Қызмет көрсетуші: 10 «Ә»класс оқушылары (Ойын барысында оқушыларға балмұздақ таратылады, «Мерекелік шашу» торты сыйға беріледі)
Ойын жоспары:
І. Командалардың таныстыруы
ІІ. Сайыс тапсырмалары:
«Мәңгі ұмытылмас салаты»
«Тарихи винегрет»
«Біздің столдан сіздің столға»
«Тарихи рулет»
«Жемістер» ассортиі
«Балмұздақ» дессерті
«Мерекелік шашу»
ІІІ. Жеңімпаздарды анықтау, марапаттау.
Сайыс барысы:
1-жүргізуші: Саламатсыздар ма оқушылар!
Кешімізді біз бастайық
Әділ бағаға қалтасы толы,
Әділ-қазыларды шақырайық!
2-жүргізуші: Олар: (Әділ-қазылармен таныстыру)
Құрметті әділ-қазылар, сіздерден кафенің «бухгалтерлік мекеме» деп аталатын бөлмесіне жайғасуларыңыз сұралады.
1-жүргізуші: Қымбатты тарих пәнінің жанкүйерлері мен осы залға жиналған кафе қонақтары! Бүгінгі « Тарихи кафеге» қош келдіңіздер. Біздің кафеде бүгін тарих ғылымының алғырлары, тапқырлары күш сынасады. Осы кафенің ашылуына орай арнайы шақырылған меймандарымыз бар. Ендеше, олармен таныс болыңыздар.
2-жүргізуші: Жиналған ылғи дарындар,
Жүректе от, көздерінде жалын бар,
«Әл-Фараби» тобын, халайық
Қол соғып қарсы алайық!
Ортаға 8«Ә» класс қомандасы шығады.
1-жүргізуші: Үлгілі тәртіп, жақсы оқу,
Алға қойған мақсаты.
Әрқашанда мектепте,
Шығып жүрген жақсы аты деп
9 «А» класс оқушыларынан құралған «Геродот» тобын қарсы алыңыздар!
2-жүргізуші: Асып әсте саспайтын,
Батыл қадам бастайтын,
Еркін билеп барынша
Жарыстан бір қашпайтын.
9 « Ә» класының «Алаш» тобын шақырамыз!
1-жүргізуші: Құрметті кафе қонақтары! Өздеріңізге арнайы әзірленген столға жайғасыңыздар. Сіздер біздің кафеде уақыттарыңызды қызықты да, мазмұнды өткізесіздер деп сенім білдіреміз. Кафе мәзірінен ыстық және салқын тағамдарды, сонымен бірге тіл үйіртетін, мәңгі есіңізден кетпес, десерт пен сусындарды таба аласыз. Сонымен бірге, біздің кафеде өз қызметін көрсететін, ас мәзірін ұсынатын даяшылар мен бармендер әрқашанда сіздердің қастарыңыздан табылады. Ендеше, астарыңыз дәмді болсын!
2-жүргізуші: Құрметті кафе қонақтары! Сіздер қандай қонақ екендіктерізді білгіміз келеді. Өздеріңізді таныстырып өтсеңіздер.
(Бұл бөлімде таныстырумен қатар, әр топ өздері дайындаған команда атына сәйкес газет немесе слайдтарымен таныстырады)
1-жүргізуші: Сонымен ортаға:
1. «Әл-Фараби» командасы
2. «Геродот» командасы
3. «Алаш» командасы (әр топ өздерін таныстырады)
Таныстыру сайысы бойынша сөз кезегі әділ-қазы алқасына беріледі.
2-жүргізуші: Ал енді құрметті көрермендер! Нақты сайысымызды бастайық.
1-сайыс. Қымбатты кафе қонақтары! Біз сіздерге кафенің аспаздары әзірлеген сұрақтар соусынан тұратын «Мәңгі ұмытылмас» салатын ұсынамыз. Бұл салат сіздердің бойларыңызға жағымды сіңуі үшін командаларға кезектесіп сұрақтар қойылады. Егер бір команда сұраққа жауап бере алмаса, онда басқа команда жауап беру құқығына ие болады. Дұрыс жауап 1 балмен есептелінеді
Сұрақтар:
І топ: Әл-Фараби 8Ә сыныпқа
1. Бұхар, Шаш, Бағдатта білім алып, өмірінің соңғы жылдарын Дамаскіде өткізген, қазақ даласында туған энциклопедист ғалым? Әл-Фараби
2. Түркі тілдес тайпалардың бір-біріне жақындығын зерттеген, «Түркі тілдерінің сөздігін» жазып қалдырған белгілі ғұлама? М.Қашғари
3. Көзінің тірісінде үлкен абыройға ие болып, қазақ халқының есінде қазақ жерін біріктіруші ретінде қалған хан? Абылай хан
ІІ топ: Геродот тобына 9А
1. Түрік қағанатының негізін қалаған тұлға? Бумын қаған
2. ХІХ ғасырдың 50 жылдарында Сыр бойы қазақтарының азаттық күресін басқарған батыр? Ж.Нұрмұхамедұлы
3. 1960-1980 жж. есімі ғылыми ортада ғана емес, көпшілік қауым арасында да танымал этнограф, академик-ғалым? Ә.Марғұлан
ІІІ топ: Алаш тобына 9Ә
1. « Арабша, тәжікше кітаптар көп. Бұл біздің тіліміздегі тұңғыш даналық жинақ» деп өз еңбегін түрік тілінде жазған ғұлама? Ж. Баласағұн
2. ХVI ғасырдың бас кезінде Қазақ хандығын билеген хан? Қасым хан
3. 1917 жылы Ақпан төңкерісінен кейін «Туысқандық, теңдік және бостандық күні туды» деп жазған кім? Ә.Бөкейханов
1-жүргізуші:
2-сайыс. Қадірменді қонақтар! Сіздерге келесі кезекте «Тарихи винегрет» салаты ұсынылады. Даяшылар ұсынған астан алып отырыңыздар. Сіздерге ұсынылған тағамда бейнеленген әріптер бойынша сұрақ қойылады. Қойылған сұрақтың жауабы сіз таңдаған әріптен басталады. Кәне, кім тапқыр екенін білейік. (Әліпбидегі кеспе әріптер үш подносқа бөлініп салынып, ойыншыларға ұсынылады. Ойыншы бір әріпті атайтын болса, сол әріптен басталатын жауабы болатын сұрақ қойылады)
А - Қазақстандағы ең ежелгі қала? (Арқайым)
Ә - Қазақстандағы қола дәуірін зерттеген ғалым? (Әлкей Марғұлан)
Б - 100 метр қашықтыққа ұшатын, орақ тәріздес қару? (Бумеранг)
В - 1993 жылы 15 қарашада болған уақиға? (Валюта енгізілді)
Г- Сақтарды «Әлемдегі ең әділ, ең шыншыл халық» деп есептегендер? ( Гректер)
Ғ - 100 жыл өтпелі кезеңді қалай атайды? (Ғасыр)
Е - ХІІІ ғасырдың басында жасалған мәмлүктік Египет мемлекетінің «араб-қыпшақ» сөздігінде «қазақ» сөзіне берілген түсіндірме? (Еркін, кезбе)
И - Қожа Ахмет Йассауи дүниеге келген қала? (Испиджаб)
К - 1837-1847 жж. болған ұлт-азаттық қозғалысының жетекшісі (Кенесары)
Қ - Қазақ хандығының алғашқы құрылған кездегі алып жатқан жері Дулатидің жазуынша қай жер? (Қозыбасы мен Шу аймағы)
М - Малды қолға үйрете бастау қалыптасқан кезең? (Мезолит)
Н - Сегіз тайпа бірлестігі? (Найман)
О - Шыңғысхан әскеріне 6 ай берілмеген қала? (Отырар)
П - Тік жүретін адам өкілі? (Питекантроп)
Т - «Жеті Жарғы» заң жинағы қай ханның кезінде шықты? (Тәуке ханның)
2-жүргізуші:
3- сайыс. Келесі кезекте әр команда өздерімен қафеде бірге көңіл көтеріп көрші столда отырған қонақтарға ас сыйлауы керек. Ол сыйлық – «Біздің столдан сіздің столға» деп аталады. Бұл ұсынылған астан алу үшін әр команда үй тапсырмасы ретінде әзірлеп келген қызықты да тартымды сұрақтарын кезектесіп қоюы керек. (Әр қоманда 3 сұрақтан әзірлейді) Әр команданың даярлаған сұрақтарын даяшылар таратып шығады.
1-жүргізуші:
4-сайыс. Ендігі кезекте сіздерге «Тарихи рулет» ұсынылады. Даяшылар ұсынған астан алып отырыңыздар. Ол үшін орны ауыстырылып берілген әріптерден тарихқа қатысты сөздер құрастыру және мағынасын жазу керек. Ойлануға 3 минут уақыт.
Таратылатын сөздер: Панитептрок, , тирауаргдха, нолите, тзмиемто, шантау, хеоаргияло,. (әрбір дұрыс жауап 3 балмен есептелінеді)
5-сайыс. Бас аспазшы сіздерге «Жемістер» ассортиін ұсынады. Сіздерге ұсынылған ассорти бөліктерінен әр команда 1 минутта сөйлем құрастыру керек. (Жауап 5 балмен бағаланады)
8 «»»класына: Бүкіл қазақ жері үш генерал-губернаторлыққа бөлінді: Түркістан,Орынбор және Батыс Сібір. (1867-1868жж. реформа)
9 «А» класына: Қ. Рысқұлбековтың бейнесі Қазақстан жастарының еркіндік күресінің рәмізіндей ерекше көзге ілінді. (« Желтоқсан оқиғасы»)
9 «Ә» класына: «Республика Президентінің 1995 жылғы қыркүйектегі жарлығы бойынша, ел астанасының Ақмолаға көшетіні хабарланды. ( Астана туралы)
2-жүргізуші:
6 –сайыс: Енді құрметті қонақтар сіздерге «Балмұздақ» десертін ұсынамыз. Сіздер берілген жылдардағы тарихи оқиғаларды дұрыс табуларыңыз керек. Әрбір дұрыс жауап 1 балмен бағаланады.
8 «Ә» командасына: Б.з.б. 12-5 мыңжылдықтар( мезолит),1836-1838 жж. (Исатай мен Махамбет көтерілістері), 1808-1895жж. (Шөже Қаржаубайұлының өмір сүрген жылдары)
9 «А» командасына: Б.з.б. 2800-б.з.б.900 жж. (қола дәуірі), 552-603 жж. (түрік қағанаты) 1783-1797 жж. (С.Датұлы бастаған көтеріліс)
9 «Ә» командасына: Б.з.б VIII- б.з.VI ғ. (темір дәуірі),1837-1847жж. (К.Қасымұлы бастаған көтеріліс), 1916ж.( ұлт-азаттық көтеріліс)
1-жүргізуші:
7 –сайыс: Құрметті қонақтар! Кафе әкімшілігі сіздерге әлі де осы кафеден басқа кафелерге кетіп қалмай біздің аспазшыларымыз ұсынған тағамдарды жақсы бағалап отырғандарыңыз үшін өз ризашылықтарын білдіреді. Осы құрметтеріңіз үшін кафе әкімшілігі сый-құрмет ретінде «Мерекелік шашу» тортын ұсынады. Тортты кесуден кім шеберлік көрсетер екен? Ол үшін сіздер берілген сұраққа санмен жауап беріп, тортты сонша бөлікке бөлесіздер. (Даяшылар әр столға торт апарады)
8 «Ә» класына: Қазақ хандығының құрылымы неше сатыдан тұрады? (7)
9«А» класына: 2004 жылы «Қазақстан» ұлттық энциклопедиясының неше томы жарық көрді? (5)
9 «Ә» класына: Қазақсандағы 1954 жылы тың игеру жүргізілген облыстар саны? (6)
2-жүргізуші: Құрметті кафе қонақтары! Сіздердің құрметтеріңізге кафе қызметкерлері әзірлеген барлық тағамнан бас тартпай, қадірлі қонақ бола білгендеріңіздің құрметіне және шынында да кафеде отырғандарыңызды сезіндіру үшін мектебіміздің 11 сынып оқушысы Айдынның орындауында жандарыңызды жадыратар бір ән ұсынамыз. Қабыл алыңыздар!