. Құжаттармен жұмыс жасату

Тарих,қазақ, орыс әдебиеттері,

бейнелеу өнері,музыка

Жиынтық бағалау

«Абай»1,2-том. М.Әуезов

«А. Құнанбаев».

О.Асқар. Менің Отаным – Тәуелсіз Қазақстан

12

Шығармашылық жұмыс

«Абай менің өмірімде»

1


Сыни тұрғыдан ойлау мен жазуға дағдыландыру

Сыни тұрғыдан ойлау мен жазуды дамыту

Абай афоризмін өз өмірінде пайдалана алу

Эссе жазуға үйрету

Тарих,қазақ тілі

Топтық, жеке бағалау

«Абай»1,2-том,сөздіктер

13

Ы.Алтынсарин -балалар әдебиетінің атасы, педагог әрі қоғам қайраткері

1


Өмірі мен шығармашылығындағы ағартушылық бағыт, тәрбиелік мәні

Диалогтық оқыту,АКТ,Сыни тұрғыдан ойлау,көшбасшылық



АКТ арқылы тың деректер жинау, қалауымен әңгімелері бойынша сурет салғызу

АКТ-мен жүйелі жұмысқа үйрету

Тарих, әдебиет, ЕТН, бейнелеу

өнері

Жиынтық бағалау

Ы.Алтынсарин «Кел,балалар,

оқылық!», «Таза бұлақ» кітаптары

14

Шығармашылық жұмыс

«Ел шырағы көкірек көзін ашқан»

1


Сыни тұрғыдан ойлау мен жазуға дағдыландыру

Сыни тұрғыдан ойлау мен жазуды дамыту

Сараптамалық талдау ,ой толғау

Реферат жазуға,ізденуге үйрету;

АКТ-мен жұмыс

Тарих, әдебиет ЕТН,

қазақ тілі

Жиынтық бағалау

БАҚ материалдары, ғаламтор,.

О.Асқар. Менің Отаным – Тәуелсіз Қазақстан


15

Қорытынды сынақ

1


1-жарты жылдықта, өткендерін бақылау, Қазақстан тарихы мен қазақ әдебиеті пәндерінен алған білімдерін саралау.



Тест

Деңгейлік тапсырмалар

Нәтижеге бағытталған білім деңгейін көрсетуге үйрету

Тарих,

әдебиет

Формативті бағалау

«Шың» кітабы

ІІІ тоқсан ( 10 сағат )

ХХ ғасырдағы Қазақстанның әдебиеті мен тарихы – 3 сағат

16


«Зілді бұйрық»

(1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс жылдарының әдебиеттегі және тарихтағы көрінісі.

С.Сейфуллин, Б.Майлин, М.Әуезов,С.Мұқанов,Ж.Аймауытов)


1


Шығармадағы тарихи көрініс Қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысының отаршылдыққа, имперализмге қарсы сипатын түсіндіру

Диалогтік оқыту,

Джигсо.

СТО «Инсерт»,

«Он минуттық эссе»

Мәтін бойынша сурет салғызу. Тарихи-көркем шығармалармен жұмыс

Әдеби-теориялық ұғым, мәтінмен жұмыс,жазушы стилі .Ұлт-азаттық көтерілістің

тарихтағы маңызын білу

Әдебиет, тарих, география, бейнелеу өнері

Топтардың бірін-бірі бағалауы

С.Сейфуллин шығармалар жинағы С.Мұқанов «Ботакөз»,М.Әуезов «Қилы заман». «Амангелді» фильмі

17

Шығармашылық жұмыс

Ұжымдастыру – шаруалар қасіреті. Ауыл өмірінің, қазақ тұрмысының көркем шежіресі


1


Бай шаруашылықтарды тәркілеу, қазақтың дәстүрлі қоғамын қирату. Шығармадағы тарихи көрініс, заман лебі


Джигсо,

Диалогтік оқыту. Ойдың 6 қалпағы

Рөлдік ойындар Қосымша деректермен жұмыс. Қалауымен сурет салғызу

Әдеби-теориялық ұғым

Әдебиет,гео-графия, музыка,бейнелеу өнері Тарих,

Топтардың бірін-бірі бағалауы

Б. Майлин «Майдан».

М.Әуезов «Асуда атылған оқ» кинофильмі. Ұжымдастыру жылдарындағы шығармаларға шолу Қазақстан тарихы Очерк. Қазақстан тарихы. 5 томдық


Сталинизм және қазақ интеллигенциясы – 3 сағат


18

«Ел бүгіншіл, менікі ертеңгі үшін»

( Бес арыс шығармаларындағы азаматтық сарын. «Үлкен террор» жылдары. Қазақстан - лагерьлер өлкесі)

2


Шығармаларындағы үндестік, азаматтық рух. Жазушы стилі, мәтінмен жұмыс .Қазақстан ГУЛАГ жүйесінде, репрессияға ұшырағандардың әлеуметтік бейнесі. Депортация.Демография

Блум таксономия-сы. Реферат

«Тән көмілер,көмілмес еткен ісім...», «Мен жастарға сенемін» эссе. БАҚ материалдарын жинастыру салыстыру

Әдеби-теориялық ұғым. Жаңа сөздер ұғымы

Қазақ тілі,тарих, Әдебиет, География

Формативті бағалау

А.Байтұрсынұлы, М.Жұмабаев, М.Дулатов, Ш.Құдайбердіұлы,

Ж.Аймауытов шығармалары Қазақстан тарихы Очерк. Қазақстан тарихы. 5 томдық

19

Шығармашылық жұмыс «Ақтаңдақтар ақиқаты»

1


Зерттеу жұмыстарына бағыт беру

Сыни тұрғыдан ойлау мен жазуды дамыту

Ізденіс жұмыстары

Реферат, эссе

Қазақ тілі,тарих, Әдебиет, География

Формативті бағалау

О.Асқар. Менің Отаным – Тәуелсіз Қазақстан


Өткен күндер мәңгі жадымызда – 3 сағат

20

«Күркіреп күндей өтті ғой соғыс».

Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан .

Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ақын-жазушылардың шығармаларына шолу

2


Тарихтағы сұрапыл жылдардың зардабы, шығармалардағы ақын-жазушылардың стилі.

Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстанның рөлі. Мәскеу, Ленинград,Сталинград шайқастары

СТО, диалогтік

оқыту

Тарихи деректер жинату, жатқа мәнерлеп оқу,рөлдік ойындар

Әдеби-теориялық

ұғым

Тарих, өнер, бейнелеу өнері, музыка әдебиет,

Формативті бағалау

ҰОС тақырыбындағы шығармалар. Қазақстан тарихы Очерк. Қазақстан тарихы. 5 томдық. Т.Ахтанов «ҚаҺарлы күндер»

21

Шығармашылық жұмыс

«Ешкім де, еш нәрсе де ұмытылмайды»

1


Ұлы Отан соғысы жылдарына байланысты алған білімдерін әдеби және тарихи тұрғыдан талдай отырып, жүйелеу

Сын тұрғысынан ойлауға үйрету

Тақырып бойынша жаттаған өлеңдерін жатқа оқу; ҰОС байланысты тақырыптар бойынша сурет салу

РАФТ

Қазақ тілі,тарих, Әдебиет, География

Формативті бағалау

ҰОС тақырыбындағы шығармалар. Қазақстан тарихы Очерк. Қазақстан тарихы. 5 томдық. Т.Ахтанов «ҚаҺарлы күндер»

22

Атом апаты – ХХ ғасырдың ең сұмдық қасіреті ( Ғ.Мүсірепов «Жапон балладасы», атом полигоны, жарылыстар.«Семей-Невада»қоғамдық қозғалысы)

1


Атом апатының зардабы, көркем шығарма мен тарихи деректің сабақтастығы

СТО

«Адамзат, атом апатына жол берме!» эссе

Сыни тұрғыдан ойлау мен жазуды дамыту

Әдебиет тарих,өнер, музыка

Формативті бағалау

Ғ.Мүсірепов «Жапон балладасы», ғаламтор

23

Қорытынды сынақ

1


ІІІ тоқсан бойынша қорытынды бақылау, Қазақстан тарихы мен қазақ әдебиеті пәндерінен алған білімдерін саралау.



Тест

Деңгейлік тапсырмалар

Нәтижеге бағытталған білім деңгейін көрсетуге үйрету

Тарих, Әдебиет,

Формативті бағалау

«Шың» кітабы

ІV тоқсан ( 8 сағат )

Қазақстан тәуелсіздік жылдарында – 6 сағат

24

Тәуелсіздік бастауы-желтоқсан

1


1986 жыл – Желтоқсан қозғалысы, сипаты, тарихи маңызы

Диалогтік оқыту,

Джигсо.СТО «Инсерт»,


«Он минуттық эссе»

Әдеби-тарихи тұрғыдан талдау

Тарих,

әдебиет, өнер,

музыка,

бейнелеу өнері

Топтардың бірін-бірі бағалауы

«Желтоқсан – 1986ж». М.Шаханов

«Қызғыш құс» кинофильмі

25

Егемендігімен еңселі ел

1


Егемендік декларациясы, ТМД-ның құрылуы, Н.Ә.Назарбаев - ҚР-ның тұңғыш президенті

Т.Әубәкіров – тұңғыш қазақ ғарышкері

СТО стратегия-лары, Екі жақты түсіндірмелі күнделік, ББҮ

«Автор орындығы»

Әдеби-тарихи тұрғыдан талдау

Тарих,

әдебиет, өнер,

музыка,

бейнелеу өнері


Н.Ә.Назарбаев

«На пороге ХХІ века», «Тарих толқынында»,

Н.Ә. Назарбаев «Сындарлы он жыл»

26

Өркендеген Астана – Қазақстанның шыңға шарықтаған бәйтерегі



1


Астана – ел мақтанышы, іргетасының қалануы, тарихи маңызы, ақын-жазушылар шығармаларында суреттелуі (Бозоқ – ортағасырлық қала)

СТО стратегиялары, Жигсо

Синкуейн– бес жолдық тұжырымдама, өлең жазу

Әдеби-тарихи тұрғыдан талдау

Тарих,

әдебиет, география, өнер,

музыка,

бейнелеу өнері

Топтардың бірін-бірі бағалауы

О.Асқар. «Менің Отаным – Тәуелсіз Қазақстан», Н.Ә. Назарбаев «Сындарлы он жыл»

27

Шығармашылық жұмыс

«Мен елімнің ертеңімін»

1


Тарих пен әдебиет пәндерінен кіріктірілген шығармашылық жұмыстарға үйрету

Сыни тұрғыдан ойлау мен жазуды дамыту

Іздену, шығармашылық жұмыстарға баулу, белсенділік таныту алған білімі мен білігін қолдана алу дағдысы

Реферат, эссе

Тарих, әдебиет,өнер,

музыка,

бейнелеу өнері

Жиынтық бағалау

Ғаламтор,

энциклопедия

28

Ерлікке бара-бар елеулі жылдар жемісі

1


Мемлекеттік рәміздер

(Ту, Елтаңба,Әнұран)

Қазақ тілі – ҚР мемлекеттік тілі. Ұлттық төл теңгеміз. «Қазақстан – 2030» стратегиясы

Блум таксономия-сы

Аргументтік эссе

Әдеби-тарихи тұрғыдан талдау

Тарих,

әдебиет, өнер,

музыка,

бейнелеу өнері

Жиынтық бағалау

Н.Ә. Назарбаев «Сындарлы он жыл», О.Асқар. «Менің Отаным – Тәуелсіз Қазақстан»,

29


Шығармашылық жұмыс

«Елін сүйген,елі сүйген елбасы»


1




Зерттеу жұмыстарына бағыт беру

Сыни тұрғыдан ойлау мен жазуды дамыту

Ізденіс жұмыстары

Реферат, эссе

Тарих,

әдебиет, өнер,музыка, бейнелеу өнері

Формативті бағалау

«Балалық шағымның аспаны» кинофильмі, ғаламтор, энциклопедия,

Н.Ә. Назарбаев «Сындарлы он жыл»

30

Қорытынды сынақ

1


2-жарты жылдық бойынша қорытынды бақылау, Қазақстан тарихы мен қазақ әдебиеті пәндерінен алған білімдерін саралау.


тест

Деңгейлік тапсырмалар

Деңгейлік тапсырмалар

Тарих,

әдебиет

Жиынтық бағалау

«Шың» кітабы, О.Асқар. «Менің Отаным – Тәуелсіз Қазақстан»,

31

Жылдық қайталау

1


Жылдық бойынша Қазақстан тарихы мен қазақ әдебиеті пәндерінен алған білімдерін саралау.

тест

БТС

Деңгейлік тапсырмалар

Тарих,

әдебиет

Жиынтық бағалау

«Шың» кітабы

















Қазақ әдебиеті мен Қазақстан тарихы пәнінен кіріктірілген сабақ үлгілері

Тақырыбы : Аңыз. Ақсақ құлан, Жошы хан. Кетбұғаның естіртуі .Жошы хан кесенесі

Мақсаты:

1.Білімділік: Аңыз бен тарихи деректі сабақтастыра жаңа білім беру;

2.Дамытушылық: Дүниетанымын, сыни тұрғыдан ойлау мен жазу дағдысын дамыту;

3.Тәрбиелік: елжандылыққа, өнерді сүюге, рухани құндылықты бағалауға тәрбиелеу.

Сабақ типі: Дәстүрлі емес сабақ

Сабақ түрі: Кіріктірілген сабақ

Әдіс-тәсілдер: Көрнекілік, диалогтық оқыту, сыни тұрғыдан ойлау мен жазу

Көрнекілігі: «Ақсақ құлан» мультфильмі, «Жошы хан кесенесі» (слайд ),карта, синквейн

Пәнаралық байланыс: Өнер, тарих, әдебиет, география

Жүрісі: І Ұйымдастыру:

  • Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, топқа бөлу;

  • Ынтымақтастық атмосферасын құру

Отан, достық, бірлік туралы мақал-мәтелдердің қиындылары стикерлерге жазылып, тақтада жабыстырылған, оқушылар жалғасын табу арқылы құрастырып, отан,достық, бірлік атауларымен үш топқа бөлінеді.

ІІ Жаңа сабақ :

  • «Ой қозғау» стратегиясы (Ақсақ құлан» мультфильмі)

  • «Бақылау күнделігі»

Көрсетілген мультфильмге байланысты үш топқа әдебиеттен тапсырма:


І топ. «Әсер еткен тұс»

ІІ топ. «Мені өкіндірген тұс»

ІІІ топ. «Қиялыма жан бітсе» (Эпизодта әсер еткен оқиғаның суретін салғызу)

Берілген тақырыптарды қорғау.

Мұғалім: Көрген үзінді қай аңыздан алынған? Аңыз туралы не білеміз? Оқиғаны тарих пәнімен қалай байланыстыра аламыз? Бұйрық берген хан тарихтағы қай тұлға деп ойлайсыз?

  • Эссе жазу

І топ. «Аңыз – халық мұрасы»

ІІ топ. «Күй құдіреті»

ІІІ топ. «Тарих тағылымы»

  • «Математикалық ойын»

  1. 900 + 200 + (3*7) + 106 = ? (1227)

  2. ((30*10) + 300) * 2 + 6 = ? (1206)

  3. (10*10) * 10 + 187 = ? (1187)

Есеп жауаптарын тарихи оқиғалармен байланыстыр.

  • «Тарихи сынақхат»

І топ. Жошы хан - 1187- _______ жылдар – Шыңғыс ханның үлкен ұлы, моңғол қолбасшысы.Моңғол шапқыншылығынан кейін Қыпшақ даласында құрылған жаңа мемлекет - Жошы ұлысының негізін қалаушы, атақты Шыңғыс ханның қоңырат қызы _______ бәйбішесінен туған төрт ұлдың үлкені. Ол ересен күшті, ер жүрек, алған бетінен қайтпайтын қайсар адам болған. Шыңғыс хан көзінің тірісінде жаулап алған ұланғайыр өлкені үлкен әйелі Бөртеден туған _____ ұлына бөліп береді. Жошы хан _______ жылы дүниеге келген.

Жауабы: 1227, Бөрте , 4, 1187


ІІ топ. Жошының ________ жуық ұлы болған, олардан сан жетпес немерелері өсіп-өрбіген. Ұлдарының ішінде тарихи деректерде кездесетіндері: ____________, Бату, Берке, Шибан тағы басқа. Жошы өлгеннен кейін батыстағы әскер оның екінші ұлын, Батуды, тақ мұрагері деп таныды, бұл таңдауды Шыңғыс хан да мақұлдады.

Жошының мазары __________ қаласынан 45 км жердегі Кеңгір өзенінің сол жағалауында орналасқан. Жошының өлімі жөнінде қазақ халқында “___________" атты тарихи күй бар. "Ақсақ құлан" мультфильмі түсірілген.

Жауабы: 40, Орда Ежен, Жезқазған, Ақсақ құлан

18

ІІІ топ. Жошы жас кезінен көрнекті қолбасшы ретінде көзге түсті. Ол әкесі әскерлерінің жорықтарына белсене араласты. _____ жылы Шыңғыс хан керей, _______, меркіт тағы да басқа тайпаларды бір орталыққа біріктіргеннен кейін, Жошы әкесінің тапсырмасы бойынша жасағымен _____-1212 жылдар аралығында Оңтүстік Сібірді, Алтайды, Шығыс Түркістан жерлерін өзіне бағындырды. 1211-1215 жылдары _______ жаулау жорығына қатысады.


Жауабы: 1206, найман, 1207, Қытайды


  • Әр топқа Синквейн, бес жолдық тұжырымдама өлең жаздырту;

Жүзеге асыру қадамдары:

1- негізгі тақырыпты анықтау (әдетте зат есім)

2 – тақырыпты сипаттайтын екі сөз (сын есім)

3 – тақырып туралы қимылды білдіретін үш сөз (етістік)

4 – тақырыпқа қатысты төрт сөзден тұратын сөз орамы.

5 – тақырыптың мәнін ашатын синоним сөз



І топ. Карта

1.Карта

2.Тарихи, үлкен

3.Көрсетеді, анықтайды, баяндайды

4. Тарихи картада соғыстар баяндалады

5. Қағаз

ІІ топ. Күй

1.Күй

2.Мұңды, мағыналы,

3.Тебірентеді, күңірентеді, шымырлатады

4.Күй - күллі өнердің киесі

5.Әуен

ІІІ топ.Кесене

1.Кесене

2. Тарихи, күмбезді

3.Құрметтейді, мызғымайды, жігерлендіреді

4.Дала шежіресінен сыр шертеді

5.Мазар

  • «Сергіту сәті» («Қаражорға» биі)

  • Қорытынды

1) Кері байланыс

2) формативті бағалау.


  • Тақырыбы: «Атом апаты – ХХ ғасырдың ең сұмдық қасіреті» ( Ғ. Мүсірепов «Жапон балладасы», атом полигоны, жарылыстар. «Семей-Невада» қоғамдық қозғалысы)

  • Мақсаты:

  • 1.Білімділігі: ХХ ғасырдың ең сұмдық қасіреті - атом апатының әдебиет пен тарих пәндерінде берілуі туралы білім беру; Нагасаки, Хиросимадағы атом апатының әшкереленуі, тоталитарлық жүйе кезіндегі Қазақстанның полигонды аймаққа айналуы, «Невада-Семей» қозғалысы туралы мәлімет беру.

  • 2.Дамытушылық: пәнге қызығушылығын ояту арқылы ізденіс-зерттеу жұмыстарына баулу; дүниетанымын сыни тұрғыдан ойлау мен жазу дағыдысын дамыту.

