kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сыныптан тыс т?рбие са?аты "Мені? Отаным ?аза?стан"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Адамзат баласы жер бетіне жарал?аннан бастап ілім іздеп, о?у о?умен ?атар жер жа?анны? ??пия сырлырын ашумен келеді. Талмай е?бек етумен ізденісті? ар?асында ?зіне де ?зге де д?ниені? ??пиясын ашып к?рсетпек. Осы т?р?ыда е?бегі ?лщеусіз ?з баласынан ?згені? баласын арты? к?ріп, ?ам?ор бола білетін жан ол – ?стаз. ?з бойында?ы жа?сы ?асиеттерді, ал?ан білімін ш?кірітіні? бойына дарытып аянбай е?бек ететін жандар. «?стаз ?лы — т?л?а»- дегендей б?ріміз де ?стаз алдынан ?ттік.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сыныптан тыс т?рбие са?аты "Мені? Отаным ?аза?стан"»

Күні:

Сыныбы:11

Тақырыбы: Менің Отаным – Қазақстан!
Мақсаты: 
Білімділік: Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту; 
Дамытушылық: Отанын, туған жерін қорғай білуге, халқымыздың талантты ақындарының өлеңдері мен ата - бабаларымыздың өнгеге етіп қалдырған даналық сөздері арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа, атамекенін көздің қарашығындай сақтай білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу; 
Тәрбиелік: Ойларын жүйелі түрде жеткізе білу, шығармашылықпен жұмыс жасап, мәнерлеп өлең оқып, мағынасын түсіне білу дағдыларын дамыту.
Көрнекілігі: Елбасы суреті, Қазақстан Республикасының картасы, рәміздер, авторларының суреттері, қанатты сөздер, гүлдер, слайд, Астана қалаларына байланысты суреттер, бейнетаспалар.
Әдісі: сұрақ - жауап, әңгімелеу, түсіндірмелі
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Армысыздар, құрметті ұстаздар мен тәуелсіз еліміздің ұлағатты ұрпақтары.

Сіздерді бүгінгі білім күнімен құттықтаймыз. Елбасы өз жолдауында жастарға: сендер болашаққа деген үкілі үмітіміздің тірегісіндер. Біздің бүгінгі атқарылып жатқан шаруамыз сіздер үшін жасалды.

«Сендер Тәуелсіз Қазақстан еліміздің перзентісіндер, тәуелсіз елде туып, тәуелсіз елде тәрбие алдындар. Сендердің азат ойларымен кемел білімдерін біздің қол жетпес мақсаттарымызға апаратын құдіретті күш», - деді. Әрине жарқын болашақ білімді жастардың қолында деп санаймын. Елбасымыз жастар ұрпақтың сапалы біліммен саналы тәрбие алуына баса мән беруде. Жастардың заман талабына сай білім алу үшін үлкен мүмкіндіктер жасауда. Осының барлығы егеменді еліміздің халыққа деген ыстық ықыласы мен көзқарасының арқасында.

Біз бүгін 11 А, Ә сыныбымен бірлесе отырып, «Менің Отаным - Қазақстан» тақырыбында тәрбие сағатын өткелі отырмыз. Өту барысында өз Отанымыз туралы ой - пікірлерімізді ортаға салып, өз ойларыңнан жазған шығармаларыңды тыңдаймыз.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады.
- Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады екен?
- Қазақстан
- Қазақстан жері қандай?
- Қазақстан жері үлкен, әдемі, әрі бай.(Қазақстанды таныстыру видеосы)
- Дұрыс айтасыңдар, балалар, Қазақстан жері батыстан шығысқа қарай 300 000 шақырымға, солтүстіктен оңтүстікке қарай 1700 шақырымға созылып жатыр.
- Біздің еліміз - жерінің кеңдігімен қатар, табиғи байлығы да мол мемлекет. Өріс толы малы, тайдай тулаған балығы, теңіздей толқыған егіні, дала толы аң - құсы, таусылмас кен байлығы да жеткілікті, мол.
Ән: «Атамекен» Моматай Ақботаның орындауында
- Балалар, «Отан» деген сөзді қалай түсінеміз?(ой - пікірлерін тыңдау)
- Осы айтылған ойларымыздың дұрыстығына көз жеткізу үшін қазір мынадай өлең шумақтарын тыңдап көрсек.
1 Жүргізуші
Көп аузынан түспейтін, Отан - сенің ата - анаң,
Отан деген немене?, Отан - досың, бауырың.
Оның тұлға түс кейпін, Отан - өлкең, астанаң,
Достым білгің келе ме? Отан - аудан, ауылың.
2 Жүргізуші  
Отан - жерім, Отан - суым,
Отан - қуат, нәр береді.
Отан - ұран, Отан - туым,
Отан мәңгі гүлденеді.
Сүйемін мен Отанымды,
Гүл жайнаған жерімді.
Сүйемін мен ата - анамды,
Мені өсірген елімді.

1 Жүргізуші
«100 нақты қадам». Бұл – жаһандық және ішкі сын-қатерлерге жауап. Аталмыш құжат аурудың сыртқы белгілерін сылап-сипап қою емес, дендеген дерттің жүйелі емі болып табылатын қоғам мен мемлекетті түбегейлі қайта өзгертуге негізделген. Бүгін еліміздің басты мерзімді басылымдары Елбасы ұсынған 5 институционалды реформаны жүйелі жүзеге асыру тұрғысында 100 нақты қадамын жариялады.
Дамудың іргетасы — патриотизм

 Бүгінгі күні Қазақстанның алдына қойып отырған басты мақсаты — әлемдегі дамыған отыз елдің қатарына қосылу. Адамзат баласы дамып-өркендеудің үлкен бір шыңына жеткен сынды көрінетін ХХІ ғасырда даму, алға жылжу қай ел үшін де, соның ішінде Қазақстан үшін де оңайға соқпасы анық. Сондықтан, құжатта атап өтілгендей, мемлекеттігімізді нығайтып, жолдан адаспауға, күрделі кезеңнен сенімді өтуге жағдай туғызу үшін беріктік қорын жасап беруге бағытталған осы «100 нақты қадам» жоспары көпшілік тарапынан қолдау тауып отыр.

Нақты көрсетілген 100 қадамның ішінде 85-қадам — «Мәңгілік Ел» патриоттық актісі жобасын әзірлеу. Елімізде өткен жылы қабылданған Қазақстан Республикасының мәдени саясат Тұжырымдамасында жаңа мәдени саясаттың стратегиялық басым бағыты — «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы екені атап көрсетілген болатын. Облысымыздың мәдениет саласының қызметкерлері жыл сайын, орта есеппен алғанда,  20 мыңнан астам мәдени-көпшілік шара ұйымдастырады екен. Бұл шаралардың әрқайсысын өткізуде ұлтты біріктіруге, мемлекеттілікті нығайтуға қызмет ету, жас ұрпақ тәрбиесіне үлес қосу сынды асқақ мақсаттар көзделеді.

Қай мемлекеттің де өркендеп-дамуына азаматтарының Отанға деген сүйіспеншілігі, патриотизмі іргетас болады. Осы орайда 89-қадамда мектептік білім берудің қолданыстағы оқу бағдарламаларына Мәңгілік Ел құндылықтарын енгізу жөнінде айтылған. Біз «Болашақ — жастардікі» дейміз. Расында, алдағы жылдарда елді дамытатын да, сол дамыған дәуірдің жемісін көретін де — жастар. Жастарымыздың білімді, денсаулықтары мықты болып өсулері үшін ғана емес, сонымен қатар, олардың өз елінің шынайы патриоттары болып ержетуі жолында тер төгу бүгінгі аға буын өкілдері үшін зор міндет деп білемін.

11 Ә сынып оқушылардың орындауында
1 Жүргізуші
Отан деген - атамекен,
Отан деген - туған жер.
Отан - ана, Отан - пана,
Қазақстан - туған ел.
Туған жерін сүймейтін адам жоқ. Олай болса, туған жер туралы қандай мақал – мәтелдер біледі екенбіз?
1. Туғанжер - тұғырың
Туған ел - қыдырың.
2. Туғанжердіңкүні де ыстық, түні де ыстық.
3. Туғанжер – алтын бесік.
4. Туған жердің топырағы да ыстық.

Ән: «Ұстазым» Моматай Ақботаның орындауында
Отан дегеніміз – адамның туып өскен жері, туған - туысқандарымен, жақындары мен бірге тұратын атамекені. Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны – Қазақстан Республикасы.
Бәрі: Қазақстан – Туымен тұғырлы,
Елтаңбасымен еңселі,
Әнұранымен айбатты.
Мұғалім:- Балалар, 1992 жылы 4 маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер - Елтаңба, Ту бекітілді. Міне, бүгінгі таңда Қазақстан өз алдына Тәуелсіз мемлекет. Біздің өзіміздің Туымыз, Елтаңбамыз, Әнұранымыз бар. Егеменді Қазақстанбыз.

Хор: «Көк тудың желбірегені» (оқушылардың оындауында)
1 Жүргізуші
Тас жаратын семсердей тілімдесің
Жүрегімде, дінімде, ділімдесің.
Байлығым, бақытымсың, ардақты Отан
Ойым да, түнім де, күнімдесің.
2 Жүргізуші
Жаңа ғана қазағымның таңы атты,
Алу мақсат Ел деп алғыс сауапты.
Әр отбасы, әрбір қазақ, әр адам,
Тәуелсіздік сақтау үшін жауапты.

11 Ә сынып оқушылардың өнерін тамашалаңыздар
2 Жүргізуші
Отан – менің өзегім,
Қиының болса төземін.
Алдағы бақыты шақтарды,
Жүрегіммен сеземін.

1 Жүргізуші

Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді
Отан дейміз туған жер, атамекен
Биік тау, орман, тоғай көлімізді
Қойнауы мол кенге тұнған
Кең жайлауы малға толған,
Жерұйықтай жері дархан
Жаны жомарт елі дархан
Бәрі: Ол біздің - Қазақстан!
Қорытынды:

Хор: «Қазақстан бақытты» (оқушылардың орындауында )
Тілек.
(Оқушыларға стикерлер таратылады. Өз тілектерін жазу керек. Болғаннан кейін жеміс ағашқа іледі.)
- Балалар! Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы екен. Отансыз адам болмайды. Отанымыз көркейіп, гүлдену үшін біз көп еңбектенуіміз керек. Еңбектену дегеніміз білімді, тәртіпті болуымыз.
Мұғалім:
Біз - тәуелсіз қазақ елінің ең жас жеткіншектеріміз. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді, әкелеріміз бен аталарымыз сияқты қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиісті екенімізді естен шығармайық дегім келеді.




























































http://www.search.ask.com/search?apn_dtid=%5EBND533%5EYY%5EKZ&d=533-102&atb=sysid%3D533%3Aappid%3D102%3Auid%3D843de0b16716dc9b%3Auc2%3D482%3Atyp


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 11 класс

Скачать
Сыныптан тыс т?рбие са?аты "Мені? Отаным ?аза?стан"

Автор: Усенкулова Сарбина Ермековна

Дата: 05.03.2016

Номер свидетельства: 302362


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства