Тарих патшайымы сайысы сыныптан тыс орта буын оқушыларына арналған іс-шара.Мақсаты оқушылардың Қазхақстаг тарихы пәнінен алған білімдерін маңыздандыру.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«"Тарих патшайымы" сыныптан тыс іс-шара»
«Тарих патшайымы» интеллектуалды сайысы
Мақсаты:
Білімділік: Интеллектуалдық сайысқа қатысушы оқушылардың тарихи білімдерін дамыту.
Дамытушылық: Қазақстан тарихы пәніне қызығушылықтарын арттыру, шығармашылық қабілеттерін нығайту, тарихи зерделік қасиеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Қазіргі заман талабына сай күнделікті теледидардан көрсетіліп жүрген танымдық бағдарламаларды негізге ала отырып, оқушыларды қоғамдық жаңалықтардан және өзгерістерден тыс қалмауға баулу.
Көрнекілігі: слайдтар,тақырып жазылған плакаттар, мақтау қағаздар.
Сайыс барысы.
Жүргізуші:
Сонау ежелгі өркениет кезеңдерінен - ақ адамзаттың дамуы мен қалыптасуы жайында көптеген ғалымдар ғылыми әрі теориялық, тәжірибелік ізденістерін, пікірлерін ұстанумен келеді. Бұл тұрғыдан қазақ халқы да кем де емес.
Ұлы Абай, Шәкәрім, Ыбырай сынды алыптарымыздың осы жолда көрсеткен тәлімі мен білімі еш ұмытылмақ емес.
Ал Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев «Біз өмір бойы жететін білім моделінен өмір бойы білім алу моделіне көше алуға тиіспіз» — деп білімнің маңызын айрықша жоғары бағалаған. Ендеше, құрметті жас достар! Ғылым мен білім бәсекесі туындаған ХХІ ғасырдың тәуелсіз, егеменді еліміздің болашақтары қош келдіңіздер. ХХІ ғасырдың қазақстандық көшбасшылары, құрметті қонақтар, тарих пәні апталығына байланысты мектепішілік «Тарих патшайымы» атты тарихи танымдық сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Әділқазылар алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер –
Сайысымызда білімі мен тапқырлығымен сыналатын қатысушыларымызбен таныстыратын болсақ:
№1 қатысушымыз -
– Қандай сынақ болсадағы беріспе, әрқашанда үміткер бол жеңіске.
№2 қатысушы -
– досқа жан тәнімен берілу сенімді тірек, бақытқа ұмтылуда білім де керек.
№3 қатысушы -
– білімдінің күні жарық, білімсіздің күні қаріп.
№4 қатысушы -
– ер жігіттің екі сөйлегені…
№5 қатысушы -
– білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар.
№6 қатысушы -
– бақытты болашақтың қамы үшін, барымды саламын Тәуелсіздік таңы үшін.
№7қатысушы-
№8қатысушы
Ал енді сайысымыздың кезеңдерімен танысайық:
«Бәйге» бөлімінде оқушылар сұраққа жауап береді.
«Тіл – өнер» — оқушылар тарихи терминдерге қатысты сұрақтарға жауап береді.
«Қасиетті жетілік» — киелі жеті санына қатысты сұрақтар қойылады.
«Өз серігіңді тап» - көрермендер арасынан өзіне берілген сұрақтың жауабын ұстап отырған қатысушы ұл баланы табуы тиіс.
«Биле,биле»кезеңі.
«Жорға» — жеңіп шыққан екі оқушы сайыскерге қойылатын сұрақтар.
Ендеше, құрметті сайыскерлер, ағартушы ғалым Ыбырай Алтынсариннің «Бір Аллаға сиынып, кел балалар оқылық» дегеніндей «Бір Аллаға сиынып, кел жас достар сайысымызды бастайық». Сайысымыздың бірінші бөлімі «Бәйге» деп аталады. Әрбір сайыскерге 4 сұрақ қойылады. Әр бір дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.
(№1 сайыскерге) қойылатын сұрақтар.
Қазақ хандығының (1456ж) негізін салушы хан? (Керей)
Абайдың шын есімі? (Ибраһим)
Қазақтың тұңғыш астанасы болған қала? (Орынбор)
ҚР — ның жер көлемі қанша? (2млн 724, 9 мың шақырым)