kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сыныптан тыс "XXI ?асыр к?шбасшысы" интеллектуалды? сайысы

Нажмите, чтобы узнать подробности

                         Интелектуалды? - танымды? сайыс.

  Та?ырыбы: «Мені? елім – к?н келбетті, н?р с?улетті ?аза?стан!»

        Ма?саты: о?ушыларды ?азіргі заман талабына сай тере? білім алу?а ынталандыру. ?азіргі ылыми білім негізінде д?ниеж?зіні? ?ркениет ??ндылы?тарымен ?арулану?а бейімдеу. О?ушыларды? жан-жа?ты білімін дамыту,ойлау, с?йлеу ?абілеттерін шы?дау.

 Сайыс?а ?атысушылар: 9 сайыскер, ?діл?азылар.

 Барысы:

Ж?ргізуші:  «Мені? елім – к?н келбетті, н?р с?улетті ?аза?стан!» атты танымды? сайысымызды бастау?а р??сат еті?іздер.

 Сайыс?а ?атысушылар:

1.Байдильдина Саулемай

2. Галимжанов Серик

3. Елубай Л?йлім

4. Ерсаева Канагат

5. Еслбаева Айгерим

6. Жукенов Нурлыбек

7. Жумина Каникамал

8. Нурахметова Балнур

9. Утегенова Назым

Сайыскер, сіздерге с?ттілік тілейміз!

Сайыста ба? сыналар, бап сыналар

Бас ж?лдені ?нерлі, тап?ыр алар

Кім ?нерлі,кім тап?ыр -шешу ?иын

?азылар ал?асы болмаса ны? сын алар дегендей кез келген сайыс ба?алануы тиіс. Осыны? аражігін ажырататын ?азылар ал?асы деген болады. Б?л жарысыты? ажырамас бір б?лшегі, біз де сол ?рдіс бойынша ?ділдігін айтып, тура шешім шы?арар ?азылар ал?асын сайлап алса?. /

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сыныптан тыс "XXI ?асыр к?шбасшысы" интеллектуалды? сайысы»

XXI ғасыр көшбасшысы

Интелектуалдық - танымдық сайыс.

Тақырыбы: «Менің елім – күн келбетті, нұр сәулетті Қазақстан!»

Мақсаты: оқушыларды қазіргі заман талабына сай терең білім алуға ынталандыру. Қазіргі ылыми білім негізінде дүниежүзінің өркениет құндылықтарымен қарулануға бейімдеу. Оқушылардың жан-жақты білімін дамыту,ойлау, сөйлеу қабілеттерін шыңдау.

Сайысқа қатысушылар: 9 сайыскер, әділқазылар.

Барысы:

Жүргізуші: «Менің елім – күн келбетті, нұр сәулетті Қазақстан!» атты танымдық сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Сайысқа қатысушылар:

1.Байдильдина Саулемай

2. Галимжанов Серик

3. Елубай Ләйлім

4. Ерсаева Канагат

5. Еслбаева Айгерим

6. Жукенов Нурлыбек

7. Жумина Каникамал

8. Нурахметова Балнур

9. Утегенова Назым

Сайыскер, сіздерге сәттілік тілейміз!

Сайыста бақ сыналар, бап сыналар

Бас жүлдені өнерлі, тапқыр алар

Кім өнерлі,кім тапқыр -шешу қиын

Қазылар алқасы болмаса нық сын алар дегендей кез келген сайыс бағалануы тиіс. Осының аражігін ажырататын қазылар алқасы деген болады. Бұл жарысытың ажырамас бір бөлшегі, біз де сол үрдіс бойынша әділдігін айтып, тура шешім шығарар қазылар алқасын сайлап алсақ. / әділ қазылар алқасын сайлау/.

Сан ғасырлар тарихынан кешегі,

Туған жердің шежіресі өседі.

Менің елім Қазақстан -Отаным.

Болашағы бізбен бірге өседі - демекші сайыскерлерімізге сәттілік тілейік.

Сайысымыздың жоспарымен таныс болыңыздар


Жоспар.

1кезең

БӘЙГЕ

2 кезең

ҒАЖАЙЫП ЖЕТІЛІК

3 кезең

ЖАНДЫ СҰРАҚ

4 кезең

ШЕШЕНДІК ӨНЕР

1 кезең Бәйгеде сұрақтар берілген оған оқушылар бірінші болып тетікті басқан оқушы жауап береді. Егер де жауап бере алмаса келесі тетікті басқан оқушы жауап бере алады. Әр жауап 3 баллдан есептеледі. Балы аз екі оқушы ойыннан шығарылады.

2 кезең Ғажайып жетілікте оқушылар әр тор көзден өзі білем деген пәні бойынша тор көзді таңдап, жауап берген жағдайда сол балдық жүйе беріледі. Балы төмен 3 оқушы келесі 3-ші кезеңге өте алмайды.

3 кезең Жанды сұрақта оқушылар әр тор көзден өзі білем деген санды таңдайды, егерде жауап берген жағдайда 10 балл беріледі. 2 кезеңде қалған 4 оқушыдан балы аз 2 ойыншы ойыннан шығады.

4 кезең Шешендік өнерде балы жоғары 2 оқушы қалып сайысқа түседі. Бұл ойынның ережесі бойынша оқушылар берілген тақырыпта өз шешендік өнерлерін көрсетеді.

Жүргізуші: Балалар биыл гимназиямыздың ашылуына неше жыл толады? /Жауап:15 жыл/ Ендеше бүгінгі сайысымыздың бірінші кезеңінде «Бәйге» 15 сұрақтан құрылған. Аз ұпай жинаған 2 оқушы ойыннан шығады.

1 кезең «Бәйге» сұрақтары:

1.Грек авторлары «Азиялық скифтер» деп атаған тайпалар: Сақтар

2. Солтүстік Қазақстан жеріндегі 158 тұрғын үй табылған энеолиттік тұрақ : Ботай

3.Ертедегі адамдардың маймылдар мен жануарлардан басты айырмашылығы : Еңбек құралдарын жасай білуі

4. Ғұндарда опасыздық жасағандарға берілген жаза түрі :

А) өлім жазасы

5. Б.з.б. II -I ғасырларда Қытай елімен сауда байланысын жасаған :

Д) Үйсін мемлекеті

6. 542 жылы «түрік» этнонимі бірінші рет қандай деректерде қолданылған? Д) Қытай

7. Ежелгі Түрік жазбасы қалай аталады? С) Руна

8. Темучин ең жоғарғы билеуші Шыңғыс хан болып сайланды:

Д) 1206 ж.

9.« Жеті Жарғы» бойынша ер адамның құны қанша малға теңестірілген? Д) 1 000 қойға

10. 1916 жылғы көтерілістің басталуына қандай оқиға түрткі болды?

В) патшаның маусым Жарлығы;

11. 1916 жылғы қозғалыс Қазақстанның қай жерінде болды?

А) Торғай, Жетісу;

12.«Алаш» партиясы бағдарламасының жобасы жариялаған газет:

А) Қазақ

13. Қазақстаннң жаңа астанасы -Астананың салтанатты тұсау кесер тойы қашан болды? С) 1998 ж. маусым

14. Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша Мемлекеттік биліктің көзі кім? С) Халық

Жүргізуші: 2 кезең «Ғажайып жетілік» Бұл ойында балы аз оқушы жасырын тор көздерін ашады. Тор көздер астарында сұрақтар берілген. Дұрыс жауап берген жағдайда таңдаған тор көздің балы беріледі.

Тарих

Әдебиет

Тарихи тұлға

20

20

20

30

30

30

40

40

40


ТАРИХ – 20

«Қанқұмар Кир. Жеңіске желікпе.

Сен менің ұлымды ашық айқаста

қару құдіретімен жеңген жоқсың...»

Бұл сөзді кім айтқан?

Жауабы: Тұмар патшайым /Томирис/

ТАРИХ – 30

XV-XVII ғасырлардағы қазақ хандығының ең жоғарғы билеушісі хан болды. Ертеден келе жатқан салт бойынша хан сайлайтын адамды ақ киізге отырғызып, оны ең беделді сұлтан-билер үш рет көтеріп: «Хан! Хан! Хан!» деп айғайлаған. Одан кейін сол ақ киізді, бір жапырақтан бөлісіп алған. Бұл -хан сайлауына қатысқандықтың белгісі. Бұл салт қалай аталады?

Жауабы: «Ханталапай»

ТАРИХ – 40

Қала Есілдің көтеріңкі оң жағасына, өте маңызды екі темір жол магистралінің қилысына орналасқан. 1824 жылы Есілдегі әскери бекініс ретінде пайда болған, ал 1868 жылы қала мәртебесін алған. 1954 жылы тың игеруге байланысты аты өзгертілді. қазіргі кезде бұл қаланың атауы басқа. Бұл қай қала ?

Жауабы: «Астана»

ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ – 20

1938 жылы «Ленфильм» шығарған біздің халқымыздың бірінші дыбыстық филімін ата?

Жауабы: «Амангелді»

ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ – 30

Ерте күнде отты күннен ғұн туған.

Отты ғұннан от боп ойнап мен туғам.

Жүзімді де қысық қара көзімді

Туа сала жалынменен мен жуғам.

Өлеңнің авторы және қалай аталады?

Жауабы: Мағжан Жұмабаев «Пайғамбар»

ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ – 40

Естімеген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар:әуелі-көкірегі байлаулы берік болмақ керек; Екінші – сол нәрсені естігенде я көргенде ғибрәтлану /үлгі/ керек,көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек; үшінші – сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып,көңілге бекіту керек;Төртінші – ой кеселді нәрселерден қашық болу керек. Егер кез болып қалса, салынбау керек. Ой кеселдері: уайымсыз, салғыртық,ойыншы-күлкішілдік, я бір қайғыға салыну, я бір нәрсеге құмарлық пайда болу. Бұл төрт нәрсе -күллі ақыл мен ғылымды тоздыратұғын нәрселер. Абай Құнанбаевтың нешінші қара сөзі ?

Жауабы: Отыз бірінші қара сөз

ТАРИХИ ТҰЛҒА – 20

Құсмұрын, кадет корпусы, сурет, Достоевский.

Бұл сөздер кімді суреттейді?

Жауабы: Шоқан Уәлиханов

ТАРИХИ ТҰЛҒА – 30

Түркістан, ұлтан, Орта жүз, Уәли

Бұл сөздер қай тұлғаны суреттейді?

Жауабы: Абылай хан


ТАРИХИ ТҰЛҒА – 40

Шамалған,Қарағанды, «Нұр Отан», Астана

Бұл сөздер қандай тарихи тұлғаға қатысты?

Жауабы: Нұрсұлтан Назарбаев.

Жүргізуші : 3 кезең «Жанды сұрақ»

«Білім -бақтың жібермейтін қазығы

Білімсіз – бақ әлдекімнің азығы» /М. Әуезов/ - дегендей қазір таңдаған сандарыңызға қарай жанды сұрақтар қойылады әр сұраққа 10 ұпайдан беріледі.

1

2

3

4

1- Гимназия директорының сұрағы

2- Қазақ тілі пәні мұғалімінің сұрағы

3- Тарих пәні мұғалімінің сұрағы

4 – Бастауыш 4 сынып оқушысы сұрақ қояды

Жүргізуші: «Шешендік өнер»

«Білгенге: білім-байлық, бағасы артық,

Салмағы сан жетпейтін қорғасындай

Үйренсең өнер-білім, өшпес мұра

Таусылмас тау кенінің қордасындай» - деп Омар Шораяқұлы айтқандай, оқушыларымыздың сөйлеу шеберін сынайық. Ортаға бір тақырып беріледі оқушы өз шешендігін көрсетеді. Ұпайы 50 балмен бағаланады. Тақырып: «Менің елімнің әлемге танылуындағы азиада ойындарының маңызы»

/Сөз кезегі әділ қазыларға беріледі жеңімпазды анықтау/

Жүргізуші: Елбасымыздың мына сөзімен танымдық сайысымызды аяқтаймыз: «Ата – бабаларымыз аңсаған азаттық пен тәуелсіздікті алдық. Ендігі мәселе соны ертеңге жеткізу, келесі ұрпаққа, болашаққа Қазақстанның осы тәуелсіздігін аманаттау»

Мектеп қабырғасындағы білімді ұрпақ – ел тірегі. Қиялына қанат біткен , ойы ұшқыр, білімді жастар болатындарына сенімдімін. Ел болашағын білімді ұрпақ айқындайды.

Үлгі бізге аталардың ерлігі,

Ұлағаты, өнегелі еңбегі.

Тәуелсіздік туын ұстап жоғары,

Бүгінгі ұрпақ -болар елдің тірегі!








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
Сыныптан тыс "XXI ?асыр к?шбасшысы" интеллектуалды? сайысы

Автор: Куандыкова Арайлым Болатовна

Дата: 21.01.2016

Номер свидетельства: 280282


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства