Жердегі г?лім, к?ктегі к?нім - Ма??ыстау
А? махаббатым, м??гілік жырым - Ма??ыстау
Тебіренбей ?алай- ?алай шыдарсы?
О, ту?ан жер, шабытты? к?зі шы?арсы?.
Б?йратты ??мды, ?асиетті таулы мекенім
?зі?де туып ?мірді? ??тым не екенін
А?сасам егер шал?айда ж?ріп мен сені
?анат ?ып байлап са?ынышымды жетермін.
Ж: ??рметті ?стаздар мен о?ушылар! «Ма??ыстау ?нер ?лкесі» атты сайысымызды бастаймыз. Сайысымыз?а 7-сыныптар арасынан 4топ ?атысып отыр.
1 топ – 2 топ -
3 топ – 4топ
«Адай» к?йі сахнада ойнап т?рады
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«"Ма??ыстау-?нер ?лкесі"»
Сайыс тақырыбы: « Маңғыстау – өнер өлкесі» Өткізілу әдісі: 7 - сыныптар арасындағы сайыс. Мақсаты: Оқушыларды өз елін, жерін қадірлеуге, туған жер тарихын, әдебиетін, мәдениетін терең ұғынуға тәрбиелеу. Көрнекілігі: Әр сынып газет шығару, сурет көрмесі, әшекей бұйымдар, ұлттық киімдер көрмесін дайындау.
Сайыстың жүрісі:
Жердегі гүлім, көктегі күнім - Маңғыстау Ақ махаббатым, мәңгілік жырым - Маңғыстау Тебіренбей қалай- қалай шыдарсың О, туған жер, шабыттың көзі шығарсың. Бұйратты құмды, қасиетті таулы мекенім Өзіңде туып өмірдің ұқтым не екенін Аңсасам егер шалғайда жүріп мен сені Қанат қып байлап сағынышымды жетермін.
Ж: Құрметті ұстаздар мен оқушылар! «Маңғыстау өнер өлкесі» атты сайысымызды бастаймыз. Сайысымызға 7-сыныптар арасынан 4топ қатысып отыр. 1 топ – 2 топ - 3 топ – 4топ «Адай» күйі сахнада ойнап тұрады ІІ жүргізуші: Жағынам деп басқаларға, ұлыққа, Шен - шекпенге, бақ - дәулетке құнықпа, Маңғыстауда әулие көп, бәрі де, Желеп – жебеп жататынын ұмытпа.
Ж: Әділ қазылар алқасымен таныстыру: --1. Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Муханова Н.М 2. Мектеп директорының тәрбие жөніндегі орынбасары Зұлқарнаева Б.Б
3.Тарих,құқық пәні бірлестік жетекшісі Қазақбаева З.Б
Ж: Сайыс шартымен таныс болайық: 1. Таныстыру. (топ аты,эмблемасын,топ газетін қорғап таныстырып шығады) 2. Сен білесің бе? (өлке туралы сурақтарға жауап) 3. Ақтауым – өз мекенім.(топтар ақынның туындысын немесе өзі шығарған өлеңін оқиды)
4.«Маңғыстау халқының салт – дәстүрлері» (10минуттық көрініс көрсету
Ж: Таныстыруға кезек береміз. 5ұпаймен бағаланады ІІ жүргізуші: Келесі кезекті Сен білесің бе? айдарына береміз. Әр топқа 5сұрақтан беріледі. Әр дұрыс жауапқа 1ұпай
1-топқа. 1. Маңғышлақ атауы Махмұт Қашғари дерегінде қай ғасырда кездеседі? (XXғ)
2. Облыс солтүстік-шығыста қай облыстармен шектеседі? (Ақтөбе және солтүстігінде Атырау облыстарымен)
3. Маңғыстау облысының жер ауданы қанша? (165 мың км)
4.Маңғыстаудан шыққан қоғам қайраткері? «Ұйқыдағы арудың оянуы» еңбегінің авторы?
(Ә.Кекілбаев)
5.Ол - көрнекті ақын, қаламы жүйрік жазушы, публицист, драматург, этнограф. Мамандығы бойынша құрылысшы болумен бірге, атадан қалған өнер дарыған, ата-баба рухына арналған ескерткіштер тұрғызып, атағы дүйім жұртқа танылған. Абай-Шәкәрім мұнараларын, «Домалақ ана», «Хан ордалы Сарайшық»кесенелерін, Абыл ақын, Досан батыр, Омархан-Нұржамал күмбездерін, Ділдә, Әйгерім, Ақылбай сағаналарын салып, елдің мәдени мұрасын дамыта түскен айтулы сәулетші. Ол кім? (Жауабы: Сайын Назарбекұлы)
2-топқа. 1. Маңғыстау республикамыздың қай аймағында орналасқан? (қиыр оңтүстік-батысында)
2.Маңғыстау облысы қай жылы, қай айда құрылды?(1973 жылы наурыздың жиырмасында құрылған)
3. Облыс оңтүстігі мен шығысында қай мемлекеттермен шектеседі? (Түрікменстан мен Өзбекстан)
4. Қарақия ойысы тереңдігі жөнінен дүние жүзінде нешінші орын алады? (5-ші,132м)
Ол – 1973 жылы Маңғыстау облысы, оның құрамында Бейнеу ауданы құрылған кезде Бейнеу аудандық Кеңес атқару комитетінің төрағасы болып сайланды. 1978-1990 жылдары Бейнеу аудандық партия комитетінің І хатшысы қызметін атқарды. 1994 жылы облыс әкімінің кеңесшісі болып еңбек етті. Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі. «Жас коммунистер тәрбиесі», «Маңғыстау – маңғаз мекенім», «Өркенді өлке, өнегелі өмір», «Тұлғалар тағылымы», «Айгүлім менің...» атты еңбектердің авторы. Тұщықұдық ауылы, Бейнеу ауданы, Ақтау, Даллас (АҚШ) қалаларының құрметті азаматы атағын иеленген. Ол кім? (Жауабы: Дүйсенбі Әріпов)
3-топқа. 1. Маңғыстау өңірінен Қазақстанның 7 кереметіне не кіреді? (Жер асты мешіттері)
2. Маңғыстау облысының ең биік нүктесі
(Шығыс қаратау жотасындағы Бесшоқы тауы,биіктігі теңіз деңгейінен 556м)
3. Ақтау қаласының бұрынғы атауы (Шевченко)
4. Маңғыстаудан шыққан батырлар (Иса, Шотан, Құлбарақ, Досан батырлар).
5.Ол –1991 жылы Қазақ Ұлттық университетін бітіріп, 1991 – 1997 жылдар аралығында Маңғыстау, Үстірт мұражай-қорығында, облыстық экология және биоресурстар басқармасында қызметкер, орта мектепте мұғалім, өлкетану, туризм, ландшафт эстетикасы мәселелері саласында зерттеу жұмыстарын жүргізді. Байырғы қазақ шежіресі мен әфсана аңыздары, географиясы тұрғысында мағлұматтар жинастырып, бірнеше кітап жазған ғалым. Ғалымның «Маңғыстау географиясы», «Қазақ мифологиясына кіріспе» (1997), «Маңғыстау мен Үстірттің киелі орындары» (2000), «Есен-қазақ» (2002), «Гиперборея: түс көрген заман шежіресі» (2003), «Арғықазақ мифологиясы» (2004), «Эстетика ландшафтов Мангистау» (2005), «Маңғыстаунама» (2006), «Қазақ даласы және герман тәңірлері» (2006), «Жауынгерлік рух кітабы» (2006) сынды зерттеу еңбектері бар. Ол кім? (Жауабы: Серікбол Қондыбаев)
4-топқа. 1. Дүние жүзіндегі ең үлкен ағынсыз көл (Каспий теңізі). Бұрынғы атауы (Хазар)
2. Маңғыстау облысының құрамына кіретін аудандарды ата (Қарақия, Маңғыстау, Бейнеу, Түпқараған, Мұнайлы).
3. Маңғыстау облысында орналасқан қорық қай қорық? Нешінші жылы құрылды? (Үстірт қорығы, 1984ж.)
5. «Қырымның қырық батыры»жырын біздің заманымызға ұластырған Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданында дүниеге келген,адай руынан шыққан. XXғ қазақ ауыз әдебиетінің ең жарқын өкілдерінің бірі,жыр дүлділі,талантты жыршы. (Мұрын жырау) 3. Маң дала, мәңгі жаса Маңғыстауым! Сен бүгін арайланған таңға ұқсайсың, Бар балаң саған арнап, жыр жазады Жеткізіп жүрек үнін, жан құштарын. 3.«Ақтауым өз мекенім»сайысы кезекті ақындарға береміз. Жоғары ұпай 10
4. «Біздің салт-дәстүр» (өлке салтынан көрініс 10минуттық) жоғары ұпай 10