Жүргізуші : Құрметті қонақтар , бүгінгі «Мұны ұмытуға болмайды» атты кешіміз бізге балалық шақ сыйлаған, бізге бейбіт өмір әперген Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналады.
1-жүргізуші: Қамықпаған қиындықтың үрейінен,
Өздеріңе сыйлап қырдың гүлінен.
Бүгінгі ұрпақ – бақытты ұрпақ атынан,
Құттықтаймыз Ұлы Жеңіс күнімен!
2- жүргізуші: Жеңіс деген жақсылықтың сыңары
Жігер менен құштарлықтың құралы
Күрескердің арманы мен ұраны
Қуаныш пен мерекенің бұлағы.
1-жүргізуші: Мезгілсіз өлген ардагер ұлдар айбыны
Желбіре тулар, толықсып тұрса май гүлі
Қуану керек, қуану керек десек те ...
Ұмыту қиын, ұмыту қиын қайғыны.
2- жүргізуші: Дәл осынау жадыраңқы май күні,
Болса дағы қай ғасырдың, қай күні.
Ұлы Отаным басын иіп бір минут
Есіне алмақ сол бір апат қайғыны.
Отанымызды жаудан қорғау жолында қасық қаны қалғанша шайқасқан ата – бабаларымыздың ерлік істерін құрмет тұтып, қан майданда мерт болған ерлердің рухына,бүгін арамызда асқар таудай болып жүрген аталарыле жамызға басымызды иіп тағзым етейік. ( 1 минут үнсіздік)
Көрініс . Соғыс алдындағы тыныш өмір. Ауылдағы бастанғы.
Бейбіт күннің тағы бір таңы атып келе жатқан.Төңірек құлаққа ұрған танадай жым – жырт еді. Кербез сұлудай керілген күн де алтын шашбауын жарқырата түсіп, таң шымылдығын жайлап түсіп жинай бастаған. Ағаш жапырақтарын сыбдырлата ескен ерекше бір қоңыр салқын жел соққан. Бейбіт өмірдің кәдімгі әдемі таңы.
(қыздар мен жігіттер айтысы)
Радиодан : Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!
Сөйлеп тұрған Москва !
Соғыс. Соғыс басталды. Фашистік Германия таң алдында еліміздің шекарасына тұтқиылдан басып кірді.
Отан сүйген азаматтар !
Соғыс?
Ойбай енді не болдық?
Керман дейді, жауызға не жетпейді екен ?
( боздақтар кіріп, қоштасады)
Ата: Жорытқанда жолдарың болсын!
Аман барып сау қайтыңдар .
Қыдыр ата жолдастарың болсын !
Құдай қолдасын ! Әмин!
Райымбек : Қош бол елім, қан майданға жөнелдім,
Жаным барда жаудың жолын бөгермін.
Я , болмаса омырауымнан оқ тиіп,
Жүрегімнің қанын жерге төгермін.
Болатбек : Барамын тартып батысқа,
Жортуыл, қырғын, түн қату,
Өлтіру, өлу, атысқа!
Жігіттің жігіт болғаны,
Жаудан елін сақтаса,
Жау шапқанда еліне,
Қояндай бұғып, қашпаса.
Атой сап жауға кіремін,
Ұлы Отаным , сен үшін!
Туысқан ұлы ел үшін,
Мына бір қалған бел үшін!
Менің жаным Отандық,
Отан деп өлем, өлсем де,
О, сүйікті, Отаным,
«Балам» деп көм, көмсең де!
(жігіттер құшақтасып қоштасады да бәрі саханадан шығып кетеді)
Ән : Майданға
Айымгүл : Бейбіт тіршіліктің шырқы бұзылды. Жым – жырт жатқан ел дүрбелеңге түсті. Мөлдір аспанды бұлт қаптады. Шаттық әні қайғылы үнге, нұрлы күнді қара түнге айналдырмақ болды. 1941 жылы 22 маусымда фашистік Германия Кеңес Одағына опасыздықпен шабуыл жасады. Бұл халық үшін ауыр кезең болды.
Гүлзат : Отанымызға қатерлі күн туды. Дүниедегі бейбітшілік бағына сұрапыл соғыс қаһарын төкті. Отанымызды қорғау үшін еліміздің көптеген ер – азаматтары майданға аттанды.Сол күндері елді мекендеген фашистік Германияны қарғап,зарлаған аналадың дауысынан құлақ тұнды. Соғыс ананы баласынан, баласын әкесінен , жастарды бар қызығынан айырды.Соғыс құйыны әр жанұяның шаңырағын шайқалтып, отын өшірді.
Сымбат : Барлық жұмыс соғыс талабына сай ұйымдастырылды. Партизан отряды құрылды «Бәрі де, майдан үшін» деген ұран тасталды. Еңкейген кәрі, өрімдей жас, еңбектеген балаға дейін елі, жері, Отаны үшін арпалысты.
Жүргізуші : Қиылды қанаттары тәтті арманның,
Үзілді қайырмасы бақтарда әннің .
Әлемде ең сұмдық күн әйел үшін
Майданға азаматта атанған күн .
Бұлт басты, сәні қашты аспанның,
Жоғалсын заты бұлай бас қосқанның .
Анаға ең ауыры тіршілікте ,
Боздап кеп боздағымен қоштасқан күн.
Көрініс
Үстінде жылқышы киімімен Жұмағали кіріп келіп салмақты күйде:
Апа паром арқылы колхоздың жылқыларын майданға жөнелткелі жатыр.Біз айдап апарамыз.
Құлыным – ау, не дейді, соғысқа алып кетпейме ?
Апа, ел басына күн туған шақта не деуге бола ма? Білмеймін. Әрі қарай да апару керек болса, тіпті майданға түс десе де, түсем, апа ел үшін, жер үшін, сіздер үшін аянбаймын! Ел қорғауға әзірмін!
Тек, балам жаман айтпа . Ақсарбас, Алла, Ақсарбас! Көппен көрген ұлы той, көресің де. Құдай салды біз көндік . Қайтейін құлыным. Жорытқанда жолың болсын» Кетіп бара жатсаң ауылдың кісілерінен хабар бер, балам. Екі көзімжолыңда болар. (дорба жинап береді, құшақтасып жылайды)
А, Алласы сақтай гөр, бір өзіңе тапсырдым!
Апа, қойшы енді. Кетіп жатсам ,жауды жеңіп елге оралармын.
Қош апа !
Қош құлыным!
( маңдайынан сүйеді, анасы жылап , қол бұлғап тұрып қалады)
Анасы күбірлеп :
Ата – бабам, жаратқан ием, құлыныма жәрдем бере гөр, буыны да қатып, бұғанасы да бекімеді – ау.
(үйге кіреді, көрші әйелдер келеді, шай ішіп отырып, соғыс жайын айтып, шұлық тоқиды)
Ер азаматтар аман болсын!
Керман үдеп тұр ғой.
Көптен біздің Жұмаштан да хат жоқ. Аман болғай , құлыным сол.
(қызы да көзінің жасын сығып, теріс айналады)
Ағамнан хат қашан келер екен ?
( орнынан тұрып ән айтады)
Әже , сүйінші, атам пошта әкелді, маған мына хатты қуантып оқып бер деді.
Жұмаш ағадан.
Құлыным – ау не дейді? Бәрі сенікі.
( қалтасынан кәмпит, құрт , ормал береді)
Хатты қызы алып сүйіп, хатты әкелген балаға береді де : Оқи ғой дейді.
ХАТ
Апа!
Алыс жолдан ,жақын жүректен хат жазушы , балаң Жұмаш бүгінгі Отан қорғаушы ,Гвардия қызыл әскері .Хал – жағдайларың жақсыма? Мақпал өсіп келе ме? Биылғы қысқа дайындықтарыңыз қалай? Егінді жинап үлгеріп жатырсыздар ма? Белің ауырып , шаршап жүрген шығарсың апа, сәл шыда. Жауды жеңіп елге оралып, өзіңе бір демалыс берем. Хатымды асыға жазып отырмын.Мен аманмын. Бүгін таң алдында алғы шепке кіреміз. Белоруссия жеріндеміз. Бәріңе менен сәлем! Өзіңді Мақпалды құшақтап сүйдім апа! Амандық болса жеңіс тойына дайындала бер , апа. Ал, қош сау болыңыздар!
Көріскенше күн нұрлы болсын!
( отырғандар жылайды, хатты анасы алып, сүйіп бауырына басады)
Тілеуіңді бергір құлыным – ау, сен тез жетші , той әзір ғой.
( бәрі шығып кетеді)
Ән : Тыныштық
Көрініс
Қолында газеті бар бригадир ақсаңдай басып: Жеңіс! Біз жеңдік! Қуаныңыздар! Көптен күткен күн келді! Ал, бүгін жеңіс құрметіне жұмыстан бір сағат ерте босайсыздар. ( қыз – келіншектер аң- таң болып шуылдасады)
А, не дейсіз!
Құдай дегенде, құдайда жеткізер – ау !
Көкелеріміз келер – ау.
( құшақтасып, сүйісіп, әндетіп, саханадан шығып кетеді)
Балалар жүгіріп кіріп :
Алақай, Алақай ! Жеңіс! Жеңіс!
Сүйінші, апа , біз жеңдік! Ағаларым келеді!
( соғыстан оралғандар кіреді)
Ана солдаттардан ұлын сұрайды: Шырақтарым менің Қанашымды көрдіңдер ме?
Бала шығады,қолында әкесінің суреті бар: Ағалар – ау менің көкемді көрдіңдер ме? – деп сұрайды. Бала жылап жібереді.
Жүргізуші : Сүйінші, халқым сүйінші!
Қуаныш жыры құйылшы,
Аңсап ойлап күткен күн,
Қанды соғыс біткен күн.
Ақ түйенің қарыны,
Жарылды күннің жалыны.
Нұрын шашып сылдырап,
Ағылсын өлең бұлағы.
Ән : День Победы
Жамбыл : Бүгінгі жастардың болашағы, бақыты үшін, қан төккен аталардың даңқы еш уақытта өшпейді. Олардың рухына біздер тізе бүгіп, бас иеміз. Шағын ғана Балтасап ауылы мен Қарасу ауылынан да ер азаматтар Отанын қорғауға аттанды. Оларда бүгін біздің арамызда жоқ, бірақ ардагерлердің ұрпақтары біздер бармыз. Ұлы Отан соғысынан аман елге оралған ардагер аталарымыз: (суреттері көрсетіліп аты – жөндері аталады)