kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Атырау облысы Махамбет ауданы Жал?ансай орта мектебі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Абылай хан -  ?ш ж?зді? ханы ретінде таныл?ан дарабоз т?л?а”

Тарихи кеш

Елімізді? азатты?ы мен т?уелсіздігі ?шін к?ресте ел намысы, оны? ары ?шін к?рескен алып т?л?алар: ерж?рек батырлар, билер, хандар, а?ын-жыраулар, ?лдар мен ?ыздар - Отанына, ту?ан еліне, хал?ына деген с?йіспеншілікті?, адалды?ты? ?лгісін к?рсетті.

Абылай ханны? билік басына келуі ?иын-?ыстау заман?а тап келді. Б?л патшалы? Ресейді? саяси ?ысымы к?н санап арта т?скен кезі еді. Цинь-Манчжурия империясы да к?рші айма?тар?а к?з алартып арам пи?ылын танытып отыр?ан ша? болатын. Сонымен бірге шекаралас жат?ан ?са? тайпалармен ж?не ?лыстармен ?зіліссіз ж?ріп жат?ан со?ыс та ?аза? мемлекетіні? т?тасты?ын ед?уір ?лсіретті.

Осындай ?иыншылы?тар?а ?арамастан, Абылай хан жалын ?аза? мемлекетіні? саяси білігін бірте-бірте ?алпына келтіреді. ?з ханды?ы ма?айында?ы д?шпандары мен ?аск?й к?ршілері мойындайтындай ірі мемлекетке айналдырды. Оны? данышпанды?ы мен к?регендігі ар?асында ке? байта? ?лы далада ?за? уа?ыт бойы бейбіт заман орнады.

Абылай хан - ?а?арман батыр, батыл ?олбасшы, шебер ?йымдастырушы, дарынды дипломат. Абылай абырой?а ?з жеке басыны? ерлігімен жетті. Абылай ірі ?олбасшы, ерж?рек, а?ылды да айлалы к?реген, кеме?гер, ?з отанын, елін с?йген мемлекет ?айраткері, алып т?л?а. Абылай хан екі ірі ел Жо??ар мен Ресей арасында айлалы ?рекет жасап, ?аза? елін ны?айту?а тырысты. Орта Азия мен Ресей мемлекетімен сауда, байланыс, м?дени ?арым-?атынас жасады.

Шо?ан - ?лы атасына мынадай ба?а берді. «Д?рбеле?ге толы д?бірлі кезе? Абылайды? тап?ырлы?ы мен табандылы?ын, а?ылдылы?ы мен ал?ырлы?ын танытуына жа?дай жасады… ?йткені ол жоры?тарды? б?ріне ал?аш ?атарда?ы жауынгер боп ?атысып, соны? ?зінде ?исапсыз ерлік к?рсетіп, айры?ша амал-айласымен к?зге т?скен еді. ?негелі а?ыл-ке?есі, с???ыла зердесі ар?асында ол бірден-а? к?реген, кеме?гер деген ат?а ие болады. Шынында да ?аза?тар м?ны ?лы іс деп ат?ару ?шін Алланы? ?зіне жіберген елшісі, аруа? иесі деп ???ан… Абылай?а аян беріп отыратын ?деттен тыс аруа??а деген сенім ?аза? хал?ына б?рын-со?ды болма?ан ?жеттік дарытты… Да??ыны? д?уірлеп к?терілуіне жеке басыны? кісілігімен, а?ыл-парасатыны? ке?дігімен жеткен ол арыны ауызды?сыз, ?ызу ?анды ?ызба халы?ты? ?адір-??рметіне ие бола білді. Сонымен ?атар тарихшы ?адіржан ?буов Абылай  хан - ХVІ ?асырда?ы тарихымызды? аса ірі т?л?асы Ресей ?шін 1-ші Петр немесе Германия ?шін Бисмарк ?андай болса ?аза?стан ?шін де Абылай ханда сондай т?л?а. Абылай жа?а д?уірдегі ?аза? еліні? е? шо?ты?ы биік кеме?гер билеушісі болды. Халы? арасында Абылайды? ерекше ??рметке б?ленгендігі сондай, тірі кезінде-а? Абылайды аруа? деп атап, аты мен істері, ?аза? мемлекетін к?шейтудегі таймас ?айраты, к?регендігі а?ыз?а айналып кетті. Оны? есімі кейіннен батырларды? жау?а шап?анда жау ж?рек ?ранына айналды.

Ат ?ойдым, енді са?ан деп Абылай,

Сабала?, ?білманс?р ?алсын былай.

Ата?ны? Абылай деген аты с?нбей,

Жайнасын аспанда?ы от ж?лдыздай… - дегендей Абылайды? от ж?лдыздай жайна?аныны? к?рінісі ?аза? мемлекетіні? ?адамыны? к?ннен-к?нге  ны? басуы, Абылай кезіндегідей жерін г?лдендіруге сенімні? молды?ы.

Абылай ханнан кейінде к?птеген саяси ?айраткерлер ел бас?ару ісін жал?астырып, бірін-бірі алмастырып жатты.

Кейбіреулері ?мыт болса, кейбір Абылай т?р?ыластары халы?ты? жадында м??гілік са?талды. Дала ?мірі осындай дара т?л?аларды? есімінсіз тарих болмас еді.

Олар - елімізді? к?п ?асырлы? шежіресінен жар?ырап бір туар азаматтар. Халы? Абылай сынды ?лдарын пір т?тып ерлігін ?рпа?тан-?рпа??а жеткізді. Б?л - ?лы Даланы? мыз?ымас за?ы, д?ст?рі.

Б?гінгі кешіміз Абылай ханны? 295 жылды?ына арналып, “Абылай хан -  ?ш ж?зді? ханы ретінде таныл?ан дарабоз т?л?а” – деп аталады.

Тарихта кешімізді? ма?саты хал?ымызды? “Ел ?мітін ер а?тар, ер ата?ын ел са?тар” деген с?зі бар. Б?гінгі ?рпа?ты? ?аза?ты? жауынгерлік мектебіні? тарихымен таныстыра отырып, елім деп е?іреп ?ткен, ?ш ж?зге орта? хан бола білген аса к?рнекті ?айраткері, ?олбасшысы ж?не дипломаты, дарабоз т?л?а Абылай ханны? ?мірі мен ерлігін ?рпа?тан-?рпа??а жеткізіп отыру ма?ызды іс болып табылады. Осы кешіміз ар?ылы Абылайды? ?мірі мен ?ызметінен ке?інен ма?л?мат беру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Атырау облысы Махамбет ауданы Жал?ансай орта мектебі»

Абылай хан - үш жүздің ханы ретінде танылған дарабоз тұлға”

Тарихи кеш


Еліміздің азаттығы мен тәуелсіздігі үшін күресте ел намысы, оның ары үшін күрескен алып тұлғалар: ержүрек батырлар, билер, хандар, ақын-жыраулар, ұлдар мен қыздар - Отанына, туған еліне, халқына деген сүйіспеншіліктің, адалдықтың үлгісін көрсетті.

Абылай ханның билік басына келуі қиын-қыстау заманға тап келді. Бұл патшалық Ресейдің саяси қысымы күн санап арта түскен кезі еді. Цинь-Манчжурия империясы да көрші аймақтарға көз алартып арам пиғылын танытып отырған шақ болатын. Сонымен бірге шекаралас жатқан ұсақ тайпалармен және ұлыстармен үзіліссіз жүріп жатқан соғыс та қазақ мемлекетінің тұтастығын едәуір әлсіретті.

Осындай қиыншылықтарға қарамастан, Абылай хан жалын қазақ мемлекетінің саяси білігін бірте-бірте қалпына келтіреді. Өз хандығы маңайындағы дұшпандары мен қаскөй көршілері мойындайтындай ірі мемлекетке айналдырды. Оның данышпандығы мен көрегендігі арқасында кең байтақ Ұлы далада ұзақ уақыт бойы бейбіт заман орнады.

Абылай хан - қаһарман батыр, батыл қолбасшы, шебер ұйымдастырушы, дарынды дипломат. Абылай абыройға өз жеке басының ерлігімен жетті. Абылай ірі қолбасшы, ержүрек, ақылды да айлалы көреген, кемеңгер, өз отанын, елін сүйген мемлекет қайраткері, алып тұлға. Абылай хан екі ірі ел Жоңғар мен Ресей арасында айлалы әрекет жасап, қазақ елін нығайтуға тырысты. Орта Азия мен Ресей мемлекетімен сауда, байланыс, мәдени қарым-қатынас жасады.

Шоқан - ұлы атасына мынадай баға берді. «Дүрбелеңге толы дүбірлі кезең Абылайдың тапқырлығы мен табандылығын, ақылдылығы мен алғырлығын танытуына жағдай жасады… Өйткені ол жорықтардың бәріне алғаш қатардағы жауынгер боп қатысып, соның өзінде қисапсыз ерлік көрсетіп, айрықша амал-айласымен көзге түскен еді. Өнегелі ақыл-кеңесі, сұңғыла зердесі арқасында ол бірден-ақ көреген, кемеңгер деген атқа ие болады. Шынында да қазақтар мұны ұлы іс деп атқару үшін Алланың өзіне жіберген елшісі, аруақ иесі деп ұққан… Абылайға аян беріп отыратын әдеттен тыс аруаққа деген сенім қазақ халқына бұрын-соңды болмаған өжеттік дарытты… Даңқының дәуірлеп көтерілуіне жеке басының кісілігімен, ақыл-парасатының кеңдігімен жеткен ол арыны ауыздықсыз, қызу қанды қызба халықтың қадір-құрметіне ие бола білді. Сонымен қатар тарихшы Қадіржан Әбуов Абылай хан - ХVІ ғасырдағы тарихымыздың аса ірі тұлғасы Ресей үшін 1-ші Петр немесе Германия үшін Бисмарк қандай болса Қазақстан үшін де Абылай ханда сондай тұлға. Абылай жаңа дәуірдегі қазақ елінің ең шоқтығы биік кемеңгер билеушісі болды. Халық арасында Абылайдың ерекше құрметке бөленгендігі сондай, тірі кезінде-ақ Абылайды аруақ деп атап, аты мен істері, қазақ мемлекетін күшейтудегі таймас қайраты, көрегендігі аңызға айналып кетті. Оның есімі кейіннен батырлардың жауға шапқанда жау жүрек ұранына айналды.

Ат қойдым, енді саған деп Абылай,

Сабалақ, Әбілмансұр қалсын былай.

Атаңның Абылай деген аты сөнбей,

Жайнасын аспандағы от жұлдыздай… - дегендей Абылайдың от жұлдыздай жайнағанының көрінісі қазақ мемлекетінің қадамының күннен-күнге нық басуы, Абылай кезіндегідей жерін гүлдендіруге сенімнің молдығы.

Абылай ханнан кейінде көптеген саяси қайраткерлер ел басқару ісін жалғастырып, бірін-бірі алмастырып жатты.

Кейбіреулері ұмыт болса, кейбір Абылай тұрғыластары халықтың жадында мәңгілік сақталды. Дала өмірі осындай дара тұлғалардың есімінсіз тарих болмас еді.

Олар - еліміздің көп ғасырлық шежіресінен жарқырап бір туар азаматтар. Халық Абылай сынды ұлдарын пір тұтып ерлігін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізді. Бұл - Ұлы Даланың мызғымас заңы, дәстүрі.

Бүгінгі кешіміз Абылай ханның 295 жылдығына арналып, “Абылай хан - үш жүздің ханы ретінде танылған дарабоз тұлға” – деп аталады.

Тарихта кешіміздің мақсаты халқымыздың “Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар” деген сөзі бар. Бүгінгі ұрпақтың қазақтың жауынгерлік мектебінің тарихымен таныстыра отырып, елім деп еңіреп өткен, үш жүзге ортақ хан бола білген аса көрнекті қайраткері, қолбасшысы және дипломаты, дарабоз тұлға Абылай ханның өмірі мен ерлігін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отыру маңызды іс болып табылады. Осы кешіміз арқылы Абылайдың өмірі мен қызметінен кеңінен мағлұмат беру.

Кешіміздің бағдарламасымен таныстырып өтейін:


1.Сайысқа екі команда қатысады:

1-ші команда 8-9 сыныптардан Айдана, Ботагөз, Атагелді, Дәмелі, Алтын.

2-ші команда: 10-11 сыныптардан Айгерім, Қызғалдақ, Гүлдәурен, Күнсұлу, Әділ


Сайыс мынандай бөлімдерден тұрады:

  1. “Бәйге” (шарты: сұраққа тез жауап қайтару)

  2. “Кім тапқыр” (шарты: хронологиямен жұмыс)

  3. “Көкпар” (шарты: топпен ақылдаса отырып сұраққа жауап қайтару)

  4. “Портреттер сөйлейді” (шарты: көрсетілген фотосуреттегі адамның өмірбаянына тоқталу) 8-9 кластар Қабанбай, 10-11 кластар Бөгенбай.

  5. “Бұл кімнің сөзі” (шарты: карточкада берілген жырдың кімнің сөзі екенін анықтау).

  6. Үй тапсырмасы. Рефераттар қорғау. 8-9 кластар “Абылай ханның ұрпақтары”, 10-11 кластар “Абылай хан – үш жүздің ханы”.


Абылай хан туралы сұрақтар:

1 – топқа:

1. Абылай хан Жоңғарларға қарсы ұрыстарда қандай батырлардың көмегімен жеңіске жетіп отырды? (Бөгенбай, Қабанбай, Малайсары, Жәнібек, Наурызбай, Баян, Райымбек)

  1. Абылай кімнің ұрпағы? (Жошы хан)

  2. Абылай хан неше жыл билік құрған? (48 жыл)

  3. Абылай хан қай батырға және не үшін “Адақ” деген құрметті атақ берген? (Еспенбет батыр)

  4. Алғаш Абылай бабамызға арналған музей қашан ашылды? (Көкше жерінде Бурабайда)

  5. Абылай хан қай жылы тұтқынға түсті және одан қашан босап шықты? (1741-1743 жылдары 5-ші қыркүйекте босады)


2 – топқа:

  1. Абылай хан ерлігін өте жоғары бағалап, “Жалаңаш жолбарыс” деп атаған батыры кім? (Жауғаш батыр)

  2. Абылайдың әкесі кім? (Уәли)

  3. Абылай хан есімі енгізілген әлемдік маңызы бар кітаптың аты? (Адамзат күнтізбесі)

  4. Абылайдың ұрпақтарына кімдерді білесіңдер? (Қасым хан, Хан Кене, Шоқан Уәлиханов, Е.Бекмаханов)

  5. Абылай қандай тілдерді білген? (Қалмақ, Қытай тілдерін білген. Қытайша оқи да жаза да білген)

  6. Абылай хан ескерткіштері қай қалаларда бар? (Астана, Алматы, Қарағанды)



2. “Кім тапқыр” хронологиямен жұмыс


1-топқа

2-топқа

1711 жыл - Абылайдың туған жылы

1742 жыл - Абылайдың жоңғарға

тұтқынға түсуі.

1771ж – Абылайдың хан болуы

1743 ж. 5 қыркүйек - Абылайдың

босап шығуы.

1757-77 жж Пекинге 10 елшілік

жіберген.


3. “Көкпар” сұрақтары


1 топқа

2 топқа

Абылай хан қайраткер болуымен қатар, өнерге бейімі бар күйші болғанын білесіздер. Абылайдың күйлері туралы айтып берсеңдер? Абылай қаһарлы хан болуымен қатар, қазақ халқының рухани қасиетінен еркін сусылдаған дарынды күйші ретінде де белгілі. Абылай хан күйлерінде жаугершілік заман кезіндегі жорықтарды, батырлардың ерен ерліктерін, жеңіс салтанаттарын береді. Абылай хан “Ақ толқын”, “Дүние қалды”, “Қайран елім”, “Қоржын қақпай”, “Майда жел”, “Садақ қақпай”, “Сары бура”, “Шаңды жорық”, сынды күйлер шығарған. Күйлерді Ш.Уәлиханов, А.В.Затаевич сияқты ғалымдар зерттеп, кейбіреулерін нотаға түсірген.

Абылай жетпіске келіп, ауру меңдеп дүниеден аттанайын деп жатқанда Бұқар жырауды шақырыпты. Жырау келіп, Абылай ханнан “Не арман-тілегіңіз бар екен” - деген екен? Абылай не деп жауап қатқан? Жауабы: Абылай жыраумен мақұлдаса келе үш арманым айтқан екен: 1.Көп қан төгілуі. Мен төкпесем, дұшпан менің қанымды төгетін болды. 2.Халқым жер емшегін еме алмады, қала, кент, салғызып үлгермедім. 3.Елдің басы бірікпеді, тентегі, телісі көп болды.



4. “Портреттер сөйлейді” (Шарты көрсетілген фотосуреттегі адамның аты-жөнін атап, өмірбаянына тоқталу)


8-9 сынып - Қабанбай. 10-11 сынып - Бөгенбай


5. “Бұл кімнің сөзі” (шарты: карточкада берілген жырдың кімнің сөзі екенін анықтау).


1 - топқа: 2 - топқа:

Хан Абылай атандың, Ей, Абылай, Абылай,

Дүниеден шықпай мінің. Абылай ханым, бұл қалай,

Алтын тақтың үстінде, Аруағыңа болысқан,

Үш жүздің басын құрадың. Әділ билік қылысқан.

Жетім менен жесірге Қашпаған қандай ұрыстан

Ешбір жаман қылмадың. Керейде батыр Жәнібек,

Әділдікпен жүрдіңіз, Қаз дауысты Қазыбек,

Әдепті іске кірдіңіз, Қаз дауысты Құттыбай,

Арманың бар ма, хош ием… Қара Керей Қабанбай,

(Бұхар жырау) Қанжығалы Бөгембай -

Абылай, сенің тұсыңда,

Сол бесеуі толыпты-ай!

Кейі батыр, кейі би,

Тәңірім берген сондай сый!

Ұмыттың ба соны, Абылай!


6.Үй тапсырмасы: Рефераттар қорғау.


8-9 кластар “Абылай ханның ұрпақтары”

10-11 кластар “Абылай хан – үш жүздің ханы”


Ұлы таулар аласармайды, ұлы есімдер ұмытылмайды, - демекші, қазақ елінің бостандағы үшін күрескен, ұлан байтақ өлкесін артындағы ұрпағына аманат етіп қалдырған Абылай хан, Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай, Шақшақ ұлы Жәнібек, Ер Қасабай, Баян, Райымбек сынды батырларымыздың есімдері мәңгі жасамақ. Халқын сүйген қаһарман Абылай хан да қазақ тарихынан мәңгі өшпейтін орын алады.


Абылай туралы айтқандар:


“Сұлтан Абылай ақыл-ой даналығымен болашағын болжай білген. Жауларының өзара қырқысына әрқашан көмектесіп отырып, өз жерін, халқын соғыстан құтқарып отырды… Абылай хан өзінің парасаттылығын, тапқыр айласын, даналығын, батыл қимылын, еліне де, сыртқа да таныта білген…”

А.И.Левшин


“Қазақстан дербес ел болуына әрі-беріден соң қазақтың қазақ болуына, басы қосылып, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығаруына ерен еңбек сіңірген Аблайдан артық адам болмас”

М.О.Әуезов


“Наполеонның министрлері мен маршалдары сияқты Шоқанның бабасы өзін ұлы адамдармен қоршай білді”.

Е.Букетов


“Абылай қазақ елін бүкіл Еуразияда қуатты мемлекет дәрежесіне көтерді”.

М.Қозыбаев


“Халықтың ерік-жігерінің тастүйін бірлігі Абылай ханның бір басында бейнеленді. Батырлармен тізе қосып, қаһармандықтың тамаша үлгілерін көрсеткен, сөйтіп халықтың ұйытқысы болған Абылайханның ерліктері сондай қатал заманда қазақ рухын қайта түлетудің бір алтын діңгегіне айналды. Міне, осылайша екі ғасыр өткен соң Абылайдың қазақ тарихындағы тиісті орны белгіленді”.

Н.Ә.Назарбаев



Абылай хан туралы сұрақтар:


  1. Абылай ханның шын аты? (Әбілмансұр)

  2. Бала кездегі лақап аты? (Сабалақ)

  3. Абылайдың өмір сүрген уақыты? (1711-1781 жж)

  4. Абылай ханның хандық құрған уақыты? (1771-1781 жж)

  5. Абылай ханның өмірін жырлаған жырау? (Бұхар жырау)

  6. Абылай хан әскерінің қолбасы болған қай батыр? (Қаракерей Қабанбай батыр)

  7. Абылай ханның аса құрметтеген батыры кім? Ол келмей Абылай ұрыс бастамаған. (Баян батыр)

  8. Абылай хан ерлігін өте жоғары бағалап, “Жалаңаш жолбарыс” деп атаған кім? (Жауғаш батыр)

  9. Абылай ханға Бөгенбай батыр өлімін естірткен қай жырау? (Бұхар жырау және Үмбетей жыраулар)

  10. Абылай хан тарихын, алғаш зерттеуші қазақ ғалымы кім? (Шоқан Уәлиханов)

  11. Алғаш Абылай бабамызға арналған музей қай жерде ашылды? (Көкше жерінде, Бурабайда)

  12. Абылай хан Жоңғарлармен “Мамырсу бітімін” қай жерде жасады? (Аягөзде)

  13. Абылай хан Әділ атты баласын қай елге аманатқа жіберді? (Қытайға)

  14. Нарынқолдан Қордайға дейінгі шекара қазақтар мен кімдердің арасында белгіленді? (Қырғыздардың)

  15. Халық “Абылай жолы” деп атаған сауда жолы Қазақстанның қай аймағынан өтті? (Ертіс өзені бойымен Қытайға)













Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 9 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Атырау облысы Махамбет ауданы Жал?ансай орта мектебі

Автор: Дос?алиева А?марал Ме?дікерей?ызы

Дата: 22.02.2016

Номер свидетельства: 297314


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства