kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?лан даламызда?ы ата- баба ?ла?аты

Нажмите, чтобы узнать подробности

Батыс  ?аза?стан облысы

Казталов ауданы

К.Мендалиев атында?ы ОЖББМ          

          тарих п?ні м??алімі

Гумарова Данаг?л Еролла?ызы.

                   ?лан  даламызда?ы ата- баба  ?ла?аты.

           (?аза? ханды?ыны? ??рыл?анына- 550 жыл)

                               Сахналы? к?рініс

Ма?саты:   О?ушыларды  ?аза? ханды?ыны? ??рылу тарихымен таныстыра отырып, ата- баба ??рып берген елімізді ??рметтеуге,тарихи о?и?аларды зерделеуге т?рбиелеу.

 Шы?армашылы? ?ызы?ушылы?ты дамыту ар?ылы  р?лдік к?ріністерді сахнада сомдай  ж?не  сахна м?дениетін са?тай білуге ?йрену.

(Сахна. Тау  мен жайлау бейнесімен бейнеленеді. Асан ?ай?ы ?нсіз ойланып келеді. Сыртынан дыбыс жазба. ?обызбен к?й ойналып жатады.)

Сара жолдан жа?ыл?ан

Хан?а зират ?азылмас

С?гілгелі т?р ?абыр?ан

Кеселдімін жазылмас

Тар?ат, ханым, шерімді,

Намазы?а асы?па.

??рыштан берік елімді

Ала ауызды?пен жасытпа!

Бітеу ?скен ?ауынды

Т?рсы? бос?а жар?алы,

Досы?нан іздеп жауы?ды

Т?рсы? жал?ыз ?ал?алы!

?мытты? ?аза? даласын,

?л?айтты? жаным жарасын,

Бір атаны? баласын

Екіге б?ліп барасы?!

Жолын, ханым, таппаса?,

Б?лінеді барлы? ж?рт!

Та? боп ?айта атпаса?,

Бас?алы т?р ?ара б?лт!

?білхайыр:  -Асан ата,  К?кше те?із т?сын  шолып  келді?із,К?кше те?із ма?ы ?андай  жер екен?  Сайын ордасын к?шіруге жарар ма?

Асан ?ай?ы:  -?а?  ?стін жайлау етсем десе ханны? еркі ?ой,

ал мен к?рген К?кше те?із ма?ы:

         Тас табаны т?рт елі

         Атан ж?рер жер екен,

         Т?сегінен т??ілген

         Адам ж?рер жер екен

Ж?нібек:  - Асан а?а  жыраулар арасында айтыс ?йымдастырылады. Со?ан    сізді?  бас  т?реші   болуы?ызды   с?раймын.

Асан ?ай?ы:   -Хан ием!   Атамыз  Май?ы биден бері б?йге хан ордасын кім асыра ма?тай алса айтыс т?решісі со?ан беріліп келетін-ді.  Б?л жолы ата жолын б?зба?пын. Егер со?ан к?нсе? т?реші боламын.

?білхайыр:   -Айт?аны?ыз болсын Асан а?а!

(Киіз ?йді? ішінде ?білхайыр хан, Асан ?ай?ы, ?азту?ан жырау,?отан жырау,Ж?нібек с?лтан отырады)

     Асан ?ай?ы: -Бас б?йге кімде кім елді? ерлігін  д?рыс айтып бере алса, со?ан беріледі. Орта б?йге ?з руыны? жер – суын ?ор?ауда?ы істерін д?рыс суреттеп берген адам?а тапсырылады.  Ал, ая? б?йге Дешті ?ыпша? еліні? болаша?ын д?рыс болжай алса, сол ие.

             “Таза мінсіз асыл тас

              Су т?бінде жатады.

              Таза мінсіз асыл с?з

              Ой т?бінде жатады.

              Су т?бінде жат?ан тас

              Жел тол?ытса шы?ады

              Ой т?бінде жат?ан с?з

             Шер тол?ытса щы?ады.

(Асан ?ай?ы орамалмен бетін с?ртіп). -Ал жыраулар!  ?ауым?а ?з рулары?ны? ?айдан шы??анын,аттары неден алын?анын таныстырып отыры?ыздар.

?азту?ан жырау:               - Ала? да ала?,ала? бар,

Бата алмай жау ала?дар.

Са?тан шы??ан Келса? бар

               Кейса?-?айса?,?ыпса?-?ыпша? боп

                                           Он екі ата?а таралар,-

    Салп-Салпынша? анау ?ш ?зен.

          Салуалы мені? ордам ?он?ан жер,

Жаба?ылы жас тайла?

    Жардай атан бол?ан жер,

Жатып ?ал?ан бір то?ты

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?лан даламызда?ы ата- баба ?ла?аты »

Батыс Қазақстан облысы

Казталов ауданы

К.Мендалиев атындағы ОЖББМ

тарих пәні мұғалімі

Гумарова Данагүл Ероллақызы.



Ұлан даламыздағы ата- баба ұлағаты.

(Қазақ хандығының құрылғанына- 550 жыл)

Сахналық көрініс

Мақсаты: Оқушыларды Қазақ хандығының құрылу тарихымен таныстыра отырып, ата- баба құрып берген елімізді құрметтеуге,тарихи оқиғаларды зерделеуге тәрбиелеу.

Шығармашылық қызығушылықты дамыту арқылы рөлдік көріністерді сахнада сомдай және сахна мәдениетін сақтай білуге үйрену.

(Сахна. Тау мен жайлау бейнесімен бейнеленеді. Асан қайғы үнсіз ойланып келеді. Сыртынан дыбыс жазба. Қобызбен күй ойналып жатады.)

Сара жолдан жаңылған

Ханға зират қазылмас

Сөгілгелі тұр қабырған

Кеселдімін жазылмас

Тарқат, ханым, шерімді,

Намазыңа асықпа.

Құрыштан берік елімді

Ала ауыздықпен жасытпа!

Бітеу өскен қауынды

Тұрсың босқа жарғалы,

Досыңнан іздеп жауыңды

Тұрсың жалғыз қалғалы!

Ұмыттың қазақ даласын,

Ұлғайттың жаным жарасын,

Бір атаның баласын

Екіге бөліп барасың!

Жолын, ханым, таппасаң,

Бүлінеді барлық жұрт!

Таң боп қайта атпасаң,

Басқалы тұр қара бұлт!

Әбілхайыр: -Асан ата, Көкше теңіз тұсын шолып келдіңіз,Көкше теңіз маңы қандай жер екен? Сайын ордасын көшіруге жарар ма?

Асан қайғы: -Қақ үстін жайлау етсем десе ханның еркі ғой,

ал мен көрген Көкше теңіз маңы:

Тас табаны төрт елі

Атан жүрер жер екен,

Төсегінен түңілген

Адам жүрер жер екен

Жәнібек: - Асан аға жыраулар арасында айтыс ұйымдастырылады. Соған сіздің бас төреші болуыңызды сұраймын.

Асан қайғы: -Хан ием! Атамыз Майқы биден бері бәйге хан ордасын кім асыра мақтай алса айтыс төрешісі соған беріліп келетін-ді. Бұл жолы ата жолын бұзбақпын. Егер соған көнсең төреші боламын.

Әбілхайыр: -Айтқаныңыз болсын Асан аға!

(Киіз үйдің ішінде Әбілхайыр хан, Асан қайғы, Қазтуған жырау,Қотан жырау,Жәнібек сұлтан отырады)

Асан қайғы: -Бас бәйге кімде кім елдің ерлігін дұрыс айтып бере алса, соған беріледі. Орта бәйге өз руының жер – суын қорғаудағы істерін дұрыс суреттеп берген адамға тапсырылады. Ал, аяқ бәйге Дешті Қыпшақ елінің болашағын дұрыс болжай алса, сол ие...

“Таза мінсіз асыл тас

Су түбінде жатады.

Таза мінсіз асыл сөз

Ой түбінде жатады.

Су түбінде жатқан тас

Жел толқытса шығады

Ой түбінде жатқан сөз

Шер толқытса щығады.

(Асан қайғы орамалмен бетін сүртіп) . -Ал жыраулар! қауымға өз руларыңның қайдан шыққанын,аттары неден алынғанын таныстырып отырыңыздар.

Қазтуған жырау: - Алаң да алаң,алаң бар,

Бата алмай жау алаңдар.

Сақтан шыққан Келсақ бар

Кейсақ-Қайсақ,Қыпсақ-Қыпшақ боп

Он екі атаға таралар,-

Салп-Салпыншақ анау үш өзен.

Салуалы менің ордам қонған жер,

Жабағылы жас тайлақ

Жардай атан болған жер ,

Жатып қалған бір тоқты

Жайылып мың қой болған жер,

Жарлысы мен байы тең,

Жабысы мен тайы тең,

Жары менен сайы тең

Боташығы бұзаудай ,

Балығы тайдай тулаған

Бақасы қойдай шулаған

Шырмауығы шөккен түйе тақтырмас,

Балығы көлге жылқы жаптырмас.

Бақасы мен шаяны

Кежідегі адамға

Түн ұйқысын таптырмас.

Қайран менің Еділім,

Мен салмадым сен салдың.

Қайырлы болсын сіздерге

Менен қалған мынау, Еділ жұрт.

Асан қайғы: - Сөзді Қотан жырауға берейік.

Қотан (қобызбен):

- Жусанды деме қараған,

Жұлдызды жарық ай деме

Қытайдан шығып тараған

Хунуға қарсы қол шықса,

Жорықта болған маймене

А-лунь-Арғын руы,

Қыпшақпен қатар жаралған,-

(Асан Қайғы ұйықтап кеткен адамдай көзін жұмып ойға шома түскен, бәрі тыныш қалған)

Асан қайғы: - Сұмырай, сұрқия, сұм заман,

Шаққалы тұрған сұр жылан.

Өткелі емес халқымның

Болашағы шер мұңым...

(Сәл қайғырып отырады да қос жырауға бұрылады)

(Қотан қартқа бетін бұрды)

  • Қазтуған жырау, баста!

Қазтуған: - Қыпшақ елі, Орта Азия хунулары-Чұмхуну ұрпақтарынан, біздің дәуірімізден бұрын келе жатқан Еуропа халқы түстес, дінілі тайпасының күнбатыс бөлігі, көне сақтар сарқындысы, қыпсақ деп аталатын рудан және көне кангуй елінің қалдығы – қаңлылардан құрылған. Сонау Еділ мен Ертістің ортасын Дешті Қыпшақ жері не Қыпшақ даласы деп атап кеткен. Жауына жоқ жерден тиіп, заматта ғайып болып, үнемі ат үстінен түспей үйренген . Ұшы қиыры жоқ жазық далада көшіп жүргендіктен, дала бүркітіндей қырағы жаралған.

Асан Қайғы: (Қотан жырауға бетін бұрып)

-Сөйле Қотан жырау

Қотан жырау:

  • Арғын да алуан ел болған, келген жерге көнбеген, онда да талай ер туған, қазір қисса онда емес -қыран көкке қанатын қанша биік қақса да тізіліп бірге ұша алмас. Қыпшақ қыран болса, егер, Арғын- аққу көл көркі... Арғы бабам Басым елі түркі тілдес жұртпенен тізе қосып кептеле ту тігіп үш жүз жыл Таңменен алысқан. Анау асқар тауыңды, мынау Шалқар көліңді сол қасыңа бермеген. Кілегей бұлттай жау төнсе, сонда ғана бұл Арғын алдаспанын сермеген. Асан қайғы, аға ұлы, ендігісін өзің шеш. Ел болайық деген жұртымды адастың десең де айт. Кең болайық деген жұртыңды қателестің десең өзің айт.

(Қобыз күйін бәсеңдете барып бітіреді).

Жәнібек ұлы Қасым:

  • «Мың жаса , атажан. Бүлінген жұрттың басын қосып, ел ету тек халқына жаны ашыған ұлдарының ғана қолынан келеді. Олардың қолынан әзірге елді біріктіру келмесе де ,сол елді біріктіру – арманы. Сол арманды мына қауым алдында жайып салғаныңыз үшін, Арғынның ардақты ұлы, жырау Қотан ата , сізге жас болсамда өз есімімнен алғысымды білдіремін.

Асан Қайғы:( Ойға шомып кеткен, басын көтеріп)

  • Бейбітшілік әрқашан халықтың көкейкесті мұраты, сен сол халық мұратын көксеп отырсың, Қотан жырау. Бас бәйге сенікі!

Асан қайғы енді Қазтуғанға қарап:

Елдің елдігін ,ердің ерлігін мадақтау ода бір паш өнеге, бірақ ерлік ел шабуға бағышталса ерлі ерлікке айналады. Демек, Жейхұн өзеніндей тасыған жырың үшін орта бәйгені саған ұсынар едік, от ауызды орақ тілді Қазтуған жырау әлі де айтылмаған жырың бар іспеттес. Қыпшақ құр ғана басқа елдерді шауып қана қойған жоқ қой, өз елін қорғағандағы ерлігін естісек дер едім...

ІІ бөлім

( Есен- бұға ханның хан ордасы. Хандар кеңесі болып жатыр)

Шабарман: -Хан ием! теріскей жақтан шабарман келіп тұр. Асығыспын дейді. Түнімен тұтғақ бастығы сізге жібермепті.

Есен-бұға : -Айтары құпия ма екен?

Шабарман: -Жоқ, хабарым хан кеңесінің де құлағына жетсе екен дейді.

Есен- бұға: - Кірсін.

ІІ шабарман: - Ассалаумағалейком!

Есен-бұға: -Уағалейкумассалам! Қай рудансың?

ІІ шабарман: -Дулатпын. Жаңғы қаласының хакімі Сүйіндік мырзаның шабарманымын.

Есен- бұға: - Сөйле! Не айтайын деп едің?

ІІ шабарман: -Сүйіндік хакім хабарымды ұлы мәртебелі Есен-бұға ханға тез жеткіз деді. Байтақ жеріңіздің теріскей шетіне Барақ хан мен Болат сұлтанның балалары Жәнібек пен Керей ерткен ел келіп тұр. Дені Арғын, Уақ, Найман, Керей аздаған Қоңырат, Алшын да бар, Әбілхайыр ханмен келісе алмай көшіпті. Қоныс сұрайды. Жәнібек пен Керей сұлтан өзге жұртын Талас өзенінің арғы бетіне қалдырып, өздері бес жүз сойылды салтанатты нөкерлерімен төте жолмен сіздің мединеңізге келе жатыр. Мен күні бұрын хабар бергелі жеттім.

Есен- бұға: ( қуаныш ұшқыны жарық етіп тұтанды да, сол сәтте ғайып болды.)

-Жәнібек пен Керей сұлтандар қай мезгілде жетер екен?

ІІ шабарман: -Әрі кетсе ертең күн шыға.

Есен- бұға: - Өздері қанша жұрт?

ІІ шабарман: -Қыруар ел. Алды келіп өзеннің кең алқабында қазан көтеріп жатқанда, көштерінің соңы түйелерінің қомын алып та үлгерген жоқ.Оның үстіне жан-жақтағы қазақ жерінен, тіпті алыстағы ауылдардан соңдарынан іздеп келіп қосылып жатқан елде есеп жоқ. Сірә, Әбілхайыр хан шеңбері сорлы халықтың жан етін жұлып алуға айналған болуы керек.

Есен- бұға: - Жақсы. Қонақ үйге барып тынық. Хакім Сүйіндікке біздің айтарымызды ертең естейсің.

ІІІ бөлім.

( Жәнібек сұлтан мен ұлы Қасым)

Жәнібек сұлтан: - Ұлым Қасымжан! Ел бірлігі үлкен дүние. Жалғыз адамды жау алады. Ал көп біріксе ешкім де жеңе алмайды. Көп қорқытады. Терең батырады. Егер екі қолдың он саусағындай қазақтың бар рулары қос жұдырық боп түйілсе, қандай жауына болса да қауіпті күш.

Қасым: - Ия, көке рұқсат етсеңіз бірер ауыз кеңесімді мен де берсем – деп едім.

Жәнібек сұлтан: - Айт ұлым, рұқсат...

Қасым: - Сөйлесем, біз Моғолстан мен Түркістан Таң шекарасына қашқан ел тәрізді емес, көшкен ел тәрізді болып баруымыз керек. Жағатай ұрпақтары да, Сабан, Ақсақ Темір ұрпақтары да ел екенімізді көрсін. Және қалай болса солай шұбыра көшкен ел екенімізді емес, дос болса дос бола алатын, қас болса қас бола алатын, қоныс бермесе күшпен тартып ала алатын жау жүрек қауым екенімізді байқасын. Ермей отырған жұртқа «Бізге еріңдер, бірігіп ел болып, қазақтың Ақ Ордасының туын қайта көтерелік» деуіміз орынды.

Жәнібек сұлтан: - Дұрыс айтасың балам. Біздің бүгінгі аттанысымыз құр Әбілхайырға өкпелеуден туған аттаныс емес, бұдан жүз жыл бұрын бабамыз Орыс хан тіккен Ақ Орданы қайта тұрғызып, Қазақ деген жеке ел болу аттанысы. ( Есен- бұға хан келеді.)

Есен- бұға: - Айналайын, Жәнібек! Біз қашанда ел болуды ойлаған халықпыз. Сіздердің келгендеріңізге мен өте қуаныштымын. Руларыңа бүкіл Шу , Сарысу, Талас, Бадам өзендерінің бойы мен Қозыбас, Қаратаудың Моғолстанға қарайтын теріскей жағын тегіс қонысқа беремін. Алаңдамай өз елім,- деп жайғаса беріңдер!

( Музыка орындалады. Барлығы сахнаға шығып, бір-бірлерін құттықтап жатады.)

Соңы.

Аннотация



Батыс Қазақстан облыстық орта білім беру саласын бағалау және ақпараттандыру оқу –әдістемелік орталығының ақпараттық технологиялармен жұмыс жасауға қабілетті оқушыларды қолдау мақсатындағы байқауға К. Мендалиев атындағы орта жалпы білім беретін мектебі қатысуға өз ұсынысын білдіреді.

Байқауға «Қазақ хандықғының негізгі құрылу себептері» номинациясы таңдалып, « Ұлан даламыздағы ата- баба ұлағаты » атты сахналық көрініс ұсынылады.

Мәтінде Қазақтың алғашқы хандары Керей мен Жәнібектің Моғолстан ханы Есен-бұға ханға барып жер алуы кезеңдері, Асан қайғы бабамыздың халық үшін қайғырған шер – зары, Қазтуған мен Қотан жыраулардың өз жерлерін жырға қосқан айтыс дәстүрі көрсетіледі.Коріністе 9-11 сыныптың ер балалары қатысып, рөлдерде ойнайды.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
?лан даламызда?ы ата- баба ?ла?аты

Автор: Гумарова Данаг?л Еролла?ызы

Дата: 31.10.2015

Номер свидетельства: 246214


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства