Тақырыбы | Батыс Түрік қағанаты 7-сынып |
Мақсаты | Қазақ жеріндегі алғашқы ерте ортағасырлық мемлекеттерінің құрылуын,халқының этникалық құрамы мен шаруашылығы туралы түсініктер беру. |
Күтілетін нәтиже | Түріктердің тәуелсіздік жолындағы күресімен танысады. Өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады. |
7 модульдің қолданылуы | АКТ”, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”, “Оқытуды басқару және көшбасшылық”. |
Қолданылатын әдіс-тәсілдер | Миға шабуыл, Ептілер,жүйріктер,алғырлар Ассоциация,Аквариум |
Қолданылатын ресурстар | Флипчарт, маркерлер, портреттер, тақта, стикерлер, ноутбук |
Ұйымдастыру кезеңі Тренинг | Барлық оқушыны ортаға шығарып шеңбер құрғызамын. Сәлемдесемін. Сыныптағы оқушылардың келген-келмегендерін түгелдеймін. Топқа бөлдіремін. Қалай отыратындықтарын түсіндіремін. Алтын ереже құрудың жолдарын айтып түсіндіремін. | Мұғаліммен сәлемдеседі. Шеңбер жасап бір-біріне жылы сөздер айтты. Сыныптың топ басшысы жоқтарды айтады. Түрлі түсті қағаздарды алып сол бойынша топ құрып орындарына отырады. Сабаққа кедергі келтіретіндерді болдырмау шараларын жазып шығады. Оны тақтаға шығып А1 форматтағы қағазға жазады. |
Сабақ кезеңдері | Тапсырма | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушылардың іс-әрекеті |
Білім Қызығушылық тарын ояту | «Миға шабуыл» Әдісі бойынша сұрақ- жауап сәті | Өткен материалдағы білімді еске түсіру үшін, диалог арқылы сұрақ- жауап сәтін өткізу | Әр оқушы жеке жеке жауап береді. |
Түсіну | «Ептілер,жүйріктер,алғырлар» Өткен тақырыппен жаңа тақырып үшін | Жаңа сабақты бастамас бұрын ой қозғау мақсатында оқушыларға арнайы тапсырмалар таратылады, өткен тақырыпты еске түсіруге байланысты бірненше тапсырмалар беру арқылы топтар арасында жарыс ұймдастарылады | Оқушылардың мұндағы мақсаты берілген тапсырмаларды қатесіз топпен орындау, білімдерін тексеру. Топпен жұмыс жасау, жарыс арқылы сабаққа деген ынталары артады |
Қолдану | Пікірталас сұрақтарымен жұмыс Ассоциация құру 1-топ 2-топ | Оқушыларға пікірталас кезеңін өткізу, автордың өлнеңдегі сипаттамасы бойынша сипаттау | Сұраққа сыни тұрғыдан ойлана отырып жауап береді. Кейіпкерлерге сипаттама береді Тақырып туралы өз ойларын жазады. Өз ойларын айтады. |
Сергіту сәті | «Балапандар биі» атты жаттығу жасау | Оқушылармен бірге сергіту сәтін жасау | Интербелсеңді тақтадағы бейнероиктегідей жаттығулар жасайды. |
Талдау | Аквариум әдісін қолдану | Жаңа тақырыпты меңгерту үшін әр топқа арнайы ресурстар мен тапсырмалар тарату жаңа тақырып төңірегінде, жаңа тақырыпты түсіну үшін арнайы Аквариум әдісін пайдалану | Оқушылардың мақсаты мұғалімді тыңдау, өз ойлары мен пікірлерін айту Әдіс бойынша жаңа тақырыпты меңгереді және өз пікірлерін ортаға салады, әр топтан оқушы шеңбер жасап отырған ортаға шығып өз ойын жеткізеді |
Жинақтау | «Батыс Түрік қағанаты» (10 мин) Постермен жаңа тақырыпты қорғау Тақырыпты жинақтау | Осы көрстелген жаңа тақырыпты оқушыларға жинақтау үшін жаңа материалдарға байланысты ресурстар беру, өз бетерінше дайындық жасату.Кітаппен жұмыс жасату Постер арқылы тақырыптарын қорғату | Оқушылардың мақсаты мұғалімді тыңдау, өз ойлары мен пікірлерін айту Постер арқылы бар білімдерін топпен талқылап отаға топтан оқушы шығып, тапсырманы постер арқылы қорғайды және өз пікірлерін ортаға салады., бір-біріне түсіндіреді, тақырыпты жинақтайды |
Бағалау | Кім жүйрік ойыны арқылы сабақты жинақтайды | Тақырып бойынша білімдерін жинақтау үшін әр топқа сұрақтар таратылады, сол сұраққа жауап беріп тақырыпты жинақтайды | Әр топ өзара тақырыпқа қатысты сұрақтарға жауап беріп тақырыпты қалай түсінгендерін көрсету арқылы сабақты жинақтайды |
Рефлексия | Стикерлерді толтыру | Оқушыларға стикер толтыруды ұсыну | Ұсынылған стикерді толтыру |