kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Кластан тыс шара. Та?ырыбы: "Тарихты білу - ?рпа? парызы"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тарихты? ?алыптасып дамуы.Сонау ежелгі д?ниеде де тарихи ??гімелерді есіне са?тап, елге айтып отыратын адамдар бол?ан.?аза? хал?ы оларды шежіре айтушылар немесе шежірешілер деп ата?ан. «Шежіре» с?зі – есте са?тау, жадыда?ы білім, рухани ?азына дегенді білдіреді.Жазба тарихты? негізін салушы б.з.б. 484-425 жылдары ?мір с?рген ежелгі грек тарихшысы, жи?анкезі Геродот болып есептеледі.Ол ал?аш «Тарих» атты е?бек жазып, Батыс ?леміне «тарихты? атасы» деген атпен белгілі болды.Ал Шы?ыста тарихты? атасы деп Сыма Цяньді атайды.Ол б.з.б. 145-86 жылдар аралы?ында ?мір с?ріп, 130 тараудан т?ратын «Тарихи жазбаларды» ( «Ши цзи») ?алдырды.Бір ескертетін м?селе, ?зге патшалы?тар сия?ты ?ытайда да жылнамалар жазу д?ст?рі ертеден бар еді.Сыма Цянь соларды? б?рін жина?тап, ж?йеледі.Б.з.б. 3 мы?жылды?тан бастап, ?з заманына дейінгі тарихты жазып шы?ты.К?не замандардан бастап, орта?асырлы? мо??ол ханды?тарына дейінгі тарихты жазып ?алдыр?ан тарихшыларды? бірі Рашид ад – Дин болды.Ол кісі 1247-1318 жылдар аралы?ында ?мір с?ріп «Жами ат-тауарих» («Жылнамалар жина?ы»,парсы тілінде) кітабын жазды.Б?л кітап ?лы дала ?ркениетіні? к?шбасшылары Алаша хан, Уыз хан туралы а?ыз-деректерден басталады.Тарихты жазуды? ??ндылы?ын жекелеген елдерде патшалар мен хандар т?сінді.Олар ?з сараай ма?ында бол?ан о?и?аларды жазатын арнайы адамдарды ?стап отыр?ан.М?ндай адамдарды жылнамашылар деп ата?ан.Осылай жазбаша тарих д?ст?рі ?алыптаса бастады, ол т?рбие ??ралына, мектептерде о?ылатын п?нге айналды. Тарихты о?ып-білу не ?шін ?ажет? ?з тарихымызды, ?зге халы?тар мен мемлекеттерді? тарихын о?ып ?йрену біз ?шін б?рын?ы ата-бабаларымыз ?андай бол?анын, ?азір ?андай екенімізді біліп, жан-жа?ты саралау ?шін ?ажет.Біз тарихымыз ар?ылы ?те ма?ызды о?и?аларды есте са?таймыз.Ту?ан жер, ата-бабаларымызды? батырлы?, ерлік д?ст?рі, тыныс-тіршіліктерін тарихтан о?ып білеміз.?неге алып, болаша?ымызды болжаймыз, ?ателіктерін ?айталамау?а тырысамыз.?ткен замандарда?ы дара т?л?аларды? ерлік д?ст?рін о?ып-білген жас ?рпа?тан ?ана елім-жерім деген ерлер шы?ады.Тарих пен шежіре – ?лтжанды азаматтарды т?рбиелеп ?сіреді.Сонымен бірге азамат баласыны? б?кіл тарихына ой ж?ргізетін жол.Бізді? ма?сатымыз беру-хал?ымызды? ?лем тарихында алатын ?зіндік орнын, ат?аратын ?ызметін сезіну.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Кластан тыс шара. Та?ырыбы: "Тарихты білу - ?рпа? парызы" »

1-жүргізуші: Тарих беті қаншама оқиғалар мен жаңалықтарға толы. Тарих беттеріне куә мына жатқан кең дала, заңғар таулар, өзен көлдер, жансыз тарихи ескерткіштер, қираған ежелгі қалалардың орны.

«Өткенді білмей- болашақты білу мүмкін емес» -дегендей өткен тарихты білу- ұрпақ парызы. Тарихтың өткені мен бүгінін саралап, зерделеу мақсатында кешімізді бастаймыз.

2-жүргізуші Кешімізге қош келдіңіздер, қадірменді көрермендер!

Қазақ елі- сонау Алтайдан Пиренейге дейінгі билік еткен Еділ батырдың елі, қазақ елі-асқан батырлығымен, ақыл парасаттылығымен Мысырда билік жүргізген Бейбарыстың, Үндіні билеген Бабырдың елі.

1-жүргізуші

Мен қазақпын,

Еркіндік үшін дүниеге келдім,

Көкбөрінің көкірегін емдім.

Асан қайғымен жапанды шарладым,

Мұқағалидың мұратына ендім.


Абылай ханның ордасын көрдім,

Наурызбайдың соңына ердім.

Абай болып бір рет тудым,

Махамбет болып бір рет өлдім.

Қабанбаймын, Жәнібекпін, Райымбекпін

Жауымды жеңдім.


Мен қазақпын,

Әйтеке, Төле тілегіндемін,

Қазыбек бидің жүрегіндемін.

Құрманғазының көңіліндемін,

Қажымұқанның білегіндемін.


Ақан серінің Құлагерімін,

Әль -Фарабидің мұрагерімін,

Ойран болған Отырардың

Өлмейтұғын куәгерімін.


Мен қазақпын,

Көп емеспін аз -ақпын,

Пейіліммен кеңмін,

Иесімін киелі жердің!

2-жүргізуші Адам баласы бізге дейін қаншама маңызды оқиғаларды бастан кешті. Жұмыр жердің тыныс-тіршілігін жіті бағып, оның бар асылы мен тынысын тарих таразысына салып зерделеген ұлы көш алға басып барады. Бұл көш- уақыт көші, өмір көші. Кәрі тарих бәріне куә.

Аққан судай зымырады ғасырлар,

Аспанда күн жарқ-жұрқ етіп жалындар.

Тұрды күтіп аласапыран мезгілдер,

Бел-белестер қилы-қилы асулар.

Қасым, Тәуке, Жәңгір, Абылай, Кенесары сияқты хандарымыз елін, жұртын аман алып қаламын деп қанша аянбай жаулармен айқасты. Қазақ елі қандай батыр, жауынгер халық еді!

Шыңғыс ханның қалың қолын бөгеген,

Батыл едің, батыр едің не деген?

Алатаудың біз байтағы ұл-қызы,

Өзін ерлік жөргегіне бөлеген.







Абылай

Соның бірі шет қалып,

Жүрген бұрын танылмай,

Он бесте бата алып,

Жауға шапқан Абылай.


Алысқа көз тастаған,

Болашақты бағамдай.

Халқын алға бастаған,

Қазақ ханы Абылай.

Бөгенбай

Қазақта асқан бағасы,

Батырлардың ағасы.

Қытай, қалмақ –жоңғардан

Елін жаудан қорғаған.

Қамал болған Бөгенбай.


Қол бастаған қарт батыр,

Алғыр, тапқыр, мәрт батыр-

Ұстаз болған Бөгенбай.

Қабанбай

Алған беттен қайтпаған,

Жауға тиген қабандай

Ерасылға жұрт таңған,

Есімі екен – Қабанбай.


Ел есінде сақталған,

Ерлігі көп толағай.

«Дарабоз» деп аталған,

Қолбасшы ұлы Қабанбай.

Жәнібек

Батыр болған, би болған,

«Болат найза, әділ бек»,-

Халық қамын ойлаған,

Шақшақұлы Жәнібек.


Елге тілеп азат таң,

Қорғай білген байтағын.

Алғаш қырғыз, қазақтан,

Алған «тархан» атағын

1-жүргізуші 15 ғасырда қазақ хандығы құрылғанмен тәуелсіз қазақ мемлекеті бейбіт, тыныш өмір сүре алмады. Ұлан байтақ елімізге тұс тұстан көз тігіп, ойран салушылар көбейді. Қаратаудың баурайында қалың қазақ бас қосты. Елдің елдігін, ердің ерлігін соңғы рет сынайтын күн туды. Жауға соққы беріп, жалпы жұртты аман алып қалу үшін данышпан ата Төле би батылдыққа, елді бірлікке шақырды.

2-жүргізуші Қазыбек, Әйтекедей көсем өткен,

Әлдибек, Айтбай, Майлы шешен өткен.

Жолы үлкен, жасы кіші Төле бидің,

Әйтеке, Қаздауысты Қазыбектен.

Оларды бек сыйлаған үш жүз халқы,

Жақсыны құрметпенен қадірлеген

Төле би :

«Жалғанда ойлап тұрсаң бірлік керек,

Бірлікті ойлаған соң тірлік керек.

Ағайынға ала көз бола қалсаң,

Аузыңнан несібеңді біреу жемек.»

Әйтеке би:

Біз қазақ- бір биенің құлыны едік, тұлпар болып оза шабайық,

Біз бүкіл қазақ -бір ұяның балапаны едік, қанаттанып сұңқар болып самғайық.

Біз бүкіл қазақ- бір тоғайдың ағашы едік, орман болып жасылданайық, жайқалайық.

Біз бүкіл қазақ- бір шаңырақ, бір қазан, бір төрлік дастархан болып атамекенді түгел қамтиық.

Қазыбек би:

Өркенім өссін десең,

Кекшіл болма.

Кесапаты тиер еліңе.

Елім өссін десең,

Өршіл болма,

Өскеніңді өшіресің.

Төле би :

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді,

Тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Өзің білмесең, білгендерден үйрен,

Үйренгеннен ештеңең кетпейді.



1-жүргізуші Тарих көші әрі қарай жылжыды. Қазақтың Кіші жүзі бастаған Ресейге қосылуы, патшаның отарлау саясаты, ашаршылық, күштеп ұжымдастыру мен отырықшыландыру, саяси қуғын- сүргін қазақ халқына үлкен зиян келтірді. Елімізде осы зұлматтың құрбаны болған азаматтар қаншама. Қазақ тарихы үшін әр кезеңдегі ұлы тұлғалар есімі өте қымбат.





Абай

Мыңмен жалғыз алысқан ақын Абай,

Шексіз сүйген қазақты,халқын Абай.

Ырза болып кейінгі ұрпағына,

Мәңгілікке ұйқыда жатыр Абай.


Қазақшалап сөйлеткен Пушкинді де,

Қалдырмаған бейтарап ешкімді де.

Өнеге мен өсиет қалдырыпты

Біз сияқты өскелең,өскін гүлге

Ахмет

Ахмет- бір туатын сан ғасырда,

Атамыз еркін өскен даласында.

Ойлаумен туған елдің болашағын,

От кешті орыс, қазақ арасында.


Күндей боп төгіп елге жарық нұрын,

Халқының жасап берді «Әліпбиін»

«Маса» деп кітап жазып, айтып берді,

Сорлаған сол кездегі халық күйін.

Бастады ол алға қарай Алаш ұлын,

Сол кезде кімдер білген дана сырын.

Атанып «халық жауы» құрбан болды,

Қамын жеп ұлан-байтақ даласының.

Ілияс

Ілияс ата- поэзия пырағы,

Жетісудың түлеп ұшқан қыраны.

Еліміздің ұмытылмас тұлғасы,

Ұрпақтардың жалғастырар жыр әні.


Үлес қосқан еліне де, жеріне,

Көтерілген ұлылықтың өріне.

Тау сұңқары секілденіп отырды ол,

Алтын сарай- әдебиет төріне.

2-жүргізуші 1941-1945 ж адамзат тарихында болмаған алапат соғыста бірлік, достық жолында жан қиған қазақ батырлары фашизмнен бүкіл адамзатты қорғап, ерекше ерлік көрсетті. Бес жүзге тарта қазақ қаһармандарына Кеңес Одағының батыр деген атақ берілді. Батырлықты батырлардың батыры Бауыржан Момышұлы бастады.

1-жүргізуші Еліміздің дара ұлдарының бірі , батыр Бауыржан Момышұлы атамыз қан майданның өтінде кескілескен шайқастардың ара- арасындағы талас сәттерде де күнделік жазып, айшықты ойларын қағазға түсіріп отырған. Өнегелі де , өрелі сөздері жауынгерлерді жігерлендіріп, ерен ерліктерге бастағаны ақиқат.

2-жүргізуші

Жақсы адамды дәріптеп, жасық адам жақпаған,

Қазақтың даңқын асырған, Бәукеңді айтып мақтанам,

«Қырық жыл қырғын болса да, ажалды ғана өлер» деп,

Рух беріп майдандастарға, тек жеңіске бастаған.

1-жүргізуші 1986 ж желтоқсанда отты оқиға болды. Еліміздің тәуелсіздігін аңсаған жастар алаңға шықты. Желтоқсан дауылға айналды. Өрттей қаулаған өжет жастар ұлттық намыс құдыретін әлемге паш етті. Ұлт басына қара бұлт үйірілген сол бір күндері қазақ жастарын қорғап сөз сөйлеуге ерлігі, азаматтығы жеткен бірден- бір тұлға - ол Жұбан ағамыз.

2-жүргізуші

Қатыгездік жұдырығы түйіліп,

Қамшы үйірді жасқап, жекіп, бұйырып.

Желтоқсанда шықтың үлкен алаңға,

Ата-баба аруағына сыйынып.

Ж.Молдағалиев «Мен қазақпын»

І -жүргізуші: Қазақстан Жоғарғы Кеңесі 1991 ж 16 желтоқсанда Қазақстанды тәуелсіз Республика деп жариялады. 200 жылдай патшалы Ресейдің отары, 70 жылдан астам Кеңес өкіметінің бұғауында болған Қазақстан егеменді ел болды. Бұл күн-Қазақстан тарихына алтын әріптермен жазылды.

2-жүргізуші:

Армандарды жақындатып тым алыс,

Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.

Егемендік -ел бақыты, ертеңі

О , халайық! Құтты болсын қуаныш!


Азат өлкем күндей күлген шығыстан ,

Асыл елім жан-жүректі ұғысқан.

Ата-бабам аңсап өткен бақытым,

Айналайын, Қазақстан-Гүлстан !


І -жүргізуші:

Мақтансаң мақтан елім деп,

Тани біл елдік таңбаңды,

Елтаңба, Туың, Әнұран,

Шырқатып биік арманды.


Енді бүгін өлген туым тірілді,

Әнұраным жалғап алды ғұмырды.

Босағада қалып келген Елтаңбам,

Баяғыша төріме кеп ілінді.


  1. оқушы

Көк аспандай көкпеңбек,

Қазақстан жалауы.

Көк емес ол тектен- тек,

Елдің ашық қабағы.


Ақ ниетті- алтын күн,

Асқар арман қыраны.

Жалауы бұл халқымның,

Мәртебесі, Ту,ары


Бұлт баспасын күнімді,

Тарылмасын өрісім,

Биік ұстау туымды,

Қасиетті боршым.


2-оқушы

Елтаңбасы елімнің,

Неткен әйбат әдемі.

Тұнығындай көңілдің,

Ортада аспан әлемі.


Құт береке –шаңырақ

Орын алған ол төрден.

Қанатты қос арғымақ,

Екі жақтан көмкерген.


Тәуелсіздік жолында,

Талай-талай тер тамған.

Билігім өз қолымда,

Еркіндігім Елтаңбам.


3-оқушы

Зерттей біл,терең ғылымды,

Зер салып, үйрен ғылымды.

Қадірле дейді ұлы заң,

Қастерлеп ана тіліңді.


Туым асқақ қашан да тау басындай,

Елтаңбам бар қазақтың айнасындай.

Астанада Бәйтерек жарқырайды,

Бабамыздың үкілі найзасындай.


Әнұраным көкейде жатталады,

Сонымен бейбіт күнім басталады.

Шәмші атаның шығарған асқақ әні,

Әркімнің жүрегінде сақталады

1-жүргізуші Қазақстан - тәуелсіз ел. Сол тәуелсіздік жолында қазақ бабам не көрмеді десеңші?!

Бұның барлығы да қазақ жеріне ауыр жара салды. Қанша қиыншылық келсе де, біз оларды ешқашан ұмытпаймыз, айыптамаймыз да. Себебі, бұл-тарих. «Өткенімізді ұмытсақ, болашақ бізді кешірмейді» деген ұлы даналықты жадымызда ұстайық!

4-оқушы


Қазақ деген халықтың баласымын,

Баласына беретін бар асылын.

Мінін көрсе қиналып інісінің,

Тілін алып өсетін ағасының.


Қазақ деген халықтың баласымын,

Жағасынан алмайтын данасының.

Айтқанынан шықпайтын әкесінің,

Бір сөзін де жықпайтын анасының.

Қазақ деген халықтың баласымын.

Ағы менен көзінің қарасымын.

Халық мақтан ететін әр жерлерде,

Салтын сақтап жүретін бабасының.


Қазақ деген халықтың баласымын,

Алда талай алынар бар асуым.

Арман жолы жүрерім бақыт жолы,

Мүмкін емес сол жолда адасуым.



5-оқушы


«Отан деген не?»- дейсің, ұлым, маған,

Ол- сенің ғұмырлы анаң

Жөргегіңнен жаныңа сіңіп қалған,

Әнің мен жырың, балам!


Отан –мынау өз үйің, қара, жаным,

Ойнаған дала, бағың

Атаң шыққан бұл үйден, әкең шыққан,

Өскен мұнда баяғы бабаларың.


Жасыл орман, тыңдаған бұлбұл әнін,

Асқар тау,мың бұлағың,

Отан- есік алдында бірге ойнаған,

Өзіңнің құрбыларың.

2-жүргізуші

Тәуелсіздік рухы.

Саялы шалқар, сабырлы далам жатырсың баяу тыныстап,

Тек саған аян тарихтың көші барады жылжып, жылыстап.

Күмбірлі жылдар үніңе құмар көңілім тынар тыңдасам,

«Күн ұлы ғұндар» дүбірі болар тайсалмай өткен ту ұстап.

Батысым Карпат, Шығысым Тянь-Шань,Алтай мен Саян, Алатау,

Тарбағатай мен Ханганьда мендік көріктім Көкше дара тау.

Тәуелсіздіктің құрбаны болып,ойраны болған Шыңғыстың,

Отырарыма көңіл қос айтып, тәу етіп тұрған Қаратау.

Моғолстанда Жәнібек, Керей, елдіктің тіккен Ордасын,

Тұтастық, бірлік орнатқан хандар әз Тәуке, Есім, зор Қасым.

Зығыр сап Жоңғар, мұңы бар жырлар Алқакөл маңын шулатқан

Шұбырған жылдар «Елім-айлаған» Ақтабан қайта болмасын.

Сабалақ бала Абылайлаған көрсетті көрін қалмақтың,

Төле би, Қазыбек, Әйтеке билер сиынар пірім, ардақтым.

Көген көз орыс- отаршыл елге амалсыз идім басымды,

Ібір мен Сібір қолына қарап қалған соң жауыз Жармақтың.

Еркіндік Аңсап хан Кене кетті, Наурызбай Есет, ер Сырым

Исатай менен Махамбет өтті қаймықпай жырлап ел сырын.

Олардан бері өшкені аздай, көшкені аздай қазақтың,

Шетелге босқан ақтаңдақ жылдар тарихтың жайлар ең шыңын.

Алданып қанша соңында жүрдім бостандық атты сағымның

Азатпын деген азапты жылдар, сиретті –ау санын дарынның.

Әлихан, Ахмет, Міржақып сынды ерлерден елі айрылса,

Естілді зары Арал мен Балқаш, Семей мен шерлі Нарынның.

Заман-ай азған қазаққа бас қып орыстан шешен сайраттың,

Өз тілін, ділін қорғамақ болған жастарды жайпап, жайраттың.

Құйынды жылдар құрбаны болды-ау Ербол мен Ләззат, Сәбирам,

Тәуелсіздікке бастады рухы қаһарман қазақ Қайраттың.

Құрамы бірлік, ұраны ерлік, тарихта ізі бұралаң,

Тұмары тірлік қайсар халықпыз, тағдыры талай сыналған.

Жасақты жаудан, қасақы даудан сақтасын Аллам елімді

Тәуелсіздіктің таңдайға балдай татырған дәмін ей, адам .

  1. Жүргізуші «Білімдеріңізді толықтырмаған әр күн-сіз үшін текке кеткен және қайтіп оралмайтын күн деп есептеңіз,»-дегендей , келесі бөліміміз «Сен білесің бе?» айдарымен өтпек.


Сен білесің бе?

Көрермендерге бірер сауал

«Менің елім Қазақстан»

« Тарихи ескерткіш – халық қазынасы»

Олимпиада «Қысқы Азиада»


2-жүргізуші

-Құрметті қауым . Болашақ өз қолымызда. Тәуелсіздік туын желбірете биік ұстайық ! – дей отырып , кешімізді аяқтаймыз. Қош сау болыңыздар!



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Кластан тыс шара. Та?ырыбы: "Тарихты білу - ?рпа? парызы"

Автор: Карибаева Калдыгул Акдаулетовна

Дата: 18.09.2015

Номер свидетельства: 231717


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства