kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Т?уелсіздік-ел т??ыры»

Нажмите, чтобы узнать подробности

О?ушыларды желто?сан ??рбандарымен таныстыру, желто?сан?а ?атыс?ан а?а – апайларды? ерлігі туралы айту. Елімізді? тарихы туралы т?сінік беру. 1986 жылы 16 желто?санда ел азатты?ы жолында ??рбан бол?ан ?л – ?ыздарымызды? ерліктерін еске алу, есте са?тау ?аблеттерін арттыру, елімізді? р?міздерін ?астерлеуге ?йрету, ту?ан елге деген с?йіспеншілігі? арттыру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Т?уелсіздік-ел т??ыры» »

3 Красный Яр орта мектебі











ТАРИХИ КЕШ

«Тәуелсіздік-ел тұғыры»




Орындағандар: Бощанова Г.Ж.

Байгабулова Г.А.








Тәуелсіздік –ел тұғыры
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды желтоқсан құрбандарымен таныстыру, желтоқсанға қатысқан аға – апайлардың ерлігі туралы айту. Еліміздің тарихы туралы түсінік беру.
2. 1986 жылы 16 желтоқсанда ел азаттығы жолында құрбан болған ұл – қыздарымыздың ерліктерін еске алу, есте сақтау қаблеттерін арттыру.

3. Еліміздің рәміздерін қастерлеуге үйрету, туған елге деген сүйіспеншілігің арттыру.
Сабақтың көрнекілігі: Желтоқсан құрбандарының суреті, мақал – мәтелдер жазылған плакаттар, Қазақстан рәміздерінің суреті.

Тәрбие сағатының барысы:
І. Кіріспе.
1-жүргізуші: Мақсат Біз қазақ мал баққан елміз.
Ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.
Елімізден құт береке кетпесін деп,
Жеріміздің шетін жау баспасын деп,
Найзаға үкі таққан елміз.
Дәм – тұзды ақтай білген елміз.
Асқақтаған хан болса,
Хан ордасын таптай білген елміз!
- Құрметті мұғалімдер, оқушылар сендерді келе жатқан еліміздің тәуелсіздік күнімен
құттықтаймыз! Бүгін тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік – тұғыры» - атты ашық тарихи кешімізді бастаймыз.



ӘНҰРАН ОРЫНДАЛАДЫ


1-жүргізуші: Мақсат - Ел үшін, жер үшін, болашақ үшін қан төгіп, күрескен ата - бабаларымыздың арманы міне, бүгін орындалып жатыр. Ата - бабаларымыздың болашақ ұрпақ сендер үшін қан төккен ерлігінен бастап, 1986 жылғы желтоқсан оқиғасымен жалғасын тапты.

2-жүргізуші: Гульнур-1986 жылы 16 желтоқсанда бүкіл қазақ жастары өз елінің тәуелсіздігің талап етіп алаңға шықты, олар еліккеннен, еріккеннен шыққан жоқ, алдына мақсат қойып шықты. Шеруге шыққан жастарға «бұзақылар, нашақорлар, ұлтжандар» - деген кінә тағылды. Көп деген жастар – студенттер оқу орнынан шығарылды. Қайсарлықпен ерлік көрсетіп, бостандық үшін өмірден жап – жас қыз – жігіттер құрбан болды. Бұл оқиғаның алғашқы құрбандары: Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сабира Мұхамеджанова, Ербол Сапатаев осы кісілердің рухына тағзым ету парызбыз. Осы батыр кісілердің рухын еске алып 1 – минут үнсіздік жариялайық.

МЕНОТРОП

1-жүргізуші: Мақсат Ал енді көгілдір экранға назар аударайық ВИДЕОРОЛИК


2-жүргізуші: Гулнұр

- Иә Мақсат бұл күнге жету үшін ата - бабаларымыз қаны мен жанын берген. 200 Жыл бұрын патшалы Ресейдің құрамында болдық. 70 жыл бойы әміршіл - әкімшіл үкімет үстемдік етті. Дүниені дүр сілкіндірген 1986 жылды еске түсіріп көрейікші.


КӨРІНІС

Көрініс.
Сахнада Қайрат пен жеңгесі дастархан басында отырады. Үйге 
милиционер жігіт кіреді.

Елжас Милиция: Біз органнан келдік. Қайрат Рысқұлбеков деген азаматты 
тұтқындауға келдік. Прокурордың санкциясы бар. Міне!

Жанель жеңгесі: Қайрат, бері кел.
Елжас милиция: Тез жинал, бізбен бірге кетесің.
Жанель жеңгесі: Ойбай-ау бұларың не? Жұдырықтай баланың не жазығы бар
еді? Әке-шешесіне не бетімізді айтамыз.
Елжас милиция: Жеңеше, сабыр етіңіз! Бұл жігіт бір төбелеске қатысыпты. 
Анық – қанығын тексерген соң қайтарып жібереміз.
(Осы кезде Қайратты милиционер алып кетеді. Бір оқушы сахнаның сыртынан Тақпқ айтып тұрады)

КҮЙ ОРЫНДАЛАДЫ


Қаржас Манас

«Ақтың сөзің не? деген,
Бүгін қойды сот сұрақ.
Айтайын оны халқыма,
Жоқ пиғыл менде жасымақ.
Қорлай да беріп қайтадан,
Титыққа орыс жетпесін.
Туған жердің намысы,
Бөтен қолда кетпесін.
Салт – санадан айырылып,
Арақтан ұрпақ азбасын.
Қызғаныштан тозбасын,
Қолдаушысыз болмасын.
Барлық ұлтпен тең болып,
Ешкімнен көңілің қалмасын.
Ендігі жерде басыңнан,
Бірлік пен бақ таймасын.
Осы айтылған ақтық сөз,
Туың болсын әрдайым.
Мойным алып жаланы,
Мен болайын құрбаны!
17 жыл мен жатырмын,
Ақ жазыңтың түбінде.
Мені өлтірген таксист жігіт,
Тірімісің бүгінде?
Тірі жүрсің өткен күнді,
Еске алғанның несі бар?
«Желтоқсанда» құрбан болған,
Қайрта ұлды есіңе ал!
Халқым, саған ризамын!
Батыл бас аяқты, жас достар,
Бұл жерде – батыр жоқ қол бастар,
Бұл жерде – жүректе… мұз жатыр,
Бұл жерде - өрімдей… қыз жатыр.
Бұл жерден мәңгілік аттанған,
Халқымның есінде сақталған! 

Түрме іші, қолында қағазы бар Қайрат отыр. Қинала отырып «Түрме жыры» өлеңін оқып шығады. Содан кейін қатты шаршап, былай дейді:
Батырбай Әли Қайрат«-Уһ, әбден шаршадым-ау, жүйке тамырым жұқарды ғой! Қайран бостандық!!!
Жалалы боп, қатты батты жаныма,
Жазалаушы қағаз алдым қолыма.
Жігіттер-ай, айтып-айтпай не керек,
Жазған екен маңдайыма сорыма.
Біріншіден, мен сағындым анамды,
Екіншіден, бұл құдайға не қылдым?
Бостандықта еркін жүрген жан едім,
Енді, міне, абақтыға жабылдым.

Кезекші: Заключенный Рыскулбеков на допрос.
Ельдар тергеуші: Айыпкер Рысқұлбеков, сен Мир мен Сәтбаев көшелерінде жасақшыларды көрдің бе?
Батырбай Әли Қайрат Егер ол көшеге бармасам оларды қайдан көремін?
Ельдар тергеуші: Савицкийді сен өлтірдің бе?
Батырбай Әли Қайрат Жоқ, өлтірген жоқпын?
Ельдар тергеуші: Сенің ұрып жатқаныңды біреу көріпті ғой.
Батырбай Әли Қайрат Олай болса мені сол адаммен беттестір, бұл өтірік жала.
Ельдар тергеуші: Ах, ты, декабрист несчастный. Я тебе покажу өтірікті! Жала
дейді еще! Ей, Рыскулбеков, сен, «Савицкийді өлтірдім» деп 
мойныңа ала сал, сонда сенің жазаң жеңілденеді. Егер,сен 
Савицкийді өлтіргеніңді мойындасаң, әкеңе тиіспейміз. 
Әйтпесе әкеңді де…
Батырбай Әли Қайрат: Жолдас тергеуші, бұл жала ғой! Өлтірмеген адамды өлтірдім деп қалай мойындаймын, адам түгіл тышқанды да өлтіріп көрген емеспін.
Ельдар тергеуші: Заключенный Рыскулбеков, сен ақымақ болма, 
«Савецкийді өлтірдім» деп мойында. Бұл – бір. Сен әкеңнен 4 мың сом алып, мына менің алақаныма сал, бұл – екі. Түсіндің бе, мақұлық?
Батырбай Әли Қайрат
Жолдас тергеуші! Айылда әзер күнін көріп отырған ата-анамды ақша деп қинағым келмейді және не үшін ақша төлеуім керек?
Не үшін? Ешқандай қылмысым жоқ. 
Ельдар тергеуші: Әкетіңдер, құртыңдар, атыңдар! 
Батырбай Әли Қайрат
Тоқта! Айтар сөзім бар.
Күнәдан таза басм бар,
Жиырма бірде жасым бар.
Қасқалдақтай қаным бар,
Бозторғайдай жаным бар.
Алам десең алыңдар.
Қайрат деген атым бар, 
Қазақ деген затым бар.
«Еркек тоқты – құрбандық»,
Атам десең атыңдар.
(Қайратты кісендеп алып кетеді.)


ВИДЕО ПРО КАЙРАТА


Серікбай Елнұр:
Менің туып - өскен жеріміз – Қазақстан Республикасы. Ол көне замандардан басталатын тарихы бар, аса бай ел. Қазақстан жерін ежелден қоныстанып келе жатқан ел – қазақ халқы. Қазақ халқы – ер жүрек, достыққа адал, бауырмал, қонақжай халық.
*Қазір Қазақстанда ынтымағы жарасқан көптеген ұлт өкілдері тұрады. Қазақстан бүгінде дүние жүзінің көптеген елдерімен достық байланыс орнатқан, бүкіл әлем таныған елге айналады. Қазақстанда өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйеді, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтан тұтады.
- Дұрыс айтасыңдар, балалар, Қазақстан жері батыстан шығысқа қарай 300 000 шақырымға, солтүстіктен оңтүстікке қарай 1700 шақырымға созылып жатыр (ҚР - ның физикалық картасынан көрсету)
Айтжанова Аружан:
-Біздің еліміз - жерінің кеңдігімен қатар, табиғи байлығы да мол мемлекет. Өріс толы малы, тайдай тулаған балығы, теңіздей толқыған егіні, дала толы аң - құсы, таусылмас кен байлығы да жеткілікті, мол.
Талай ғасырлар бойы ата - бабаларымыз осындай еліміздегі еркіндік пен тәуелсіздік таңын аңсап келген. Тәуелсіздік жолында талай жандар құрбан болып, елім деп еңіреп өткені белгілі. Талай кезең қиын - қыстау, қуғын - сүргінді басынан кешті. Олар көксеген арманға ХХ ғасырдың соңына қарай қол жеткіздік. Соның арқасында бүгінгі таңда өз бағыт - бағдарын ұстанған, өркениетті елдер мойындаған жеке мемлекетке айналдық.

1-жүргізуші Мақсат: қазақ биі 8 сыныптың қыздары


1-жүргізуші Мақсат: 
Тәуелсіздік - ел мұраты. Бұл біздің ұлан байтақ теңіздей қазақ тарихының басынан кешкендерінің тамшысы ғана болса да, осы жылда Қазақстанның дамып өркендеуін жылдармен өрнектейміз.

Қалам Мақпал

Тәуелсіздік оңайлықпен келмеді,
Бізге бұны ешкім аяп бермеді.
Тәуелсіздік – Қайрат, Ләззат, Ерболдың
Тас көшеде тас – талқан болып өлгені.
Орны ағалардың бізбен толсын,
Сәбилер ағалардың орнын қусын.
Бір минут үнсіздікпен еске алайық,
Әруағы ағалардың ырза болсын.


Алуа

Тәуелсіздік, Тәуелсіздік – жыр әнім,
Ел іргесі берік болсын – ұраным.
Тәуелсіздік - өзіңді еркін сезіну.
Салт – дәстүрім – қолдан түспес құралым.
Тәуелсіздік не деп оны түсіндік,
Тәуелсіздік – ар – ожданым кісілік.


2-жүргізуші: мектебіміздің әншілері «Қазақстан» әнімен

2-жүргізуші Гулнұр: 
1991 жылы Тәуелсіз Қазақстан елі тұңғыш рет Н.Ә.Назарбаевты президент етіп сайлады.:

1992 жылы Қазақстан Республикасының Елтаңбасы, әнұраны, туы туралы заң қабылданды.
1993 жылы 30 тамызда Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды. 15 қарашада төл теңгеміз алғаш реет айналымға түсті.

1-жүргізуші Мақсат: 1994 жылы Ғарышта қазақтың екінші ғарышкері Т.Мұсабев көк байрақты желбіретті.
1995 жылы ұлы Абайға 150 жыл толды.
1996 жыл Жамбыл жылы. Тәуелсіздік монументі орнатылды.

2-жүргізуші Гулнұр: 
1997 жылы «Қазақстан – 2030» стратегиясы қабылданды.
1998 жылы Ақмола атауы Астана деп өзгертілді.
Астанада алғаш рет Бәйтерегіміз салынды.

1-жүргізуші Мақсат: 1999жыл Қорқытқа 1500 жыл тойын Қызылордада тойладық.
2000жылы – Мәдениетті қолдау жылы.

2001 жылы 18мамырда – Күлтегін ескерткішінің көшірмесін И.Тасмағамбетов Астанаға әкелді.

2-жүргізуші Гулнұр: 

2002 жылы – Денсаулық жылы.
2003-2005 жылдары Ауыл жылдары: 2006жылы - Сыр елі өнер ордасы
2007жылы төл теңгеміз жаңа түрмен айналымға түсті.
2008жылы Қазақстанның бас ордасына Астанаға 10 жылдығы тойланды.


Мақсат «Көк тудың желбірегені»



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 9 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
«Т?уелсіздік-ел т??ыры»

Автор: Байгабулова Гульжанар Айтжановна

Дата: 25.12.2014

Номер свидетельства: 147759


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства