kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Баяндама "Тарих саба?ында о?ушыларды? ?БТ-ге дайынды? кезіндегі ?з бетімен ж?мыстануын ?йымдастыруды? ?діс-т?сілдері"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тарих саба?ында о?ушыларды? ?БТ-ге дайынды? кезіндегі ?з бетімен ж?мыстануын ?йымдастыруды? ?діс-т?сілдері.

        Болаша?ты? б?гінгіден де н?рлы болуына ы?пал етіп, адамзат ?о?амын ал?а апаратын к?ш, тек білімде ?ана.

  XVII ?. Я.А. Каменскийді? дидактикалы? ж?йесіні? негізгі ?а?идаларыны? бірінде де баланы? а?ыл-ой к?шін, ?абілеттерін дамыту оларды? білімге деген ??штарлы?ын оятып, лаулата т?седі делінген.

  ?аза?стан тарихы п?нін о?ыту ісі ?азіргі заманны? даму барысына сай ?стаздар?а ?з т?жірибелерін дамыту?а, шы?армашылы?ын жа?аша, ?ылыми зерттеу ба?ытында ??руды талап етеді.

  М??алім ?з о?ушысыны? бойынан кем дегенде мына ?ш сапаны: тарих п?нін о?ып ?йренуге деген ынтаны, оны ме?геру ?стінде жалпы п?нге деген жауапкершілік пен ?ызы?ушылы?ты ж?не п?нді ме?геру т?сілдерін, я?ни о?у ?ызметі т?сілдерін ?алыптастыруы тиіс. Осылар толы? ?алыптасса, тарих п?нінен ж?йелі, баянды білім к?туге болады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Баяндама "Тарих саба?ында о?ушыларды? ?БТ-ге дайынды? кезіндегі ?з бетімен ж?мыстануын ?йымдастыруды? ?діс-т?сілдері" »

Тарих сабағында оқушылардың ҰБТ-ге дайындық кезіндегі өз бетімен жұмыстануын ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері.



Болашақтың бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын күш, тек білімде ғана.

XVII ғ. Я.А. Каменскийдің дидактикалық жүйесінің негізгі қағидаларының бірінде де баланың ақыл-ой күшін, қабілеттерін дамыту олардың білімге деген құштарлығын оятып, лаулата түседі делінген.

Қазақстан тарихы пәнін оқыту ісі қазіргі заманның даму барысына сай ұстаздарға өз тәжірибелерін дамытуға, шығармашылығын жаңаша, ғылыми зерттеу бағытында құруды талап етеді.

Мұғалім өз оқушысының бойынан кем дегенде мына үш сапаны: тарих пәнін оқып үйренуге деген ынтаны, оны меңгеру үстінде жалпы пәнге деген жауапкершілік пен қызығушылықты және пәнді меңгеру тәсілдерін, яғни оқу қызметі тәсілдерін қалыптастыруы тиіс. Осылар толық қалыптасса, тарих пәнінен жүйелі, баянды білім күтуге болады.

Біз тарихшылар үшін белгілі, оқушылар білуі тиіс қағидалар:

  1. Оқушының құжаттар мен газет материалдарымен жұмыс жасай білуі;

  2. Қоғам құбылыстарын талдап, тарихи оқиғалардың себеп-салдарын анықтау;

  3. Схема, хронологиялық, синхрондық кестелерді құрастыра білуі, оны дұрыс пайдалану;

  4. Тарихи фактілер заңдылықтарын түсіндіру;

  5. Өлкетану жұмыстарын жүргізе білуі;

  6. Саяси тақырыптарда баяндама даярлап, көпшілік алдында еркін сөйлеу;

  7. Туған өлке тарихын танып, меңгеруі шарт.

Қайтсем, осы біліктілік пен білімділікті оқушылар бойына дарыта аламын? – деген сұрақ жиі мазалап, тарих сабағында оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуін ұйымдастырудың тиімді жолдарын іздедім.

Бүгінгі таңдағы оқыту процесі әр мұғалімнен жаңашылдықты талап етіп отыр. Қазіргі педагогикаға енгізілген жаңа технологияның тиімді әдіс-тәсілдері мұғалімнің тек түсіндіруші, оқушының қабылдаушы ретінде қалып қоюымен мүлдем сыйыспайды.Мұғалім мен оқушының бірлік одақта қызмет етуі, бір-біріне басымдық көрсетпеу, оқушының да, мұғалімнің де субъект болуы қазіргі кезде басты шартқа айналған.

Міне, осылайша жұмыс істей отырып, оқытудың озық технологияларын пайдалана отырып, оқушыларды сабақ процесі кезінде өздігінен жұмыс істеуіне жол ашу.

Пәндік біліктілікті дамыта отырып, пәнге деген құзіреттілігін, қызығушылығын қалыптастыруға болады./схемада көрсетілген бойынша/



  1. Өз бетінше іздену біліктілігі қалыптасқан оқушы үнемі білімін толықтырып отырады, оған «оқы» деп ұсыныс жасау қажет емес, қосымша материалдар, артық жүктеме берудің қажеті жоқ, қажетті әдебиеттерді өзі іздеп табады.

  2. Машықтық біліктілігі қалыптасқан оқушы теориялық білімін машықта іске асыра алады. Конференция, дебат ойындарында, лабораториялық жұмыстарда.

  3. Ұйымдастыра білу біліктілігі қалыптасқан оқушы өз жұмысын жоспарлап, жұмыс орнын дұрыс ұйымдастырып, өзіне тапсырылған жұмысқа қажетті уақытты дұрыс пайдалана алады.

  4. Өзін - өзі бақылай білу біліктілігі қалыптасқан оқушы конспектілеу, тезистер жазу жұмыстарын дер кезінде, уақтылы орындайды.


Осыдан келіп өз бетінше жұмыс жасау біліктілігі, құзіреттілігі қалыптасады.Оған мұғалімнің ықпалы зор,ол үшін оқушыларға көмек ретінде жадынамалардың тигізер пайдасы мол.(мысалы:тезис,цитата,конспект,реферат т.б орындалу ережелері).

Баланың өз бетінше іздену біліктілігі,осы бағытта оқушы тек мұғалімнің түсіндіргенін меңгеріп қана қоймайды,өздігінен ізденеді,мұғаліммен тікелей пікірталасқа көшеді.

Оқушы белсенді рөл атқарушы ғана емес,жетекші бағытты ұстанады.

Ол әлемді тануға,белгісіздікті анықтауға өзі жауап іздейді,ал білімді ол әртүрлі жерден табуы мүмкін, шешімдері де әр оқушыда әртүрлі болады.

Тапқан шешімін нақты ақиқат деп қабылдамай, ізденісті ары қарай жалғастырады.

Бұл жаңаша оқытудың түрі дәстүрлі оқытуға қарағанда күрделі,бірақ тиімді.

Білімді алу,әсіресе өзі алу-ол әр баланың соған мұқтаж болуынан туатын шаруа.

Білім алу үрдісінде оқушы басты субьект,мұғалім жетекші,ұйымдастырушы,

бағыттаушы,көмектесуші рөлінде болу қажеттігін мұғалімдер қауымы түсініп келеміз.

Сабақтың міндеті оқушыларды өз бетімен ізденіп білім алуға,оқуға баулиды.Түрлі оқу техникаларына дағдыландырады,оларды қолдануды үйренеді,тиімді оқу тәсілдерін жетілдіруге жаттығады.Сабақтың үрдісінде шәкірттер оқуға үйренеді,яғни өз бетімен ізденіп білім алудың жолдарын,тәсілдерін білуге бейімделеді.


Нәтижесінде:

1.Өз бетімен жұмыс істей алу дағдылары қалыптасқан оқушы алған білімін жүйелей алады.

2.Оқушы өз ойын,пікірін ашық айта алады.

3.Әр түрлі білім көздерін пайдалану арқылы салыстыру,қорытынды жасай біледі,кесте,сызбанұсқалар,диаграммалар құрып,баяндама жасай алады.

4.Пәнге деген қызығушылығы артады.

5.Оқушы қоғамдық жұмыстарға,конференцияларға,олимпиядаларға,дебат ойындарына белсенді қатысады.

Бүгінгі кезеңде оқушыларымыздың ұлттық санасын,Қазақстандық патриоттық сезімін, азаматтық жауапкершілігін қалыптастыруда үзіліссіз,жүйелі түрде атқарылатын әр түрлі бағыттағы жұмыс түрлері сан алуан. Бұлардың көбі класта,кластан тыс жүргізілетін жұмыстар арқылы бекіп,дами түсетіні сөзсіз.

Әрбір істі оқушы болсын,мұғалім болсын өзі еңбектеніп ізденіп тапса,ол жұмыс өзі үшін бағалы,құнды болмақ.Әрбір оқушы тарих пәнін оқып үйренудің қоғам үшін де,өзінің жеке басы үшін де қажет екенін түсінуі тиіс.Әсіресе,бұл пәннің бүкіл адам баласы басынан кешкен тарихты таныстыратынын,мұны білудің ілгері даму үшін,келешекті болжау үшін аса қажеттігін ескерткен пайдалы.Тарих-ерекше пән,оны жақсы білген адам,барлық пәннен хабардар болады,өйткені ол барлық негізгі ғылымның да тарихын оқып үйретеді. Сонымен,өзіндік жұмыс істей алу дағдыларын қалыптастырған оқушы өз бетімен еңбектеніп,терең білім алуға қабілетті,саналы,жауапкершілігі жоғары,құзіретті, тәрбиелі адам болып қалыптасады.Біздің алдымыздағы негізгі міндетіміз де осы,яғни ҚР-ның саналы,өз қабілеттерімен дербес жұмыс істей алатын білімді,тәрбиелі азаматын қалыптастыру.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Планирование

Целевая аудитория: Прочее

Автор: Каиркулова Анар Самигуллиевна

Дата: 10.06.2015

Номер свидетельства: 218871


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства