"?аза? ханды?ы - м??гілік ел бастауы" сыныптан тыс ж?мысты? ма?саты о?ушыларды? тарих п?ні бойынша ал?ан білімдерін тексере отырып, ?зара білім сайысына т?сіру. ?аза? ханды?ыны? 550 жылды?ына орай ?йымдастырыл?ан іс-шара о?ушыларды патриоттылы??а т?рбиелейді деп есептеймін. О?ушыларымыз білімді ж?не ?з еліні? жанашыры болуына тілектеспін.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Сыныптан тыс ж?мыс(9-11 сыныптар)»
Күні:
Тақырыбы: «Қазақ хандығы - мәңгілік ел бастауы" интелектуалдық сайыс сабағы
(9-10 сыныптар арасында)
Мақсаты: Оқушылардың тарихи білімдерін саралап, «Қазақ хандығының 550 жылдығы» мерекесін «тәуелсіздік» ұғымымен байланыстыру арқылы ұлтжандылыққа баулу.
Міндеттері:
Білімділік: Сайыскерлердің Қазақ хандығының құрылу, нығаю, даму жылдардындағы шежіресін, қазақ хандарының қызметі және сыртқы саясаттағы рөлі жайлы білімдерін тексеру.
Дамытушылық:оқушыларының өзара сайыста жылдам ойлау, тез шешім қабылдау, өз пікірін жеткізе білу бойынша дағдыларын қалыптастыру, топпен жұмыс жасау дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: Ел ертеңі жастарды ұлтжандылыққа, өз елін, туған жерін сүюге, тарихын құрметтеуге тәрбиелеу.
Түрі: интелектуалдық сайыс
Сайыстың жоспары:
Iтур – “Толған ел тарихын таспен жазады...” (тарихтан сұрақтар)
- Қатысушыларды ортаға шақыру, таныстыру(«Керей» тобы – 9 сынып, «Жәнібек» тобы – 10 сынып)
- Әділқазылар алқасымен таныстыру;
- Сайыстың мақсатымен, шарттарымен таныстыру;
Негізгі бөлім:
І. «Толған ел тарихын таспен жазады» (Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай)
«Керей» тобы
Алтын Орда ыдырағаннан кейін қандай жаңа мемлекеттер құрылды?
А) Сібір хандығы, Қазан хандығы, Астрахан хандығы
Керей мен Жәнібек сұлтандар қай жерде қазақ хандығының ұлттық туын тігіп, 1465-1466 жылдары Қазақ хандығын құрды?
А) Батыс Жетісу жерінде
Қазақ хандығының құрылуы туралы қай тарихшы жазды?
С) Мұхаммед Хайдар Дулати
Қазақ хандығының ұлттық туы тігілген жер?
А) Қозыбасы
ХVІ ғасырдың соңындағы Қазақ хандығының астанасы?
С) Түркістан
Қазақ халқының ұраны болған сөз:
С) Алаш
7. Қазақтың халық болып қалыптасуының барысын бұзған шапқыншылық.
В) Жоңғар шапқыншылығы
8. 1710 жылы жоңғарлар шабуылын тойтару мәселесін талқылаy үшін қазақ жүздерінің өкілдері бас қосқан жер.
А) Қарақұм
9. “92 баулы өзбек” шежіресінде қай хандық туралы айтылады?
С) Ноғай Ордасы
10. Бұл кезеңде бейқам отырған қазақтар аямай қырылды. Жоңғарлар Жетісуды, Ұлы жүзді қырып-жойып, Ұлы жүз, Кіші жүз жеріне де жетті. Халық басы ауған жаққа шұбырды. Ұлы Жүз бен Орта Жүздің қазақтары Самарқан пен Ходжентке қарай шұбырды. Кіші жүз қазағы Хиуа мен Бұхараға ағылды. Босқындардың біразы Сырдың сол жағындағы Алакөл маңына топтасты. Халық бұл кезеңді қалай атады?
В) «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама»
«Жәнібек» тобына
Қазақтарды «Ислам дініне сенетін халықтар» деп кім жазды?
С) А.Дженкинсон
2. Шығай хан мен Тәуекел сұлтанға Абдаллах хан риза болып қай жерді сыйға береді?
В) Ходжент
3. 1598 жылғы шайқаста екі жақтың билеушісі де қаза болып, екі хандық хансыз қалды, бұл хандықтар:
B) Қазақ хандығы мен Өзбек хандығы
4. Бейбітшілік жағдайында ханның рұқсатынсыз жол берілмейді:
А) Көшіп-қонуға
5. 1726 жылы болған «Қалмақ қырылған» шайқасының маңызы:
А) Қазақстанның солтүстік-батысы азат етілді
6. XVI ғасырдың II жартысында Қазақ хандығының күш
қуатын беделін арттырған, жерін кеңейтуге себеп болған
тарихи оқиға:
A) Мәскеуге қосылуды жақтаған Ноғай ұлыстарын талқандап, өзіне қосып алуы
XVI ғасырдың II жартысында Жетісу қазақтарының жағдайын ауырлатқан оқиға:
Ойраттардың тонаушылық жорықтары
Қазақ хандығының құрылымы сатыдан ... тұрады:
С) жеті
9. Ресейдің Шығыспен сауда қатынасын өрістету үшін Қазақстан «Кілт және қақпа» ролін атқарады деген патша:
С) I Петр
10. XVIII ғ. II ж. қазақ – орыс саудасының белгілі орталықтары.
А) Семей, Өскемен, Бұқтырма
ІІ. “Мәнді цифрлар”(Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай)
«Керей» тобы
Қазақ хандары Сыр бойындағы қалалар үшін қанша жыл соғысты?
30 жыл
Әбілқайыр хан Ақ Орда билігін өз қолына алу
үшін қанша жылға жуық күрес жүргізген?
20 жыл
1643 жылы Қазақ ханы Жәңгір асығыс қол жинауға
үлгермей, жоңғарлардың 50 мыңдық қалың қолына
қанша жауынгермен Орбұлақ шайқасында қарсы тұрды?
600
Есім хан Жетісу жеріне енген қалмақтарға қарсы
жорыққа аттанады. Осыны пайдаланған інісі Тұрсын хан
Түркістанды шауып, Есім ханның балалары мен әйелін
тұтқындап Ташкентке әкетеді. Осыған байланысты
тарихта Тұрсын хан бүлігі немесе “Қатаған қырғыны” қай
жыл танылды?
1627 жыл
Қай жылы Айғыржар деген жерде қазақ-бұхар соғысы болды?
1603 жыл
«Жәнібек» тобы
Хақназар қайтыс болғаннан кейін хан тағына Жәнібек ханның немере інісі, неше жастағы Шығай хан отырады?
80 жас
Қазақ хандығын Хақназар хан қанша жыл биледі?
42 жыл
Қазақстанның Ресейге қосылуының басталған жылы:
1731 жыл
Есім хан қай жылы Имамқұли басқарған Бұхар әскерін жеңіп шықты?
1611 жыл
Қазақтар қай ғасырларда ресми түрде ислам дінін ұстанды?
Қасым ханның кезінде Қазақ мемлекеті халқының саны қаншаға жетті? В) 1 млн
Хақназар хан:
Хақназар хан қай жылдары ел биледі? С) 1538-1580 жж
Хақназар хан кіммен «дос болып, өзара көмектесу» жөнінде «ант беріскен шарт» жасасты? С) ІІ Абдаллахпен
Тәуекел хан:
Тәуекел хан қай жылдары ел биледі? С) 1582-1598 жж
Тәуекел хан Өзбек хандығының қай қаласын 20 күн қоршауда ұстаса да ала алмады? Бұл шайқаста ол ауыр жараланып, өз әскеріне кейін шегінуге бұйрық беріп, көп кешікпей ауыр жарақаттан қайтыс болды.
В) Бұхара
Есім хан:
Есім хан қай жылдары ел биледі? С) 1598-1628жж
Есім ханның билігі кезінде 1613-1614 жылдардың шамасында оған қарсы тұрған, Ташкент қаласында өзін тәуелсіз ханмын деп жариялаған кім?
В) Тұрсын хан
Тәуке хан
Тәуке хан қай жылдары ел биледі? С) 1680-1715жж
Тәуке ханның тұсында жасалған заң жинағы қалай аталады? А) Жеті жарғы
«Жәнібек» тобына:
Қасым хан
Қасым ханның қанша атты әскері болды? С) 300 мың
Қасым ханның заңдар жинағы қалай аталады? А) Қасқа жол
Хақназар хан
Хақназар хан қай ханның баласы? В) Қасым хан
Хақназар ханның сыртқы саясаттағы бағытын өзгертуге әсер етті:
B) Сібір ханы мен Моғолстан билеушілерінің шапқыншылық жорықтары
Тәуекел хан
Сібір хандығының қол астындағы қазақ тайпалары қай жылы Қазақ хандығының құрамына келіп қосылды?
С) 1582 ж
1583 жылы «Ант беріскен шартты » бұзып, Тәуекел хан Өзбек ханнан қайтарып алған қалалар:
А) Сауран, Түркістан, Отырар, Сайрам
Есім хан
Есім хан Тұрсын ханға ілесіп, бейбіт елді ойрандауға белсене қатысқан Қатаған руын жазалады. Тұрсын ханның бұл бүлігі тарихта қалай аталады? А) Қатаған қырғыны
Есім ханның басты мақсаты:
B) Хандықты бір орталыққа бағындырған мемлекет етіп құру
Тәуке хан
Тәуке хан ел билеуде кімдерге арқа сүйеді? В) Билерге
Тәуке ханның сыртқы саясаттағы мақсаты: С) Көрші мемлекеттермен одақ құру және бейбіт қатынас орнату
ІV. “ЕРЛІКТІ ТАБА БІЛУ, ЕРДІ ТАНИ БІЛУ” (Ел билеген хандар қай ұрпақтан?)
«Керей» тобы:
Керей хан кімнің ұлы?
Болат сұлтанның ұлы
Жәнібек хан кімнің ұлы?
Барақ ханның ұлы
Қасым хан кімнің ұлы?
Әз Жәнібектің ұлы
Хақназар хан кімнің ұлы?
Қасым ханның ұлы
«Жәнібек» тобы:
Тәуекел хан кімнің ұлы?
Шығай ханның ұлы
Есім хан кімнің ұлы?
Шығай ханның ұлы
Жәңгір хан кімнің ұлы?
Есім ханның ұлы
Тәуке хан кімнің ұлы?
Салқам Жәңгір ханның ұлы
V. “ЕРЛІК – ЕЛ ЕСІНДЕ” (ескерткіштер)
«Керей» тобы:
1. Керей мен Жәнібек ескерткіші 2010 жылы қай қалада ашылды?
Жауабы: Астана қаласы
2. Петропавл қаласында қай ханның резиденциясы орналасқан?
Жауабы: Абылай хан резиденциясы
Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауидің кесенесі қай билеушінің бұйрығымен тұрғызылған?
Жауабы: Әмір – Темір
Бұл кесене 1228-1230 жж Қаракеңгір өзенінің сол жағалауында, Жезқазғанның солтүстік шығысынан 55 км қашықтықта орналасқан (жергілікті халықтың арасында дәл осы маңда құпия жағдайда 1227 жылы аң аулап жүріп ....хан қайтыс болған деген әңгіме сақталған).
Жауабы: Жошы хан кесенесі
«Жәнібек» тобы
2007 жылы Астана қаласында қай батырдың ескерткіші ашылды?
Жауабы: Бөгенбай батыр
Жоңғарларға қарсы күрескен бұл батырдың 2006 жылы 300 жылдық мерейтойына орай Алматы облысының Қарасай ауданының аумағындағы биік төбе басына ескерткіш орнатылды.
Жауабы: Наурызбай батыр
Жоңғарларға қарсы күресте атағы шығып, Абылай ханның ту ұстаушыларының бірі болған батырдың ескерткіші 2009 жылы Талдықорған қаласында орнатылды.
Жауабы: Талдықорған
Қарағанды облысында 2014 жылы атақты Абылай ханның ақылшысы қай жыраудың еңселі ескерткіші бой көтерді?
Жауабы: Бұқар жырау
VI.Мақал-мәтелдер:
Батыр болсаң – жауыңа найзаң тисін,
Бай болсаң – еліңе пайдаң тисін.
Ел үмітін ер ақтар,
Ер атағын ел сақтар.
Ақылдан асар амал жоқ,
Батылдар алмас қамал жоқ.
Елінен безген ер болмас,
Көлінен безген қаз болмас.
Жат жердің қаршығасынан,
Өз еліңнің қарғасы артық.
Ерінен айырылған көмгенше жылайды,
Елінен айырылған өлгенше жылайды.
Атамекен — анаң екен,
Қысылғаңда панаң екен.
Пәлен жерде пайда бар,
өз жеріңдей қайда бар?
VII. “АТА-БАБА МҰРАСЫ - САРҚЫЛМАЙТЫН ҚАЗЫНА” (жыраулар туындылары)
«Керей» тобы:
«Қырында киік жайлаған...» толғауының авторы кім?
С) Асан қайғы
Көтеш ақынның жас кезінде даңқын шығарған өлеңі қайсы?
C) «Абылай, Ботақанды сен өлтірдің...»
Жиембет жыраудың «Еңсегей бойлы Ер Есім» толғауы жарық көрген жинақ қайсы?
А) Жақсы үгіт
Мойынқұм өңіріндегі Хан тауын Шыңғысханның үлкен ұлы Жошы хан мекендегенін тарих растайды. Бұл өңір ол кездері құландардың мекені болған деседі. Бірде Жошы ханның еріккен баласы қасында адамдары бар аңға шығады. Аңшылар сай-саймен бөлініп кеткенде хан баласы бір топ құланның үстінен түседі. Топтың ішіндегі құланның жасамысы баланың жасаған айбарына қарамай (құландардың күйлеп жүрген кезі болса керек, қызғаныш туғызыпты) ат үстінен баланы шайнап, жұлып алып таптап, тепкілеп өлтіреді. Хан қаһарына мініп құлан біткенді қырамын деп ор қазып құландарды қамаған жер, құланды қырған ор «Ханның оры» атанады. Олардың сілемдері әлі жатыр. Аңыз әңгімелерде осы оқиғаға байланысты «Ақсақ құлан» күйін ХІІІ ғасырда өткен, атақты күйші Ершедегей деген адам шығарған екен. Қырылған құландардың сүйегі тау-тау болып үйілген жерді кейін Ақсүйек деп атайды.
Жауабы: “Ақсақ құлан” күйі.
«Ерке сылқым» күйі - күйші Әбдімомын Желдібаевтың ел арасында кең танылған күйі. Күйдің шығу тарихи жөнінде күйші Түркістан газетіне берген сұхбатында былай дейді: «Бiз де бүгiнгi жастардай жiгiт болғанбыз. Бойдақтық өмiрдi бастан кештiк. Ауылдағы топ қыздардың арасынан жар таңдадық. Бұл күйдiң кейiпкерi өмiрде бар. Қайтейiн тағдыр бiздi бiр-бiрiмiзге қоспады. Соңғы рет кездескенде мен: “Бәрiбiр менiң саған деген махаббатымды ешкiм де өшiре алмайды” – деген едiм. Жас ұлғайып, шау тартты демесең ол ауылда аман-есен жүр. Көңiл шiркiн қартаймайды екен. Сол махаббатым қыз кезiнде қандай едi! “Толған айға” теңесем де, “ашылған гүлге” теңесем де сөзбен айтып жеткiзе алмайтын секiлдi болып, сенделiп ұзақ жүрдiм. Ақыры оны тек күйдiң жүрек қылын шертетiн әуенiмен ғана жеткiзуге болатынын сездiм. Сол сезiм жанымды жаулап алды. “Ерке сылқымның” әуенiн тапқанша 20 жыл уақытым кеттi”.
«Жәнібек» тобы:
Бұқар жырау бірнеше ханмен замандас болса да, солардың арасынан екі ханға ықылас танытқан. Олар кімдер?
С) Абылай хан мен Тәуке хан
Әйел, келін, қыздар туралы көптеген өлеңдер шығарған ақын кім?
В) Шал ақын
3. Махамбет Өтемісұлының Исатайға арнап шығарған туындысы:
С) Тарланым
4. 1723 жылы Жоңғар шапқыншылығы кезінде болған «Ақтабан шұбырынды» ел босып жүрген кезінде, халық күйшілері домбыраның көмейінен осы күйді күңіренткен. Қайғыға толы, орташа екпінде орындалатын күй.
Жауабы: «Ел айырылған» күйі
Құрманғазының күйі ауыл жастарының ойын сауығына арналған. Исатай көтерілісінің басылған кезеңінде қынжылу нәтижесінде туған «Кішкентайдан» кейін күйші уайым теңізіне бата бермей, онсыз да еңсесі басылып, шаршап отырған халықтың көңілін көтеріп, болашақтан үмітсіз емес екенін күй тілімен айтып бергісі келгендей осы күйін шығарған.
Жауабы: “Балбырауын”
Қорытындылау:
«Керей мен Жәнібек 1465 жылы алғашқы хандықты құрды, қазақтың мемлекеттілігінің тарихы сол кезден бастау алады. Бәлкім ол бүгінгі шекарасындағы, бүкіл әлемге осынша танымал әрі беделді, осы ұғымның қазіргі мағынасындағыдай мемлекет болмаған да шығар. Бірақ бұлай деп сол кезеңдегі басқа да барлық мемлекеттер туралы да айтуға болады. Ең маңыздысы, сол кезде оған негіз қаланды, біз – бабаларымыздың ұлы істерінің жалғастырушыларымыз. Бүгінде біздің еліміз барлық таяу мемлекеттермен көпғасырлық достық және тату көршілестік дәстүрлерін сақтап отыр. Осы қарым-қатынасты әрдайым сақтағанымыз жөн» Н.Ә.Назарбаев
Бүгінгі сайыс сабағында өздеріңіз үйренген және білгендеріңіздің ішінде ең маңыздысы қандай жәйт болды?
Бүгінгі үйреніп, білгендеріңіз Сіз үшін болашақта қажет болады деп ойлайсыз ба?