" ?зілген г?лді? уілі " атты желто?сан к?терілісіне байланысты тарихи кеш
" ?зілген г?лді? уілі " атты желто?сан к?терілісіне байланысты тарихи кеш
Та?ырыбы : ?зілген г?лді? уілі
Ма?саты :
1.1986 жыл?ы желто?санда орталы?ты? ?міршіл-?кімшіл сола?ай саясатына ?арсы ал?аш рет бас к?теріп демократия жолында ??рбан бол?ан ?л-?ыздарымызды? ерліктері жайында т?сінік бере отырып ,жастарды? ала??а не себепті, ?андай ма?сатпен шы??анды?ын жете т?сіндіру.
2.?лтты? ?атынаста?ы жылдар ?ордалан?ан шиеленіс пен ж?йенін ?лт саясатын ?згертуге ?абілетсіздігін таныта келе,?рбір жеке т?л?анын еркін с?йлеп,?з пікірін, ?з ойын айта білу ?абілелетін дамыту.
3.Желто?сан к?терілісінен кейінгі же?іп ал?ан демократиясымен салыстыр?анда ??рбанды?ы ж?з есе ?ымбат?а т?скендігін,ар-намысты? ?лтты? ?асиетті?, т?уелсіздік туыны? желбіреуіне жеткізген ?лы рух бол?аны? айта келе, ?з Отанына,ту?ан жеріне деген с?йіспеншілігін арттыра отырып,?з ана тілін,?дет-??рпын,салт-д?ст?рін са?тай білуге,патриотты? сезімге т?рбиелеу.
Просмотр содержимого документа
«" ?зілген г?лді? уілі " атты желто?сан к?терілісіне байланысты тарихи кеш»
Тақырыбы : Үзілген гүлдің уілі
Мақсаты :
1.1986 жылғы желтоқсанда орталықтың әміршіл-әкімшіл солақай саясатына қарсы алғаш рет бас көтеріп демократия жолында құрбан болған ұл-қыздарымыздың ерліктері жайында түсінік бере отырып ,жастардың алаңға не себепті, қандай мақсатпен шыққандығын жете түсіндіру.
2.Ұлттық қатынастағы жылдар қордаланған шиеленіс пен жүйенін ұлт саясатын өзгертуге қабілетсіздігін таныта келе ,әрбір жеке тұлғанын еркін сөйлеп ,өз пікірін , өз ойын айта білу қабілелетін дамыту.
3.Желтоқсан көтерілісінен кейінгі жеңіп алған демократиясымен салыстырғанда құрбандығы жүз есе қымбатқа түскендігін ,ар-намыстың ұлттық қасиеттің , тәуелсіздік туының желбіреуіне жеткізген ұлы рух болғаның айта келе, өз Отанына ,туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып,өз ана тілін ,әдет-ғұрпын ,салт-дәстүрін сақтай білуге ,патриоттық сезімге тәрбиелеу .
Ән: « Желтоқсан желі » Жанарбек Қастердін орындауында
1-Жүргізуші :
Алғы сөз . Армысыздар құрметті ұстаздар,қадірлі қонақтар,оқушылар.Бүгін біздің еліміздің сан мың жылдар бойы найзаның ұшымен ,еліміздің ерең
ісімен кешегі дүниені дүр сілкіндірген , аты алашқа тарап кеткен желтоқсан оқиғасымен келген тарихымызда аты алтын әріптермен жазылып қалған «Үзілген гүлдің уілі» атты тарихи кешімізді ұсынамыз.
2-Жүргізуші :
Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындық.
Кеуденде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның,
Айналайын,айналайын жас қайраты халқымның.
Темір қолдар қуатты еді алқымынды қаусырған
Намысынды жықпай өттің нәубет,дүлей маусымнан.
Жалғыз қалған шақтарымда жігер алдым бойыма
Түрме торын жарып шыққан сенің қайсар даусыннаң.
Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,
Лаула,лаула,желтоқсанның мұзға жаққан алауы.
Өздеріндей ер намысты жас өркені бар елдің
Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы!
Оқушы:
Құрбандарым , жазықсыз құрбандарым
Бет бағдарын бақиға бұрғандарым ,
Қаралы жылдардай боп қарауытып,
Халқымның мәңгі есінде тұрғандарым.
Құрбандарым,жазықсыз құрбандарым,
Кеудемдегі қоламта қоздатқаным
Тұншықса да түрмеде тозбапты әнім.
Жазықсыз жапа шегіп бұл жалғаннан,
Жалтақтап кете барғын боздақтарым.
1-жүргізуші :
Желтоқсан оқиғасы өзінің қайсарлығымен , алға қойған мақсат-мұратымен,әділетсіздігімен,қатыгездігімен әрбір адамның есінде мәңгі сақталады.1986жыл желтоқсан оқиғасы қазақтың басын біріктіріп,бір жұдырыққа жұмылдырған бақытты да,қайғылы күн еді.Желтоқсан жаңғырығы көзден де көңілден де кетер емес.
2-жүргізуші :
1986 жылы Алматының бас аланыңа жастар жаман оймен барған жоқ. Олар бейбіт жолмен тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қатысқан. Сол желтоқсан оқиғасына қатысқан ағаларымыз бен апаларымыздың арқасында ата- бабаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік.Бұл оқиға дүниені дүр сілкіндірді.Бұл желтоқсан көтерілісінде тарихта есімдері ел аузында мәңгі қалған – Ләззат,Сәбира, Қайрат,Ербол сынды ерлермен қатысты.
Оқушы:
Желтоқсан –заман толғағы байтақ даланың .
Шарпысқан сәтті үміт пен күдік наланың.
Қайрат,Ләззат пен Сәбира
Құрбан болған жаланың.
Оқушы :
«Нашақор » деп «ұлтшыл»,
Қазаққа күйе жаққан күн.
Базары кетіп бір күнде,
Қайғыға халық батқан күн.
1-жүргізуші:
Ия ,ол күн тәуелсіздіктің туын ең алғаш көтерген әйгілі 1986жылғы 16 желтоқсан еді. Таңертенгілік сағат 10.00 да бар жоғы 18 минутта 26 жыл елді үздіксіз басқарып келген Д.А.Қонаевты түсіріліп,орнына Г.Колбин ешкімнің пікірінсіз-ақ ұсынылған еді.
Осыдан 28 жыл бұрын Алматының жатақханаларының бірінің алдында болған оқиға.
Көрініс:
Ортаға дабырлай басып бір топ жастар шығады.Барлығы дабырласы :
Естідіндерме? Қыздар мен газет әкелдім.
Нені? Не жаңалық шығыпты?
КОКП орталық комитетінің хатшысы Д.Қонаевты алып,орнына В.Колбинді тағайындапты.
Колбин деген кім екен?
Қайдан келіпті?
Колбин Ульяновтан келіпті.
Бұл не масқара? Ең болмаса ішімізден неге сайламаған?
Қазақстанды өзіміздің қазақстандық азамат басқарсын!
Қане жүріндер,қыздар,жігіттер алаңға кетейік!
оқушы:
Сүймейтіғұн болдық қой сүймей ғұмыр,
Көлеңкеміз күннен де тимейді нұр.
Колбин деген кім екен , қайдан келген?
Уа,сыртымыздан қашанғы билейді бұл?
Тәуелсіздік оңайлықпен келмейді ,
Бізге аяп бермейді.
Тәуелсіздік – Қайрат,Ләззат,Ерболдын,
Тас көшеде тас – талқан боп өлгені.
2-жүргізуші :
Алаңға шығып өз ойларын айтуға қазақтың өрімдей қарусыз жастарына солдаттар мен милиция қызметкерлері қарсы қойылды.Қыз жігіттерді аяусыз таяққа жықты,түрмеге қамады.Ербол,Ләззат,Сабира сынды жаңа ғана бүршік атып келе жатқан тал шыбықтай жастарымыздың өмірін үзді.
Көрініс: Алаңға шыққан жастар плакаттармен ұрандап бір жерге жиналады да шығып кетеді.
2-жүргізуші :
1986 жылғы 16 желтоқсан күні Д.Қонаевтың орнына Колбин келіп,17-сі жастар Брежнев атындағы алаңға бейбіт және саяси шеруге шығады.Шеруге шыққан жастарды саперлік күрекпен,дубинкамен, су атқыш машинамен, итпен және т.б.таратады.Ертеңіне 18-желтоқсан
Қайраттың үйі. Үйге милиционер жігіт кіреді.
Көрініс:
Милиция: Біз органнан келдік.Қайрат Рысқұлбеков деген азаматты тұтқындауға келдік.Прокурордың санкциясы бар. Міне!
Жеңгесі : Қайрат бері кел.
Милиция : Тез жинал бізбен бірге кетесін.
Жеңгесі : Ойбай-ау бұларың не? Жұдырықтай баланың не жазығы бар еді? Әке-шешесіне не бетімізді айтамыз.
Милиция : Женеше сабыр етініз.Бұл жігіт бір төбелеске қатысыпты.Анық-қанығын тексерген соң қайтарып жібереміз.
Көрініс :
Түрме іші, қолында қағазы бар Қайрат отыр. Қинала отырып « Түрмежыры » өленін оқып шығады.
Темір тор,жамбасына тақылдайсын,
Өзіммен бірге туған жақындайсын.
Телміріп темір торға қаматқанша,
Сұм дүние , бұл жалғаннан неге алмайсын?!
Ауылда жақсы екен ғой салған әнім,
Қу тағдыр татырды ғой түрме дәмін.
Қайдағы пәлеқорлар жала жауып,
Жазықсыз қылмыскер боп кетті сәнім.
Тас төбе,төрт қабырға ,темір есік,
Ас берер ортасында жалғыз тесік.
Күніне ұзатары үш тілім нан,
Өлмейтін саған тиер осы несіп.
Кезекші : Заключенный Рыскулбеков на допрос.
Тергеуші : Айыпкер Рысқұлбеков , сен Мир мен Сәтбаев көшелерінде жасақшыларды көрдің бе?
Қайрат: Егер ол көшеге бармасам оларды қайдан көремін?
Қайрат : Олай болса мені сол адаммен беттестір,бұл өтірік жала.
Тергеуші : Ах, ты , декабрист несчастный . Я тебе покажу өтірікті! Жала дейді еще! Ей Рысқұлбеков , сен,«Савицкийді өлтірдім» деп мойында.
Қайрат: жоқ мен ешкімнің қанымен қолымды былғамадым.
Тергеуші: Әкетіндер,атындар,құртындар.
Қайрат: Тоқта! Айтар сөзім бар.
Күнәдан таза басым бар.
Жиырма бірде жасым бар.
Қасқалдақтай қаным бар.
Бозторғайдай жаным бар
Алам десен алындар .
Қайрат деген атым бар.
Қазақ деген затым бар
«Еркек тоқты құрбандық»
Атам десен атындар.
( Қайратты кісендеп алып кетеді.)
1-жүргізуші :
«Құйын - 86» операциясынын тағы бір құрбаны Сабира Мұхамеджанова.
Сабираның оқу орнына ата-анасын шақыртып болған үлкен жиналыстан үзінді.
Ұстазы : Сіздің қызыңыз өте тектек,сөз тындамайды,айтқан тілді алмайды.Тәртібі өте нашар..Қыздарынызға дұрыс тәрбие бермегенсіздер.
Ата-анасы: Үнсіз төмен қарап жылап қана отырды
Сәбира : Бәріне кінәлі мен.жазаландар мені. Оларды оқу орнынан қумандар. Шеруді де мен ұйымдастырдым. Бәріне мен жауап берем !
2-жүргізуші: Сәбира жиналысты тастай,сыртқа қарай жүгіре жөнелді.
Ұстазының жала жапқан ауыр сөздері жанына аяздай батқан ақ самайлы анасын аяған намысшыл қыз жатақханасының 5ші қабатынан құлап мерт болды.Оның өмірі ерте үзілді ,бірақ семсердей өткір айтқан сөздері ол оқыған оқу орнынан бірде бір қазақ қызын қудалатпай, оқуынан қудырмай , жала жапқызбай сақтап қалды.
Оқушы :
Тұрса да биік өр басын,
Қазаққа бақыт орнасын
Сексен алтыншы жылғыдай
Желтоқсан желі болмасын.
Күн кешіп лапылдаған жастарым
Дүрліктірді желтоқсанның аспаның.
Жерді , дінді,тілді баба дәстүрін
Қорғау үшін көтерді олар бастарын.
Оқушы :
Әр қазақтың есінде сақталады.
Желтоқсандық өркендер ақталады.
Ер намысын қорғаған сарбаздарым,
Ерліктерін мәңгілік сақталады.
1-жүргізуші:
Желтоқсан жұлдыздары Қ.Рысқұлбековке «Халық қаһарманы»атағы беріліп,айрықша ерекшелік белгісі «Алтын жұлдыз» тапсырылды.Сәбира,Ләззаттарға ақтау жөніндегі анықтама қағаздары берілді.
2-жүргізуші :
Орыны ағалардың бізбен толсын.
Сәбилер ағалардын жолын қусын
1 минут үнсіздікпен еске алайық .
Аруағы ағалардың ырза болсын.
Желтоқсан құрбандары үшін бір минут үнсіздік.
1-жүргізуші :
Серпіп бұлтты басқан елдің бар мысын,
Туды күнім әділетті арлы шың.
Алыс жолдан зарықтырып,шаршатып
Келдін бе сен , Азаттығым ,армысын!
Осы оқиғадан кейін 5жыл өткенде 1991 жылдың желтоқсан айында 16-сы күні қазақ елі шынайы тәуелсіздік алды.
Оқушы : Республика!Ерікті ел- Қазақстан !
Келді ақыры көп күткен жаз алыстан.
Келді алыстан аңсатып,армандатып,
Торды бұзған мен де бір мәз арыстан.
Оқушы: Қара мына ғажапқа ,
Теңдік тиді қазаққа.
Езгідегі ұрпағын
Енді айналмас мазаққа.
Оқушы: Өзіндікі туын да ,
От пен ауа ,суың да.
Жаса Қазақстаным !
Белді бекем буын да .
2-жүргізуші : 1991 жылы 1 желтоқсан ҚР тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев сайланды, 1991жылы 16 желтоқсанда өз тәуелсіздігін жариялады.1992 жылы 4 маусымда Мемлекеттік рәміздер қабылданды.1993 жылы 15 қазанда ұлттық валюта – төл теңгеміз дүниеге келді.1995 жылы 30 тамызда ата заңымыз қабылданды.1997 жылы жаңа астанамыз –астанаға ауысты.
1-жүргізуші :
Құрметті қонақтар осымен желтоқсан оқиғасына арналған тарихи кешіміз аяқталды , оқушыларымыз ұсынған патриоттық әндерін қабыл алыныздар.