  • 3.Тәрбиелік: Адамгершілікке, елжандылыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

  • Сабақ типі: Қалыптан тыс сабақ

  • Сабақ түрі: Кіріктірілген сабақ

  • Әдіс-тәсілдер: сыни тұрғыдан ойлау мен жазуды дамыту технологиясының стратегиялары.

  • Көрнекілігі: Ғ.Мүсірепов «Жапон балладасы», «Хиросима қасіреті», «Семей - сынақ алаңы» бейнефильмдері, «Тағдыр азабы» слайд, ҚР-ның физикалық картасы, тақырыпқа қатысты суреттер.

  • Пәнаралық баланыс: Әдебиет, тарих, география, өнер.

  • Жүрісі: І Ұйымдастыру. Сабаққа психологиялық даярлық.

  • «Аралас,тоқта,жұптас!» тренингі бойынша оқушыларға араласу, жұптасу арқылы бір-біріне жақсы тілек айтқызу.

  • Үш түрлі тәттілерді таратып, таңдаған түстері арқылы үш топқа бөлу.

  • ІІ. Қызығушылықты ояту.

  • «Ой қозғау»

  • Әр топтан төмендегі сұрақтарға жауап алу

  • Қазақ әдебиетінен қандай жазушыларды білесіздер?

  • Көркем шығарманың тақырыбы мен идеясына замандағы, қоғамдағы жағдайлардың әсері қандай?

  • Ғ.Мүсірепов қазақ әдебиетінде қандай шығармаларымен ерекшеленеді?

  • Ана тақырыбындағы шығармаларынан басқа төменгі кластарда қай шығармалармен таныстыңдар? ( «Жаңа достар», «Жапон балладасы»)

  • Жазушының Жапон балладасы қандай оқиғаға негізделген?

  • «Хиросима қасіреті» бейнефильмін көрсету.

  • ІІІ. Мағынаны ашу.

  • І топ «Арқаның әңгімесі» (Сурет салу)

  • ІІ топ «Көздің әңгімесі» («Көздің мұңы» көрінісі)

  • ІІІ топ «Тастың әңгімесі» (ой толғау)

  • 1945 жылы Жапонияның Хиросима, Нагасаки қалаларындағы атом полигонының жарылуы, халқының қасіреті барлығымыздың көз алдымыздан бір сәт болса жүгіріп өткендей болды, дәл осындай сынақтар қазақ жерінде болды ма? Қазақстанның жері мен халқына аса ауыр зардаптарын тигізген сынақ алаңдары тағы қандай жерлерде болған?

  • Слайд : «Семей - сынақ алаңы»

  • І топ. Картограф. Картамен жұмыс. Семей өңіріндегі жарылыс сол кездегі тағы қандай облыстарға әсер етті? Семей,Қарағанды, Павлодар, Өскемен облыстарын картадан көрсету.

  • ІІ топ. Семейдегі сынақтың Қазақстан жері мен халқына тигізген қасіреті. Эссе жазу.

  • ІІІ топ. 1949, 1963,1964,1989, 343, 113, 300 осы сандарды тақырыппен қалай байланыстырасың?

  • Олай болса, осындай жарылыстар біздің облысымызда да болғандығы туралы естігендеріңіз бар ма?

  • Инсерт әдісі. Мәтінмен жұмыс. «Менің өлкем де – ядролық сынақтың құрбаны»

    • V

    • +

    • -

    • ?

  • Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Жарқамыс елді мекенінде  ядролық сынақ жарылыстары құрбандарына арналған ескерткіш ашылды. Бұдан тура 25 жыл бұрын, 1987 жылы қазанның 3-і күні Ақтөбе облысы Байғанин ауданына қарасты Жарқамыс-Қалдай­бек жерінде 20 килотонна атом бомбасы сыналды. Кеңес Одағындағы соңғы үлкен жарылыс «Эмба-5» әскери полигонында болған еді. Қазақстанда Семей сынақ полигонынан басқа Батыс Қазақстан аймағында Азғыр, Тайсойған, Капустин Яр, Эмба-5, Сарышаған, КСРО-ның №529 тәжірибелік әскери полиго­нында 40-тан астам әртүрлі деңгейдегі атом жарылыс­тары болды. Байғанин – Ақтөбе облы­сындағы ең шалғай аудандардың бірі, Арал апатты аймағына жатады. Қазіргі уақытта мұнда мұнай барлау, бұрғылау және өндіру жұмыстары жүргізіледі. Шетелдік  инвесторлар саны да өсе түсуде. Ілеспе газ жағып, мұнай өнімдерін төгіп, шабындық жерлерді, өзендерді ластап, экологиялық ахуалды күрделендіре түсуде. Одан бөлек жергілікті халық әлі күнге дейін жарылыстың ащы зардабын көріп келеді. Баршаға белгілі радиоактивті қорғасын, стронций т.б. қалдықтардың табиғатта сақталу ұзақтығы – 200-250 жыл. Ауданда радиоактивті сәуленің салдарынан туындайтын ауруларға шал­дық­қандар саны да көбеюде және жасарып барады. Осы қасіретті келер ұрпақ жадында сақтауы үшін халықтың  сұрауымен «Семей-Невада» қозғалысы белсенділерінің қолдауымен еңселі ескерткіш бой түзеді. 

  • «Жапония», «Атом», «Тырна» сөздерін қалай байланыстыруға болады?

  • Оригами ұғымы туралы түсінік беру. Бейнефильм көрсету

  • ( Жапонияның дәстүрлі өнері, «ори»-қағаз, «ками» - құдай, сенім дегенді білдіреді) .

  • Жапония халқына қасірет әкелген атом жарылысынан кейін әр отбасы үйіне «бақыт әкеледі» деген сеніммен тырналарды оригами арқылы жасап, іліп қоятын болған. Сынақ азабын тартқан жапон халқының арасында «1000 тырна жасасам, жазыламын» деген де сенім болған.

  • Оқушыларға түрлі-түсті қағаздар таратып, классикалық оригами арқылы тырналар жасату.

  • «Екі жұлдыз, бір тілек» (тырналарға тілек жазып, тақтаға ілу).

  • IV. Қорытынды.

  • «Қазақстан – ядролық қарусыз мемлекет». Топтар өз ойлары бойынша сурет салу.

  • «Әрқашан күн сөнбесін» әні үш тілде айту.

  • 1) Кері байланыс жаздыру

  • 2) Формативті бағалау

  • Тақырыбы: «Өлмейтұғын артына сөз қалдырған» (А,.Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы)

  • Мақсаты:

  • 1. Білімділік: Абай өмірі мен шығармашылығы бойынша қазақ әдебиеті, тарих пәндерінен алған білімдерін тиянақтау; шығармаларының көркемдік ерекшелігін, тарихи маңызын талдау.

  • 2. Дамытушылық: сыни тұрғыдан ойлау мен жазу дағдысын, дүниетанымын дамыту

  • 3. Тәрбиелік: адамгершілікке, елжандылыққа тәрбиелеу

  • Күтілетін нәтиже: Абай шығармаларындағы өмірлік құндылықтарды тану арқылы алған білімдерін өмірмен байланыстыра алу

  • Сабақтың түрі: Кіріктірілген ,қайталау сабағы

  • Әдіс-тәсілдер: СТО, дамыта оқыту, диалогтық оқыту, т.б.

  • Пәнаралық байланыс: тарих, география, өнер, бейнелеу өнері,музыка.

  1. Ұйымдастыру

  • Ынтымақтастық атмосферасын құру (ерекше сәлемдесу, түгендеу, жыл мезгілдеріне арналған өлеңдері бойынша топқа бөлу)

  • Оқушы оқу - құралдарының дұрыс болуы

  1. Үй тапсырмасын тексеру

  1. «Өлмейтұғын артына сөз қалдырған... »

  • «Ой қозғау» стратегиясы

  • Берілген тақырып туралы ойларын топта талдау, пікірлерін тыңдау.

  1. Жаңа сабақ

  • 1- тапсырма

  • Әр топқа кестені толтырту, қорғату

    • Біз білетін Абай

    • Абай туралы шығармалар

  • 2 -тапсырма

  • «Болжау» стратегиясы

  • Берілген үзінді арқылы Ұлы ақынның адамдарды қандай мінездеріне қарай бағалайтынына болжау жасату.

  • Ұлы ақын Абайдың сүйген жары Әйгерімнен туған баласы Тұрағұлдың естелігінен: «...мен әкемді танығанда, әкемнің жүзі ашық, ажары сыртында, көзі өткір, ашуы да, қуануы да жылдам, ширақ жанды адам еді. Мәжілісі қызықты, сауықшыл, дастарқаны аса мол еді. Бір ісін қызықтамай, жай, салбырап, шаруасын істеп отырмаушы еді. Маған десе, малай, ма малшы, қызметкер болса, бір тәуір мінезін, қылығын тауып, жақсы көріп, ойнап-қалжыңдап отырар еді. Еш уақытта іші сүймеген, сенбеген адамымен мәжілісте болып, отыра алмаушы еді. Ондай адамдармен бас қоспақ уақыт еріксіз кез келсе,ол уақытты өзіне абақтыдан кем көрмеуші еді. Сыпайылыққа салиқа әдептіленіп, аяғының басқанын аңдап, аузынан шыққан сөзін санап отыратұғын адамға да, уақытқа да риза емес еді. Жарқын жүзбен, ашық көзімен келетұғын адамды аңсап сағынып ондай адамы келгенде, баласы, туған баласы келген кісідей қуанып қалушы еді.

  • Жалпы әдеті-ұйқысы шағын, жалпы халықтан кеш жатып, ерте тұратын еді.

  • Қазақ ойнайтын дойбы, тоғызқұмалақ ойындарын қызығып ойнайтын.

  • Жақсы атқа, қыран құсқа құмар еді, өзі 2-3 жыл салтанатын келістіріп, құсбегісін, мергендерін сайлап, құс салатын.»

  • 3 - тапсырма

  • «Бәйге» ойыны (жеделдету сұрақтары)

  1. Абайдың шын есімі (Ибрагим)

  2. Абайдың жеңгелері қойған аты (Телғара)

  3. Абайдың әке – шешесі (Құнанбай-Ұлжан)

  4. Абайдың ажесі (Зере)

  5. Абайдың білім алған медресесі (Ахмет Риза)

  6. Абай оқыған философтар (Сократ, Платон,Аристотель, Спенсер)

  7. «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады»,-деп бастап, тән құмары мен жан құмарын көрсететін қара сөзі (7)

  8. «Ызалы жүрек, долы қол,

  • Улы сия, ащы тіл

  • Не жазып кетсе, жайы сол,

  • Жек көрсеңдер, өзің біл». Үзінді Абайдың қай өлеңінен? (Адамның кейбір кездері)

  1. Эпиттерді анықта: Желсіз түнде жарық ай

  • Сәулесі суда дірілдеп,

  • Ауылдың жаны терең сай,

  • Тасыған өзен гүрілдеп (жарық ай , терең сай)

  1. «Салаң етіп жолықса қайтқан ізі,

  • Сағадан сымпың қағып із шалғанда»,-деген жолдардағы көркемдегіш құрал (аллитерация)

  1. «Туғанда дүние есігін ашады өлең,

  • Өлеңмен жер қойнына кірер денең...» Үзінді Абайдың қай өлеңінен? («Біреудің кісі өлсе, қаралы ол»)

  1. Абайдың «бес асыл ісі»(талап, еңбек, терең ой,қанағат,рақым)

  2. Абайдың тек афоризмнен тұратын қара сөзі (37)

  3. Абайдың алғашқы өлеңдер жинағы қашан жарық көрді (1909)

  4. Абайдың табиғат тақырыбындағы тұңғыш өлеңі (Жаз)

  5. Аяқталмаған поэмасы («Әзім әңгімесі»)

  6. «Әрбір естілік жеке өзі іске жарамайтындығы» айтылған қара сөзі (19)

  7. «Қазақтың бас ақыны» деп Абайға баға берген кім? (Ахмет Байтұрсынов)

  8. Абай, Лермонтовтың қанша шығармасын аударған? (27)

  9. Жыл мезгілі туралы Н.Некрасов суреткерлігімен үндес өлеңі («Қыс»)

  10. Абайдың қазақ әдебиетіне енгізген жаңалығы? (Сыншыл реализм бағыты)

  11. Абайдың күйлері?( «Абайдың желдірмесі», «Май түні», «Торжорға»)

  12. Ақынның туған жері (Семей облысы Шыңғыс тауының баурайы)

  13. Ақынның мәңгі мекені? (Жидебай)

  14. «Татьянаның қырдағы әніне» айналған аудармасы («Евгений Онегин»)

  15. Абайды әлемге танытқан (Мұхтар Әуезов)

  16. Абайдың жолын қуған немере інісі (Шәкәрім)

  17. Абайдың өмір сүрген жылдары (1845-1904)

  18. Абайдың сүйікті жары Әйгерімнің шын есімі (Шүкіман)

  19. Абайдың қонағы болған әнші-ақын (Біржан сал)

  • 4-тапсырма

  • «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе!»

  • Қалаулары бойынша Абай шығармаларын жатқа оқу

  • 5-тапсырма

  • «Қансонарда бүркітші шығады аңға», «Желсіз түнде жарық ай», «Білектей арқасында өрген бұрым», «Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ» өлеңдеріне қалауымен сурет салғызу.

  • 1-тапсырма

  • «Автор орындығы»

  • І топ: А.Құнанбаевтың Қазақстан тарихындағы орны.

  • ІІ топ. Ақынның озық ойлы интеллигенция өкілдері мен саяси жер аударылғандармен қарым-қатынасы.

  • ІІІ топ.Абай шығармаларының бүгінгі таңдағы маңызы.

  • 2-тапсырма: «Сергіту сәті» .«Ойнайық та, ойлайық» Абай әндерін тындатып, қай әні екенін тауып жалғастыру.

  • Ұсынылған әндер: «Бойы бұлғаң», «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай», «Сегіз аяқ», «Айттым сәлем Қаламқас».

  • Үй тапсырмасы: Деңгейлік тапсырма: «Абай менің өмірімде» (эссе жазу), «А. Құнанбаев - жазба әдебиетінің негізін салушы (реферат қорғау).

  • IV. Қорытынды: Оқушыларға «Кері байланыс парағын» үлестіріп, сабақ туралы пікірлерін жаздыру

  • Бағалау: формативті бағалау (әр топ пен жұп, жеке оқушы жұмыстары бойынша мұғалімнің пікірі)

  • Пән мұғалімінің түйін сөзі: «...Менің балаларыма, ертеңгі ұрпағыма Абайдан артық, Абайдан киелі ұғым болмауы тиіс» (Н.Ә. Назарбаев)

  • І. Сабақтың тақырыбы: Ақын күйзелісі – халық күйзелісі

  • ІІ. Мақсаты:

  1. Білімділік: Махамбет шығармашылығының тарихи негіздері, өлеңдері және оның мәні туралы оқушылардың білімін бір жүйеге келтіру.

  2. Дамытушылық: Өлең талдау, тарихи деректер бойынша тұжырым жасай білу дағдысын қалыптастыру

  3. Тәрбиелік: Бабалардың ерлік рухын сезіндіру арқылы азаматтық тәрбие беру.

  • Әдіс-тәсілдер: сын тұрғысынан ойлау стратегиялары, Блум таксономиясы

  • Көрнекілігі: интерактивті тақта, флипчарттар, слайдтар, тест тапсырмалары.

  • Сабақтың түрі: кіріктірілген сабақ

  • Пәнаралық байланыс: өнер, музыка, қазақ тілі

  • ІІІ. Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі : Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, атмосфералық ахуал орнату

  • Стикерлерге жазылған Махамбеттің күйлері, өлеңдеріндегі Исатай бейнесі, Махамбет туралы шығармалар бойынша үш топқа бөлу.

    • Блум таксономиясы

    • Мұғалімнің іс-әрекеті

    • Оқушының іс-әрекеті

    • Білу

    • Махамбет өлеңдерін мәнерлеп оқып, оқушыларға жалғастырту

    • Әр топтан оқушылар өлеңдерін жалғастырады

    • Түсіну

    • «Жалғыздық», «Мұнар күн», «Соғыс», «Ереуіл атқа ер салмай», «Қызғыш құс», «Тарланым» өлеңдерін талдату

    • Әр топ өздеріне берілген екі өлеңін талдап, қорғайды. Көркемдік ерекшелігі, афоризмге айналған өлең жолдарын табады.

    • Қолдану

    • Ақын күйлерін тыңдата отырып, тапсырма беру

    • Күйді тыңдай отырып, қандай сезімде болдыңыз?

    • Күйлеріндегі ақынның көңіл күйін қалай бағалайсыңдар?

    • Күйден алған әсеріңізді суретпен қорғау.

    • Әр топ өздеріне берілген тапсырмаларды орындайды.

    • Талдау

    • Бөкей хандығы, Бекетай құмы, Жәңгір хан, Бекмағамбет, Нарын, Еділ-Жайық атауларына тарихтан алған білімдері бойынша анықтама бергізу.

    • Әр топ екі атаудан бөліп алып, анықтама береді, қорғайды

    • Жинақтау

    • Жұмыс дәптері. Кестемен жұмыс.

    • 1-тапсырма

    • І топ. 1-кесте 29-бет

    • ІІ топ 2-кесте 30-бет

    • ІІІ топ Махамбет атынан болашаққа хат.

    • 2-тапсырма

    • Ақын күйзелісі – халық күйзелісі

    • Әр топ өздеріне берілген тапсырманы ынтымақтаса орындап, қорғайды

    • Әр топтан бір тұжырымды ой

    • Бағалау

    • Кері байланыс жаздырады.

    • Топтардың бағалануына басшылық жасайды.

    • Топтар бір-бірін формативті бағалайды. Стикерлерге кері байланыс жазады.

  • І. Сабақтың тақырыбы: «Зар, зар заман, зар заман» (Д.Бабатайұлы, Ш.Қанайұлы шығармалары бойынша)

  • ІІ. Мақсаты:

  • 1)Білімділік: Зар заман ағымының өкілдерінің өмірі мен шығармашылығына шолу жасау (Д.Бабатайұлы, Ш.Қанайұлы).

  • 2)Дамытушылық: Сыни тұрғыдан ойлауы мен жазуын дамыту, ақындар мен заман арасындағы сабақтастықты дамыт

  • 3)Тәрбиелік: Елжандылыққа, ұлттық құндылықты қадірлеуге баулу

  • Әдіс-тәсілдер: сын тұрғысынан ойлау стратегиялары, Блум таксономиясы

  • Көрнекілігі: интерактивті тақта, флипчарттар, слайдтар, тест тапсырмалары.

  • Сабақтың түрі: кіріктірілген сабақ

  • Пәнаралық байланыс: өнер, музыка, тарих

  • ІІІ. Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі : Оқушылармен сәлемдесу,түгендеу, атмосфералық ахуал орнату.

  • Әр түрлі шарлардағы сұраққа жауап беру арқылы шарлардың түсі бойынша үш топқа бөлу.

    • Блум таксономиясы

    • Мұғалімнің іс-әрекеті

    • Оқушының іс-әрекеті

    • Білу

    • «Ақжайлау мен Сандықтас», «Аягөз», «Зар заман» өлеңдерін мәнерлеп оқыту

    • Әр топ оқыған өлеңдеріне ассоциация құрады.

    • Түсіну

    • Берілген пікірлер бойынша өз ойларын айтқызу.

    • І топ. «...Дулат жырларының күш-құдіреті оның көркемдік қуаты, мазмұн байлығымен қатар замана келбетін бар бедермен көрсете білген шыншылдығында» (М.Мағауин)

    • ІІ топ. «... Дулат - өз ортасында үстем тапқа қарсы, онда да оның бұқара халыққа жасаған зорлық-зомбылығына қарсы бірінші болып тойтарыс берген ақын» (Қ.Өмірәлиев)

    • ІІІ топ. «... Шортанбай өзі діндар болғанмен, діни оқу, оқыту ісімен шұғылданбағанға ұқсайды. Оның табиғаты діндар емес. Өлеңдерінің денібасы сау. Оның діндарлығы – тығырыққа тірелген халық тағдырын ойлап, жол таба алмай торығу» (С.Қирабаев)

    • Әр топ өз жұмыстарын ынтымақтаса қорғайды

    • Қолдану

    • І топ. «Ақындар поэзиясынан алар тағылым» (Ш.Қанайұлы бойынша эссе)

    • ІІ топ. Д.Бабатайұлы бойынша эссе.

    • ІІІ топ. Ақындар шығармашылығы негізінде өз ойларын кестемен түсіндіру.

    • Әр топ өз жұмыстарын ынтымақтаса қорғайды

    • Заман

    • Үстем тап

    • Хан

    • Би

    • Старшын

    • Қоғам

    • Отаршылдық саясат

    • Сауда

    • Ақша

    • Талдау

    • І топ. Патша әкімшілігінің қазақ халқын отарлық езгіге салуы.

    • ІІ топ. Қазақтың шұрайлы жерлерін тартып алуы.

    • ІІІ топ. ХІХ ғасырдың І жартысындағы отаршылдық езгіге қарсы көтерілістердің тарихи маңызы.

    • Әр топ өздеріне берілген тақырып бойынша тарихи эссе жазып, қорғайды.

    • Жинақтау

    • Екі жақты түсіндірмелі күнделік

    • Не таңғалдырады, неліктен?

    • Әр топ күнделікті толтырып қорғайды.

    • Бағалау.

    • Кері байланыс жаздыру. «Менің түйгенім.»

    • Әр топтың сабақ туралы ойлары; формативті бағалау.

  • Білім берудегі Кембридждік әдіс-тәсіл бойынша жасалған қысқа мерзімді жоспар

    • Сабақтың тақырыбы:

    • Ы.Алтынсарин -балалар әдебиетінің атасы, педагог әрі қоғам қайраткері

    • Сілтеме:

    • 8 класс.Қазақстан тарихы оқулығы,292-299 беттер

    • Жалпы мақсаты:

    • Ағартушының халыққа білім беру саласында сіңірген еңбегінің тарихи маңызын ашып көрсету, талдау,суреттеу

    • Оқыту нәтижесі

    • Ақпаратты терең меңгереді ;ақпаратпен жұмыс жасауға ынталы болады;кластастарымен қарым-қатынасы қалыптасады;проблемаға орай пікірін шығармашылықпен жеткізе біледі;

    • ақпаратты салыстырады, өз білімін, түсінігін кеңейтеді;

    • Түйінді идеялар

    • Визуалды және ауызша түрдегі негізгі ақпарат балалардың тәуелсіз ойлауына және олардың ой қорыту, өзіндік түсініктеме беру қабілетіне ықпалын тигізеді.Сындарлы және ашық диалогке қатысу балалардың өз идеясын сенімді түрде білдіруіне, түрлі көзқарастарға көңіл бөлуге және оларды бағалауға мүмкіндік береді.

    • Уақыты

    • Стратегиялар

    • Ресурсы

    • Жаттығулар:

    • Іс-әрекеті

    • І тапсырма

    • Өлеңнің жалғастыру арқылы 3 топқа бөлу, топтарда тайм кипер, баяндаушы, хатшы, бақылаушы, басшы міндеттерін сайлау

    • А.Құнанбаев,Ы.Алтынсарин,Қ.Мырза-Әлидің өлеңдерін жасыру, қиылған қағаздарды жалғастыру арқылы 3 топқа бөліну

    • 925- 930 минут

    • 930 – 935

    • АҚТ-ны пайдалану,сыни ойлау,диалогтық

    • маркер,маркер тақтасы,фломас-тер,клей

    • ІІ тапсырма

    • Постер қорғау

    • І топ. Ы.Алтынсарин педагогикалық қызметі

    • ІІ топ. Қоғамдық-саяси қызметі

    • ІІІ топ. Ғылыми және әдеби қызметі

    • Берілген мәтін бойынша постер қорғау

    • 935– 945

    • Оқытуды басқару,көшбасшылық,сыни ойлау

    • Қағаз,қайшы

    • ,плакат,оқулық

    • ІІІ тапсырма

    • Синкуейн – бес жолдық тұжырымдама өлең

    • 1.Мектеп

    • 2.Оқушы

    • 3.Мұғалім

    • Жүзеге асыру қадамдары:

    • 1- негізгі тақырыпты анықтау (әдетте зат есім)2 – тақырыпты сипаттайтын екі сөз (сын есім) 3 – тақырып туралы қимылды білдіретін үш сөз (етістік)4 – тақырыпқа қатысты төрт сөзден тұратын сөз орамы

    • 5 – тақырыптың мәнін ашатын синоним сөз

    • Визуалды және ауызша түрдегі негізгі ақпарат балалардың тәуелсіз ойлауына және олардың ой қорыту, өзіндік түсініктеме беру қабілетіне ықпалын тигізеді.Сындарлы және ашық диалогке қатысу балалардың өз идеясын сенімді түрде білдіруіне, түрлі көзқарастарға көңіл бөлуге және оларды бағалауға мүмкіндік береді.945– 1005

    • Сыни ойлау

    • Музыка,плакат,клей,степлер

    • Сергіту сәті

    • Оркестр құру,топтар дирижер,музыкалық аспаптардың дауысын салу,ортаға 3 топтан 1 оқушыдан шығып,Абай Құнанбаевтың «Жаз», «Күз», «Қыс» өлеңдерін опера,мәнерлер,рэпке салу.

    • Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары

    • Өлеңнің жалғасын табу арқылы 3 топқа бөліну

    • Тақтада стикерлерге Ы.Алтынсарин, саяси жер аударылып келгендер,орыс зерттеушілер мен шетелдік зерттеушілер тақырыптары жасырылған.,топ басшысы келіп таңдаған стикерді алу арқылы топтың постер қорғайтын тақырыбын анықтайды.

    • А,В,С деңгейлі оқушыларға тапсырма: А-Венн диаграммасы (Ы.Алтынсарин, К.Ушинский), В –жоғары дәрежелі 2 сұрақ, С- төмен дәрежелі 2 сұрақ(Иә,Жоқ)

    • Формативті бағалау,бағалау парағы бойынша

    • 1005-1010

    • Кейінгі тапсырмалар

    • портфолио деректер

    • «Менің болашақтағы мектебім» тақырыбында 3 топ макет жасап келу

    • Кейінгі оқу

    • Ы.Алтынсариннің бір өлеңін жаттау

  • Сөздік

  • Авеста - ертедегі парсылардың діни кітабы

  • Айбалта – соғыс қауры

  • Алмас қылыш – болаттың ең асылынан соғылатын батырлардың бес қаруының бірі.

  • Алаш – қазақ халқының байырғы сөзі, мағынасы елдік, тұтастық, бірлік, айбарлық.

  • Ашамай – атқа мініп жүре алмайтын жас балалар үшін жасалған арнаулы ер.

  • Бадана – батырлар соғыста киетін оқ өтпейтін болат сауыт.

  • Барымта- жауласқан екі рудың бірінің-бірі мал-мүлкін іштен тартып,алып, кек қайтаруы

  • Білге - ақылды, дана, білікті

  • Енисей жазуы – VI-VIII ғасырларда түрік тайпалары қолданған жазу. Орхон-Енисей жазуы деп те аталады.

  • Жебе – садақ оғының, найзаның ұшы. Садақ оғы да осылай аталды.

  • Жүген – жылқының басына кигізетін, ауыздық пен тізгіні бар қайыстан істелген әбзел.

  • Зәру – мұқтаж, қажет

  • Кері – көне түркі тілінде тау деген мағынаны береді, мысалы, Семей өңіріндегі Шыңғыстаудың ежелгі аты Найманкері немесе Наймантау.

  • Көбе – сауыт

  • Қадырхан, Кері-кену – жер атаулары.

  • Қаһан (қаған) – ертедегі түркі қағанаттарының басшыларына берілетін ең үлкен атақ, хандардың ханы.

  • Құрық – жылқы ұстау үшін ұшына ілмек жіп бекітілген ұзын сырық.

  • Қатын – қаған әйелінің атауы.

  • Құқай – ел атауы.

  • Найза – жебесі асыл темірден жасалатын қару. Сықты ағашқа сапталып, басына жылқы қылынан шашақ тағылған. Батырлардың бес қаруының бірі.

  • Өтүкен – түркілердің қасиетті мекені, Моңғолия аймағында.

  • Репрессия – мемлекеттік органдар қолданатын жазалау шарасы.

  • Сауыт – оқ-найзадан сақтану үшін денеге киетін тор көзді кіреуке.

  • Саботаж – өндірістік жұмысқа әдейі кедергі келтіру.

  • Тағылым – үлгі

  • Тоныкөк тас жазуы- VIII ғасырдағы түрік тайпаларының көне жазба мұрасы.

  • Торсық – қымыз т.б. сусын құюға ешкі немесе жылқы терісінен жасалған ыдыс.

  • Тұл – бекер, бос сүлде.

  • Уық – шаңырақ пен керегені жалғап тұратын иінді ағаш.

  • Ұлы Жібек жолы- сауда керуен жолдарының жалпы атауы; б.з.б. II ғасырдан ХVI ғасырға дейін Орта азия арқылы Қытайдағы Алдыңғы Азиямен байланыстырды.

  • Ұжымдастыру – шағын шаруа шаруашылықтарын ірі ұжымдық шаруашылыққа біріктіру.

  • Шапқат – шапағат, рақым, мейірім, шарапат

  • Шад- билеушілерге берілетін атақ.

  • Шаңырақ – киіз үй сүйегінің негізгі бір бөлігі.

  • Шері – жолбарыс мағынасында

  • Чоң – шоң – үлкен, дәу, алып

  • Зардап-әсер, салдар, зиян, кесел, қырсық, кесір

  • Барымта- жауласқан екі рудың бірінің-бірі мал-мүлкін іштен тартып,алып, кек қайтаруы

  • Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. АрғынбаевХ., Мұқанов М., Вастров. Қазақ шежіресі. Алматы, 2000.

  2. Шамшидинова Ф. Қазақ, орыс, сібір елдерінің қарым –қатынастары//Қазақ тарихы. 1995.№5.

  3. БикеновА. Қазақ қоғамындағы хан билігі. / /Қазақ тарихы. 2000.№3

  4. Қасымбаев Ж. Қазақ-жоңғар қарсыласындағы саяси және әскери мәселелері. // Қазақ тарихы.1992.№2.

  5. Хасенов А., Қазақ хандығы // Қазақ тарихы. 1994.№5.

  6. Уәлиханов Е. Абылай және Жоңғар шапқыншылығы // Қазақ тарихы. 1994.№1.

  7. Ирсуханов Б.Б. К вопросу о происхождении казахского народа. Алматы. 2008.

  8. Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Казахстан: летопись трех тысячелетий. Алматы, 1992.

  9. «Қазақ ертегілері». Алматы, 2004.

  10. «Қазақ әдебиеті». Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы, 2005.

  11. «Қазақстан жазушылары. ХХ ғасыр». Анықтамалық. Алматы, 2004.

  12. Ежелгі Қазақстан аңыздары. Алматы, 2006.

  13. Келімбетоав Н. Ежелгі дәуір әдебиеті. Алматы, 2005.

  14. ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиеті. Алматы, 1994.

  15. Жолдасбеков М., Сейдімбек А., Салғарұлы Қ. Елтұтқа. Астана, 2001.

  16. Қазақ мақал-мәтелдері. Алматы, 2008.

  17. Аққозин М. Қазақ мақал-мәтелдері. Алматы, 2004.

  18. Байтұрсынов А. Ақжол. Алматы, 1991.

  19. Қабдолов З .«Сөз өнері», Алматы, «Мектеп». 1976.

  20. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі, Алматы, «Дайк-Пресс», 2008.

  21. Асқар О. Менің Отаным – Тәуелсіз Қазақстан. «Балауса» ЖШС, 2009

  • Мазмұны

  1. Кіріспе........................................................................................................................................3

  2. Бағдарламаның мазмұны..........................................................................................................5

  3. «Әдеби-тарихи таным » факультатив курсының тақырыптық жоспары.............................8

  4. Кіріктірілген сабақ үлгілері....................................................................................................18

  5. Сөздік .......................................................................................................................................27

  6. Пайдаланылған әдебиеттер.....................................................................................................28



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 9 класс

Автор: Смадияр К?німайг?л Смадияр?ызы, Шугурова Кунсулу Онгалиевна

Дата: 29.07.2015

Номер свидетельства: 223800


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства