kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Улы Отан согиси

Нажмите, чтобы узнать подробности

9-мамыр Ұлы жеңіс күніне арналған оқушылардың шығармашылық жұмысы. 10-сынып оқушылары арасында мерекеге орай эссе жазу сайысы өткізілді. Сайыс нәтижесі қашақтық интернет конкурстарына қатыстырылды.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Улы Отан согиси»

«9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні»

Ұлы Отан соғысына Қазақстан одақтас мемлекет – КСРО-ның субъектісі ретінде қатысты. Соғыс қарсаңында Ресей қомақты адами және стратегиялық маңызы бар аса ірі табиғи ресурстарға иелік ететін еді. Қазақ халқы ғасырлар бойы өзінің ұлан-ғайыр даласын мүмкін болар агрессиядан қорғай білді. Отарлыққа қарсы күресте, үш Ресей революциясы кезінде, Азамат соғысындағы майдандарында, бесжылдықтар құрылысында Қазақстан халықтарының достығы қалыптасты және мызғымастығы артты. Соғысқа дейінгі және соғыс жылдарында халқымыз небір қиын ауыр кезеңдерді басынан кешіріп, тоқтаусыз күресіп келді. Осындай адами шығыны аса ауыр және материалдық шығыны өте көп сұмдық қасіреттердің барлығы, қазақ халқының ерік-жігерін, күш-қуатын, бірлігін, татулығын бұза алмады. Бабаларымыздың басынан өткізген сұмдық оқиғаларға тоқталар болсақ 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс, 1917 жылғы Ақпан революциясы, 1917 жылғы Қазан төңкерісі, (1918-1920 жж.) Азамат соғысы, 1931-1932жж. ашаршылық, 1937-1938жж. саяси қуғын-сүргін саясаты тағы сол сияақты ірілі ұсақты 400-ге жуық қозғалыстар болды. Ең ауыр соғыстардың бірі 1941 жылы басталған Ұлы Отан соғысының басталуы.

Ұлы Отан соғысы басталысымен қазақ халқы өзге ұлттар секілді өз өмірлерін, бостандығын, тәуелсіздігін қорғау үшін майданға және қорғаныс өнеркәсібіне, тылдағы ауыр еңбекке аттанды. Мұның бәрі Отанға, халыққа деген ыстық сезімнің белгісі.

Соғыс жылдарында еліміздің барлық байлығы майданға жұмылдырылды. Соның ішінде ең қымбат қазынамыз адами ресурстарымыз еді. Ал табиғи байлықтарымызда өлшеусіз алынды, атап айтсақ егініміздегі дәнді дақылдар, малымыз, түрлі түсті металдарымыз, оқ-дәрілеріміз майдан үшін пайдаланылды.

Соғыс кезінде барлық қазақстандықтар Отан қорғауға аянбай еңбек етіп, тер төгіп өз үлестерін қосты. Отан үшін отқа түсті, жандарын пида етті. Қазіргі таңда тарихта есімдері алтын әріппен жазылып қалған батырларымызбен, еңбек ардагерлеріміз, ақын- жазушыларымыздың ерен еңбектері майданға арналды. Қазақстандықтар Мәскеу, Ленинаград үшін ұрыстардағы фашистерге қарсы жауынгерлік ерлігі үшін Кеңес Одағының Батыры атағына ие болған бір қатар батырларымыз Мәлік Ғабдуллин, Төлеген Тоқтаров, Сұлтан Баймағамбетов, Қойгелді Аухадиев т.б. Днепр үшін ұрыста болған 18 жасар Жәнібек Елеусізов қазақтар арасындағы ең жас Кеңес Одағының Батыры атанды; шабуылшы ұшқыштар Талғат Бигелдинов,Леонид Беда, Иван Повлов, Сергей Луганский, т.б.И.В. Корпов қолбасшылық еткен атқыштар полкі, аға лейтенат Б.Момышұлы басқарған батольонның жауынгерлері ерекше табандылық көрсетіп шайқасты. Ұлы Отан соғысының аты аңызға айналған қаһарманы, Кеңес Одағының Батыры,белгілі жазушы Б. Момышұлы былай деп жазды: «Біздің жүрегіміз темір емес. Бірақ біздің кек отымыз қандай темірді болса да ерітіп, күйдіріп жібере алады... біздің үрейді жеңетін ең күшті қаруымыз бар, ол-Отанға деген сүйіспеншілік». 1941 жылғы қыркүйектің ауыр күндерінде қазақтың халық ақыны Жамбыл Жабаев ленинградтықтарға «Ленинградтық өренім!» деген жыр арнап, көпұлтты еліміздің бүкіл еңбекшілерінің сезімі мен алаңдаушылығын білдірді. Жамбылдың «Ленинградтық өренім!» деген жыры бүкіл Одаққа кең танылып, жауынгерлердің рухын көтеріп, Жеңіске деген ұмтылыстарын күшейтті.

Кеңестік Шығыс әйелдері арасынан бірінші болып Кеңес Одағының Батыры атағына ие болған қазақ қыздары 100-қазақ ұлттық атқыштар бригадасының пулеметшісі Мәншүк Мәметова, 54-атқыштар бригадасының мергені Әлия Молдағұлова т.б. болды. Олар өздерінің табандылығын, батылдығы мен ерлігін көрсете білген ержүрек батыр қыздар. Соғыста қаза болған әрбір қаһарман батырларымызға мың тағзым. Бұл батырларымыздың қаһармандығы өскелең жас ұрпақтарға өшпес үлгі әрі мұра болып қала бермек. Отанды елді жаудан қорғап батырлықтың үлгісін көрсетті. Ресей қазақ халқының барлық байлығы мен ержүрек батырларының арқасында өз жерін, елін, тәуелсіздігін жаудан қорғап қалды. Ресейдің тәуелсіздігі үшін қазақстандықтардың қосқан үлесі мол болды. Ал Қазақ халқы мыңдаған, жүздеген батыр жауынгерлерінен айырылды.

Кеңес Одағының Батыры Сағадат Нұрмағамбетовте Берлин үшін ұрыстарға өз жауынгерлерін бастап кірді. Берлинге шабуыл жасауға И.Я. Сьянов, Х. Қайдауов, З. Тұрарбеков, Х. Көбеков, Т. Бегелдинов, А. Еремеев, Н. Шелихов және басқада көптеген атақты жерлестеріміз қатысты. Жас офицер Р. Қошқарбаев өзінің досы Г. Булатовпен бірге Рейхстагқа алғашқылардың бірі болып Жеңіс туын тікті.

Ұлы Жеңіс күнін тойлап жүргенімізге міне 72 жыл толды. Ұрпақтарының тыныштығы үшін күресіп келген ата-бабамыздың рухтарына және де Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне тылда ауыр еңбек еткен халқымызға өз ризашылығымызды білдіреміз.Біз батырларымыздың бізге жасаған ерліктің үлгісін бағалай білуіміз керек. Бұл Жеңіс біздің бойтұмарымыз, осыбейбіт күнді ата-бабамыз ғасырлар жылдар бойы аңсап өтті. Сондықтан бабаларымыздан мұра болып қалғанұлан-ғайыр жерімізді, елімізді жаудан көзіміздің қарашығындай қорғай біліуіміз керек. Қазіргі таңда осындай батыр, ержүрек батырларымыздың арқасында Қазақстан деп аталатын бейбіт елде өмір сүріп жатырмыз.

Міне биыл Қазақстан Қарулы Күштерінің құрылғанына 25 жыл, Ұлы жеңісімізге 72 жыл, ал қуғын-сүргін саясатының құрбандарына 80 жыл толды. Осы жылдары бойы талай нәрсе өзгерді. Қазақстан әлем күтпеген дәрежеге дейін көтерілді.









Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 10 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Улы Отан согиси

Автор: Алмаганбетова Айгерим Болатовна

Дата: 03.06.2017

Номер свидетельства: 420266


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства